ШОЛПЫ, МАРЖАН-МОНШАҚ ТАҒУ
Қ
азақ халқы ұл-қыздарына жан сұлулығы мен тəн сұ лу лы ғы
тəр бие сін мұқият жүргізумен бірге, қыздарының киім-кешек, ат-кө-
лік, ер-тұр ман, безену істеріне дейін ерекше көңіл бөлген. Мұнда, əр
отбасы қыздары ес біліп, етек жаба бастасымен оларға киімнің тор-
қа сын ки ді ріп, аттың жорғасын, ер-тұрманның əдемісін міндіріп,
шаштарын өріп – шолпы; көйлек, қамзолдарының өңіріне сөлкебай,
маржан, мон шақ тағып, көрген жанның көзі сүрінердей етіп үлде мен
бүл де ге бө леп өсіреді.
Қыздарды бұлай өсірудің үлкен ғылыми мəні бар. Шолпы, сөл ке-
бай, маржан, моншақ сияқты бағалы заттар қыздардың сыртқы көр-
кі не көрік қосса, өскен ортасы мен ел-жұртына қуаныш пен ің кəр лік,
құштарлық пен сүйіспеншілік бағыштап, көптің мерейін өсі ре ді. Ал,
оны таққан қыз балалардың жан сезімін сұлулыққа баулып, қи мыл,
қылық, жүріс-тұрысын əсемдікке, көркемдікке дағдыландырады. Мы-
салы, шолпы, маржан, моншақ таққан қыздар оқыс қылық, оғаш қи-
мыл жасаса, шашындағы, киімдеріндегі шолпы, маржан, мон шақ та ры
салдырлаған жағымсыз дауыс шығарып, оқыс қылық, оғаш қи мы лын
дереу тежеуге мəжбүрлейді. Ал, епті қимыл, əдемі жүріс-тұрыста бол-
са, шолпы, маржан, моншақтары құдды музыка сияқты сың ғыр лап,
қыздарды əсем жүруге дағдыландырады.
Қазақ халқы шолпы, білезік, жүзік, сақина сияқты сəндік бұ йым-
дар дың көбін ақ күмістен жасатқан. Халық ұғымында: ақ күміс – адал-
дық тың, пəктіктің, бақыт-байлықтың символы деп қаралып, «алтын
132
132
көр се періште жолдан тайыпты» деп, алтынның жолын ауыр, тұйық
деп есептеп, алтын бұйымдарын көп тұтынуды қаламаған.
Бұл ұрпақтарды шексіз байлық қуудан, дүниеқорлықтан, қол жет-
песке ұмтылып, орынсыз бəсекелесуден тыйып, перзенттерді ны сап-
ты лық қа, тойымдылыққа баулыған.
ҚЫЗДАРДЫ ОҢ БОСАҒАҒА
ОТЫРҒЫЗУ
Е
желгі салт бойынша, қыз бала он екіге толғанда үйдің оң бо са-
ға сы нан орын беріп, өзіне тиесілі киім-кешек, көрпе-жастығы мен жа-
тын орнын шымылдық құрып көлегейлеп, бөлектеп тəрбиелеген. Бұл
«қызды оң босағаға отырғызу» деп аталған. Ал, оны бүркеп, кө ле гей-
леп тұрған үлкен перде – «шымылдық», шымылдық ішіндегі қыз дың
орны «көсеге» делінген. Қыз бойжетіп ұзатылғанда, көсегесін жасау-
мен бірге алып кетеді. Халықтық бата-тілектерде айтылатын «кө се гең
көгерсін» деген сөз содан шыққан.
Қазақ халқының қыздарды жастай оң босағаға отырғызуының үл-
кен ғылыми негізі бар. Ол қыздардың дербес өмір сүру қабілетін жо-
ға ры ла та ды. Болашақ отауды қалай ұстап, басқаруды, ша руа шы лық
іс те рін реттеп, жөнге салуды үйретеді. Еңбекшілдікке, іс кер лік ке тəр-
бие леп, ана, отау иесі болуға бейімдейді. Сон дай-ақ, отбасы мен ұрпа-
ғы алдындағы жауапкерлік сезімін арт тырады.
ҚЫЗДАРҒА АЙТЫС, КӨРІС,
ЖОҚТАУ ҮЙРЕТУ
Қ
ыздарды оң босағаға отырғызған соң, оларға отбасын қа лай
басқарып, жөнге салу жөнінде тəрбие жүргізумен қоса, қазақ салт-дəс-
түр ле рі мен айтыс, көріс, жоқтау өнері баса үйретіледі. Мұнда, бі лік ті
аналар ертелі-кеш оң босағада отырған қызына айтыс, көріс, жоқ тау-
лар дың сан алуан халықтық үлгілерін айтып, дерлік үй ре тіп шығады.
Ал, оны өзі үйрету мүмкіндігі болмаса, айтыс, жоқтау, кө ріс өнеріне
жүйрік адамдарды арнаулы ұсыныс етіп үйреткізеді. Онан соң, қыз-
133
133
дарын торқалы той, топырақты өлімдерге ертіп барып, айтыс, кө ріс,
жоқтау өнеріне машықтандырады.
Бұл өнер қыздарды психикалық жақтан қайғы келсе жасымай-
тын, бақыт қонса тасымайтын, орнықты, байсалды болып, өмірге ой
көзімен қарайтын, поэзия мен тіл өнеріне майталман, өнерсүйгіш,
жаны жайсаң, мінезі биязы болып шығуға тəрбиелейді.
ҚЫЗДАРДЫ ОТАУЛАУ
Қ
алыптасқан салт бойынша, бойжеткен қыздар ұзатылуға тая-
ған да шарт-жағдайы бар адамдар қыздарына арнаулы жеке отау ті гіп,
бір жеңгесін қосып бөлек шығарып қояды. Қазан-ошағын, ыдыс-ая-
ғын толықтап, жетерлік азық-түлігін əзірлеп береді. Міне, бұл «қыз ды
отаулау» деп аталады.
Бөлек отауға шыққан қыз əр күні ерте тұрып, кеш жатып, өз алды-
на дербес қазан-ошақ ұстап, қонақ қабылдап, болашақ отаудың түр лі
жұмыстарының қыр-сырымен алдын ала танысып, анасынан үй рен ген
жəне көрген-білген үлгі-өнегесін пысықтап, отбасына қажетті кем-
кетігін толықтайды.
Қызды отаулау ата-ана тəрбиесін тəжірибеден өткізіп, қыз дар дың
дербес өмір сүру қабілеті мен болашақ отаудың қандайда шаруасын
қымсынбай, қиналмай істеп кетуіне мүмкіндік жасайды.
Қыздардың еңбекшілдік, іскерлік қабілетін жоғарылатады. Бо ла-
шақ та үлгілі, өнегелі, іскер де ісшең ана болуына тамаша негіз қа-
лайды.
ҰЛ ТƏРБИЕСІ
Ұ
л тəрбиесінде, ұлдарға болашақ ел мен жұрттың қорғаны, от ба-
сы ның ұйтқысы, халыққа бақыт-байлық жаратушы екендігін шына-
йы ұғындыру басты мақсат етіледі. Ер жігіттің қалай болу керектігі,
ел-жұрт, үлкен-кіші, кəрі-жас алдында өзін қалай ұстап, əйелдер мен
ба ла лар ға қамқорлық жасау, отбасы мен ортасына үлгі-өнеге болу,
қиын сəттер мен ел басына күн туған сын сағаттарда ерлік көр се-
134
134
тіп, азаматтық таныту секілді істердің барлығы мұқият бір-бір леп
үйретіледі.
«Ұлым жақсы болсын десең, біліктімен ауылды бол» дейтін ха-
лық даналығына сай, ұлдары тайға мініп өз тізгінін өзі ұстап жүруге
жарай бастаған соң, адамгершілігі жоғары, білімі терең жақсы адам-
дармен көрші болып, өнерлі, үлгі-тағылымды кісілермен жиі барыс-
ке ліс жасап, ұрпақтарының тамаша үлгі-өнеге алып өсуіне шарт-жағ-
дай əзірлеп береді. Арлы, адал, өнерлі, білімді азамат болып шы ғу ға
талпындырады, түрлі жиын-тойлар мен үлкен-кіші ортасында əдеп ті,
ибалы, тəртіпті, мəдениетті болуға, өзін дұрыс ұстап, жаман мі нез,
жағымсыз қылық көрсетпеуге дағдыландырады. Үлкен-кіші ортасын-
да бейəдеп сөз сөйлеп, асып-таспауға, ашық-шашық жүрмеуге үй ре-
те ді. Қай жерде жүрсе де, қандай қызмет істесе де кішіпейіл, қа ра па-
йым, қажырлы болып, ер азаматқа лайық ерлік, серілік танытып, ер-
кек тік мінез, азаматтық тұрғыдан жазбауға жетелейді. «Еркек мі нез-
ді əйелден, əйел мінезді еркектен без» деп, еркекте еркектік, əйелде
əйел дік қасиет болуын дəріптейді.
Бұл тəрбие ұл балалардың жауапкерлік жəне қожайындық сезімі
мен отбасына, балалар мен аналарға, ел-жұртына қамқоршы, қор-
ған болу сезімін қалыптастырады. Ақыл-айла, күш-қайрат жағынан
ақау сыз есе йіп, туған жерге, Отанға, халыққа мол үлес қосу санасын
жо ға ры ла та ды. Əрқашан өздерін ел алдында ер азаматтық биіктен
көрсетуге тырысатын намысқой, батыл, батыр, халықшыл азамат бо-
лып шығады.
ҰЛДАРДЫ ЕҢБЕККЕ БАУЛУ
Ұ
лдарды еңбекке тəрбиелеуде əр отбасы «еңбегің қатты болса,
татқаның тəтті болады», «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның ті лен-
бей», «ерте тұрған еркектің ырысы ілгері» «еңбек – бақыт, бай лық-
тың атасы» деп, ұрпақтары ес біліп, қолғабысқа жарай бастаған кезден
бас тап ерте тұрғызып, түрлі жұмыстарға жұмсап, шаруаларды іс т е тіп,
ең бек тəртібін үйретіп, мұқият тəрбиелей бастайды.
135
135
Бұл тəрбиені жүргізгенде тəжірибелі ата-аналар ұрпақтарына ең-
бек тің бақыт-байлық кілті екендігін, ең бек сіз тапқан бақыт-бай лық-
тың баянсыз болатындығын жанды мысал, нақты дəлелдермен көр-
се тіп, еңбектің қыры мен сырын егжей-тегжейлі түсіндіреді. Жал қау-
лық пен жатыпішерліктің арам та мақ тық болатындығын ұғын ды ра-
ды. Сондай-ақ, мал бағып, от жа ғу дың, егін егіп, бау-бақша өсі ру дің
əдіс-тəсілдерін бір-бірлеп үй ре те ді. Мал күзетудің, ел қорғаудың, төл
алып, түрлі дерт-дербездердің алдын алудың, егін жиып, қырман ба-
сып, күзем алып, қысырақ ма тау дың, күйек алудың қыры мен сырын
таныстырады. Сарай са лу дың, үй тұрғызудың, түрлі жиһаздар жасап,
алтынмен аптап, кү міс пен қаптаудың жолдарын, т.б. үйретеді. Соны-
мен бірге, ат үстінде тұ рып жерге түскен қамшысын алдырған, төр де
бос отырып есік жақта отыр ған адамға бір тал шырпы алдырған, бос
сөзбен күн өткізіп, бір тиын дық пайдалы жұмыс істемеген адам ның,
басқалардың еңбегін тамашалап қарап тұрған, көріп тұрып жұ мы сы-
на қол тигізбеген адамның сол күнгі ішкен тамағы мен алған ақы сын
арам деп ұғындырады. Қан ша лық асығыс болса да «баламыздың белі
бүкір болып қалады» деп жұ мыс істеп жатқан адамдарды көр ген де
ат үстінде болса да аттан қар ғып түсіп, жұмысқа міндетті түрде қол
тигізіп, онан соң барып өз жолына түседі.
Ұлдарды еңбекке тəрбиелеудің ғылыми мəн-мағынасы өте те рең.
Ол балаларды еңбекшілдікке, ержүректікке, іскерлікке, ше бер лік ке
баулып, жалқаулық пен жатыпішеріктен аулақ болуға, ең бек ті, өнер-
ді қадірлеп, қос қолдарымен бақыт-байлық жаратуға же бей ді. Сөй тіп,
балалардың денесін шыңдауға əрі сау денелі, ақаусыз азамат болып
жетілулеріне тамаша негіз қалайды.
ЖАСЫНА ҚАРАЙ ТАЛАП ҚОЮ
Б
ұл тəрбиеде балалардың жасына, ақыл-ойы мен дене құ ры-
лы сы ның жетілуіне қарай, тəрбиені саяздан тереңге, қарапайымнан
күр де лі ге қарай, тəрбиенің мазмұны мен тəртібін бірте-бірте ауыр-
латып, қиындатып отырған. Мысалы, ер балалардың 7 мен 10 жас
ара лы ғын «қозы жасы» деп, бұл жастағы балаларға əр түлік мал мен
136
136
оның төлдерінің ен-таңбасын, белгі, қасиеттерін жыға тану талабын
қой ған. Ал, 10 жастан 20 жасқа дейінгі жасты «қой жасы», «Отан
жасы» деп атап, осы жас аралығындағы ер балаларға қойдың қы рық
қа йы ры мын білу, астық жинаудың «ұрық таңдау, айдау, баптау, ору,
жию, қамбалау» сияқты алты əдісін, бағбандықтың көшет отыр ғы зу,
баптау, жалғау, бұтау, үзу, сақтау сияқты амалдарын толық мең ге ру
талабы қойылған. 20 жастан 30 жасқа дейінгі жасты «жылқы жасы»
деп атап, бұл жастағы азаматтарға ел танып, жер танып, тың жол та-
уып, жаңа бастама көтеріп, жылқының жиырма қасиетін мең ге ріп,
жеті қараңғыда адаспай жол табатын, қауіп-қатерге жолыққанда ер лік
көрсете алатын, батыл да, батыр болу талабы қойылады. «Отызында
орда бұзбаған қырқында қыр аспайды» деп, жас кезінде ел назарын
аударып өзіндік өнер көрсетпеген ер азаматтарды азамат деп са на ма-
ған. Ал, қырық жасты «жігіт ағасы», «дүр жігіт» деп атап, қы рық қа
келген əрбір азаматқа елге тірек, əлсізге қорған болып, ел-жұр ты ның
кеткен кегі мен өткен өшін алып, Отаны мен халқының мұңын мұң-
дап, жоғын жоқтау парызын жүктеген. «Ез тірліктен – ер өлім», «ер-
лік – жігіттің жігіттігін танытатын бағалы қасиет» деп, ел намысы, ер
намысы үшін, сын сағатқа түсер сəтте бүгежектеп, жалтақтап, өзі нің
бас амандығы мен жеке мүддесін күйттеп, ел намысы мен ер намысын
қорғай алмаған еркекті еркек деп санамаған, қайта ондай жі гіт тер ге:
«ез, намыссыз, жетесіз» деп лағынет айтқан.
Ұрпақтарға жасына қарай талап қою тəрбиенің жұғымдылығын
арттырады. Мал бағып, от жағу, егін егіп, бау-бақ өсіру, қажетті мез гіл
мен сын сағаттарда елінің, жерінің, халқының, Отанының ар-на мы сын
қорғап, ер азаматтық таныту саналылығын өсіреді. Ар-намысты жеке
басы мен өз мүддесінен жоғары қоюдай ұлы мұ рат, ас қақ арман ор-
натуына тамаша негіз қалайды. Іскерлікке, ең бек шіл дік ке жетелейді.
ОТБАСЫ ТƏРБИЕСІН БЕРУ
Ұ
л балаларға 12 – 13 жастан бастап отбасы туралы тəрбие бе рі-
ле бастайды. Мұнда, адам баласы үшін отбасының бақыт-бай лық
ұйтқысы, қуаныш ошағы, адамзаттың өсіп-өркендейтін алтын ұясы
137
137
екендігі ұғындырылады. Отбасына пайдалы адам – ең жақсы адам.
Қоғамға да, халыққа да, Отанға да пайдалы адам, отбасына зиянды
адам – қоғамға да, халыққа да, Отанға да зиянды адам деп тү сін ді-
рі ле ді. Сондай-ақ, ер азаматтардың жар сүйіп, отау көтеріп, балалы-
шағалы болып, өсіп-өркендеп, отбасын, алған жары мен ұр пақ та рын
еш нəрседен тарықтырмай бағып-қағып, жақсы тəрбиелеу бас тар ту ға
болмайтын адамдық жəне азаматтық парызы екендігі жан-жақ ты лы
ұғындырылады.
Ұл балаларға отбасы тəрбиесін жүргізгенде əрбір ер азамат ал ған
жарын (ананы) аялау, құрметтеу қажеттілігі баса дəріптеледі. Қан дай
жағдайда да əйелдерге қол, тіл тигізудің, қорлау мен мазақтың тəр бие-
сіз дік, мəдениетсіздік, тіпті адамгершілікке жат пасық қылық са на ла-
тын ды ғы, əйелдерге жасалған жамандық – барша аналарға жа сал ған
жамандық болатындығы, отбасы мен алған жарын құр мет теп, пер-
зент те рін жақсы бағып-қағып, тəрбиелеп, ел-жұртқа үлгі-өне ге көр-
се ту ден асқан игі істің жоқтығы, үй іші ала болса, кереге басы пəле
бо ла тын ды ғы егжей-тегжейлі түсіндіріледі.
Қысқасы, жалпы қазақ отбасы тəрбиесінде, мейлі ұл, мейлі қыз
болсын, отбасын сүю, отбасын қадірлеу, отбасына адал болу, мейірлі,
ша па ғат ты болу, ерлі-зайыпты болған күннен бастап бірін-бірі аялап,
құр мет теп, үнемі бір-біріне қол ұшын беріп, отбасын көркейтіп, гүл-
ден ді ріп, үлгілі, өнегелі отбасына айналдыру, ата-анаға масыл болмау,
жоқты тауып бер деп қинамау, мал-мүлкін ысырап қылмау, шашпау;
отбасы мен ата-анасының ар-намысын қорғау əрбір ер азаматтың бас
тартуға болмайтын адамдық жəне азаматтық міндеті екендігі ерекше
ескертіледі.
Бұл тəрбие ұрпақтардың отбасын сүю, ата-анасын қадірлеу, ұқып-
ты, үнемшіл, мейір-шапағатты, отбасына, ел-жұртына, туған халқы
мен Отанына пайдалы адам болу саналылығын жоғарылатады. Ал-
ғаш қы адымда көпшілдік танымын орнатып, қоғамдық барыс-келіс,
алыс-беріс істеріне дағдыландырады.
138
138
ЕЛ-ЖҰРТ ТАНЫТУ
Х
алықтық дəстүр бойынша, ер балалар ат жалын тартып мі ніп,
ақ-қараны ажыратып, оң мен солын тани бастасымен, оларды əке ле рі
ертіп жүріп алыс-жақын ел-жұртпен таныстырады. Үлкен жиын-той-
лар ға апарып, аты шыққан би, ақын-жыраулар мен өнерлі, үлгі-та ғы-
лым ды адамдарды сыртынан көрсетіп немесе жүздестіріп, олардан
өне ге алып, өнер-білім үйренуге шабыттандырады. Сондай-ақ, бала-
сын елеулі кісілердің арнаулы тəрбиелеулеріне береді. Ел мен жерді
аралатып, қоныс-суаттарын, жайлау, қыстау, күзеу, көктеулерін, ру-
тай па лар дың мекенді жер-суын көрсетіп, шекарасын ұғындырады.
Бұл тəрбие ұрпақтардың көз аясын кеңейтіп, білімін молайтады.
Оларды отаншыл, халықшыл болуға, туған жері мен өскен еліне де-
ген аза мат тық сүйіспеншілігін арттырып, қоғамдық қарым-қа ты на сын
ны ғай ту ға тəрбиелейді. Өрісін кеңейтіп, досын көбейтіп, көпшіл бо-
лу ға жетелеп, адамгершілік қасиетін жетілдіреді.
ЖЕТІ АТАСЫН ҰҒЫНДЫРУ
Қ
азақ салты бойынша, əрбір отбасы өз перзенттеріне жас-
тайларынан жеті атасын ұғындыруы шарт. Олай болатыны, қазақ ба-
ла ла ры ның оң-солын танығанға дейін жеті аталарын білмеуі үлкен
айып саналады. «Жеті атасын білмеген – жетімдіктің белгісі» деп, ата-
анасы тірі тұрып, ата тегін білмеуді əбестік деп біледі. «Жеті атасын
білген ұл – жеті жұрттың қамын жер» деп, жеті атасын білуді өте жо-
ға ры бағалайды. Олай болатыны, қазақ халқы жеті атаға дейінгі бар-
лық адамды өзінің ет жақын туысы есептейтіндіктен, жеті аталарын
қа нық білген жас ұрпақ кімнің жақын, кімнің алыс екенінен ертерек
хабардар болады да, қыз алып, қыз беру, қыз айттырып, жар таңдау
іс те рі мен той-томалақ, өлім-жітім ұзату сияқты бұқаралық қи мыл-
дар да ұят ты істерден аулақ болады. Туыстар арасындағы сү йіс пен-
ші лік те рін арттырып, ел-жұрты мен туыс-туғандарының қамын жеп,
мұңын мұң дап, жоғын жоқтайтын халықшыл азамат болып жетілуге
дағ ды лан ды ра ды. Сондықтан да əр отбасы ұрпақтарына кем дегенде
139
139
əке сі нің, атасының, арғы атасының, бабасының, түп атасының, тек
атасының аттарын жаттатқызып, туыстық қарым-қатынас жолдарын
ұр пақтарына толық үйретуді бас тартпас парыздары санаған.
МЕЙМАНДОСТЫҚҚА БАУЛУ
Б
ұл тəрбиеде əр отбасы ұрпақтарына: «би болмасаң, би болма,
би түсетін үй бол» деп, ұрпақтарын əрқашан қонақшыл меймандос
болуға баулиды. Үйге келген қандай адамды да құшақ жая қар сы
алып, жылы сөз, жарасымды əзіл-қалжыңын айта жүріп қабақ шыт-
пай күтіп, аттанар сəтінде «бұйымтайын» сұрап аттандырып қою ды
адамдық парыз деп ұғындырады. Адамдардың шен-шекпеніне бой
ұрып, оларды бай-кедей деп алалап, екі беткейлік көрсету па сық тық
бо ла тындығын құлақтарына құйып отырады, қонақ қабылдап, қо нақ
кү ту дің, ас-тағам ұсынудың жол-жосығын үйретеді. Қонақ бо лу дың,
қо нақасына барудың жоралғыларын ұғындырады. Қандай жиын-той-
да да, түрлі қонақасы мен отырыстарда қариялар мен білімді, өнер лі
кі сі лер ге төрден орын берілетіндігі; қалған адамдар одан кейін жасы,
жолы бойынша отыратыны; үйге кіргенде ең алдымен үлкен кі сі лер
бұ рын кіретіні, алайда «алыстан алты жасар бала келсе, ал пыс та ғы
шал барып сəлем беріпті» деген халық даналылығын берік ұс та нып,
олар ға төр жақтан лайықты орын берілетіндігі; өнерлі, бі лім ді жас-
тар ды қариялардың өз қастарына алып отыратыны жан-жақ ты лы тү-
сін ді рі ле ді.
Бұл тəрбие ұрпақтарды береке-бірлікке, достыққа, татулыққа
жетелейді. Көпшіл, халықшыл болуға, өз мүддесінен көптің мүддесін
жоғары қойып, тамаша қоғамдық орта жаратуға баулиды. Адамдар
арасындағы достық сүйіспеншілікті арттырып, өркениетті қоғам
құруға жетелейді. Жастарды жомарттыққа, ізгілікке дағдыландырып,
олардың жан дүниесін тазартып, жақсылыққа, бақыт-байлық жолына
жетелейді.
140
140
БЕТКЕ САЛЫҚ, СҮЙЕККЕ ТАҢБА
ТҮСІРМЕУГЕ БАУЛУ
Б
ілікті ата-аналар ұл-қыздарына адамгершілікке жат өте ұят-
ты, жиренішті жаман қылықтар мен елдің жағасын ұстатып, жанын
түр шік ті ре тін пасық іс-қимылдардан аулақ болуды ерекше ескертіп
отырады. Мысалы, өз жақындарымен үйлену, жыныстық қатынас жа-
сау, ата-аналарына тіл жəне қол тигізу, адам өлтіру, өрт қою, у шашу,
ұр лық істеу, пара алып, пара беру, Отанын, елін, жерін сату, күйеуге
қа шып кету, суық жүріске салыну, елдің берекесін кетіру, өте ұятты,
па сық қылықтарға бару – міне, бұлар қазақ ұғымында бетке салық,
сү йек ке таңба боларлық өте анайы, жиренішті күнə есептелетіндігін
егжей-тегжейлі ұғындырады.
Адамның адамгершілігі бетінің көркі мен шен-шекпен, атақ-даң-
қын да емес, ар-ұяты мен əдеп-ибасында деп қарап, ұрпақтарына кі-
сі лік қасиеті жоқ, əдепсіз, ұятсыз адамдар мен ел ішіне лаң сал ған,
береке-бірлікті бүлдірген адамдардан қатты сақ болып, ондай жаман
адам дар ға жоламау жөнінде мұқият тəрбие жүргізеді. Тіпті, ел-жұрт
ішін де гі өздері көрген, білген жаман, бұзақы адамдардың іс-қи мыл да-
рын балаларына құлаққағыс етіп: «Құрысын, пəленнің баласы ата-ана-
сына тіл, қол тигізіпті; құрысын, пəленнің қызы суық жүріске түсіп,
ата-анасын жерге қаратып қашып кетіпті; құрысын, пəленнің баласы
бұзық екен, ұры-кезеп екен, оған жуымаңдар!» десе; ал, үлгі-өнегелі,
тəр бие лі балаларды байқағанда: «Шіркін, пəленнің баласының адам-
гер ші лі гі мен əдеп-ибасы-ай! Өнерлісі-ай, еңбекшілі-ай, ісмері-ай,
іс кер лі гі-ай!..» деп, өз перзенттерін үлгілі, өнегелі, өнерлі, мұ рат ты,
əдеп ті, тəртіпті балалардан үйренуге шақырады.
Бұл тəрбие ұрпақтарды жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге,
адам гер ші лік ті ардақтап, əдепті, өнерлі, білімді адамдарды құр мет-
теп, олардан үлгі-өнеге алуға жетелейді. Барлық жерде адам гер ші лік
пен ар-ұятты жоғары қойып, жақсы мен жаман, ізгілік пен жа уыз дық
туралы айқын көзқарас қалыптастырады. Қайда жүрсе де мораль, мұ-
рат ты қастерлеп, жамандық пен бұзақылық атаулыға жол бер мей тін
141
141
болады. Сонымен, содыр-сотқарлар жетім қалып, жа ман дық тан ерік-
сіз тыйылуға мəжбүр болады.
Міне, осындай саналы тəрбие алған ұрпақтар, ақын-жыраулар, ше-
шендер ұлы дүбір той-жиындарда ел ішіндегі қыңыр қылықтар мен
ел билігін ұстап отырып əділеттен аттаған, қара басы мен ай на ла сын-
да ғы ат төбеліндей жандайшаптарының мүддесін күйт те ген дер дің
қылығын көп ішінде қаймықпай беттеріне басып, ел ішінде ине нің жа-
суындай жамандықтың да көзден таса қалуына жол қоймаған. Со ның
нəтижесінде, барлық адам өскелең мұрат көзқарасын қа лып тас ты рып,
ата-анасы мен ел-жұртының, туған халқы мен Отанының бе де лі не дақ,
сүйегіне таңба боларлық жаман қылықтардан аулақ болуға ұм тыл ған.
«Жақсымен жолдас болсаң – төмендегі басыңды төрге шы ға ра ды, жа-
манмен жолдас болсаң – жаман атағыңды елге шығарады» деп, үнемі
білімді, үлгі-тағылымды, кісілігі жоғары жақсы адамдармен барыс-
келіс, алыс-беріс жасап, адамзат қоғамын нұрландырып, өр ке ниет ті
орта жаратуға күш салған.
АЛТЫ ҚАСИЕТ ТƏРБИЕСІ
Қ
азақ тəлімінде, адам баласының қандайда жан иесіне жа ман-
дық жасамауы қатаң дəріптеледі. «Ата-ананың өзгелерге жасаған жа-
ман ды ғы ның зардаптарын баласы тартады», яғни ата-ананың елге
көр сет кен əділетсіздігін, арамдығын, жəбір-жапасы мен бұ за қы лы-
ғын ұл-қыз да ры тартады деп қарап, əрбір ата-ана адал, арлы, əділетті
болып, адам гер ші лік тің ақ жолынан таймауға құлшынады əрі ұр пақ-
та ры на бо ла шақ та мəдениетті, тəртіпті азамат, өнегелі ата-ана болу
тəр бие сін мұ қият жүргізеді. Сондай-ақ, перзенттерінің бойына адам-
гер ші лік тің мынадай алты қасиетін терең сіңіруге күш салады.
1. Адал да арлы, əділ де турашыл, батыл да батыр, іскер де ең бек-
шіл, мейірлі де шапағатты болу, тылсым сырлар мен сырлы сөз дер ді
түсіне алатын тамаша қасиет қалыптастыру.
2. Зейін-зердесі мен ой өрісі кең болу, тапқырлық пен та лант ты-
лық, қа жыр лы лық пен қайсарлық қасиеті болу.
142
142
3. Жан баласына жамандық жасамайтын, жігері берік, қиын дық-
қа жасымайтын, дəулет қонса тасымайтын, дүниеге ой кө зі мен қа-
рай тын ұстамдылық қасиеті болу.
4. Ақыл-білімі мол, өнер-білімнен хабары бар, табиғат дүниесінің
қыры мен сырына қанық, сегіз қырлы, бір сырлы болу.
5. Заманға сай өз көзқарасы мен таным-түсінігін, жан дүниесін
үнемі жаңалап, заманға сəйкесе алға басатын, іскерлік, ісшеңдік қа-
сиеті болу.
6. Кішіпейіл, ашық-жарқын болу; түрлі жаман іс-қимылдардан өз
бойын аулақ ұстайтын, кіршіксіз, таза-пəк қасиетті адам болу.
Бұл тəрбие ұрпақтарды адалдыққа, адамгершілікке жетелеп, із ден-
гіш, еңбекшіл, қажырлы, қарапайым, ғылым-өнерге құш тар болуға
дағ ды лан ды ра ды. Сондай-ақ, ой көзімен қарайтын, философиялық тұ-
жы рым дау қабілеті күшті, ақыл-білімі мол, көз аясы кең, заманға үй-
лес кіш, жаңалыққа бейім азамат етіп жетілдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |