Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



Pdf көрінісі
бет9/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50

Жаз есебі

Ә

детте, ауа райын бақылаушылар жаз есебін күн мен түннің те-



ңел ген тоғысынан бастайды. Онда, ең алдымен сол күнгі төрт түлік 

мал дың қимыл-қылығын ерекше қадағалайды. Мысалы, егер сол күні 

кеште өрістен қайтқан қой қораға алшаңдай басып кірсе, көктем ерте 

келеді деп жорамалдайды. Ал сол түні түйе ернін жиі жыбырлатып, 

жыл қы  оқыранып,  жұтынса  да  көктем  ерте  келеді  екен  деп  есепте-

ген. Жоғарыдағылардан тыс, алдағы жаздың қандай боларын болжау 

үшін, табиғат құбылыстарын ерекше бақылап-барлайды. Мысалы, на-

урыз күні қар жауса, жаз мал-жанға ерекше жайлы болады деп тұ жы-

рым да ла ды. Наурыз күні жауған қар үстіне құмалақ шашу ар қы лы да 

көк тем нің ерте немесе кеш келетіндігіне болжам жасайды. Мысалы, 

наурыз күні жауған қар үстіне құмалақ шашқанда, шашқан құмалақ 

қы ды рып кетсе, көктем 40 күн кешігіп келеді, ал құмалақ қарға бата 

түс се, онда, көктем ерте келеді деп көрсетеді. 

Ауа  райын  болжаушылар  сол  арқылы  жазда  шөптің  қалай  шы-

ға ты нын  білмек  болса,  онда  Шолпан  жұлдыздың  тууына  қарайды. 

Мысалы,  Шолпан  ерекше  жарқырап  туса,  онда  жазда  шөп  мол  шы-

ғады.  Ал  Шолпан  шұнтиып  туса,  шөп  мандымды  шықпайды  деп 

тұжырымдайды. 

Бұдан басқа бұлақ-бастау көзі, өзен-көл деңгейі жəне жер асты су-

ла ры ның  азайып-көбеюіне  қарап  та  жаздың  қандай  бол  а тын ды ғы на 

ке сім жасап отырады. Торғайлар суға шомылса, сиырлар сəске болмай 

оқыраласа, күн жауады деп жорамалдайды.

Қазақ халқының ауа райын бақылауы – өз алдына үлкен бір ілім.


98

98

Қыс есебі

А

уа райын бақылаушылар қыс есебіне күн мен түннің те ңел ген 



екінші  тұсы  –  қазаннан  бастап  барлап-бақылау  жүргізеді,  мұнда  да 

жан-жануарлар мен табиғат құбылыстарына ерекше назар аударады. 

Мысалы, 22 қазан күні мал бір жағына ықтап жайсыз жатып, мазасыз-

данып шықса, онда, сол жылғы қыс қатты болады. Ал түйе сол күні 

басын  құбылаға  қаратып,  төрт  аяғын  төрт  жаққа  жіберіп  жайылып 

жатып  ұйықтаса,  онда  қыс  өте  жайлы  болады  деп  тұжырым  жасай-

ды. Егер биелер суық күзде құлын тастаса, қойлар өрістен қайт қан да 

ауыздарына шөп тістеп қайтса, қыс өте қатты болады. Ал күзде кей бір 

ағаштар гүл ашса, қыс жай түседі деп топшылайды.

Қазақ  халқының  ауа  райын  бақылау  ілімінде  көктем  айларында 

бол ған ауа райы құбылысы – күзде, жаз айларында болған ауа райы 

құ бы лы сы қыс айларында айнымай келіп, үнемі қайталанып отыра-

ды  деп  тұжырымдайды,  яғни,  көктемдегі  жауын  –  күздегі  жауын, 

жаз да ғы ыс тық – қыстағы суық, жаздағы жел – қыстағы боран деп 

есеп те ле ді.

Қорытып айтқанда, ауа райын бақылаушылар бір жылды алты ай 

жаз, алты ай қыс деп екіге бөліп қарайды, яғни, «үркерлі айдың бəрі 

қыс»  деп  сүмбіле  туып,  үркер  көтерілген  (көрінген)  уақытты  түгел 

«қыс», ал үркер төмен түсіп, таразы туғанға дейінгі аралықты түгел 

«жаз» деп есептейді. Бұл халықтық күнтізбе жүйесі бойынша 21 нау-

рыз дан 21 қазанға дейінгі уақыт жаз, 21 қазаннан 21 наурызға де йін гі 

уа қыт қыс деген сөз.



Үш бунақ

Ә

детте, ауа райын бақылаушылар бір жылды үшке, төртке, же ті-



ге жəне тоғызға бөлу тəсілдерін қолданған. Мысалы, бір жылды үшке 

бөледі, яғни, (120, 3÷360) ыстық, салқын, суық мерзім. Бірінші мер-

зім  –  9  ақпаннан  9  маусымға  дейінгі  аралық.  Бұл  –  қара  қатқақ,  аш 

өзек, қой қоздап, көк тебіндейтін шақ. Екінші мерзім – 9 маусымнан 9 



99

99

қа зан ға дейінгі аралық. Бұл – шөп қуаты басына шығатын шақ. Үшін-



ші мерзім деп қалған аралықты, яғни, «тоқты тоймас, шөміш кеппес» 

мер зім ді айтады.



Төрт тоқсан

Е

ртеде  қазақтың  ауа  райын  бақылаушылары  бір  жылды  төртке 



бө ліп (90, 4÷360) оны «төрт тоқсан» деп атаған. Мұнда, бірінші тоқ-

сан  ға көктем айлары жатқызылады да, оны «жас тоқсан», екінші тоқ-

сан ға жаз айларын жатқызып, оны «жаз тоқсан», үшінші тоқсанға күз 

айларын жатқызып, оны «терме тоқсан», төртінші тоқсанға қыс айла-

рын жатқызып, оны «қыс тоқсан» деген.

Жеті амал

« Ж


еті амал» деп күннің тоқырауы, қарашаның қайтуы, Үр кер-

дің түсуі, мұздың қатуы, киіктің матауы, Айдың тоғамы, қыс тоқ сан-

ның  кіруі  қатарлыларды  айтады.  Жазғы  күннің  тоқырауы  22  шіл де-

де  аяқтайды,  қысқы  тоқырау  22  қаңтарда  аяқталады.  Қар  жау ған да 

қараша  қайтады.  Үркер  төмен  түскенде  мүлде  көрінбей  кетсе,  онда 

«үркер жерге түсті», жаз қағыр болады деп тұжырымдайды. Ал Үр кер 

жерге  жетпей,  көкжиекте  көрініп  жатса,  онда,  оны  «суға  түсті»  деп 

есептеп, жаз жаңбырлы болады деп қарайды. 

Егер үркер көкжиектің қарабарқыт жолағынан көрінсе, онда «Үр-

кер тасқа түсті», жаз мал-жанға жайсыз болады деп тұжырымдайды. 

Қа зан айында су бетіне қаймақ мұз қатады, қазақ күнтізбесінде, қаң-

тар дың  он  бірінде  арқар-құлжа,  тауешкі,  таутекелер  үйірге  түседі. 

Міне, бұл кез «теке бұрқылдақ» деп аталады.

Тоғыс

« Т


оғыс»  (ай  тоғамы)  деп  қазақ  ауа  райын  бақылаушылары 

Ай мен Үркердің қатар көрінуін айтады. Егер, тоғыс кезінде Ай мен 

Үр кер бір-бірінен қашық тұрса, онда есепшілер: «мыналар бір-біріне 


100

100


сал қын қабақ танытқан екен, мал-жанға залалы тиер» деп, алдын ала 

сақ тық шараларын жасайды. Ал Үркер мен Ай бір-біріне таяу көрінсе, 

онда есепшілер: «мына екеуі жақындаса қалған екен, ауа райы мал-

жан ға жайлы болады екен» деп тұжырымдайды.



Тоғыз тармақ

М

ұнда бір жыл тоғыз бөлекке бөлінеді (40, 9÷360).



Бұл «тоғыз шілде» деп те аталады. Себебі, қазақ ауа райын ба қы ла-

уын да бүкіл қазақ жерінің ауа райының жылуы мен сууының ара лы-

ғын да (біршама болса да) 40 күндік тұрақтылық сақталып, қан дай да 

ауа райы өзгерісі 41-күннен басталады. Қазақ тіліндегі «қырқына шы-

дап,  біріне  шыдамапты»  деген  сөз  орамы,  міне,  осыған  байланысты 

қалыптасса керек.



ОН ЕКІ АПАТ

Қ

азақ халқы он екі апат деп мыналарды айтады: 



1. Жұт; 

7. Соғыс;

2. Қуаңшылық; 

8. Содыр;

3. Зілзала; 

9. Салақ;

4. Індет; 

10. Олақ;

5. Сел; 

11. Жалқау;

6. Өрт; 

12. Қорқақ.

Мұның  алдыңғы  жетеуін  –  «апат»,  соңғы  бесеуін  «кесапат»  деп 

атайды. Сонымен бірге, ауыр қырғынды «нəубет», ел басқарған адам-

дар  мен  хан-патшалардың,  сондай-ақ,  жат  жұрттың  озбырлығы  мен 

зұлымдығын «зұлмат» дейді.



БИЛІК БЕРУ ЖƏНЕ ЕЛ БАСҚАРУ САЛТТАРЫ

Билік беру

« Б


и  жоқ  елде  билік  болмайды,  ханы  жоқ  ел  қаңғырады»  деп 

білген қазақ халқы өз орталарынан шыққан ақыл-парасатты, бі лім ді, 



101

101


үлгі-өнегелі, елім дегенде ет-бауыры езіліп тұратын азаматтарын хан 

көтеріп хан сайлап, білікті деп би қойып, басқара алады деп бас тық 

қойып,  ел  тағдыры  мен  бас  амандықтарын  соларға  сеніп  тапсырып, 

билік  тізгінін  ұстатып,  қысылып,  қиындық  көргенде  олардан  ақыл-

көмек  алып,  кең  сахарада  бай-бақытты,  тату-тəтті  өмір  сүріп,  баға 

жетпес басқару үлгісін қалыптастырған, яғни, өз дəуірінде қазақ би-

ле рі мен хандары: «Тура биде туған жоқ, бұрған биде иман жоқ» де-

ген халық даналығын берік ұстанып, халықты дұрыс жолға жетелеп, 

олардың ашына айналып, тоғына толғанып, жоғын жоқтап, намысын 

қорғап, əділетті басқарып отырған. Ондай ақыл-парасатты жанашыр 

жақсы  басшыларын  халық  та  мақтап-марапаттап,  төбелерінен  жол, 

төрлерінен  орын  берсе,  ал  халық  берген  шен-шекпеніне  буланып 

адам дық тан аттаған, құлқынқұмарлыққа салынып теріс билік жүр гі-

зіп, ел мен жерін сатып, ел намысын қорлаған жаман адамдарды дер 

ке зін де биліктен шеттетіп отырған. «Би болмас белін жалпақ бу ған ме-

нен, қаракөк хан-сұлтаннан туғанменен» деп қарап, кез келген адамға 

атақ-даңқына, ата дəулеті мен байлығына бола билік ұстата бермеген 

жəне «би екеу болса, дау төртеу болады» деп, бір ел, бір рудан қа та-

ры нан екі би қоймаған, яғни, біреуге билік беруге тиісті болғанда, əр 

ауыл, əр ру: «Осы адам біздің жоғымызды жоқ тап, қамымызды жейді-

ау»,  –  деп  қараған;  талай-талай  сыннан  өткен,  адам гер ші лі гі  биік, 

білімі терең, адал, əділ, шешен, іскер, ел басына күн туғанда атойлап 

алға шығатын батыр да батыл адамдардың жасына, жынысына, тегіне, 

байлығына қарамай, ел билігін сондай адам дар ға сеніп ұстатқан. Кей-

де, тəжірибелі қарт билер халқын аралап, ел ішіндегі білімді жастар 

мен  ақыл-парасатты  дана  адамдарды  өз  орнын  басуға  ұсыныс  етіп, 

көп талқысына салса, кейде халық билері қар тай ған да, ауыл ақсақал-

дары  олардың  өздерінен  «билікке  енді  кімдер  отырса  болады?»  деп 

кеңес сұрап отырған.

Ертедегі қазақ билері шеттерінен сурылып шыққан талант, қарасөз-

дің қайығы, өлең-жыр мен көсемсөздің қамбасы, ақыл-білімнің кені, 

даналық  пен  адамдықтың  өнегесі,  халықтық  салт-дəстүрдің  майтал-

маны, ар мен жан тазалығының айнасы, ел басына күн туғанда атой-

лап алға шығар батыры, дағдарғанда жол бастар көсемі, дау-шарда сөз 



102

102


бермес шешені болған. Сол себепті, қазақ билеріне бай болу, хан-сұл-

тан, қаракөктің ұрпағы болу шарт болмаған. Қайта жан дүниесі таза, 

көзі  ашық,  көкірегі  ояу,  адамгершілігі  биік,  ақылды,  білімді,  салт-

дəстүрге жүйрік, мыңнан озған тұлпарлар таңдалған. 

Ертеде, қазақ билері халықты ұлттық салт-дəстүр мен «Жеті жар-

ғы ға» негізделіп басқарған. «Жеті жарғы» мен ұлттық салт-дəстүрді 

ханнан  тартып  қараға  дейінгі  барлық  адам  қанық  білгендіктен,  ел 

ішін де  əлденеге  күнəлі,  айыпты  болғандар  күнəларын  өздіктерінен 

мойындап,  кешірім  сұрап,  ат  шапан  айып  төлеп,  күнəларын  жуып 

отыр ған. Сондықтан ақыл-парасатты, билік басындағы қазақ билері, 

мынадай он іске қуану керек деп көрсеткен:

1. Əділет жолынан тайып, теріс билік жүргізуден қорқып, сын-



ұсыныстарды естігенде қуану.

2.  Елдің  обалына  қалудан  жəне  қарын  салып  семіруден  қорқып, 



шындық үнін естігенде қуану.

3. Көптің көз жасына себепші болудан қорқып, елдің бай-ба қыт-



ты өмірге қол жеткізгенін көргенде қуану.

4. Халықтың қаһары мен қарғысынан қорқып, сеніміне бө лен ген де 



қуану.

5. Шектен тыс мақтап-марапаттаудан қорқып, сөгісіне қуану.

6. Халықтың өзінен қашқанынан қорқып, жақындауына қуану.

7.  Көлеңкедей  соңынан  қалмайтын,  отбасынан  ағалап-жағалап 



шық пай тын дардан қорқып, ақыл-кеңес сұраушылар көбейсе қуану.

8. Сыйлық пен сауғаның көбеюінен қорқып, сырласатын адам дар-



дың көбеюіне қуану.

9. Сын-ұсыныстың болмауынан қорқып, ой-пікірін ашық айтушы-



лар көбейсе қуану.

10. Өнер-білім қуғандардың азаюынан қорқып, өсек-аяң, арыз-ша-



ғым ның азаюына қуану.

Қорытып  айтқанда,  ертедегі  қазақ  билері  (басшылары)  үкіметтің 

əділ  сот,  сақшы,  тіпті,  қоғамдық  топтар  мен  мекемелердің  барлық 

жұ мы  сын жалғыз өздері атқарған. Қандай дау-жанжалды, бұзақыны, 

тіп ті, атқан оқ, шапқан қылыштан қаймықпаған қара күштерді алдын 

ала əзірлік жасап, ешкіммен ақылдасып, келіспей-ақ, құпиялап, мəй-



103

103


мөң ке ле мей-ақ, жиналған топ алдында: «Уа, халайық! Бұл мынадай іс 

екен, оны мынадай шештік, осыған ризамысыздар?» деп, оны екі ауыз 

сөз бен жөнге салып, төрт ауыз сөзбен төрелік айтып, даугерлер мен 

қыл мыс кер лер ді де, жиналған жұртты да əділ шешімге мойындатып 

отырып  жолға  салған.  Сөйтіп,  қазақ  даласындағы  күллі  дау-жанжал 

ел алдында ашық тергеліп, тектеліп, үкім шығарылып, əділ дік пен бір-

жақ ты лы етіліп отырған.

Билік алған адамдардың барлық істе

үлгі-өнеге болу салты

« Ү


лгісізді  би  қойсаң  салт-дəстүрді  бұзады,  үлгіліні  би  қойсаң 

өмір түлеп қызады», «би білімді болса, ел-жұрт берекелі болады, би ала 

аяқ, жемеңгер болса ел-жұрты азып-тозады», «үлгілі би – ел мақтаны» 

деп қараған қазақ халқы би боламын деген жəне билік ұстаған адам-

дар:  адамгершілікте,  əділет-шапағатта,  ар-ұят,  обал-сауапта,  сөз  бен 

іс қимылда, көпшілдік пен кешірімділікте, киіну мен əсемдікте, ішіп-

жеуде, адалдық пен ақиқатта, салт-дəстүрде, кісілік қарым-қатынаста, 

алыс-беріс, ауыс-күйісте көпке үлгі-өнеге болу керек деп есептеген. 

Адамгершіліктің осындай қарапайым да қасиетті қағидаларын өмір-

лік құбыланама еткен қазақ билері өз заманында кісілік ар-ұятты бə рі-

нен жоғары қойып, «шен-шекпенім – елімнің садағасы, мал-жаным – 

же рім нің садағасы» деп, өздерінің жеке бастық мүдделері мен қол да-

ғы биліктерін халық мүддесінен төмен қойған. Қашанда əділет туын 

биік  ұстап,  туған  халқына  қолдан  келер  жақсылықтарын  аямаған. 

Ха лық берген билікті əділ жүргізіп, адамдық қарым-қатынаста, салт-

дəс түр   де  көпке  өздері  үлгі-өнеге  жəне  бастамашы  болған.  Əрқашан 

нəп сі ге берік, адалдыққа серік болып, аз жеп, көп тыңдаған, аз сөй-

леп, көп істеген, ашкөздіктен, құлқын құмарлықтан, ны сап сыз дық тан, 

то  йым  сыз  дық  тан  аулақ  болған.  Себебі,  олар  ел  ішінен  сұ рып та лып, 

сыналып, таңдалып қойылатындықтан, олардың мінез-құлқы ха лық қа 

жа  ғым  ды, сөздері шешен, ойлары көсем болып, жақсы салт-дəс түр дің, 

озық өркениеттің таратушысы əрі үгітшісі болған. Халықтан тарту-та-

рал ғы қабылдап пара жемеген. Мал-дүниеге қызығып, ха лық тың мал-


104

104


мүл кі не суық қол салып, көз алартпаған. Халықтан сұранып, емі ніп аз 

дү ние үшін ар сатпаған. Қашанда бос дүние мен байлық алдында биік 

бе де лі мен адамгершілігін, ерен тектілігі мен бегзаттығын, мə де ниет-

ті лі гін таныта білген. Сондықтан, халық оларды мақтап, марапаттап 

əн-жырларына қосып, өздеріне үлгі-өнеге еткен.

Билік алған адамдардың халық алдындағы 

қарыз-парыздары

Қ

азақ халқының ел басқару дағдысында, билік алған адам дар-



дың мойнына мынадай қарыз-парыздар түседі деп қарайды:

1. Ел-жұрты мен халқының қамын жеу, ашына айналып, тоғына 



толғану, əрқашан мұң-мұқтажын біліп отыру.

2.  Ел-жұртының  атақ-абыройы  мен  ар-намысын  жəне  құқық-



мүддесін қорғау.

3. Басқаларға қол астындағы халқын қорлатпау, елін, жерін, Ота-



нын сатпау.

4. Қуаныш, қайғыда халықпен бірге болып, ауыртпалықты тең кө-



теру.

5. Қарауындағы адамдардың бəрін тең көру, əділ болу, мұңын мұң-



дап, жоғын жоқтау.

6. Қызметкерлеріне зекімеу, қол, тіл тигізбеу, қорламау, жə бір ле-



меу, тең қарау.

7. Нысапты болу, тарту-таралғы алмау, қиянат істемеу.

8. Қол астындағылардан өш алмау, кек сақтамау жəне бас қа лар-

дың құқық-мүддесін зияндамау.

9. Халыққа үрей салып, бастарына қиындық тудырмау.

10. Ойына келгенін істеп, аузына келгенін айтпау, албаты алман-

салық салып, халықты қинамау, мазаламау.

11. Өзі не киіп, не ішсе, халқына соны іштіріп, соны кидіру. «Хал қы 



аш-жалаңаш, кедей тұрып, əкімнің қарын салып семіруі – же мең гер-

лік тің белгісі» деген даналықты ұмытпау.

12. Жарлығы қатаң, қолы кең, ниеті түзу болу.

13.  Əспенсімеу,  əулиесімеу,  тəкаппарланбау,  өздерін  халықтан 


105

105


жо ға ры қоймау. Халықтың қожасы емес, құлымыз деп білу.

14. Адамдық ар алдында əділ, турашыл болу, бетке айту, сырт-



тан сөйлемеу.

15.  Əділетсіздікке,  озбырлыққа,  өктемдікке,  қаскүнемдікке  жол 



бермеу.

16.  Өзінен  үлкен  шенділерге  жағымпазданып  шашпауын  кө тер-



меу, бұқараға мұрын шүйіріп, əлсіздерді аяқ асты етпеу, қорламау, 

ба сынбау.

17. Өнер-білімге тойымсыз, ашқарақ болу, нəпсіге тежемді болу.

18. Ғылым-білім иелерін құрметтеу, оларды үнемі өздеріне ұстаз 

тұтып, ақыл-кеңестерін алып отыру, т.б.

Жалпы  алғанда,  əмір  иесі  болған  адам  өз  қызметіне  адамдық  ар 

алдында қатаң жауапкершілікпен қарауы керек. Əмір иесінің қа те лі гі 

ха лықты сорлатады. Екі дүниеде халықтың обал-сауабын ар қа лай ды. 

Тіпті, тырнақтай мансабы бар адамның өзіне тиесілі ақысынан ар тық 

алған жарты жармағы мен елден алған сауғасы – пара əрі қиянат бо-

лып есептеледі. Себебі, əмір иесіне сауға берген адам, оны сүй ге ні нен 

емес, бір шаруаға септігі тиеді деп береді. Бұл əмір иесінің əділ би лік 

жолын бүлдіріп, көптеген ізгі ниетті адамдар мен дарын ие ле рі нің жо-

лын бөгеп, құқық-мүддесін зияндайды.



Билік жəне селбесу салты

Қ

азақ билері ақылдылығы мен білімділігі, батылдығы мен ба-



тыр лы ғы, шешендігі мен іскерлігі, адалдығы мен адамгершілігі ар қы-

лы халықты əділ басқарудан тыс, хан-сұлтандарды да тектеп, тергеп, 

асып бара жатса ауыздықтап, халықтық салт-дəстүрдің бұзылмай таза 

сақталуына  жəне  оның  дамуына  ерекше  күш  салғандықтан,  олар -

дың ел ішіндегі беделі өте жоғары болған. Қашанда халқының қамын 

жеп,  тұрмысын  түзетуге  тырысқан.  Қол  астындағы  жарлы  адам дар-

дың  қайыр  тілеп  тентіреп  кетуін  ел  намысына  тиетін  ауыр  мə се ле 

санап,  тұрмыс  жағдайы  нашар  адамдарды  олардың  бай  туыстарына 

тапсырып  немесе  өздері  тіке  қамқорлықтарына  алып,  ел-жұрт та ры-

ның  қам-қайғысыз,  тату-тəтті  өмір  өткізуіне  тамаша  шарт-жағ дай 

жаратып  беріп  отырған.  Ал,  ел-жұрт,  туыс-туғандарына  қам қор лық 


106

106


көр сет пей,  қол  ұшын  бермей,  оларды  аздырып-тоздырғандар  бол-

са,  ондай  адамдарды  халық  «кісілігі  жоқ»,  «рақымсыз  тас  жү рек» 

деп,  түрлі  жиын-тойларда  жаман  қылықтарын  беттеріне  басып  сы-

наудан  қазақ  шешендері  мен  ақын-жыраулары  именбеген.  Тіпті,  ол 

хан-сұлтан болса да қылықтарын тіке беттеріне айтып, абыройларын 

төк кен.  Сондықтан  қазақ  атқа  мінерлері  мен  ауқаттылары  ха лық тан 

қо рық қан, халықпен есептескен, халықты құрметтеген. Жетім-же сір, 

жоқ-жітіктерге  қамқорлық  жасап,  ұдайы  қол  ұшын  беріп  отыруды 

өз  дағ ды ла ры на  айналдырған.  «Сыйға  –  сый»  деп,  өз  кезегінде  бай 

адамдардан қамқорлық көрген қолы қысқа адамдар да олардың же тіс-

пей жатқан жұмыстарына қолғабыс жасап, өзара селбесіп, се рік те сіп, 

адам дық өмірді мəн-мағыналы өткізуге күш салған.

Жалпы  алғанда,  қазақ  халқы  өздері  сайлаған  хан  мен  билерінің 

ақыл айтып, жөн көрсетуін, тəлім беріп, тəрбие жүргізуін – адам гер-

ші лік, тектілік, білімділік, ақылдылық деп қараса, олардың зекуін, ұр-

суын,  келемеждеуін,  көзге  ілмеуін  пасықтық,  менмендік  деп  біл ген. 

Ал, олардың қол астындағы жай халыққа қол жəне тіл тигізуін оз быр-

лық, қатыгездік, зұлымдық деп қараған. Қазақ ұғымында адамның өз 

баласынан басқа адамға ұрсуы, зекуі, қол, тіл тигізуі, кемсітіп ке ле-

меж деуі  (ол  мейлі  хан-патша  болсын)  өктемдік,  озбырлық,  за лым-

дық, бұ зық тық деп есептеледі. Сол себепті де қазақ халқы: «Ұр су дың 

тегі – өк тем дік, ұрудың тегі – бұзықтық» деп, жоғарыдағыдай жаман 

қы лық тар ды өзгелердің намысына тигендік, қорлағандық, оларды аяқ 

асты еткендік деп көрсетеді. 

Бейбітшілікті сүйгіш, теңдік пен достыққа жаны құштар қазақ хал-

қы ел басқарушылардың қандай істі теңдік тұрғыда кішіпейілдікпен 

бір жақтылы етуін ұнатқан. Менмендікті, астамдықты, мансабы мен 

бай лы ғы на буланып жөн көрсетіп, даналарға ақыл айтуды өр кеу де лік, 

на дан дық, көргенсіздік деп білген.

Билікті өз руы мен өз елінен

шыққандарға беру салты

Б

илікті  бостандық  пен  еркіндіктің  тірегі,  бақыт-байлықтың, 



ұлт тық рухтың кепілі деп өте жоғары бағалаған қазақ халқы «би тү-

107

107


зел мей күй түзелмейді», «биліктен айрылған елде бірлік болмайды», 

«сыбағаңды  желге  берсең  де,  билігіңді  елге  берме»,  «өз  биің  өл тір-

мей ді,  жат  би  жарылқамайды»  деп,  билікті  қашанда  өз  ру-тайпасы 

мен  өз  елінен  шыққан,  ерлігіне  серілігі,  ақылына  білімі  сай  бі лік ті 

аза мат та ры ның қолдарына ұстатып отырған. Сондай-ақ, «жат қол дың 

есіркеуінен – жақынның жəбірі артық» деп, өз ру-тайпалары мен ұлт-

тық қаны араласпаған адамға ел билігін сеніп ұстатпаған. «Өз ге ні би 

қылғаның  –  өз  басыңды  құл  қылғаның»,  «өз  билігін  жатқа  ұс тат қан 

ел  –  бостандықтан  мақұрым  болады»  деп,  билікті  жат  қолдарға  ұс-

та ту ды  намыс,  қорлық  санап,  биліктің  əрбір  ру-тайпа,  тіпті,  бір  ха-

лық тың  гүлденуі  мен  құрып-жоғалуына  қатысты  өте  маңызды,  аса 

қа сиет ті нəрсе екенін сонау ықылым замандардың өзінде-ақ тө тен ше 

те рең түсінген. Сонымен бірге «ұл-қыздарының үштен бірін ең бек ке 

бау лы ған елдің бақыт-байлығы мəңгі ортаймайды, бестен бірін өнер-

ғы лым ға баулыған елдің мерейі мəңгі үстем болады, оннан бірін ер-

лік ке баулыған елдің жігері мəңгі асқақ болады, жүзден бірін би лік ке 

бау лы ған елдің еркі мəңгі өз қолында болады» деп, еңбекті де, ер лік ті 

де, өнер мен білімді де түгел меңгеріп, билікті берік ұстағанда ғана ел 

ең се сі нің мəңгі биік болып, бай-бақытты, алаңсыз тұрмыс ке ші ре тін-

ді гін өте қанық білген.



Басшыларды сыйлап-құрметтеу

салты

Б

іліктісін биге, көрегенін көсемге, басшыларын серкеге ба ла ған 



қазақ  халқы  береке-бірлікті,  ұйымшаңдық  пен  тəртіпшеңдікті  жан-

тəндерімен сүйіп, «биін сыйламаған ел – билігінен айырылады», «бас-

шысына бойсұнбаған елден береке қашады», «басшысыз – ел же  тім» 

деп қарап, өз орталарынан ақыл-парасат, өнер-білімде озып шық  қан 

билерін (басшыларын) береке-бірліктің ұйтқысы, ха лық тың күш-қуа-

ты мен ақыл-парасатын шоғырландырушы, бақыт-бай лық қа же те леу-

ші сі, қамқоры жəне рухани тірегі, адамгершілік пен ақи қат тың сер  ке  сі 

деп қарап, оларды қадірлеп, құрметтеп, бұйырған қыз мет те рін адал-

дық пен  атқаруды  өздерінің  адамдық  жəне  аза мат тық  парыздары  са-


108

108


на ған.  Ал  билеріне  (басшыларына)  бағынбай,  сыйлап-құр  мет  те  мей, 

ха лық тық  салт-дəстүрді  бұзуды  бұзақылық,  тəрбиесіздік,  мə де ниет-

сіз дік,  ел  бірлігін  бұзып,  жігер-күшін  əлсірететін  жиренішті  жаман 

қы лық деп қарап, ұрпақтарына ел басшыларын сыйлаудың, қа  дір леп-

құр мет теу дің жол-жосынын үйретіп, ынтымақ-берекешіл жақ сы адам 

болып жетілуге баулыған.

Қазақ салтында, əрбір азамат ел билігін халықты қорқытып-үр кі-

те мін, айбатымды асырып, даңқымды шығарамын, сый-құрметке бө-

ле ніп, ішіп-жеймін, ел-жұртқа қожа боламын, асып-тасып шал қи мын, 

аузыма келгенді айтып, ойыма келгенді істеймін деп алмайды, қай та, 

хал қы ның қамқоры, жоқтаушысы, жанашыры, жақыны боламын, хал-

қым ды кіріптарлыққа, зорлық-зомбылыққа ұшыратпаймын, намысын 

қорғаймын деп алады.

Қазақ  халқының  басшыларын  сыйлауының  да  өзіндік  жол-жо сы-

ны  мен  ұстанымы  болған.  Мысалы,  халық  өз  еркімен  сайлаған  əмір 

иелеріне (хан-патша, сұлтан, əкім, т.б.) бағыну барша аза мат тың мін-

деті, оларға жасалған құрмет халыққа жасалған құрмет деп қа  рап, ал 

өздеріне «қожаң осы» деп қоя салған көлденең көк атты бі реу ге ақыл-

білім  жəне  адамгершілігіне  көз  жеткізбей  тұрып,  оларды  басшымыз 

деп  мойындап,  əмірлеріне  мойын  ұсына  бермеген.  Тіп ті,  тағайын-

далған  əмір  иесін  сыйлауға  халық  міндетті  емес  деп  қа раған.  Се бе-

бі,  тағайындалғандардың  көбі  халыққа  емес,  қо жа лар ға  жақ қан ды-

ғы үшін өседі де, жағымпаздар мен алаяқтар оларды аға  лап-жа ға лап 

көкке көтереді. Ал, ізгі ниетті жандар мен парасаттылар, ха  лық ішін де 

оларды он орайтын қабілеттілер еленбей қалғандығы үшін алымсын-

бай, сынап-мінейді. Сөйтіп, даналық пен дарын жолы ке сі ліп, то пас-

тық пен сұрқиялық дəурендейді. Халық зар илеп, ұлық тар құ ты ра ды 

деп есептеген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет