Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



Pdf көрінісі
бет19/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50

ЕҢБЕК ПЕН ӨНЕР-ҒЫЛЫМДЫ

СҮЮГЕ БАУЛУ

Ұ

рпақтарды еңбек пен өнер-ғылымды сүюге баулу – қазақ отбасы 



тəлім-тəрбиесінің  өзегі.  Себебі,  қазақ  халқы  еңбек  пен  өнер-ғы лым-

ды бақыт-байлық қайнары, адамзат қоғамын гүлдендіріп, адамдарды 

кемелдендіретін қозғаушы күш деп қарайды. Сол себепті, əрбір ата-

ана ұл-қыздары ес біліп, етек жаба бастасымен-ақ, оларға еңбек жəне 

өнер-ғылым тəрбиесін мұқият, жан-жақты, егжей-тегжейлі жүр гі зе ді. 

Онда  «еңбегі  бардың  –  өнбегі  бар»,  «еңбегің  қатты  болса,  тат қа ның 

тəтті  болады»,  «өнерлі  жігіт  –  өрде  озар»,  «адам  баласының  қо лын 

көпке  жеткізетін  де,  көкке  жеткізетін  де  –  өнер-ғылым»,  «ең  бек  сіз 

ішкен тамақ – арам, ғылымсыз көрген күн – қараң», «ер жігітке жет піс 

өнер де аздық етеді» деген халық даналықтарын жанды мысал, нақ ты 

айғақтар арқылы ұрпақтарына мұқият түсіндіріп, перзенттерін жастай 

өнер-ғылым үйреніп, адал еңбек етуге тəрбиелейді. Сондай-ақ, «қарт 

болсаң  қасиетті  ойға  көш,  жас  болсаң  өнер-ғылым  жинап  өс»  деп, 

өмір бойы ерінбей, армай-талмай еңбектеніп, ізденіп, мол өнер-бі лім, 

үлгі-тағылым  үйренуге  жетелейді  немесе  арнаулы  ұстаз,  мектеп-ме-

дреселерге  беріп,  өнер-білім  табу  жолына  салады.  Сондай-ақ,  адам 

баласының  адал  еңбек  етіп,  өнер-ғылым  үйрену  жолына  жасырын 

кедергі  он  түрлі  болатынын  əрі  сол  он  түрлі  жаудан  ерте  сақ тан ған 



208

208


адамның бұл өмірде бақ-дəулет пен бақыт-байлықтан ешқашан кенде 

болмайтындығын ұрпақтарының көкейіне құйып, жүректеріне ұя ла ту 

үшін оны мынадай жыр жолдарымен кестелеген:

Бірінші жауың – жалқаулық,

Сорлататын жаныңды.

Екінші жауың – аңқаулық,

Соқтыратын саныңды.

Үшінші жауың – қорқақтық,

Жауға берер малыңды.

Төртінші жауың – жасықтық,

Тəлкек қылар басыңды.

Бесінші жауың – өтірік,

Қас қылатын досыңды.

Алтыншы жауың – өсек сөз,

Түсіретін бетіңді.

Жетінші жауың – бос мақтан,

Ашатұғын артыңды.

Сегізінші жауың – ез қылық,

Жоғалтатын нарқыңды.

Тоғызыншы жауың – жат ниет,

Жирендірер халқыңды.

Оныншы жауың – үйренбеу,

Жоятын адам атыңды, –

деп,  ұрпақтарына  адам  баласының  еңбек  ету  мен  үйрену,  ізденуіне, 

дұ рыс  адам  болуына  залалды  мінез-құлықтар  мен  қимыл-қы лық-

тар ды  ерекше  ескертіп,  ондай  жағымсыз  іс-пиғылдарды  бойларына 

жұқтырмауға шақырып отырған.

Бұл  тəрбиенің  де  ғылыми  мəні  терең,  иландырарлық  қуаты  жо-

ға ры.  Ол  ұрпақтарды  еңбек  етуге,  армай-талмай  өнер-ғылым  үй ре-

ну ге, адал еңбек, ащы тері арқылы халыққа бақыт, байлық жа ра ту ға 

баулиды. Жалқаулық, бойкүйездік, өнерсіздік, талапсыздық, қор қақ-

тық, ынжықтық, пасықтық сияқты нашар, жағымсыз іс-қи мыл дар дан 



209

209


бойларын  аулақ  ұстауға  дағдыландырып,  халықтың  сый-құр ме ті не 

бөлейді.


ТЕКТІЛІК ТƏРБИЕСІ

Т

аудан аққан тас бұлақ



Құяды барып теңізге.

Жаманды жақсы деп айтпа,

Бір жері тартар негізге, –

деп қарайтын қазақ халқы, тектілік – ұлы адамгершілік қасиет, адам ға 

лайық биік деңгейден көрінушілік – мəдениеттілік екендігін ұл-қыз-

да ры на жан-жақты ұғындырып, ойына келгенін істеп, аузына кел ге-

нін айтатын, басына бақ қонса тасып, бақ тайса жаситын тексіз адам 

болмауды ерекше ескертіп отырған.

Қазақ  ұғымындағы  тектілік  –  бүкіл  іс-қимылынан  нағыз  адам 

екен ді гі көрініп тұрушылық, қандайда бұзақылық пен хайуандық қы-

лық тан  аулақтық,  тазалық,  адалдық,  яғни,  білімділік,  мəдениеттілік, 

кең пе йіл ді лік,  кешірімділік,  бақ  пен  сор,  кедейлік  пен  байлық,  қай-

ғы-қасірет,  қуаныш  пен  жұбаныш,  сондай-ақ,  шен-шекпен,  атақ-

даңққа  ой  көзімен  қараушылық,  отаншылдық,  халықшылдық,  ме-

йір-шапағаттылық,  арлылық,  нысаптылық  сияқты  қасиеттерімен 

ерек ше ле не ді,  ал  тексіздік  –  адамгершілікке  жат  хайуандық,  бұ зық-

тық, пасықтық, обырлық, ашкөздік, өзімшілдік, адал мен арам, обал-

сауапты  айырмаушылық,  арамдық,  сұрқиялық,  яғни,  мен мен ді гі мен, 

нысапсыздығымен, тойымсыздығымен, ашкөздігімен, алаяқ ты ғы мен, 

жа ғым паз ды ғы мен,  мақтаншақтығымен,  бақ  қонса  тасып,  бақ  тайса 

жа су шы лы ғы мен,  тəкаппарлығымен,  екі  беткейлігімен,  ру шыл ды-

ғы мен,  жершілдігімен  көрініс  табады,  əрі  мұндай  қылықтар  көбінде 

ата-бабаларында  тəрбиелілік  пен  біліктілік  жоқ,  үлгі-өнеге  дегеннің 

не еке нін ұқпайтын, кісі сыйлап, адам қадірлеп көрмеген адамдар мен 

сондай  адамдардың  ұрпағынан,  сондай-ақ,  жаңа  байыған  жəне  жаңа 

мансап  алған  саяз  адамдарда  көбірек  кездеседі.  Ондай  тексіз  адам-

дар кі сі лік ке емес, пайда мен құлқынға жүгінеді. Қолына байлық түсе 


210

210


қалса, асып-тасып, билік ала қалса, шаш ал десе, бас алады, яғни, «ат 

мінбеген ат мінсе, шаба-шаба өлтірер, тон кимеген тон кисе, қаға-қаға 

бітірер»  немесе  «жаман  атқа  жал  бітсе,  жанына  торсық  байлатпас, 

жаман адамға шен бітсе, жанына қоңсы қондырмас» дегеннің ая ғын 

құштыратындығын,  ал,  ата-бабалары  тəрбиелі,  текті,  көргенді,  үлгі-

тағылымды, би болып, билік ұстаған, қолдарынан байлық үзіл ме ген 

адамдар мен олардың ұрпақтары бақ қонса тасымайды, қайғы келсе 

жасымайды,  бақыт-байлық  пен  қайғы-қасіретке  жəне  шен-шекпенге 

ой көзімен, биік адамдық парасатпен қарайды деп тұжырымдайды.

Тектілік тəрбиесін білікті ата-аналар ұрпақтарына мұқият жүр гі зе-

ді.  Перзенттерінің  əрқашан  биік  адамдық  деңгейден  көрінуін,  текті, 

бі лік ті, мəдениетті болуын көксейді. «Тексіз, көргенсіз» деген жаман 

атаққа  қалмауға  баулиды.  Сондай-ақ,  перзенттерінің  хайуандық,  па-

сық тық, обырлық, тойымсыздық, нысапсыздық, имансыздық сияқты 

іс-қи мыл дар дан аулақ, əдепті, мəдениетті, тəртіпті азамат болып есе-

йіп ер же туі не дұрыс жол сілтеп отырады. Міне, бұл «тектілікке баулу 

тəр бие сі» деп аталады.

Бұл  тəрбиенің  ғылыми  мəні:  ұрпақтарды  өскелең  адам гер  ші лік-

ке,  көрегендікке,  ақылдылыққа,  парасаттылыққа,  адамдық  та за лық-

қа, адал дық қа, білімділікке, мəдениеттілікке, нысаптылыққа баулиды. 

Адамдарды өмірге, тұрмысқа, қоғамға ой көзімен қарауға дағ ды лан-

ды ра  ды.  Жасөспірімдерді  əртүрлі  жаман  іс-қимылдардан  шектеп, 

оларды Отаншылдыққа, халықшылдыққа жетелейді.

ТЕГІН ҰМЫТПАУҒА ТƏРБИЕЛЕУ

Қ

азақ халқы өз ұрпақтарын тегін ұмытпауға, əсіресе, жеті ата-



сын қанық білуге ерекше баулиды. Онда, білікті ата-аналар ұл-қыз да-

ры ның тілі шығып, айтқанды ұға бастаған кезінен бастап, ең алдымен, 

жеті аталарының атын жаттатып əрі оны үйге келген қо нақ та ры ның 

алдында  жатқа  айтқызып,  əбден  машықтандырып  отырады.  Онан 

соң,  əр бір  адамның  үш  жұрты:  бірінші  –  өз  жұр ты  (аға йын  жұрт); 

екінші – нағашы жұртты (шешесінің туыстары); үшінші – қа йын жұрт 

(жұбайының туыстары) болатындығын үйретеді. Міне, осы үш жұрт 


211

211


пен  жеті  ата ның  атын  жатқа  білу  əрбір  адамның  азаматтық  парызы 

деп ұғын ды ра ды. Əсіресе, жеті атасы мен ата-бабасы мекендеген жер-

су  аттарын,  яғни,  көктеу,  жайлау,  күзеу,  қыстауларын  қанық  білуге 

ерекше баулиды. «Атасының басы жатқан жерді білмеген қасы жат-

қан жер ді де білмейді», «жеті атасын білмеген – жетесіздік белгісі», 

«жеті атасын білген ұл – жеті жұртқа жөн айтады» деп, жеті атасы мен 

жеті ата сы ның басы жатқан туған жер, өскен елін қанық білуді тек ті-

лік, бі лім ді лік, тəрбиелілік, көрегендік деп санаған.

Қазақ халқының бұл тəрбиені осыншама биік деңгейде қарау се бе-

бі, жар таңдап, қалыңдық табуды жаңағы аттарын өзі жаттаған жеті 

атадан, жеті өзеннен ары іздейді. Ал, сый-құрмет, барыс-келіс, алыс-

беріс,  сондай-ақ,  түрлі  жиын-той,  нəзір-құзыр,  өлім-жітім  іс те рін де, 

ең  алдымен,  алыс  руларды  сыйлап,  алыс  ру-тайпаларға  жол  береді.

Торқалы  той,  топырақты  өлім  мен  əртүрлі  жиын-тойларда  өзге  ру-

тайпаларды қайырып тастап, бар жақсылықты өз ру, өз ауылы ішін-

де бөліссе, «көргенсіз, тəрбиесіз, тексіз» деген ауыр сөгіске ұшы рап, 

«кісілік  салтты  бұзды,  ата-баба  салтынан  аттады»  деген  айып тау ға 

жолығып,  ат-шапан  айып  төлейді.  Сондықтан,  əркімнің  жеті  атасы 

мен шыққан тегін қанық білуі жəне оны ұмытпауы қазақ салт-дəс тү-

рін де ерекше маңыз алады.

Қазақ  халқының  ұл-қыздарына  өздерінің  шыққан  тегін,  жеті  ата-

сын жəне жеті атасының басы жатқан жер-су аттарын, сондай-ақ, үш 

жұртын  ұмытпауға  тəрбиелеуінің  мынадай  үш  түрлі  ғылыми  не гі зі 

бар: 


1.  Махаббат,  неке  істерінде  туыстық  жақындықты  білмей,  өз-

ара некеленіп қалудан, қан бұзылудан аулақ болу жəне жорық, соғыс 

жəне  игі  бастамалар  көтергенде  ата-ба ба ла ры ның  атын  айтып, 

аруағын шақырып, көпті жұмылдыру үшін.

2. Түрлі адамдық қарым-қатынаста, яғни, барыс-келіс, алыс-беріс 



іс те рінде алыс ру-тайпа адамдарына сый-құрмет көрсетіп, өзім шіл-

дік пен рушылдықтан аулақ болу үшін.

3. Ата-баба, ел-жұртының аруағын сыйлап, жақсы салт-дəс тү-



рін ғасырлар бойы жалғастырып, текті, тəрбиелі адам болу үшін.

212

212


ЕРКЕКТІК ҚАДІР-ҚАСИЕТ ТƏРБИЕСІ

Е

ркектік  қадір-қасиет  тəрбиесінде  тəжірибелі  ата-аналар  ұл да-



ры айтқанды ұға бастасымен-ақ, оларға жігер, батылдық, ба тыр лық, 

еңбекқорлық,  төзімділік,  қайсарлық  сияқты  нағыз  еркектік  қа сиет 

қалыптастыруға  ерекше  көңіл  бөледі.  Ер  адамдардың  əйел  сияқ ты 

қазан жағалап, отбасы, ошақ қасынан шықпауын ұнатпайды. Ын жық, 

маубас,  арсыз,  жалқау,  дəрменсіз,  қорқақ,  жігерсіз,  ауыз  ба ғып,  аяқ 

аңдитын  өсекші  еркектерді  «қатын  сияқты»  деп  қатты  жек  кө ре ді. 

Тіпті оларды еркек, ер азамат санатына қоспайды. Сол себепті, «ер-

лі гі жоқ еркектен – қажырлы қатын артық» деп, перзенттеріне ер кек-

тік  даралық,  еркектік  салауат,  еркектік  қадір-қасиет  туралы  мұқият, 

жан-жақты  тəрбие  жүргізе  бастайды.  Нақтылай  айтқанда,  əрбір  от-

басы  барлық  еркек  кіндікті  перзенттеріне:  ер  азаматқа  лайық  ірі лік, 

ер лік,  қажыр-қайрат,  адамгершілік,  уəде-антқа  берік  болу,  бір  сөз ді 

болу,  Отаны  мен  халқына  адал  қызмет  ету  жəне  оны  басын  бəй ге ге 

тіге  отырып  қорғау,  ұсақшылдық  пен  дүниеқорлықтан,  жал қау лық 

пен қорқақтықтан, сыпсың сөз бен сумақы қылықтан аулақ болу ер-

кек  тік  қасиеттің  басты  белгілері  деп  ұғындырады.  Сондай-ақ,  əрбір 

азамат кəмелетке толған соң, жар құшып, отау көтеру, артына тəр бие-

лі, үлгі-өнегелі ұрпақ қалдыру, өз отбасынан бастап, күллі ел-жұр ты 

мен халқына қорған болу, қиын-қыстау сəттерде атойлап алға шы ғып, 

елін, жерін қорғау, қажет болғанда ел мүддесі үшін қыршын жанын 

қию – əрбір ер азаматтың азаматтық жəне адамдық парызы екен ді гі 

құ лақ та ры на құйылып, көкейлеріне ұялатылады. Ал, қор қақ тық, ын-

жық тық,  қазан-ошақ  аңдушылық,  жалқаулық,  ұсақтық,  ел  мен  же рі-

нің,  Отаны  мен  халқының,  сондай-ақ,  отбасы  мен  бала-ша ға сы ның 

ар-намысын  таптауға  жол  беру  еркек  атына  дақ  салатын  өте  нашар 

намыссыздық қылық екендігін айқын түсіндіріп, ұрпақтарын жастай-

ынан тамаша еркектік қадір-қасиет қалыптастыруға жебеп отырады. 

Сонымен бірге, ə десе, мə деп кек алу, кім көрінгенге əлімжеттік іс теу, 

орынсыз  жанжал  шығарып,  төбелес  тудыру,  əйелдер  мен  қыз дар ды 

қорлау, басыну, аяқ асты ету сияқтылар ерлік емес, есерлік, на дан дық, 

пасықтық қылық болатындығын ерекше ескертіп, перзенттеріне: «ер, 


213

213


еркек, ер азамат» деген елдің тірегі, ел мен жердің қорғаны, отбасы 

мен  қоғамның  ұйтқысы,  бақыт-байлықтың  бастауы  екендігін  жанды 

мысал, нақты дəлелдер арқылы айқын ұғындырып отырған.

Бұл  тəрбиенің  де  ғылыми  мəні  терең.  Ол  ұрпақтарды,  əсіресе  ер 

балаларды ерлікке, өз отбасы мен Отан жəне халық алдында жа уап-

кер лік, жанашырлық тұрғыда болудай тамаша мінез-құлық қа лып тас-

ты ру ға баулиды. Сондай-ақ, ұлы мұрат, асқақ арман орнатуға, ең бек-

шіл,  ержүрек  азамат  болуға  жігерлендіреді.  Ынжықтық,  қор қақ тық, 

намыссыздық сияқты жағымсыз жаман қылықтардан бойларын ау лақ 

ұс тау ға дағдыландырады.



ƏЙЕЛДІК ҚАДІР-ҚАСИЕТ ТƏРБИЕСІ

Ә

йелдік  қадір-қасиет  тəрбиесінде  тəрбиелі  ата-аналар  қыз да ры-



на: əйелдік қадір-қасиет адамгершілігімен, əдептілігімен, ақыл ды лы-

ғы мен, арлылығымен, мейірімділігімен, кеңпейілді, ке ші рім ді лі гі мен 

əй гі ле не ді, «əйелді сүйіктіге айналдыратын – ар мен ұяты», «еркек мі-

нез ді əйелден, əйел мінезді еркектен без», «əйел көркі – жақ сы мі не зі 

мен жарасымды қылығында», «жақсы əйел – жатты дос қы ла ды, жаман 

əйел – жақынды өш қылады» деп, əжелер мен аналар қыз балалары ес 

біл ген нен тартып оларға қатаң талап қойып, əйелдік қадір-қа сиет де-

ген əдеп-иба, ар-ұят, бауырмашылдық, ме йі рім ді лік, қа   йы рым ды лық, 

кеңпейілді, кешірімділік, қормалдық, адал дық пен пəк  тік, нə зік тік пен 

биязылық,  қиындық  атаулыны  алымды  ақыл,  тəт ті  тіл,  жа ғым ды  іс-

қимылмен жеңушілік, ұрпақтары мен ер азаматтарына мейір-шапағат 

бағыштаушылық, тəлім-тəрбие мен үлгі-өне ге нің, сон дай-ақ, береке-

бірліктің ұйтқысы болушылық, Отаны мен хал  қы  на, отбасы мен жа-

рына деген шексіз сүйіспеншілік деп ұғындырады. Ондай қа сие ті жоқ 

əйелді  əйел  санатына  қоспайды.  Тіпті  əйелдік  қа дір-қа сие ті  жоқты, 

ана деген ардақты атқа лайық адам емес деп есеп  тейді. 

Қазақ халқы əйел тəрбиесіне ерекше мəн беріп, əйелдік қадір-қа-

сиет ті өте жоғары бағалайды. Дөрекі қылықты, дөң мінезді əйел дер ді 

қатты  жек  көреді.  Тіпті,  «əйелше  сөйлеген  еркекте  қуат  жоқ,  еркек-

ше сөйлеген əйелде ұят жоқ» деп, əйелдердің еркекше сөй ле уі нің өзін 



214

214


ұятсыздыққа,  тəрбиесіздікке  санаған.  «Абысын  тату  болса  –  ас  көп, 

ағайын тату болса – ат көп», «ағайынды ашты қылатын да, тəт ті қы-

ла тын да – əйел», «тəрбиелі əйел көп болса – ел ынтымақты болады» 

деген халық даналықтарын қыздарының құлақтарына құ йып, кө кей-

ле рі не ұялатып, өз отбасыларынан бастап, туыс-туған, ел-жұрт, ауыл-

аймақ арасында татулық дəнекері, береке-бірлік ұйтқысы, барша адам 

баласының қормалы болу – нағыз əйелдік міндет, ана лық парыз екен-

дігін  егжей-тегжейлі  ұғындырып,  арсыздық,  ұят сыз дық,  дө ре кі лік, 

бейшаралық,  бетбақтық,  күндестік,  қызаншақтық,  сондай-ақ,  кү йе-

уі нің көзіне шөп салып, ішімдік-шегімдікке берілу, арын, тə нін сату, 

өтірік-өсек айтып, ұрлық істеу, өз ері мен ер азаматтарды қор лау жəне 

оларға қол, тіл тигізу, ата-аналарының ризалығынсыз кү йеу ге қашу, 

ұрпақ  тəрбиесінде  жауапкерсіздік  істеу,  ата-енесін  сыйламау,  туыс-

туған,  ел-жұрт  арасына  ірткі  салу  секілді  жаман,  жат  қы лық тар дың 

барлығы əйелдік қадір-қасиет пен «əйел, ана» деген ар дақ ты атқа дақ 

са ла тын ды ғын жанды мысалдар арқылы мұқият тү сін ді ріп оты рады. 

Бұл  тəрбие  əйелдер  мен  қыздарды  əртүрлі  жағымсыз,  жаман  қы-

лық тар дан шектеп, оларды адамгершілікке, ізгілікке, мейірімділікке, 

қа йы рым ды лық қа, жанашырлыққа, сондай-ақ, мəдениеттілікке баули-

ды. Адамдардың терең сүйіспеншілігіне ие етіп, қоғамдық қарым-қа-

ты на сын  жақсартады.  Жұрт  ортасындағы  беделі  жоғарылап,  ха лық-

тың қа дір-құрметіне бөлейді. Көркем болашақ, тыныш орта жа ра ту ға 

жебейді.

«БЕС СЕРІК» ТАБУҒА БАУЛУ

Қ

азақ отбасы тəлімінде ер адамдардың сегіз қырлы, бір сырлы, 



сондай-ақ, ат-көлік, қару-жарағы толық, аты-затына сай ер азамат бо-

луына  ерекше  мəн  берілген,  яғни,  ат  жалын  тартып  мінген  əрбір  ер 

азамат мынадай «бес серік» табу керек деп қараған.

1.  Өнер-ғылым,  үлгі-тағылым  табу.  Яғни,  барлық  өнерді  жетік 



мең гер ген, қандайда жұмыстың қажетінен шыға алатын нағыз се гіз 

қырлы, бір сырлы жігіт болу.

2.  Адамгершілігі  жоғары,  адал  да  ақылды,  іскер  де  ісшең  жар 



табу. Ақылына көркі сай, адал да арлы жар ер жігіттің жігерін та-

215

215


сытып, мерейін өсіріп, өмірге деген құштарлығын арттырады. Тат-

қа нын тəтті, еңбегін сəтті етеді. Ал, жаман əйел жігітті қор, ең-

бе гін сор қылады.

3. Астына мінер тұлпары (аты) болу. Астындағы аты өзіне сай 



болмаған жігіт өкініште қалады. Ер сыналар сəттерде қуса жете 

алмай сағы сынып, меселдесі қайтады. Қашса құтыла алмай, жігері 

құм болады. «Жаман ат мінгеннен – жаяуым тыныш, жаман қатын 

ал ған нан – бойдағым тыныш» деген сөз содан қалған.

4. Шымыр дене, шыңдалған ақыл-айласы болу. Шымыр дене мен 



күш-қуат, ақыл-айла – жаумен айқасқанда ер жігіттің мерейін үс-

тем етеді. Қас жауыңды қас қағымда табаныңа салады. Еңбегіңді 

жемісті, шаруаңды келісті етеді.

5. Қару-жарағы сай болу, яғни, ер қаруы бес қарудан тартып, əр-



түр лі  шаруашылыққа  қажетті  құрал-сайман,  ат-əбзелдері  толық 

болу. Міне, бұлар ер жігітке өмірлік серік болады деп ұғындырады.

Бұл тəрбие ұрпақтардың үйренуге, ізденуге деген белсенділігін жо -

ға ры ла тып,  өнер-білімге  деген  ынта-ықыласын  күшейтеді.  Пер зент-

тер ді  талғампаздыққа,  мұқияттылыққа,  ізденгіштікке  баулиды.  Жас-

өс пі рім дер дің  денелерін  шыңдап,  шынықтырып,  түрлі  ауру-сыр қау-

лар ға  қарсылық  қуаттарын  арттырып,  сау  денелі,  тепсе  темір  үзе тін 

атпал азамат болып өсіп-жетілуіне мүмкіндік жасайды.

ҚЫЗДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ШАРТТАР

МЕН ТАЛАПТАР

Қ

азақ халқы қыздарына мораль, мұрат, адамгершілік, ар-намыс 



тəрбиесін  егжей-тегжейлі  жүргізумен  бірге,  қыздары  есейіп,  оң  мен 

солын тани бастағанда оларға он түрлі талап қойып, мынадай үш се рік 

табу шарт деп қараған.

1. Сарқылмас ақыл-білім, мол үлгі-тағылым табу. Себебі, қыз ба-



ла лар дың дене қуаты мен жаратылысы біршама əлсіз əрі нəзік бо ла-

тын дық тан, қатты-қайырым істерге икемсіздеу келеді. Сондай кез-

де білім мен ақыл-айла, үлгі-тағылымы мол болса, қандайда болсын 

істі  ебін  тауып  жөнге  салып,  отбасын  қуанышқа  бөлеп,  ел-жұрт-

216

216


тың сый-құрметі мен алқауына ие болады. «Тəлімді ана, тəрбиелі ке-

лін» атанады.

2.  Өшпейтін,  өлмейтін  өнер  табу.  Сондай-ақ,  үй  ұстап,  бала 



тəр бие леу ді, тон пішіп, кесте тігуді, əртүрлі ас-тағам мен сусын 

əзір леу ді, қонақ қабылдап, мейман күтуді, т.б. жетік меңгеру. Өнер 

мен  іскерлік – əйел  затының  қадір-қасиетін  арттыратын  бағалы 

байлық.

3. Жақсы жар табу. Жақсы жар – болашақ отбасының ұйт қы сы, 



тату-тəтті отбасын құрып, бақыт-байлыққа қол жет кі зіп, ұла ғат-

ты ұрпақ тəрбиелеудің кілті. Сол себепті, қазақ қыздары жар таңдау 

ісіне ерекше көңіл бөлген. «Жар таңдауда жаза басқан қыз жазылмас 

дертке  жолығады,  басынан  уайым-қайғы  арылмайды»  деп,  бо ла шақ 

жар  таңдау  ісіне  өскелең  адамгершілік  жауапкершілікпен  қа рау ға 

дағдыландырған əрі қыздарына мынадай он талап қойған:

1. Əдепті, ибалы болу.

2. Ар-ұжданы пəк болу.

3. Мейір-шапағатты болу.

4. Кеңпейілді, кешірімді болу.

5. Ақыл-парасатты болу.

6. Сабыр-тақатты болу.

7. Адал, ақжарқын болу.

8. Моральді, мұратты болу.

9. Өжет, батыл болу.

10. Ұятты, намысты болу.

Бұл тəрбие қыз балаларды мол өнер-ғылым үйренуге, адал, арлы, 

əдепті, ибалы, мейір-шапағатты, кеңпейілді, кешірімді, моральді, мұ-

рат ты  болуға  дағдыландырады.  Махаббат  пен  некеге  өскелең  адам-

гер ші лік деңгейде қарауға баулиды. Пəктікке, адалдыққа, арлылыққа 

жетелейді. 



217

217


ҚЫЗДАРҒА ТАТУ-ТƏТТІ ОТБАСЫ ҚҰРУ

ТƏРБИЕСІН ЖҮРГІЗУ

Ә

детте, оңаша отау тігіп немесе қыздарын оң босағаға отыр ғыз-



ған  соң,  шешелері  қыздарына  тəрбиелі  ана,  тату-тəтті,  үлгі-өне ге лі 

отбасын құру тəрбиесін жүргізе бастайды, яғни, қыздарына отбасы – 

ба қыт-байлық ошағы, адамзаттың өсіп-өркендеп, тəлім-тəрбие алатын 

қа сиет ті ұясы, ал, əйел сол қасиетті ұяның алтын тірегі, құт-берекесі, 

көр кі екендігін түсіндіреді. 

Бұл  тəрбиеде,  білікті  ата-аналар  қыз  баланың  болашақ  ана,  от ба-

сы ның ұйтқысы екендігі, қыз бойжеткен соң, жар сүйіп, құт-бе ре ке-

лі отау ұстап, перзент көріп, оларды жақсы тəрбиелеп, ұр пақ та ры ның 

шат-шадыман алаңсыз өсіп-жетілуіне тамаша шарт-жағ дай жаратып, 

ана тілі мен ұлттық салт-дəстүріне қандырып өсіруі ана лық үл кен па-

рыз  екендігін  мұқият  ұғындырады.  Сондай-ақ,  ер  азаматтарын,  əсі-

ресе,  өзінің  күйеуін  қадірлеп,  құрметтеп,  сыйлап,  шынайы  кү йі ніп, 

əрбір  істі  жылы  сөз,  тəтті  қылық,  жайдары  мінезімен  жөн ге  салып, 

күйеуінің барлық ісіне көмектесуге əзір тұру əйелдік мін дет екенді-

гін  құлақтарына  құйып,  жүректеріне  ұялатып,  күйеуі  тарылса,  əйелі 

кең  болуға;  қайғырып-мұңайса  жұбатып,  ашуланса  ке  ші рім ді  болу-

ға;  отбасының  түрлі  кикілжіңдерін  жақсы  мінез,  жағымды  қы лық, 

ақыл-парасатымен  жөнге  салып,  отбасын  береке-бірлік  пен  та ту  лық 

ошағына айналдырып, болашақта жақсы ана, нағыз əйел бо лу ға бау-

лып отырған.

Қазақ  халқы  тату-тəтті  отбасы  құруда  əйел  негізгі  орында  тұ ра-

ды деп қараған əрі əйелсіз үйді үй санатына қоспаған. Əйелсіз қырық 

еркек бірігіп үй ұстаса да, еркексіз қырық əйел бірігіп үй ұстаса да, 

ол аты затына сай отбасы саналмаған, қайта бір ер, бір əйел жұп та-

сып жұбай болғанда ғана кемелді отбасы есептелген. Сондықтан əйел 

болған əр адам өзінің жылы сөз, жан сүйінтер жағымды қылығымен 

отбасы мүшелерін өзіне баурап, жылуы мол, береке-бірлігі берік жан-

ұя ұстауға, күйеуі мен ата-енесін құрметтеп, туыс-туғандарымен сыр-

ласып,  сыйласып,  артық-кемін  кешіріп,  барша  адамға  жана шыр лық 

көрсетіп, жақындық танытып отыруға, көңілді кең ұстап, күбір-кү бір, 



218

218


сыбыр-сыбыр  өсек-аяңға  құлақ  түрмеуге,  алыс-беріс,  барыс-ке ліс те 

қолы ашық, ырықты, белсенді болуға; қиындықты отбасы мү ше ле рі-

мен тең көтеруге, келелі істерде күйеуі жəне ата-ене, бауыр-туыстары-

мен ақылдасып, кеңесіп отыруға; отбасы мүшелеріне, əсіресе, кү йе уі-

не  айтпай  орынсыз  қыдырудан,  шектен  тыс  жасанып-сыланудан  ау-

лақ болып, үйге келген қонақты жылы шыраймен қарсы алып, ашық-

шашық жүруден, бөгде адамдар мен бөтен жынысты адамдар алдында 

омырауын  ашық-шашық  қоя  беріп  бала  емізуден,  кісі  отырғанда  үй 

сыпырудан,  баласына  ұрысып,  күйеуімен  шармаяқтасудан  ерекше 

сақ болып, қашанда əдепті, ибалы болып, адамгершіліктен атта мау ға 

тəрбиелеп отырған.

Бұл  тəрбиенің  ғылыми  мəні  мен  тəрбиелік  құны  өте  жоғары.  Ол 

əйел дер  мен  қыздарды  адамгершілікке,  ізгілікке,  адалдыққа,  əдеп ті-

лік ке, арлылыққа, ибалылыққа дағдыландырып, мұратты, мə де ниет ті, 

тəр тіп ті, үлгі-өнегелі отбасын құруға, «əйел, ана» деген қасиетті атты 

қас тер леу ге жəне оған кір келтіріп, дақ түсірмеуге баулиды. Сондай-

ақ, ерлері мен ер азаматтарын құрметтеп, ардақтап сыйлайтын тамаша 

əдет қалыптастыруға дағдыландырады. Адам баласы мен отбасы мү-

ше ле рі не деген жауапкершілік майданы мен сүйіспеншілігін арттыра-

ды. Отбасы тыныш, көңілді, береке-бірлікті болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет