АДАЛДЫҚ ЖƏНЕ АМАНАТ ТƏРБИЕСІ
Қ
азақтың ұлттық тəлім-тəрбиесінде адал-арлы болу, аманатқа
қия нат жасамау ең дұрыс, ең ізгі жол деп қаралып, əр отбасы өз ұр-
пақ та рын адал-арлы болуға, арамдық атаулыдан бойларын аулақ ұс-
тау ға, əрқандай жағдай астында да аманатқа қиянат жасамауға баулып
отырады, яғни, əрбір перзентке: адалдық адам бойындағы ең ар дақ ты,
бағалы қасиет екендігі, адал адамдардың қашанда беті жарық, бе де лі
жоғары болатындығы, ал айтқан сөзінде адалдық жоқ, өтірікші, адал
мен арамның, обал мен сауаптың парқын білмейтін, аманатқа қия нат
жасайтын пасық адамдардан ел-жұрт жиреніп, олардан ат бойларын
аулақ салатындығын егжей-тегжейлі түсіндіреді.
Қазақ халқының ұлттық ой-санасында аманат – ең қастерлі, ең
кие лі ұғым. Аманат жолы ең ауыр, жауапкерлігі күшті жол есеп те ле-
тін дік тен, жорыққа аттанатын, ұзақ сапар шегетін, көп уақыт алыста
жү ре тін адамдар үйіндегі бағалы мал-мүлкі мен отбасы мү ше ле рін
адам гершілігі күшті, ең сенімді, адал, арлы адамдарға: «Мынау сіз ге
аманат» деп, аманатқа қалдырады.
Аманатқа қиянат жасау – шектен асқан арсыздық, ең ауыр күнə
деп қарайтын қазақ халқы, біреудің аманатын алса, оған қандай ауыр
күн туса да қылдай қиянат жасамай, оны жанын, арын салып қорғап,
аман-есен бағып-қағып, иесі келгенде қаз қалпында табыс етуге ерек-
ше күш салады. Себебі, «аманат» əрбір адамның адамгершілігін, адал-
ды ғын, ерлігін, сенімділігін сынайды. Аманатқа қиянат жасау немесе
жо ғал ту, бүлдіру, шіріту, қараусыз тастау Тəңір алдында ке ші ріл мес
қылмыс өткізгенмен бірдей пасық қылық есептеледі. Ондай па сық
адамдар ел сенімінен, бет-беделінен айырылады. Сол себепті, аманат
тəр бие сін де адал болу, өз бойындағы жаман қылықтармен күресіп, ел
се ні мі мен жұрт тілегінен шығуға ерекше күш салу дəріптеледі.
Қазақ халқының адалдық пен аманат тəрбиесінде əр отбасы өз пер-
зент те рі не: «Адамның барлық мүшесі түгел аманат арқалаған» деп
түсіндіреді.
1. Көз аманаты адамдық ар-намыс пен салт-дəстүр жол берген
ұнам ды, игі нəрселерге ғана түсіп, игі нəрселерді ғана көріп, адам дық
198
198
ар-намыс пен қоғамдық моральға жат жаман нəрселерге көз сү зіп, кө-
ңіл аудармауды тілейді. Сұғанақ, қызғаншақ, тойымсыз, аш көз дік ті
тектейді.
2. Құлақ аманаты жақсы сөз, жағымды лебіздер мен өнер-бі лім,
үлгі-тағылым нəсихаттарын, əртүрлі пайдалы ақыл-кеңестер мен да-
на лық сұхбаттарын ғана тыңдап, жағымсыз жаман сөздер мен ел бір-
лі гін бұзып, адамдардың өштік-қастығын қозғайтын, адамдардың
өз ара сенімі мен достық сүйіспеншілігін суытатын суық сөз, су ма қы
өсек-аяңға мүлде түрілмеуді, яғни, естімеуді талап етеді. Кім кө рін-
ген нің аузын аңдитын сүйкімсіздіктен, арамзалықтан, тыңшы лық тан
тектейді.
3. Тіл аманаты тек жан жадыратар жақсы сөздер мен жарасым-
ды əзілдерді ғана сөйлеу, «күнім не болады? ұлым не болады?» деп
жалтаңдық көрсетпей, əрқашан шындық пен адал ақиқатты айту,
адам дар дың береке-бірлігі мен өзара сүйіспеншілігін бүлдіретін, суы-
та тын, өштік-қастығын қозғайтын, ұрыс-керіс тудыратын өсек-аяң
мен жалған мақтаннан аулақ болуды қалайды. Барша адам баласы-
на «Жақ сы сөз сөйлесе, ауыздан гүл төгілетінін, жаман сөз сөйлесе,
ауыз дан жын төгілетінін» ерекше ескертеді.
4. Қол аманаты қолдың тазалығын, пəктігін сүйеді, яғни, өзіне
тие сі лі болмаған нəрселер мен өзгелердің дүние-мүлкіне сумаңдап
сұ ға нақ тық жасамауды, ылғи да қайырлы, жұмсақ, ашық, жомарт
болуды талап етеді. «Оң қолыңа – сол қолың арашашы болсын» деп,
екі қол ды жа ман дық қа, сұмдыққа, арамдыққа барудан тектеп оты-
руды қа лай ды. Жақсылыққа, ізгілікке сүйеуші, демеуші болып, қи-
нал ған дар мен əділет іздеушілерге қол ұшын беріп, ізгілік танытып,
əді лет сіз дік пен озбырлыққа, обырлыққа, жамандыққа қатты болуды
жақтайды.
5. Аяқ аманаты адамдық ақ жолмен жүруді, адамдықтың ақ жо-
лынан таймауды, ылғи да жақсылық пен игілікті істерге асы ғып, қа-
йыр лы істерге көбірек барып, жақсы істерге көбірек жүріп, əр бір қа-
дам ды істерге көбірек жүріп, əрбір қадамды құт-береке мен нұр ға бө-
леп, жырға бөлеп жүруді, жамандық, арамдық жолға, бұ за қы лық пен
қыл мыс жолына аттап баспауды талап етеді. Əділет пен адам дық ар-
199
199
намыстан аттамауды, əр қадамнан адамгершілік пен із гі лік тің із де рі
айқын көрініп тұруын қуаттайды.
6. Жүрек аманаты бүкіл жан мен тəнді таза қан, тамаша мі нез-құ-
лық пен қамдап отыруды талап етеді. Адамгершілікті, із гі лік ті, адал-
дық ты, арлылықты, сүйіспеншілікті, жанашырлықты, ме йі рім ді лік ті,
қайырымдылықты, кешірімділікті, кеңпейілділікті қа лай ды. Қа ты гез-
дік, қара ниеттілік, зұлымдық, арамдық, менмендік, обыр лық, аш көз-
дік, тойымсыздық, қызғаншақтық, көрсеқызарлық, өзім шіл дік, пай да-
көс тік, жағымпаздық, құлшылдық сияқты жағымсыз жаман қы лық-
тар дан аулақ болуды аманаттайды.
7. Бас аманаты бүкіл денені əртүрлі пенделік былық- шы лық тар-
ға ұрындырмай, адамдық ақ жолмен дұрыс алып жүруді талап етеді,
яғни, өзінің бас əміршілік қасиетін жоғалтпай, көздің, құлақтың, тіл-
дің, қолдың, аяқтың, жүректің біреуінің өзін бұра тартып, бұрыс жол ға
салып жіберуіне жол бермей, барлық мүшелерді игі адамдық арман-
мақ сат жолында жұдырықтай жұмылдырып, адамзаттың «адам» деген
қа сиет ті атына дақ салдырмауға күш салуды аманат етеді. Адам бала-
сына аздырмау, тоздырмау, адастырып, алжастырмау жа уап кер лі гін
жүктейді. Міне, осылардың барлығын білікті ата-аналар ұр пақ та ры на
түсіндіріп, мұқият ұғындырып, перзенттерін жастайынан адал бо лу ға,
ешқашан аманатқа қиянат жасамауға баулып отырады.
Бұл тəрбие ұрпақтарды адалдыққа, ізгілікке, өскелең адам гер ші лік-
ке, жауапкерлікке дағдыландырады. Барлық дене мүшелерін жа ман-
дық атаулыдан аулақ, таза ұстауға баулиды. Адамдармен барыс-ке ліс,
алыс-берісі кең болып, ел құрметі мен сеніміне бөленеді. Ой-қиял ды
байытып, көз аяны кеңейтіп, ақыл-ойды кемелдендіреді.
ӨЗІН-ӨЗІ ҚҰРМЕТТЕУ, ДҰРЫС АТАҚ-ДАҢҚ
КӨЗҚАРАСЫН ОРНАТУ ТƏРБИЕСІ
« Ө
зін-өзі құрметтеу – адамдықтың белгісі, өзін-өзі түсіну –
адал дық тың белгісі», «өз мінін өзі білген – хан болады», «атақ қуған
жанда адалдық болмайды, даңқ қуған жанда ізгілік болмайды» деп қа-
ра ған қазақ халқы ұл-қыздарын жастайынан өзін-өзі дұрыс тү сі ну ге,
200
200
өз басының артық-кемін дұрыс бағалауға, өзін-өзі құрметтеп, қа дір-
леп, дұрыс атақ-даңқ көзқарасын орнатуға баулып: «өзін-өзі құр мет-
те ме ген ді өзгелер де құрметтемейді», «өзіңді-өзің сыйласаң – жат жа-
нынан түңіледі», «өзін сыйлай білмеген – өзгені де сыйлай білмейді»
деген халық даналықтарын перзенттерінің құлақтарына құйып, жү-
рек те рі не ұялатып отыруға ерекше күш салады.
Бұл тəрбиеде тəжірибелі ата-аналар перзенттеріне: өзін-өзі шама-
лап, өзін-өзі құрметтемей, құры атақ-даңқ қуып, адамдық ар-намысын
төккен жəне сол үшін Отанын, халқын сатып, бұзақылық іс те ген
адамдарды «пасық адам» деп, ұрпақтарын ондай жаман іс-қи мыл дар-
дан аулақ болуға, қашанда өз намысы мен ел намысын таза сақ тау ға,
адамдық атқа кір келтірмей, оны пəк ұстауға, атақ-даңқ қу май, өнер-
бі лім қууға баулып, адамдық өмірде өз Отаны мен хал қы на қалт қы сыз
қыз мет істеуден артық атақ-даңқ та, биік мəртебе де жоқ екен ді гін,
«атың шықпаса жер өрте» деп, бұзақылық, қулық-сұм дық жолмен ал-
ған атақ-даңқ пен бақыт-байлық, биік мəртебенің баянды бол май тын-
ды ғын жан-жақты түсіндіріп, ұрпақтарын өзін-өзі құр мет теп, өзін-өзі
түсініп, дұрыс атақ-даңқ көзқарас орнатуына зор мүм кін дік жасап
отырған.
Бұл тəрбиенің де ғылыми мəн-мағынасы мол. Ол ұрпақтарды мə-
де ниет ті лік ке, тəртіптілікке, əділдікке, тəрбиелікке, тектілікке бау-
лып, озбырлықтан, менмендіктен, тойымсыздықтан, атақ құ мар лық-
тан жəне өзімшілдік сияқты жаман қылықтардан шектеп, жастарды
өзін де, өзгені де құрметтей білетін, өнер-білім мен үлгі-та ғы лым ды
қас тер лей тін, халық үшін, Отан үшін қызмет атқаруды даңқ санайтын
саналы азамат болуға дағдыландырады.
СҮЙІНІШ, ҚУАНЫШ ТƏРБИЕСІ
С
үйініш, қуаныш тəрбиесі – қазақ отбасы тəрбиесінің ма ңыз ды
түрлерінің бірі əрі қазақ отбасы тəрбиесінде кем болса болмайтын
тəрбие түрлерінің құрамдас бөлімі. Сондықтан да тəр бие лі ата-ана-
лар сүйініш, қуаныш тəрбиесінде ұрпақтарына: «игі іс тер ге сүйініп,
жақсылыққа қуану – ең тамаша адамдық қасиет», «сү йі ну ді біл ме-
201
201
ген – қуануды білмейді, қуануды білмеген – езу тартып күл мей ді»
деп, жақсылық атаулыны көргенде жатырқамай сүйініп, қуа ну, тіп-
ті, өзгелердің табысы мен нəтижесіне де «құтты болсын, ұза ғы нан
сүйіндірсін» айтып, адам баласының қуанышына ор та қ та сып отыру-
ды адамдық парыз деп ұғындырып, өзгелердің бақыт-бай лы ғы мен
қуанышын көре алмау, қызғаншақтық, іштарлық істеу, табыс-нə ти-
же ле рі не көз жұмушылық сияқтылар адамгершілікке жат жаман қы-
лық саналатындығын ерекше ескертіп отырады. Сон дай-ақ, əр қан дай
жерде жақсы қылық, игілікті істер мен табыс-нə ти же лер ді көр ген де
«бə ре кел ді» айтып сүйініп, қуанып, ал, жаман іс-қи мыл дар ды көр-
ген де жиреніп отыратын, қуаныш, кегі айқын, жақ сы лық қа құш тар,
жамандық атаулыға жаны қас азамат болып же ті лу ге жан-жақты ба-
улиды.
Қуаныш, сүйініш тəрбиесі ұрпақтарды ашық-жарқын, мерейлі,
əділ, ізгі ниетті, көреген, тəрбиелі, мəдениетті болуға баулиды. Сү-
йі ніш сезімі мен жеккөрушілік сезімі, жақсы-жаман, ақ-қара, дұ рыс-
бұрыс көзқарасы айқын азамат болып жетілуге дағ ды лан дырады.
АЛҒЫС, ҚАРҒЫС, КЕК ТƏРБИЕСІ
А
лғыс, қарғыс, кек жөніндегі тəрбиеде қазақ халқы ұр пақ та ры на
«ал ғыс пен – ер көгереді», «баталы құл – арымас, батасыз құл – жа-
рымас», «қарғыс алма, алғыс ал», «кек қуған – кемелді адам емес»,
«бұ зық та – бұзық, кекшіл де – бұзық», «кекшіл болма, көпшіл бол»
деп қашанда ізгі ниетті болып, игі іс істеп, ел алғысын алып отыруды,
жамандық қуып, ел-жұртты қақсатып, жылатып, ха лық тың қар ғы сы-
на жолығып қалудан аулақ болуды, сондай-ақ, өзіне біреу жа ман дық
істесе де оған кектенбей, өш алмай, кешірімді болуды, тіпті «ал дыңа
келсе атаңның құнын кеш» деп, қателігін танып, кешірім сұ ра ған дар-
дың күнəсін кешіп, достық ниет көрсетіп, ел бірлігін нығайтып, қо-
ғам тыныштығын сақтауға бір кісілік үлес қосып отыруды өте игі іс,
ол жауды жылатып, досты қуантатын ерлікпен парапар деп үй ре те ді.
Сондай-ақ, перзенттерін жан сүйінер жақсылық атаулыға алғыс жау-
202
202
ды рып, мақтап-марапаттап, жамандық атаулыдан жиреніп, бұ за қы лық
пен жауыздықты ауыздықтап отыратын, алғыс-қарғыс, махаббат кегі
айқын, адамгершілігі асқақ, көз аясы кең азамат болуға жебейді.
Бұл тəрбие ұрпақтарды жамандық атаулыға жаны қас, жақ сы лық-
қа құштар, ізгі ниетті, адал, кеңпейілді, кешірімді болуға дағ ды лан-
ды ра ды. Ондай адамдар алаңсыз, көңілді, тыныш тір ші лік ете тін ді гін
ескертеді.
АҚ-ҚАРА, ҚАТЕЛІК,
ҚЫЛМЫС ТУРАЛЫ ТƏРБИЕ
Ә
р отбасы ұрпақтарын жастайынан ақ пен қараның, обал мен са-
уап тың, адал мен арамның, оң мен терістің, қателік пен қыл мыс тың
шет-шекарасын айқын айыратын, ақиқат пен əділет жолына бе рік,
жақсылыққа жаны құштар азамат етіп тəрбиелеуге ерекше күш салып,
перзенттеріне ақ пен қараның, обал мен сауаптың, адал мен арам ның,
оң мен терістің, сондай-ақ, қателік пен қылмыстың мəн-ма ғы на сын
егжей-тегжейлі түсіндіріп беріп отырған. Яғни, тəрбиелі отбасылары
ұл-қыздарына: ақ деген əрқандай жамандық пен пенделік бы лық шы-
лық тан таза, айыпсыз, күмəнсіз, адал дегенді білдіретіндігін, дə лі рек
айтқанда, ата-ана, туыс-туған, ел-жұрты мен Отанына, хал қы на деген
адалдық, адамдық ар алдында жамандыққа бас пау шы лық, адамгер-
шілік пен ақиқаттан аттамаушылық, дұрыс мұрат көз қа ра сын орна-
тып, салт-дəстүрі мен ана тілін құрметтеуден тай мау шы лық екенді-
гін, қара деген жамандықтан таза емес, кінəлі, айыпты, был ған ған
дегенді меңзейтіндігін, дəлірек айтқанда, адамгершілік пен ақи қат тан
аттаушылық, жамандық істеушілік, өз мақсат-мүддесі үшін жиір ке-
ніш ті қылықтармен айналысушылық, түрлі жолдармен бас қа лар дың
құқық-мүддесіне зиян келтіру; обал деген кінəсіз жан-жануарлар мен
түрлі заттарға жасалған орынсыз қиянат жəне оларға көрсеткен зə-
бір-жапа, сондай-ақ, адал мал-мүлік пен түрлі заттарды, бейкүнə жан-
дарды аяқ асты етушілік, қорлаушылық жəне ысырапқорлық; сауап
деген игі жақсылық, рақым-шапағат, дəлірек айтқанда, қи нал ған дар
203
203
мен жылағандарға қолұшын беру, үнемі жақсылық, қа йы рым ды лық,
мейірімділік көрсетіп жүру, жетім-жесірлердің маңдайынан сипап,
жоқ-жітіктердің мұң-мұқтажын шешу, тіпті, жолда бір тал тас жатса
да алып тастау керек екендігін; адал деген адамгершілік жолына қалт-
қы сыз берілген, жан пендеге жамандық жасамайтын, қулық-сұм дық-
қа бармайтын, əртүрлі пенделік былық-шылықтан аулақ ақ ниеттілік,
əділ дік екендігін; арам деген бұзықтық, жауыздық, қара ниет ті лік,
сұм-сұрқиялық, алаяқтық екендігін; оң деген түзулік, туралық, яғни,
теріс жол ға баспаушылық, əділеттің ақ жолынан ауытқымай, адал ең-
бек пен күн көрушілік екендігін; теріс деген бұрыс, қате, яғни, адам-
гер ші лік пен ақиқатқа қайшы, ізгілікке, игілікке, сондай-ақ, салт-
дəс түр ге жат де ген ді білдіретіндігін; қателік деген адамгершіліктен
ат тау шы лық, жаза басушылық, теріс жолға түсушілік, заңдылыққа
қа ра ма-қарсы іс-пиғылға барушылық, дəлірек айтқанда, саналы, сана-
сыз түр де туын да ған жеке мүддешілік, ақыл-білімнің тапшылығынан
шы ға рыл ған жəне жасалған теріс шешім мен қорытынды, əртүрлі бұ-
рыс іс-қимылдар, сондай-ақ, адамгершілік пен салт-дəстүрге жəне
ереже-тү зім дер ге қиғаш қылықтар екендігін; ал, қылмыс деген туған
хал қы мен Отанының құқық-мүддесіне түбірінен қайшы іс-қимылдар,
дə лі рек айтқанда, Отанның, халықтың мүддесін сату, опасыздық жа-
сау, зардабы өте ауыр бұзып-шашу, ойрандау, тонау, ұрлау, өрт қою,
у шашу, кісі өлтіру, қан төгу, қиянат жасау, пара беріп, пара алу, улы
ше гім дік пен тəн сату сияқты қылықтар екендігін жан-жақты, егжей-
тег жей лі бір-бірлеп түсіндіріп, ұл-қыздарын қаршадайларынан бастап
ақ пен қараны айыратын, обал-сауап, оң-теріс, қателік-қылмыс тура-
лы көзқарасы айқын, тəлімді де тəрбиелі азамат етіп тəрбиелеуге ерек-
ше күш салған.
Бұл тəрбиенің де өзге тəрбиелер сияқты ғылыми мəн-мағынасы өте
жоғары. Ол ұрпақтарды адамгершіліктен аттамайтын адал, турашыл,
ізгі ниетті, мейірімді, қайырымды, ақ пен қараны, қате мен дұ рыс ты
ай қын айыратын, махаббат пен кегі айқын азамат болып есеюге дағ-
ды лан ды ра ды. Адамдар арасындағы қарым-қатынасы кең, ел ал дын-
да ғы бет-беделі жоғары болуға мүмкіндік жасайды.
204
204
ҚАЖЫР-ҚАЙРАТ,
САБЫР-ТАҚАТ ТƏРБИЕСІ
Қ
азақ халқы отбасы тəлімінде қа жыр-қайрат, сабыр-тақат тəр-
бие сі не ерекше мəн берген. Себебі, қа жыр ды – мұ рат-мақсат пен
арман-тілекке жету жолындағы алтын ті рек десе; қай рат ты – сол көз-
де ген мақсат-мұрат пен арман-тілекке жет кі зе тін рухани күш; ал,
сабыр-тақатты ақыл-ойдың алтын көпіріне балап, ұр пақ та рын биік
мұ рат, асқақ арманға жету үшін қажыр-қай рат көр се тіп, қандайда бол-
сын қиындыққа бас имей, сабыр-тақат көр се ту ге баулып отырған.
Бұл тəрбиені жүргізгенде əрбір отбасы ұрпақтарына: өмір жо лы-
ның бұ раң, ойлы-шұңқырының көп, қайшылығының күрделі бо ла-
тын ды ғын жан-жақты ұғындырып, жұмыр басты барша пенденің ба-
сына бақ пен сор, қуаныш пен қайғы алма-кезек келіп тұратындығын,
ба қыт-байлық, шен-шекпен бір адамның басында мəңгі тұр май тын-
ды ғын жанды мысал, айқын дəлелдер арқылы зерделеріне құ йып,
жүректеріне ұялатып, бар болса тасымайтын, жоқ болса жасымайтын,
қиын-қыстау кездерде сабыр-тақат көрсетіп, табандылық танытып,
ұлы мұрат, асқақ арманға жету жолында тынбай үйреніп, ең бек те ніп,
күресіп, торығушылықтан, үмітсіздіктен, жалқаулықтан аулақ бо лу ға
ұл-қыздарын ерекше тəрбиелеп отырған.
Бұл тəрбие жасөспірімдерді үміткерлікке, табандылыққа, қажыр-
қайратты, төзімді, көмпіс, үйлескіш болуға дағдыландырады. Өмір ге
ой көзімен қарап, дүниенің алма-кезек болатын ғылыми заң ды лы ғы на
мəн беруге тəрбиелейді.
ҰҚЫПТЫЛЫҚ ПЕН ҮНЕМШІЛДІККЕ БАУЛУ
Ұ
қыптылық пен үнемшілдік тəрбиесінде ата-аналар пер зент те-
рі не: ұқыпты, үнемшіл болу адам бойындағы ең тамаша қасиет деп
ұғын ды ра ды, əрі ұл-қыздарын ұқыпты, үнемшіл болып, еш қа шан
ысы рап қор, сəнқой болмай, қажырлы-қарапайым, əр нəрсені орнымен
іс те й тін, орнымен жұмсайтын, жоспар-жобаға мықты азамат бо лу ға
баулиды.
205
205
Қазақ халқының жалпы ұқыптылық пен үнемшілдік тəрбиесі
«үнем шіл дік – байлықтың тең жартысы», «тарта жесең – тай қалар,
қоя жесең – қой қалар, қоймай жесең – не қалар», «қа ра па йым ды лық –
көр кем дік тің белгісі», «жақсы болғың келсе – сыртыңды түземе, сы-
рың ды түзе», «ысырапшылық – тасқыннан да қауіпті», «үнем шіл-
дік – бір ді екі, екіні төрт қылады» деген даналыққа жүгінеді, яғни,
əр отбасы перзенттерін қолда барды аз-көп демей қадірлей білуге,
бақыт-бай лық қа қол жеткенде орынсыз төгіп-шашып ысырап қылмай,
əр нəр се ні орнымен, жоспармен істеуге, мал-дүнием көп деп асып-
тас пау ға, үнем шіл болуға, қолы қысқа адамдар мен жетім-жесірлерге,
жолау шылар мен мүсəпірлерге беріп, басына іс түскендерге аза мат-
тық кө мек көрсетіп отыруға насихаттайды. Ел көзіне түсу немесе
мақ тан үшін (жетерлік киім-кешектері бола тұра) үсті-үстіне киім
алып ысы рап қор лық істеп, сəн-салтанатқа бой ұрмауға, бақыт-бай-
лық ты өз игілігі мен бала-шағасының қажетіне лайығымен жұмсап,
ортасы, заманына лайық жақсы, əсем, əдемі киініп, мəдениетті ішіп-
жеп, киінуде ел-жұртқа үлгі-өнеге болуға дағ ды лан ды рып отырған.
Сонымен бірге, үнемшіл, қарапайым боламын деп, қалай болса со-
лай ретсіз, сапасыз киініп, алқам-салқам, кір-қожалақ, алба-жұл ба бо-
лып жүрудің, жетерлік мал-дүниесі бола тұра өз игілігіне жұм са май,
жамау-жасқаудан арылмаудың, өзі мен бала-шағасының қа лып ты
ішіп-жеуіне қимаудың, перзенттерінің оқуына, өнер-білім үй ре нуі-
не жұмсамаудың дүниеқорлық, надандық, мə де ниет сіз дік, сараң дық,
көргенсіздік болатындығын егжей-тегжейлі түсіндіріп, ұр пақ та рын
бақыт-байлықты қадірлейтін, ұқыпты, үнем шіл, қа ра па йым азамат
етіп жетілдіруге күш салады.
Бұл тəрбие ұрпақтарды адал еңбектің жемісін адамша татуға, қол да
барды бағалай білуге, ұқыпты, үнемшіл, мəдениетті болуға дағ ды лан-
ды ра ды. Жақсы азықтанған, таза, ретті киінген адамның рухани көңіл
күйі жоғары, сергек, сезімтал болатындықтан, түрлі ауру-сыр қау лар ға
қарсылық қуаттары күшті болады, əрі елге тамаша əсер қал ды ра ды.
Өз ге лер ді тазалыққа, мəдениеттілікке жетелейді. Көптің сый-құр ме-
ті не бөленеді. Қоғамдық байланысын кеңейтеді. Досын, сырласын
көбейтеді.
206
206
АДАЛ КƏСІП, КІСІ АҚЫСЫ ЖƏНЕ ҚАРЫЗ
ТУРАЛЫ ТƏРБИЕ
А
дал кəсіп істеу, кісі ақысын жемеу жəне алған қарызын тез қай-
та ру ға асығу тəрбиесі қазақ отбасы тəрбиесінің маңызды құ рам дас
бөлімдерінің бірі саналады. Негізгі мазмұны – адамгершілік ар алдын-
да адал кəсіп істеп, адал еңбек, ащы терінің жемісін жеу; оз быр лық
пен құлқынқұмарлыққа салынып кісі ақысын жемеу, қарыз-борыш
арқалап жүріп өліп кетуден қорқу.
Бұл тəрбиеде ұрпақтарға, ең алдымен, адал кəсіп істеп, еңбегі
мен ащы терінің жемісін жеу адамдық жəне азаматтық парыз екен-
ді гі мұқият ұғындырылады. Ал, біреудің істеген еңбегі мен бі тір ген
жұ мы сы на беретін еңбекақысы, сондай-ақ, əртүрлі берешегін бермей
жеп алу немесе пайдаланып кету – шектен асқан залымдық, бі реу ден
адамша сұрап алған қарызын мерзімді уағынан кешіктіру немесе қай-
та р мау – бұзықтық, өте жиіркенішті қылық екендігін жан-жақты тү-
сін ді ре ді. Сондай-ақ, ұрпақтарын кісі ақысын жеп қиянат жасаудан,
сұ ран шақ тықтан аулақ болуға баулиды.
«Адамнан сұрағанша – адал еңбекке сүйен», «сұраншаққа – қа -
йыр шы лық тың есігі мəңгі жабылмайды», «алған қарызын қай тар-
май жүріп алу – арамдық жолында өлгенмен бірдей» деп, ұр пақ та-
рын сұраншақ болмай, еңбекшіл болуға, кісі ақысын жемеуге, қа рыз-
құрызын уақытында қайтаратын саналы да салауатты азамат болуға
тəрбиелейді. Егер біреуден қарыз сұрауға тура келсе, адам гер ші лі гі
жо ға ры, сенімді адамдардан сұрау, ешқашан жаңа ба йы ған дар мен
мақ тан шақ, менмен, тəкаппар, кісілігі таяз адамдардан сұ ра мау ке рек-
ті гін, қарыз сұрағаннан қарыз бергеннің сауабы мол бо ла тын ды ғын
егжей-тегжейлі түсіндіреді.
Қорытып айтқанда, қазақ халқы «кісі ақысын жегеннің кісілігі
жоқ», «көрші ақысын жеген көрінде өкіреді» деп, перзенттерін кісі
ақы сын жемеуге, тіпті біреудің қылдай затына да қиянат жасамауға,
əр қа шан адал кəсіп істеп, біреуден алған қарызын уақытында қай та-
ру ға баулиды. Сондай-ақ, алған қарызын қайтаруға асыққан адам жақ-
сы лық үшін күрескенмен бірдей сауапты іс екендігін ұғын ды рып, кі сі-
207
207
лік қарым-қатынас пен алыс-беріс, барыс-келіс істерінің бар лы ғын да
адал, арлы болуға, адал кəсіп істеп, өз еңбек жемісінен игі лік те не тін
саналы азамат болып жетілуге дағдыландырады.
Өзге отбасы тəрбиесі сияқты, бұл тəрбиенің де ғылыми мəн-мағы-
насы өте жоғары. Ол жастар мен жасөспірімдерді адал ең бек етуге,
арам пайда мен оңай олжаға қызықпайтын саналы, мə де ниет ті, адал
азамат болуға дағдыландырады. Ұрпақтардың адам гер ші лік жа уап-
кер ші лік те рін арттырып, жемеңгершілік сияқты пасық, жиір ке ніш ті
қылықтардан өз бойларын аулақ ұстауға баулиды. Əлеу мет тік қа рым-
қатынасты нығайтып, адамдар ортасындағы сенімін арттырып, бе де-
лін жоғарылатады. Өрісін кеңейтіп, досын молайтады.
Достарыңызбен бөлісу: |