Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



жүктеу 4.47 Mb.

бет8/50
Дата26.01.2017
өлшемі4.47 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50

ӨНЕР-БІЛІМ ТАРАТУ

Қ

азақ халқы ес-ақылы түзу, ес біліп, етек жиған əрбір адам ба-



ласы  жүрген-тұрған  жерінде  бір  ауыз  болса  да  үлгі-өнеге  боларлық 

сөз айту, өз басынан ел-жұртты сүйіндірер бір өнеге көрсету – адам-

дық жəне азаматтық парыз деп қараған. Ұрпақтарына өз ел-жұртына 

шамасы жеткенше өнер-білім үйретіп, үлгі-тағылым таратып, жа ғым-

ды мінезі, тамаша іс-қимылымен ел-жұртқа өнеге болуды өте игі лік ті 

іс  деп  ұғындырған.  Бала  оқытып,  шəкірт  тəрбиелеуді,  жақсы  мі нез, 

жағымды  қылық  пен  өнер-білім  таратуды  барша  игілікті  іс тер дің 

басы əрі бағалысы есептеген. Сондықтан да, ертеде қазақ азаматтары 

жүр ген-тұрған  жерлерінің  бəрінде  ел-жұртқа  қажетті  уағыз-насихат 

айтып,  үлгі-тағылым,  əн-күй,  өлең-жыр  таратып,  халықты  із гі лік ке, 

адам гер ші лік ке,  өнер-білімге  жетелеп,  адамдардың  рухани  жан  дү-

ние сі таза болуын уағыздаған. 

Бұл салт адамдардың рухани жан дүниесін тазартып, ке мел ден ді-

ріп, қоғамды жақсартуға, адамдарды мəдениетті, саналы, өр ке ниет ті 

қо ғам  құрып,  тату-тəтті,  мəн-мағыналы  өмір  сүруге  же те лей ді.  Аза-

маттарды адамгершілікке, ізгілікке, достыққа, береке-бір лік ке ша қы-

рып, көпшіл, халықшыл болуға дағдыландырады.

ХАЛЫҚТЫҚ ДƏСТҮР ТƏРБИЕСІ

Қ

азақ халқының дəстүр тəрбиесі отбасынан бастау алады. Ер-



теде əрбір қазақ отбасы – үлкен мектеп, үлгі-тағылым ордасы бол ған. 

87

87

Онда жалпы тəрбиенің өзегі – адамгершілік, ізгілік, ме йі рім ді лік, қа-



йырымдылық, жанашырлық, жақындық, достық, береке-бір лік, ең бек-

шіл дік, адалдық, əдептілік, əділдік, тазалық, көпшілдік, Отан шыл дық 

сияқты адамзаттың ең бағалы қасиеттерін негіз еткен. 

Осы мектеп пен үлгі-тағылым ордасында əрбір ата-ана ұр пақ та рын 

қолынан  келгенше  күн  сайын  адамгершілік  рухымен  суарып,  өнер-

білім нəрімен азықтандырып, адал-арам, обал-сауап, əділет-ша па ғат, 

ізгілік  пен  зұлымдық,  жанашырлық  пен  жақындық,  жа уыз дық  пен 

мейірімділік, озбырлық пен өзімшілдік сияқты істердің бə рін егжей-

тегжейлі  ұғындырып,  перзенттерін  көпшіл,  Отаншыл  бо лу ға;  ел  на-

мысы  мен  Отан  даңқына,  ата-ананың  бет-беделіне  дақ  тү сір меу ге; 

кеңпейіл, кешірімді болуға; «малым – жанымның садағасы, жаным – 

арымның садағасы» дейтін үлкен кісілік қасиет қа лып тас ты ру ға же-

телеп, халықпен жауласпауға, дауласпауға, көпке топырақ шаш пау ға

əрқашан  тектілік,  ірілік,  тəрбиелілік,  даналық,  ұлылық,  көр ген ді лік 

танытуға жетелеп отырған.

Халықтық  дəстүр  тəрбиесін  алған  əрбір  азаматтың  адамгершілігі 

биік,  білімі  терең,  пейілі  кең  болады.  Өнер-білімді  бəрінен  жоғары 

қояды. Отанына, халқына атақ-даңқ əперетін үлгілі, өнегелі, саналы, 

адал, пəк, арлы болып жетіледі.

Бұл  тəрбиеде  балаларға,  ең  алдымен  адамгершілік,  қарым-қа ты-

нас, ар-ұят, мейірімділік, ізгілік, адалдық, əдеп-иба, жомарттық, ең бек 

сүйгіштік  тəрбиесі  жүргізіледі.  Сонымен  қоса,  жеті  жасқа  келгенше 

ұл-қыздарына «жеті атасын білмеген – жетімдіктің белгісі» деп, жеті 

аталарының  атын  жаттатқызады.  Жеті  жастан  асқан  соң,  қыз  не г і зі-

нен шеше тəрбиесінде қалады да, ұлдың түздегі тəрбиесіне əке, үй де гі 

тəрбиесіне шеше жауапты болады.

Жалпы, қазақ халқының бала тəрбиесінде: «балаңды бес жасқа де-

йін  жаныңдай  жақсы  көр,  он  бес  жасқа  дейін  құлыңдай  жұмса,  бас 

алдырмай үйрет, он бес жастан асқан соң, бидей ақылдас» деген ха-

лық тық қағиданы ұстанады. 

Бұлай тəрбиелеудің ғылыми маңызы зор. Жастайынан адам гер ші-

лік, ізгілік, еңбексүйгіштік тəрбиесін алған бала есейгенде ел-жұр   ты 

мен ата-анасына опалы болады.


88

88

ЖЕТІ АТАСЫН ҰҒЫНДЫРУ

Қ

азақ  салты  бойынша,  əрбір  отбасы  өз  перзенттеріне  жастай-



ынан  жеті  атасын  ұғындыруы  шарт.  Себебі,  қазақ  балаларының  оң-

солын танығанға дейін жеті аталарын білмеуі үлкен айып саналады. 

«Жеті атасын білмеген – жетімдіктің белгісі» деп, ата-анасы тірі тұрып, 

ата тегін білмеуді əбестік деп біледі. «Жеті атасын білмеген – же те сіз» 

деп, жеті атасын білмеген ұрпақты ел қамын ойлап, халықтың қа мын 

жейтін адам болады деп есептемейді. «Жеті атасын білген ұл – жеті 

жұрттың қамын жер» деп, жеті атасын білуді өте жоғары ба ға лай ды. 

Қазақ халқы жеті атаға дейінгі барлық адамды өзінің ет жақын туысы 

есептейтіндіктен, жеті аталарын анық білген жас ұрпақ кімнің жа  қын, 

кімнің алыс екенінен ертерек хабардар болады да, қыз алып, қыз беру, 

қыз  айттырып,  жар  таңдауы  мен  той-томалақ,  өлім-жітімді  ат қа ру-

да білместік істерден аулақ болады. Туыстар ара сүйіспеншіліктерін 

арттырып, ел-жұрты мен туыс-туғандарының қамын жеп, мұ ңын мұң-

дап, жоғын жоқтайтын халықшыл азамат болып жетілуге дағ ды лан-

ды рады.

МЕЙМАНДОСТЫҚҚА БАУЛУ

Б

ұл  тəрбиеде  əр  отбасы  ұрпақтарына:  «би  болмасаң  би  болма, 



би түсетін үй бол» деп, ұрпақтарын əрқашан қонақжайлы болуға бау-

ли ды.  Үйге  келген  қандай  адамды  да  құшақ  жая  қарсы  алып,  жылы 

сөз,  жарасымды  əзіл-қалжыңын  айта  жүріп  қабақ  шытпай  күтіп,  ат-

танар сəтінде «бұйымтайын» сұрап аттандыруды адамдық парыз деп 

ұғын ды ра ды. Адамдардың шен-шекпеніне қарап алалап, екі бет кей лік 

көрсету пасықтық болатындығын құлақтарына құйып отырады, қо нақ 

қабылдап,  қонақ  күтудің,  ас-тағам  ұсынудың  жол-жосығын  үй ре те-

ді. Қонақ болудың, қонақасына барудың жоралғыларын ұғын ды ра ды. 

Жиын-тойда, түрлі қонақасы мен отырыстарда қариялар мен бі лім ді, 

өнерлі  кісілерге  төрден  орын  берілетіндігі;  одан  кейін  жасы,  жолы 

бойынша отыратыны; үйге кіргенде ең алдымен үлкен кісілер бұ рын 

кіретіні, алайда «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал ба-



89

89

рып сəлем беріпті» деген халық даналылығын берік ұстанып, олар ға 



жоғары  жақтан  лайықты  орын  берілетіндігі;  өнерлі,  білімді  жастар-

ды қариялардың өз қастарына алып отыратын дағдысы жан-жақ ты лы 

түсіндіріледі.

Бұл тəрбие ұрпақтарды береке-бірлікке, достыққа, адамды сый лау-

ға, татулыққа жетелейді.

БЕТКЕ САЛЫҚ, СҮЙЕККЕ ТАҢБА

ТҮСІРМЕУГЕ БАУЛУ

Б

ілікті  ата-аналар  ұл-қыздарына  адамгершілікке  жат  өте  ұят-



ты,  жиренішті  жаман  қылықтар  мен  елдің  жағасын  ұстатып,  жанын 

түршіктіретін  пасық  іс-қимылдардан  аулақ  болуды  ерекше  ес кер тіп 

отырады. Мысалы, өз жақындарымен үйлену, олармен жыныстық қа-

ты нас жасау, ата-аналарына тіл, қол тигізу, адам өлтіру, өрт қою, 

у шашу, ұрлық істеу, пара алып, пара беру, Отанын, елін, жерін сату, 

кү йеу ге  қашып  кету,  суық  жүріске  салыну,  елдің  берекесін  кетіру, 

ұят ты, пасық қылықтарға бару – міне, бұлар қазақ ұғымында бетке 

са лық, сүйекке таңба боларлық анайы, жиренішті күнə есеп те ле тін-

ді гін егжей-тегжейлі ұғындырады.

Адамның  адамгершілігі  бетінің  көркі  мен  шен-шекпен,  атақ-даң-

қын да  емес,  ар-ұяты  мен  əдеп-ибасында  деп  қарап,  ұрпақтарына  кі-

сі лік  қасиеті  жоқ  əдепсіз,  ұятсыз  адамдар  мен  ел  ішіне  лаң  салған, 

береке-бірлікті бүлдірген адамдардан қатты сақ болып, ондай жаман 

адам дар ға жоламау жөнінде мұқият тəрбие жүргізеді. Тіпті, ел-жұрт 

ішін де гі өздері көрген, білген жаман, бұзақы адамдардың жасаған қы-

лық та рын балаларына құлаққағыс етіп отырады.

Бұл  тəрбие  ұрпақтарды  жаманнан  жиреніп,  жақсыдан  үйренуге; 

адам гер ші лікті ардақтап, əдепті, моральді, өнерлі, білімді адамдарды 

құрметтеп, олардан үлгі-өнеге алуға жетелейді. Барлық жерде адам-

гер ші лік  пен  ар-ұятты  жоғары  қойып,  жақсы  мен  жаман,  ізгілік пен 

жа уыз дық  туралы  айқын  көзқарас  қалыптастырады.  Міне,  осындай 

тəр бие  алған  ұрпақтар,  ақын-жыраулар,  шешендер  ұлы  дүбір  той-

жиындарда  ел  ішіндегі  қыңыр  қылықтар  мен  ел  билігін  ұстап  оты-


90

90

рып  əділеттен  аттаған,  қара  басы  мен  айналасындағы  ат  тө  бе лін дей 



жан дай шаптарының  мүддесін  күйттегендердің  қылығын  көп  ішін-

де  қаймықпай  беттеріне  басып,  иненің  жасуындай  жамандықтың  да 

көз ден  таса  қалуына  жол  қоймаған.  «Жақсымен  жолдас  болсаң,  тө-

мен де гі ба сың ды төрге шығарады, жаманмен жолдас болсаң, жаман 

атың ды елге шығарады» деп, үнемі білімді, үлгі-тағылымды, кісілігі 

жо ға ры  жақсы  адамдармен  қарым-қатынас  жасап,  саналы  қоғам  құ-

рып, өркениетті орта жаратуға күш салған.

ҒЫЛЫМ, МƏДЕНИЕТІ

Ө

з  тегінде  қазақ  халқының  ғылым,  мəдениет  деңгейі  мен  өнер 



өрісі де өте жоғары болған. 

Химия, физика ғылымы

Қ

азақ халқының ата-бабалары бұдан 7–8 мың жыл бұрын қола, 



алтын,  күміс,  мырыш,  темір,  қалайы,  қорғасын,  күкірт,  сынап,  т.б. 

элементтерді тап қан, сондай-ақ, кейбір элементтерді араластырып бу-

лап, алуан түр лі бұйымдар жасаған. Қару-жарақ, сауыт-сайман жəне 

құралдар  жасап  пайдаланған.  Оған  олардың  ертеде  жасаған  əртүрлі 

зат тық  бұйымдары  мен  жоғарыдағы  элементтер  атының  химиялық 

элементтер кестесінде сақталып отырғандығы жəне тарихи жазба де-

ректерден белгілі. Сақтардан қалған мыс кені, Орхон-Енисей құл пы-

тас та ры, Күнес, Моңғұлкүре, Үрімжі, т.б. жерлерден табылған алтын

кү міс, мыс, қола, т.б. мұралар куə.

Астрономия

Қ

азақ  халқының  ертеде  астрономия  ғылымынан  да  мол  сауа-



ты болған. Мұнда, тұтас аспан əлемі мен жер жүзін, ай, күн, жұл дыз, 

өзен-көл, өсімдік жəне жан-жануарларды түгел барлап, бақылап, түр лі 

жаратылыстық апаттардың алдын алып, мал-жандарын қорғап отыр-

ған. Сондай-ақ, ай, күн, жұлдыз аттарын ғылыми жүйеге келтіріп, күн-



91

91

тіз бе жасап, оны ежелден пайдаланып келген. Тіпті, күннің қай күні 



жауып, қай күні ашылатынын, жаз бен қыстың қалай өтетінін бес сау-

сақ та рын дай қанық біліп отыратын, мал мен жанды жұтқа, апат қа бер-

мей тін астрономдары (есепшілері) болған.

Экология ғылымы

Қ

азақ  халқы  қоршаған  ортаны  (экологияны)  қорғауды  сонау 



ықылым  замандардан-ақ  жетік  меңгеріп,  табиғат  дүниесіндегі  жан-

жануарлар  мен  өсімдіктердің,  жер  мен  көктің,  топырақ  пен  су дың 

бір-бірімен тығыз байланыста болатыныдығын, егер, осылардың əлде 

біреуі бүлінсе, бүкіл экологиялық ортаға орны толмас зиян ке ле ті нін 

өте жақсы білген. Экологиялық ортаны қорғауды ерте заманнан жал-

пы халықтық тұрмыс салттарының маңызды бір бөлегіне айналдырып 

жіберген. Мысалы, құстардың ұясын бұзбау, жұмыртқаларын шақ пау, 

балапандарын өлтірмеу, аң-құсты албаты қырғындамау, əсі ре се, жал-

ғыз ағашты кеспеу, жалғыз аңды атпау, өзен-көлдерге дəрет сындыр-

мау, көң-қоқыр төкпеу, жерді бүлдірмеу, шөпті жұлмау, баспау, бұлақ 

көздерін  ашу,  бір  тал  ағаш  кессе,  орнына  он  тал  ағаш  егу,  түн де  от 

шығармау, далаға күл төкпеу секілді толып жатқан ырым-ты йым да ры 

мен «көшпенділер мəдениетін» дамытуы, сондай-ақ, көктеу, жайлау, 

күзеу, қыстау деп төрт маусым қоныс жөткеп, жердің тұяқ кесті болып 

бүлінуінің алдын алып отыруы – теңдессіз ғылыми құн ды лық. Міне, 

осы арқылы қазақ халқы Жер-ана мен табиғаттың тепе-тең ді гін сақ-

тап,  өсімдіктер  мен  жан-жануарлардың  өсіп-жетілуіне  мүм кін дік тер 

жасап отырған.



Су құрылысы жəне 

егін-мал шаруашылығы

Қ

азақ халқы ерте заманда-ақ су құрылысын игеріп, мал ша руа-



шы лы ғы  мен  диқаншылық  кəсіпті  тең  меңгерген.  Онда  мың ғыр тып 

мал өсіріп, егін салып, арық қазып бау-бақша отырғызып, же міс-жидек 

жинаған. Деректерге қарағанда, үйсін, найман, қыпшақтар ал уан түр-


92

92

лі  егіс  дақылдарын  егіп,  бау-бақша  өсіруге  шебер  болған.  Тарихи 



материалдар  мен  археологиялық  қазбалардың  айғақтауынша:  қазақ 

елінің арғы тегі қала мəдениеті мен дала мəдениетін тең меңгеріп, су 

құрылысы мен ди қан шы лық қа жəне мал өсіруге өте шебер болған.

Медицина ғылымы

Қ

азақ халқы сан ғасырлық өмір тəжірибесі арқылы түрлі ауру-



ларды емдеп жəне оның алдын алудың не керемет əдістерін тап қан. 

Мысалы, жеті атаға толмай некеленбеу, ішімдік-шегімдікті шектеу, 

«арам» деп кейбір ауру жұқтыру қаупі бар аң-құстарды, белгісіз се-

бептен өлген малдарды жегізбеу, жұқпалы аурулар байқалған жер-

лер ді шектеу (карантиндеу) шараларын қолдану, түзге барып келген 

соң  жəне  тамақтанар  алдында  міндетті  түрде  қол  жуып,  тазалыққа 

мəн  беру,  тамақты  əбден  пісіріп  жеу,  көгерген,  бұзылған  тағамдар 

мен лас нəр се лер ді жемеу сияқты ырым-тыйымдар – мұның айқын 

дəлелі. 

Қазақ халқы барлық ауру-сырқау экологиялық ортада болатын өз-

ге ріс тер ге, яғни, су, топырақ, ауа, күн секілді төрт зат пен азық  та  ну ға, 

тазалық,  қимыл-əрекет,  өзін-өзі  күтіп-асырауға  байланысты  болады 

деп қараған жəне ауруларды ішкі, сыртқы, ыстық, жел деп бөліп, əр -

бір аурудың сипатына қарай ем-дом қолданған. Ертеде қазақ емшілері 

əр  адамның  ауру  сипатын  тамырын  ұстау,  сипап  көру,  басып  көру, 

тың дау, тілге, көзге, бет əлпетке, теріге, тырнаққа қарау, дəрет пен қа-

қы рық-түкірігін бақылап, демалысы, ұйқы, тəбеті, жүрек соғуы сияқ-

ты белгілеріне қарай отырып, соған сəйкес ауруларды дəрі-дəрмек пен 

емдеу, бұлаулау, ыстық жəне суық өткізу, лоңқа салу, шету, дəрі жағу, 

құяң үзу, уқалау, ұру, арасанға салу, түрлі дəрі-дəрмекпен жуын ды-

ру, теріге салу, жынға малу, күш-қуат беретін, қан толықтайтын азық-

түлікпен емдеу, сынған, тайған сүйектер мен буындарды салу, сын ған 

сүйекті таңу, кесу, ісік, ірің, жарақат сияқтыларды жару, тігу се  кіл  ді 

тəсілдермен  ауруларды  сауықтырып,  адам  денсаулығы  мен  өмі  рі  не 

арашашы болып отырған. Емдеу барысында олар дəрілік ретінде əр-

түр лі өсімдіктер мен жан-жануарлар, жəндік, т.б. заттарды пай да лан-



93

93

ған. Мысалы, түрлі өсімдік гүлдері, жапырағы, қабығы, же  мі  сі, са ба-



ғы, тамыры, шайыры, тұқымы, хайуанаттардың еті, өті, сүйегі, те рі сі, 

майы, шыбығы, мүйізі, құстардың дене мүшелері, саңғырығы, сондай-

ақ, мыс, күміс, сынап, күкірт, алмас, кепіреш, ашудас, тотияйын, т.б. 

зат тар дың барлығын да дəріге шебер пайдалана білген.



Құрылыс-сəулет өнері

Қ

азақ халқының құрылыс жəне зергерлік, тоқымашылық, ағаш-



ты ойып жасау, теміршілік, нақыш өнері де өз заманында ай тар лық-

тай өркендеген. Əлемге əйгілі Отырар, Тараз, Түркістан сияқты ежел гі 

қалалар салған. Кілем, алаша, шекпен, мата тоқып, алтын-күміс, т.б. 

материалдардан əр алуан бұйымдар мен сауыт-сайман, күйме, үл кен 

доң ға лақты арбалар жасап, сəнді сарайлар мен күмбез-кесенелер тұр-

ғыз ған.


Жазу-сызу, сурет, мүсіндеу өнері

Қ

азақ  халқының  жазу-сызу,  сурет,  мүсіндеу  өнері  де  өз  за ма-



ны ның  алдыңғы  қатарынан  көрінген.  Оған  қазіргі  заман  ғылыми-

зерттеулер  нəтижесінде  табылып  жатқан  ата-бабаларымыздың  тасқа 

ойып жазған жазулары мен суреттері, əртүрлі құймалары, алтын-кү-

міс, қыш, тас мүсіндері айқын дəлел болады.



Əдебиет, көркемөнер

Қ

азақ  халқының  əдебиеті,  көркемөнері,  əсіресе,  ауыз  əдебие-



ті  ерекше  дамыған.  Жалпы,  қазақ  халқын  ақын  халық,  əнші  халық, 

күй ші  халық  деп  айтуға  болады.  Түйеге  мінген  қазақтың  төрт  ауыз 

өлең біл мей тіні кемде-кем. Қазақ халқының баға жетпес классикалық 

дастан-толғаулар мен термелері, мыңдаған күйлері мен əндері, 50-ден 

ар тық  ұлттық  музыка  аспабы  бар.  Қазақ  халқының  өмірінде  атақ ты 

ақын-серілер, жыршылар мен əншілердің орны бір төбе.



94

94

Дене тəрбие – спорт өнері

Қ

азақ халқы «шыныққан шымыр болады» деп, дене шы нық ты-



рып, спорттың сан алуан түрімен сонау ықылым замандарда-ақ айна-

лысып, денелерін шынықтырып, шыңдап отырған. Мысалы, көк пар, 

күрес,  аударыспақ,  жарыс,  қыз  қуу  ойындары  арқылы  ат  міну  өне -

рі не  жетіліп,  күш-қуаттарын  арттырса,  дойбы,  тоғыз  құмалақ,  жұм-

бақ,  жа ңылт паш тар  арқылы  зейін-зерделерін  ашып,  ақыл-ойларын 

же тіл дір ген. Жасырынбақ, соқыртеке ойындары арқылы қы ра ғы лық-

қа,  сезгірлікке,  сергектікке  дағдыланған.  Суға  жүзу,  шалысу,  алысу, 

сайысу арқылы ерлік жігерлерін шыңдап, батырлық пен батылдыққа 

жат тық қан. Теңге ату, мысқал ілу арқылы ептілік пен мергендікке дағ-

ды лан ған. Ақсүйек, алтыбақан ойындары рухани жан дүниелерін ба-

йы тып отырған.

Саятшылық, аңшылық кəсібі

Қ

азақ халқы аңшылық, саятшылық кəсіпті көңіл ашып, жі гер-



күшті  тасытудың  тамаша  тəсілі  ретінде  қарап,  аңды  садақ,  мыл тық, 

қақпан,  бүркіт,  тазы,  қаршыға,  т.б.  құстармен  аулаған.  Алайда,  аң-

құсты ерекше аялап, қорғаған. Тіпті, жалғыз аң-құстар мен ерекше бө-

ген айы (мəртебесі) бар жануарларды атуға, өлтіруге қатаң тыйым са-

лып, тұ қы мы аз жануарлардың жер бетінен құрып-жоғалып кетпеуін 

қа да ға лап отырған.



Философиялық ой толғамдар

Қ

азақ  халқының  философиялық  ой  толғамдары  ерекше  да мы-



ған.  Күллі  əлем  мен  өсімдік,  ауа,  жан-жануарлардың,  т.б.  адамзат-

пен  болған  қарым-қатынасын  ғылыми  қорытындылап  отырған.  Тіп-

ті,  күнделік  тұрмыс  тіршілігінен  тартып,  аңыз-ертегі,  мақал-мəтел, 

дастан-жырларының  бəр-бəрі  философиялық  ой-толғамдарға  толы 

бол ған əрі оларда дүниенің қайнары – материя екендігі өте айқын кө-

рі ніс берген. Мысалы, байлықтың анасы – жер, атасы – еңбек. Қазанда 



95

95

не болса, шөмішке сол ілінеді. Жер – ана, орман – ата, су – қан, ауа – 



жан, күн – шырақ, т.б. 

Жоғарыдағылардан тыс, қазақ халқы заттардың мəңгі қоз ға лыс та 

болатынын, аздан – көпке, саннан сапаға өтетінін, таным атаулы тү гел 

тəжірибеден келетіндігін сонау ықылым замандарда-ақ жақсы біл ген. 

Мысалы, ащы мен тəттіні татқан біледі, алыс пен жақынды жорт қан 

біледі.  Мың  естігеннен  бір  көрген  артық.  Көре-көре  көсем  болады. 

Сөй лей-сөйлей  шешен  болады,  өтпейтін  өмір,  тозбайтын  темір  жоқ, 

жер қозғалса жеміс те қозғалады, күн қозғалса гүл де қозғалады. Елу 

жылда ел жаңа, жүз жылда қазан жаңа, т.б. деген нақыл сөздер – со-

ның дəлелі.

Қазақ халқы заттардың өзара қарым-қатынаста болатындығын, еш-

қан дай зат жеке дара өмір сүре алмайтындығын жақсы білген. Мыса-

лы, судан шықса балық өледі, елден шықса жалғыз өледі. Ағаш кес сең 

шот керек, арба айдасаң еп керек. Жаңбырмен жер көгереді, батамен 

(ал ғыс) ер көгереді; оқу – ғылым бұлағы, білім – өмір шырағы. Ел ара-

ла ған сыншы болады, тоғай аралаған үйші болады. Күн болмаса гүл 

өс пей ді, су болмаса күріш өспейді, т.б. 

Қазақ  философиясы  мен  ой  толғамдарында  адамгершілік  пен  ар-

ұят басты орын алады. Мысалы, ұят кімде болса, кісілік сонда, ұят сыз 

адамнан үрген ит артық, ақ пейілдің аты арып, тоны тозбайды. Кі сі-

лі гі жоқтың кісесін сұрама. Жаны ашымастың қасында басың ауыр-

масын. Ұятсыз жаннан ит те ұялады. Əдепті бала – арлы бала, əдеп сіз 

бала – сорлы бала деп, адамгершілікті ардақтап, ар-ұяттан аттамауды 

дəріптейді. 

Қазақ философиясы мен ой толғамдарынан ұлт, ұлыс, халық, азат-

тық,  бостандық,  заман,  қоғам,  адам  жайлы  істер  де  қағыс  қалмаған. 

Мысалы, қайырсыз халықтың қайыршысы көп, қайырымды елде қа-

йыр шы  жоқ.  Басқалардың  көзін  біз  аштық  дейтін  ел  –  нағыз  көр со-

қыр, басқаларды мəдениетсіз деп қарайтын халық барып тұрған – то-

ғы шар.  Адамгершілікті  арқау  еткен  ұлттың  соңғы  жүгінері  –  əділет 

пен  ақиқат,  билікті  арқау  еткен  ұлттың  соңғы  жүгінері  –  сайқалдық 

пен жауыздық. Заң арқылы басқарылған халық бақытты болады, жал-

ғыз адам билеген ел сорламай қалмайды деп тұжырымдаса; ал, заман, 


96

96

қо ғам жайлы, ақынға құштар заман – гүл заман, батырға құштар за-



ман – зар заман, мансап пен байлыққа құштар заман – қу заман деп 

тү йін дей ді. Бұлардан тыс, азаттық пен бостандық жайлы, кісі елін де 

сұл тан бол ған ша, өз еліңде ұлтан бол. Отан оттан да ыстық. Опа сыз ға 

Отанда орын жоқ. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл, отар ха лық тың 

ұл-қызы отбасынан озбайды, бостандықтан артық – бақыт, бо дан дық-

тан артық қор лық жоқ, т.б. 

Қорытып айтқанда, қазақ философиясы мен ой толғамдарында эко-

логия,  тау-кен  ғылымы,  химия,  астрономия,  медицина,  ғылым-өнер 

түгел қамтылған.

АУА РАЙЫН БАҚЫЛАУ (ЕСЕПШІЛІК)

Қ

азақ  халқында  ертеде  ауа  райын  алдын  ала  бақылап,  мал-



жанын  түрлі  апаттарға  бермейтін  астроном-есепшілері  де  өте  көп 

бол ған. Сондай адамдарды əр ауыл, тайпа адамдары ауық-ауық іздеп 

барып,  одан  сол  жылғы  табиғатта  қандай  өзгерістер  болып,  жауын-

шашын, ыстық-суықтың қай деңгейде болатындығын сұрап ұғып, со-

ған  сəй кес  мал-жандарының  қам-қарекетін  ерте  бастан  жасап,  түрлі 

апаттардан сақтанып отырған.

Қазақ  ауа  райын  болжаушылары  ауа  райын  бақылап,  күн  есеп-

теу дің  дəстүрлі  əдістерін  құпия  ұстап,  оны  атадан  балаға  мұра  етіп 

қалдырып отырған. Тіпті, олар аспан денелері мен табиғат құ бы лыс та-

рын бақылап, естелікке алып отырумен бірге, өз кезегінде мал-жан ға 

қо лай лы жаңа өріс, ел-жұртқа жайлы құтты қоныс таңдауда да ше шу-

ші рөл атқарып келген.

Ертедегі ауа райын бақылаушылардың жандарынан тастамай алып 

жү ре тін ерекше кісесі болған. Ал, оның ішінде əр күн, əр айдың та-

би ғат  өзгерістерін  жазып  отыратын  бір  беті  ақ,  бір  беті  қара  кезде-

меден  жасалған  бір  дорба,  оның  ақ  кездеме  жағында  қаз-қатар  етіп 

он-он отаудан тігілген 180 кішкене қалта болады. Оларға тігінен қа-

ра ған да 9 отауы бір-біріне жақын, оныншы отауы олардан оқшаулау 

болады да, көлденеңінен қарағанда, əрбір 40 отаудың арасынан азы-

рақ  бос  орын  қалдырылған.  Ал,  дорбаның  қара  кездеме  жағында  да 



97

97

дəл ақ кездеме жағындағымен ұқсас 180 кішкене қалтасы болады да, 



ақ кездеме жағындағы қалталарға жазылған естеліктер көктем, жаз ай-

ларын, қара кездеме жағындағы қалталарға жазылған естеліктер күз, 

қыс айларын көрсетеді. Одан тыс, жоғарыдағы дорбада 5–6 отау бір 

бөлек  орналасқан  болады  да,  ол  үлкен  жыл  есебіне  кіргізбей  жеке-

дара есептейтін 5–6 күнді меңзейді, яғни, 360 күнге кірмейтін то ғыс 

күндерді көрсетеді.




1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал