Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс


СҰЛУЛЫҚ ЖƏНЕ КЕСКІН-КЕЛБЕТ ТƏРБИЕСІ



Pdf көрінісі
бет20/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50

СҰЛУЛЫҚ ЖƏНЕ КЕСКІН-КЕЛБЕТ ТƏРБИЕСІ

Қ

азақ халқы «сұлуды кімнің сүйгісі келмейді, жібекті кім нің ки-



гі сі келмейді» деп, сұлулықты, кескін-келбеттің əдемілігі мен кө рік ті-

лі гін төтенше ұнатады. Алайда, «тəні сұлу – нағыз сұлу емес, тəн сұ -

лу  лы   ғы мен жан сұлулығы бірдей адам ғана нағыз сұлу», «жылуы жоқ 

бойының,  жылмиғаны  неткені»  (Абай)  деп,  тəн  сұлулығына,  кескін-

кел бет тің əдемілігіне, яғни, сыртқы көркіне сай адамгершілігі, ақыл-

білімі мол болғанда ғана нағыз жан сүйінер сұлу есептелетіндігін ұр-

пақ та ры на мұқият, жан-жақты ұғындырып отырған.

Кескін-келбет,  сұлулық  тəрбиесінде  қазақ  халқы  «жасанды  мі нез 

жақсылыққа бастамайды» деп, жасандылықты, яғни, шектен тыс жа-

санып-сылануды да қатты жек көрген. «Жақсы болғың келсе тыс-сыр -



219

219


тың ды  түземе,  сырыңды  түзе»  деп,  сыртын  бояп  жылтыратқанмен, 

ішін де білім, бойында адамгершілік қасиет жоқ, сыр-сипаты саяз адам-

дарды ел қатарына қоспай, «сұлулық – беттің қызылдығы мен киім-

нің  ұзындығында  емес,  əдеп-иба  мен  ар-ұяттың  бар-жоғында»  деп, 

адамгершілігі жоқ, білімі саяз, көрген-білгені аз, көргенсіз, тəр бие сіз 

жандар жасанып, қанша боянғанмен, оларды сұлу емес, қай та сүй кім-

сіз ге санап, тəрбиелі, көргенді, ақыл-білімі мол, адам гер ші лі гі жо ға-

ры адамдарды киімі жұпыны, кескін-келбеті қо раш болса да, оларды 

сұлуға балап, қадірлеп, құрметтеп отырған. Сондай-ақ, «өнерлі бала 

– əдемі» деп, ұрпақтарын қажырлы-қарапайым болып, кескін-келбетін 

киім жəне бояумен емес, қайта өнер-білім, əдеп-иба, адамгершілік ар-

қылы нұрландырып отыру жолына тəрбиелеген. 

Бұл тəрбие əйелдер мен қыздарды əдепті-ибалы болуға, өнер-бі лім 

үйреніп,  үлгі-тағылым  алуға  баулиды.  Білімсіздіктен,  əдеп сіз дік тен, 

саяздықтан өз бойларын аулақ ұстауға дағдыландырып, адам гер ші лік-

ке, еңбексүйгіштікке жетелейді. Ел-жұрттың сүйіспеншілігіне бө леп, 

адамдар арасындағы қарым-қатынасын жақсартуға баулиды.

ҚЫЗДАРҒА ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТЫЙЫМ

Қ

азақ халқының ұрпақ тəрбиесінің, яғни, отбасы тəлімінің түрі 



мол,  мазмұны  бай,  əдіс-тəсілі  сан  алуан  болатындықтан,  ұрпақ  тəр-

бие леу де тəрбиеленушілердің жасы, жынысы жəне тəрбие қабылдау 

мүм кін ді гі  сияқтылар  жан-жақты  ескеріле  отырып,  ұрпақтарына  əр-

түр лі  тəр бие  түрлері  мен  тəсілдерін  қолданған.  Сондай  тə сіл дер дің 

бірі – «қызға қырық үйден тыйым» деп аталатын тəр бие. Бұл тəр бие де 

ес біліп, етек жиған əрбір қыз өзі барған үйде мынадай қырық іс тен 

тыйылу керек немесе барған үйлері тыю керек деп қараған.

1. Жалғыз қыдыруға тыйым.

2. Жарыса сөйлеуге тыйым.

3. Талтайып отыруға тыйым.

4. Шалқайып жатуға тыйым.

5. Жыртаңдап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге тыйым.

6. Орынсыз іске ұрынуға тыйым.


220

220


7. Өтірік-өсекке тыйым.

8. Ашық-шашық жүруге тыйым.

9. Өзгелерге тіл жəне қол тигізуге тыйым.

10. Кісіге қарап керілуге, есінеуге тыйым.

11. Тамақты обырлана асауға тыйым.

12. Ұрлық-қарлыққа тыйым.

13. Суық жүріс, сумақы қылыққа тыйым.

14. Бұраңдауға, қылымсуға тыйым.

15. Қызыл іңірде жатып, түске дейін ұйықтауға тыйым.

16. Жалқаулыққа, ластыққа тыйым.

17. Кісі алдында қасынуға, киім ауыстыруға тыйым.

18. Салт-дəстүрден аттауға тыйым.

19. Бейəдеп сөз бен янаттан тыйым.

20. Үлкендердің жолын кесуге, атын атауға тыйым.

21. Ішімдік-шегімдікке тыйым.

22. Ұрыс-керіске тыйым.

23. Беттен алып, төске шабуға тыйым.

24. Қараулыққа, сараңдыққа тыйым.

25. Рақымсыздыққа, қатігездікке тыйым.

26. Түнде суға жалғыз баруға тыйым.

27. Бөгде жыныстылармен араласып жатуға тыйым.

28. Күйеуге қашып тиюге тыйым.

29. Тарс-тұрс жүріс, қарқ-қарқ күлкіге тыйым.

30. Ерді қорлауға, зорлауға тыйым.

31. Адамды жəне жан-жануарларды тебуге тыйым.

32. Бүйірін, жағын таянуға тыйым.

33. Тəкаппарлыққа, сайқы-мазаққа тыйым.

34. Айқай-сүреңге тыйым.

35. Шектен тыс жасанып, сылануға тыйым.

36. Қызғаншақтыққа, күншілдікке тыйым.

37. Менмендік пен өзімшілдікке тыйым.

38. Алдап-арбауға тыйым.

39. Көрсеқызарлыққа, нəпсіқұмарлыққа тыйым.

40. Обырлық пен тойымсыздыққа тыйым.


221

221


Бұл тəрбиенің ғылыми мəні мен тəлім-тəрбиелік рөлі өте жо ға ры. 

Ол  қыздарды  адамгершілікке,  ізгілікке,  əдептілікке,  ар-ұят ты лық қа, 

нысаптылыққа,  мəдениеттілікке,  тəртіптілікке,  еңбекшілдікке,  сұ лу-

лық қа, сымбаттылыққа баулиды. Сонда ғана жұрттың сый-құр ме ті не 

бө леп, адамдармен болған қарым-қатынасы жақсарып, өмірі сый лас-

тық пен, сырластықпен өтеді. Əртүрлі жаман əдеттер мен жат қы лық-

тар дан аулақ болады деп қарайды.

МАХАББАТ, СҮЙІСПЕНШІЛІК ТƏРБИЕСІ

М

ахаббат  пен  сүйіспеншілікті  адам  бойындағы  ең  асыл  қа-



сиет тер дің  бірі  деп  білген  қазақ  халқы  «махаббатсыз  өмір  –  сөнген 

кө мір»,  «махаббат  пен  сүйіспеншілікке  құрылған  өмір  мəн-ма ғы на-

сын  мəң гі  жоғалтпайды»,  «имансыз  махаббат  масқаралықпен  аяқ та-

ла ды»,  «махаббатты  білмеген  адам  адамгершілікті  де  білмейді»  деп 

қа рап, ұрпақтарын дұрыс махаббат көзқарасын орнатуға, бір ме  зет  тік 

анайы сезімге бой ұрып, адамгершіліктен аттамауға баулып отырады. 

Сондай-ақ, мейлі Отанға, мейлі ел мен жерге, мейлі жарға деген ма-

хаббат пен сүйіспеншілік болсын, барлығында адамгершілік пен мұ-

рат басты өлшем болатындығы егжей-тегжейлі түсіндіріледі.

Қазақ  халқының  махаббат  жəне  сүйіспеншілік  дəстүрінде  адам-

дық  құқық  пен  еріктілік  ұстанымы  ерекше  құрметтеледі.  Əр кім нің 

өз сүй ген, көңілі қалаған кісімен некелену құқығына құрмет етеді əрі 

екі жақ тың махаббат пен сүйіспеншіліктерінің шын-өтірігін дə лел деу 

үшін  көп  алдында  олардың  əрбірінен  жеке-жеке:  «сіз  пəленнің  ұлы, 

пə лен бай ға тиюге ризамысыз?», «сіз пəленнің қызы, пəленшені өзі ңіз-

ге жар етіп алуға ризасыз ба?» деп сұрап, əрі екеуінің ризалығына тең 

көз жеткізген соң барып, некелерін қиып, заңды түрде қо сы лу ла ры на 

жол береді. Егер олардың біреуі куəгерлер алдында: «риза емес пін» 

десе, онда олардың ерлі-зайыпты болу рəсімі іске аспайды. Еш қа шан-

да ризалық бермеген адамдарды зорлап некелемейді. Қазақ салтында 

зорлап некелеу кешірілмес күнə, ауыр қылмыс саналады. Сон дық  тан 

махаббат пен сүйіспеншілік ісін желеу етіп адамдарды зорлап неке-

леу, некесіз жыныстық қатынас жасау барып тұрған бұзықтық, шектен 


222

222


асқан қылмыс деп қаралады. Сонымен бір ге «теңін тапса – тегін бер», 

«екі  ғашықты  қосқан  май  жейді,  екі  басты  ажыратқанды  не  дейді?» 

деп, бір-бірін шын сүйгендердің басын қосып үйлендіріп қою адам-

дық  парыз  деп  қаралса,  ал  басқалардың  махаббат  пен  сүйіспен ші лі-

гі не суық су сеуіп, неке ісін бүлдіру, араздастырып, ажырату барып 

тұрған  бұзықтық  саналатындығын  ұр пақ та ры на  жан-жақты  мұқият 

ұғындырып отырады.

Қазақ  салтында  ата-аналарының  ризалығы  мен  ақ  батасын  алмай 

тұрып күйеуге еріп қашып кету перзенттік борыштарын адал дық пен 

атқармаған бұзық, азғын ұрпақ деп қаралып, ондай жастарға ел-жұрт 

қарғыс жаудырады.

Қалыптасқан  салт  бойынша,  ұл  мен  қыз  жар  таңдау  ісінде  өзі 

сүйген  адамдарының  аты-жөні,  руы,  қоныстанған  жері,  əл-ауқаты, 

кі сі лі гі  сияқтылар  туралы  аға-жеңгелері  арқылы  мəлімет  беріп,  ата-

ана сы ның алдынан өту перзенттік парыз саналған. Сонымен бірге, ұл-

қыз да рын өз сүйгендерімен үйлендіріп қою да ата-ананың бас тартуға 

болмайтын  қарыз-парыздарының  бірі  есептелген.  Өз  перзенттерін 

сүй ген  адамдарымен  үйлендірмеген,  мал-дүние  үшін  біреуге  зорлап 

берген, зорлап алған, ұл-қыздарының бағын байлаған, перзенттері үш 

рет алдынан өтсе де келісім бермеген ата-аналар ұрпақтары алдында 

өтеу ге тиісті қарыз-парыздарын толық өтемеген қарыздар, пасық адам 

есеп те ле ді.

Махаббат жəне сүйіспеншілік тəрбиесінде, ұл-қыздары есейгенде 

оларды өз сүйгендерімен үйлендіріп қою ата-аналарға қандай парыз 

болса, жар сүю, некелену ісінде ата-аналарының ризалығы мен ақ ба-

таларын алу ұл мен қыздарға да сондай ауыр парыз екендігі тү сін ді-

рі ле ді. Сондай-ақ, махаббаттасқанның жөні осы екен деп ел кө зін ше 

бір-бірін аймалау, сүю жəне ата-анасының ризалығын алмай кү йеу ге 

қа шып кеткен қыз да, қызды алып қашқан жігіт те салт-дəстүрді бұз-

ған, адамгершіліктің ақ жолынан тайған көргенсіз, тəрбиесіз, тек сіз, 

бұ зық адам саналатындығын құлақтарына құйып, жүректеріне ұя ла-

тып отыруға ерекше күш салады.

Бұл  тəрбиенің  де  ұрпақтарға  берері  мол,  тəрбиелік  мəні  терең, 

ғы лы ми негізі күшті. Оларды саналы, мұратты, əдепті, ибалы, мə де-



223

223


ниет ті,  тəртіпті,  жақсы  азамат  болып  жетілуге  баулиды.  Тек сіз дік, 

көргенсіздік,  талғамсыздық,  əсіре  сезімге  бой  ұрушылық,  нəп сі құ-

мар лық, өлермендік сияқты жаман, жиіркенішті қылықтардан тектеп, 

махаббат-неке істеріне асқақ адамгершілік парасатпен қарауға дағ ды-

лан ды ра ды. Əртүрлі ауру-сырқаулар мен кінараттардан аулақ болып, 

сау денелі, сапалы ұрпақ көріп, ақаусыз өсіп жетіледі. Түрлі жұқ па лы 

аурулар  мен  тұқым  қуалау  сипатты  аурулардан  аулақ  болады.  Одан 

сырт, қазақ халқы махаббат пен сүйіспеншілік қаншалық құ пия болса, 

ол соншалық сырлы, баурау қуаты күшті болады, ке рі сін ше, ол қан-

ша лық ашық-шашық, еркін болса, солғұрлым тез суы ну ға, то ры ғу ға, 

тоқ ме йіл су ге, жалығуға ұрындырады деп қарайды.

ЖАР ТАҢДАП, ҚАЛЫҢДЫҚ ТАБУ

Т

əрбиелі  де  текті,  ақылды  да  аңғарымпаз  қазақ  жастары  жар 



таңдап, қалыңдық табу, яғни, махаббат-неке ісіне өскелең адам гер ші-

лік парасатпен қарап, болашақ отбасыларының бай-бақытты, өнер-бі-

лім,  үлгі-тағылым  ордасы  болуын  армандайды.  Сондықтан  да  қа зақ 

қыз-жігіттері  жар  таңдап,  қалыңдық  табуға  ерекше  мəн  беріп,  жар 

таң дау ісінде ерікті болады. Алайда, қыз да, жігіт те жарды жеті ата-

дан ары табуы шарт. Алыс-жақындықты, туыстықты қайырып қо йып, 

«мен оны сүйдім, күйдім» деп өз ауылындағы, өз руындағы адамдар-

мен некеленуге қатты тыйым салынған.

Қазақ  қыз-жігіттерінің  жар  таңдап,  қалыңдық  табуының  өзін дік 

жол-жосыны бар. Ешқашан «мен пəленді аламын, мен тү  ген ге тие мін» 

деп ата-анасының алдына шауып бармайды. Олай істеу қа зақ салтын-

да  əдепсіздік,  көргенсіздік,  тəрбиесіздік  саналады.  Сон дық тан  да, 

қыз-жігіттер жар таңдап, қалыңдық табуда өздері тіл табысып кө ңіл 

қос қан адамдарын аға-жеңгелері немесе дос-жарандары ар қы лы ата-

аналарына жеткізіп, құдаласу-құдаласпау ісін үлкендердің ри за лы ғы 

мен  мақұлдауына  қалдырады.  Ата-аналары  ба ла ла ры ның  ахуалынан 

хабар тапқан соң, туыс-туғандарымен ақылдасып, ке ңе сіп, бір бе кім ге 

келген соң барып құдаласуға кіріседі. 



224

224


Жар таңдап, қалыңдық табу ісінде қыз-жігіттер əдептен озбай, ар-

дан аттамай, сезімдерін ақылға жеңдіріп, бір-бірін əбден сынап, адам-

гер ші лі гі не, ақыл-парасаты мен білім деңгейіне əбден көз жет кіз бей 

тұрып  бір-біріне  əсте  сөз  бермеген.  Сондай-ақ,  қыздың  көркі  қан ша 

таңдандырса  да,  оған  мін,  сын  тағып,  оның  сыртқы  бітімі  мен  ішкі 

бі ті мі сай болмаса, оған ешқашан сөз салып, махаббат-неке талабын 

қоймаған.

Қазақ  халқы  адамдарға  баға  беруге,  сынауға  ерекше  шебер  ке ле-

ді. Əсіресе, қыздарды сынап, баға беруге төтенше мəн беріп, олар дың 

сыртқы келбеті мен жүріс-тұрыс, қимыл-қылығынан тартып, ішкі жан 

дүниесін,  яғни,  тəрбиелі-тəрбиесіздігі,  білімді-білімсіздігі,  ақыл ды-

ақылсыздығы,  іскерлік  пен  олақтығы,  еңбекшілдік  пен  жал қау лы ғы 

сияқтыларға  дейін  таразылап,  сынап,  тиісті  бағаларын  беріп  отыра-

ды. Мысалы, қыздардың кескін-келбетін сынауда мынадай ерек ше лі гі 

бар қыздардың сыртқы пішіні, яғни, кескін-келбеті толымды деп қа-

рал ған.  Сұңғақ  бойлы,  сыңғыр  дауысты,  қынама  белді,  кең  мы қын-

ды, алма мойын, ақша бет, ақ тамақ, аршын төс, сүмбіл шаш, сүй рік 

сау сақ,  қыр  мұрын,  қиғаш  қас,  қызыл  ерін,  маржан  тіс,  оймақ  ауыз, 

кү лім көз, жарқын мінез, жайдары күлкі, сергек қимыл, сетер жү ріс ті 

болу. Ал ішкі бітімі жағында ойы ұшқыр, білімі терең, қы ран дай сез-

гір, құландай ширақ, əдепті, ибалы, ұяң да қағілез, шешен де се зім тал, 

адам гер ші лі гі  асқақ,  жан  дүниесі  таза,  жүрегі  отты,  ақыл-па ра сат қа 

бай, ақыл-айласы мол болу керек деп қарап, одан ары қарай олар дың 

іс-қимыл, жүріс-тұрысына қарай баға береді.



ТУЫСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТƏРБИЕСІ

Қ

азақ  халқы  «отбасына  мейірлі,  туыс-туғандарына  жанашыр 



адам – ең ізгі ниетті адам», «жыласуға өз жақсы, сыйласуға жат жақ-

сы»  деп,  қиын-қыстау  кездерде  бір-біріне  сүйеу  болып,  қайғы-қа сі-

рет ті  бөлісіп  көтерісер,  қуанышыңа  ортақтасып,  мерейіңді  тасытар 

туыс тық ты өте жоғары бағалап, мал-дүние, атақ-даңқ үшін туыс бо-

лып, пайдасы, жақсылығы тимейтіндей болса, туыстықтан қашып, ат 

бойларын аулаққа салып, тіпті, туыстық қатынасын үзіп, туыс тық тан 



225

225


безген, торқалы той, топырақты өлімде бір жерден табылмаған туыс-

тарды адамгершіліктен шыққан арсыз, ұятсыз, бұзық деп қарайды.

Бұл  тəрбиеде  əр  отбасы  «туыстық  жақындық  отбасынан  бастала-

ды» деп, барлық жағдайда жақсылық жасап, қайыр-мейір ба ғыш тау-

ды өз отбасынан бастауды, одан асып жатса, жақын туыстарына, ел-

жұрт, ауыл-аймағына бағыштаудай алыс-беріс, барыс- келістің жөн-

жосығын  үйретеді.  Сондай-ақ,  ұрпақтарын  аға-бауыр,  əпке-қа рын-

дас, туыс-туғандарымен етене араласып, бір-біріне мейір-шапағатты, 

тату-тəтті  туыстық  қарым-қатынас  орнатып,  күллі  адам  баласын  өз 

туысындай  сүюді  қаршадайларынан  құлақтарына  құйып,  кө кі рек те-

рі не  ұялатуға  күш  салады.  Туыстар  арасында  ұрыс-керіс  тудырып, 

бір-біріне қол жəне тіл тигізіп, кек сақтап, туыстық байланысты үзу ді 

тасбауырлық,  пасықтық  деп  қараса,  туыстар  арасында  сенікі,  ме ні кі 

деп  есептескенді,  қиянатты,  обырлықты,  аңдысып,  ар бас қан ды,  жа-

қын туыстары қаралы, көңілі жаралы болып отырған кезде той жасап, 

сауық құрып мəре-сəре болуды ұятсыздық, көргенсіздік деп есептейді.

Қазақ халқы кісілік қарым-қатынаста атақ-даңқ пен шен-шекпенге 

емес, адамгершілік пен жол-жүйеге бой ұратындықтан, қо ғам дық қа-

рым-қатынаста, əсіресе, туыстар арасындағы қарым-қа ты нас та, ең ал-

дымен, ата-анаға, одан соң үлкендерге жол беріп, сый-құр мет көр се-

те ді. Алайда, «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал барып 

сə лем беріпті» деп, алыстан келген адамның жолы үлкен болады. 

Əдетте, жасы кіші адамдар, балалар ата-аналары мен ақ са қал да ры 

отырған ортада қанша білгір, данышпан, қандай мансапты, бай бол-

са  да  əдептен  озып,  сөзге  албаты  қыстырылмайды.  Тек  үл кен дер дің 

рұқ са ты мен тілегі бойынша ғана əңгімеге араласуына болады. «Ата 

тұ рып ұл сөйлегеннен, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без» деп, ата-ана 

мен ақсақалдар алдында білерменсіген, шен-шекпенін бұлдаған адам-

ды «тəрбиесіз, тексіз, көргенсіз» деп қатты жек көреді. Тіпті, ата-ана 

ті лін алмаған, білгенін істеген ұрпақты «азғын, бұзық» деп қараған.

Қазақ салтында əдетте, отбасын əке, одан кейін шеше бас қа ра ды. 

Ал  əке  өлсе,  отбасын  басқаруға  шеше  жауапты  болады.  Егер  əке-

шеше бірдей қайтыс болса, онда қалған бала-шағаға үлкен жа ғы нан 

бас-көз болу жауапкерлігі əкелерінің аға-інілері мен үлкен-кіші ше -



226

226


ше  ле  рі  не түседі де, нақты істер мен күнделікті отбасын басқару үл-

кен ұлға немесе үлкен қызға, олар болмаса, одан кейінгілерге жүк-

те ліп отырады. 

Қалыптасқан  дəстүр  бойынша,  ауылдағы  келелі  істер  ауыл  ақ са-

қал да ры  мен  билердің  жəне  үлкен  кісілердің  ақыл-кеңесі  мен  ри за-

лы ғы бойынша істеледі. Əркімнің өз білгенінше кетуіне жол қо йыл-

май ды. Ынтымақ пен береке-бірлікке зиянды істер қатаң шек те ле ді. 

Ешқашан ақсақалдардың, билердің, үлкендердің ақыл-кеңесін бұ зып, 

сөзін тойтарып, десін қайтармайды, яғни, ата-ана тілін алмаған, бі лік ті 

кісілердің сөзіне құлақ салмаған адамды «басбұзар, бұзық, ақыл сыз» 

деп,  ауыл-аймақ  болып  қатты  жек  көреді.  Сондықтан  да  əр  отбасы 

өз  перзенттеріне  қаршадайларынан  туыстық  қарым-қатынас  жолда-

рын егжей-тегжейлі ұғындырып, ата-балалық, үлкен-кішілік па рық ты 

білмейтін  əдепсіз,  тəртіпсіз,  көргенсіз  ұрпақ  атанудан  аулақ  бо лу ға 

баулып отырған.

АТА-ƏЖЕЛЕР МЕН БАЛА 

ЖƏНЕ НЕМЕРЕ-ШӨБЕРЕЛЕР 

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

Қ

азақ салтында ата болған кісілерге өз отбасында да, өзге жер-



лерде  де  «ақсақал»  деп,  төрдің  төбесінен  орын  береді.  Оның  алдын 

ке сіп  өтуге,  сөзін  бұзуға,  айтқанынан  бас  тартуға  болмайды.  Оның 

айт қа ны – бала-шағалары мен немере-шөберелеріне, тіпті, бү кіл ауыл  

үшін хатқа жазылмаған заң. Оны орындау – ұрпақтарға парыз. Се бе бі, 

аталар от басы мен ауылы, тіпті, бір тайпа елдің ұйтқысы, ақыл шы сы, 

батагөйі, сондықтан атаны құрметтеу, қадірлеу – оның балалары мен 

немере-шөберелеріне, сондай-ақ, бүкіл ауыл адамдарына мін дет. Тіп-

ті, ақсақалды қариялары бар елге келген қонақтар оларға сə лем бе ріп, 

баталарын алуды өздерінің азаматтық борыштары санаған. 

Əжелер – отбасы мен ауыл-аймағының, ел-жұртының бай-ба қыт-

ты,  тату-тəтті,  қам-қайғысыз  өтуін  тілейтін  тілеуқоры,  елінің  бү тін-

ді гін, халқының амандығын аңсайтын қормал анасы; ана тілі мен ха-

лық тық салт-дəстүрдің қаймағын бұзбай сақтап, ұлағатты ұл да ры мен 


227

227


көргенді  қыздарына  үлгі-өнеге  көрсететін  ұлттық  салт-дəс түр  мен 

өнегенің  асыл  қоймасы.  Əжелерге  ұлы  мен  келіні,  не ме ре ле рі  мен 

шөберелері, тіпті, бүкіл ауылдағы үлкен-кіші құрмет көр се тіп, айтқа-

нын екі етпей орындау шарт. Бұл да жазылмаған заң. Қа зақ салтын-

да, ата-анаға қарсы шығу Жаратушыға қарсы шыққанмен бір дей ауыр 

қылмыс есептеледі.



АТА-АНА МЕН БАЛАЛАР

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

Қ

азақ  халқы  ата-ана  ұрпақтың  жаратушысы,  жарық  дү  ние ге 



əке лу ші сі, сондай-ақ, перзенттердің жақсы-жаман болуының обал-са-

уабын көтеруші жауапкері деп қарайды. «Баласы бұзықтың ата-анасы 

түзік болмайды» деп есептейді. Сондықтан да əрбір ата-ананың пер-

зент те рін шыр етіп жерге түскеннен бастап жақсы бағып-қағып, сау 

де не лі, ізгі ниетті, адал, адамгершілікті етіп жақсы тəрбиелеп, жастай 

оқы тып, өнер-білім үйретіп, есейген соң, өз сүйгендерімен үй лен ді ріп 

қою – ата-аналық жəне адамдық парызы есептеледі.

Бала  –  ата-ананың  ізбасары,  адамзат  қоғамының  жал ғас ты ру шы-

сы.  Сондықтан,  бала  ата-ана  алдында  мəңгі  шəкірт,  мəңгі  қолғанат. 

Сол себепті, əрбір ұрпақтың ес біліп, етек жиғаннан бастап, ата-ана-

сы көз жұмғанша олардың айтқанын екі етпей орындап, тап сыр ға нын 

қалт жібермей атқарып, қартайғанда қабақ шытпай бағып-қа ғып, кү-

тіп ризалығын алу – бас тартуға болмайтын перзенттік борышы, яғни, 

ата-ана мен баланың байланысы – тəрбиелеу мен тəр бие ле ну дің, ба-

ғып-қағу мен бағылып-қағылудың, басқару мен бой сұ ну дың, бұ  йы ру 

мен атқарудың, айту мен орындаудың қатынасы. Сон дық тан, бала ата-

ананың барлық қызметіне əзір тұруы, айтқанын екі етпей орындауы, 

ата-анасы қартайғанда зекімей, ренжімей, қабақ шытпай бағып-қа ғу-

ға  жауапты  болуы  шарт.  Қазақ  ұғымында  ата-ананы  рен жі ту,  қа бақ 

шыту, тіл жəне қол тигізу, айтқанына көнбеу – бұзақылық, аз ғын дық, 

тіпті, кешірілмес ауыр қылмыс саналады.


228

228


АҒА-ІНІ, АПА-СІҢЛІЛЕР

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

А

ға-іні,  апа-сіңлілер  қарым-қатынасы  –  тонның  ішкі  бауындай 



ерекше тығыз, ащы-тұщыны тең татып, бір-бірінің жақ сы лы ғы на сү йі-

ніп, жамандығына күйінетін, тірісінде сыйласып, өлісінде жыласатын, 

кішілері  үлкендерін  қадірлеп,  құрметтеп,  ақырын-қатты  айт қан ның 

бə  рін  көтеретін,  үлкендері  кішілеріне  ақыл-кеңес  беріп,  бір  жең нен 

қол, бір жағадан бас шығарып, өзара алып-бермесе де, барып-келмесе 

де береке-бірлік жасап, мəңгі қол үзіспейтін қатынас.

Туыстық қарым-қатынас салтында аға мен əпке (апа) – өздерінен 

ке йін гі іні, сіңлілеріне ата-анадан кейінгі басшы əрі ұстаз. Қиналғанда, 

шаршап-шалдыққанда сүйеу болатын, қисайғанда басын сүйейтін бас 

қал қа. Ал, іні-қарындастар болса – аға-əпкелерінің ізбасарлары, қол-

ға нат та ры,  шаршап-шалдыққанда  қол  артар  сүйеніштері,  сондай-ақ, 

қуа ныш ты,  көңілді  сəттерде  құшақтап,  мойындарына  асылатын  ты-

ныс-тіректері.  «Ағасы  бардың  –  жағасы  бар,  інісі  бардың  –  тынысы 

бар» деп білген аға-əпке, іні-қарындастар бір-біріне тыныс, сүйеніш, 

ті рек болып, адамдық өмірді тату-тəтті, мəн-мағыналы өткізеді.

Қазақтың туыстық қарым-қатынас салтында бір үйдің үл ке ні (үл -

кен  баласы)  ата-анадан  кейінгі  ұйтқысы  саналады  да,  ол  ата-анасы 

бол ма ған жағдайда отбасына ие болып, барлық жұмысты бас қа ру ға 

жа уап ты  болады.  Іні-қарындастары  оған  шартсыз  бойсұнып,  ақыл-

кеңесі бойынша істейді. Үлкендерін сыйлап, айтқан сө зі нен шық пай-

ды. Аға-əп ке лер де іні-қарындастарына орынсыз қо жаң да май ды, қай-

та  оларды  аялап,  əлпештеп,  қолдарына  түскен  ең  жақсы,  ең  бағалы 

нəр  се  ле  рін сый лап, ағалық қамқорлық, жанашырлық көмек көр се тіп 

отыруды іні-қа рын дас та ры алдында өтеуге тиісті аға-əпкелік парыз-

дары санайды.

ЕРЛЕР МЕН ƏЙЕЛДЕР ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

Қ

азақ халқының кісілік қарым-қатынасында «əйелдер мен қыз-



дар ды  қорлау  –  өз  анасы  мен  əпке-қарындасын  қорлағанмен  бір дей 

229

229


күнə»  деп  қаралатындықтан,  ерлер  əйелдерді  «ардақты  ана»  деп  ая-

лап,  əлпештеп,  олармен  əдепті,  ибалы,  мəдениетті  қарым-қа ты нас 

жасап, қатты-қайырым істеріне қол ұшын беріп көмектесіп отыруды 

өз де рі нің азаматтық парыздары санайды. Əйелдер мен қыздарды қор-

ла  ған,  аяқ  асты  еткен,  жəбірлеген  еркектерді  арсыз,  ұятсыз,  хайуан 

деп есептейді.

Қазақ  ұғымында,  əйелдерге  жасалған  жақсылық  –  күллі  ана лар ға 

жа сал ған жақсылық, қыздарға көрсеткен құрмет – күллі əйелдер қа-

уы мы на көрсеткен құрмет деп, əйелдер мен қыздарын ерекше аялап, 

əлпештеп,  өздері  ішіп-жеп,  кимесе  де,  қыздарына  беріп,  қыз  да  рын 

киіндіріп, жасандырып, олардың қам-қайғысыз, шат-шадыман жү руі-

не  қолдарынан  келгенше  қамқорлық  жасап,  əйелдері  мен  қыз да ры-

ның көңілдеріне қаяу, жүректеріне жара салудан аулақ болады. Қол, 

тіл тигізбейді, себебі, əйелдер мен қыздар – ана, отбасы мен аға йын-

туыс,  ауыл-аймақтың  ұйтқысы,  ұрпақтардың  қамқоры,  ел-жұрт тың 

берекесі, сондай-ақ, əні мен сəні.

Ер-əйелдік қарым-қатынаста, əйелдер мен қыздар да «еркек – ата, 

отбасы мен ел-жұрттың қорғаны, бақыт-байлықтың ұйтқысы» деп қа-

рап, ерлерге ерекше құрмет көрсетеді. Еркектік қадір-қасиеті қа ша ды, 

күш-қуаты  төмендейді  деп,  ерлерге  қол,  тіл  тигізбейді,  қазан-аяқ қа 

араластырмайды, кір жудырып, киім тіктірмейді. Бетінен алып, ме сел-

де сін қайтармайды, қорламайды, сағын сындырмайды.

Қорытып айтқанда, қазақ халқының ерлері мен əйелдерінің қа рым-

қатынасы  –  сыйластық  пен  сырластық,  құрметтеушілік  пен  аяу шы-

лық, адалдық пен əдептілік қарым-қатынас. Ерлерді қорлаған, тіл, қол 

тигізген,  күйеуінің  көзіне  шөп  салған,  үйдегі  дүниені  тө гіп-шашып 

ысырап  қылған,  ағайын-туыс  арасына  ірткі  салған  əйел  де,  əйел дер 

мен қыздарды қорлаған, аяқ асты еткен, қол жəне тіл тигізген, жə бір-

ле ген,  суық  жүріске  салынған,  отбасы  мен  бала-шағасын  қа рау сыз 

тастап, тəрбиесіз жіберген еркек те азғындаған, бұзылған жек сұ рын, 

пасық адам есептеледі.


230

230



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет