Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



Pdf көрінісі
бет22/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50

ҚАЙЫН ІНІ, БАЛДЫЗ ЖƏНЕ ЖЕЗДЕЛЕР

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

Қ

айын іні мен балдыздар жезделерімен аға-інілік жəне аға-қа-



рын дас тық байланыста болады. Алайда, балдыздар мен қайын інілер 

жезделеріне  емін-еркін  əзіл-қалжың  айтып,  ерекше  қатты  ойнайды 

əрі аға деп құрметтейді. Өзара атысып-қағысып, ойнап-кү ліп, құд ды 

аға-бауырлардай  тату-тəтті  болады.  Жезделеріне  өзгелерге  айт па ған 

жүрек  сырларын  айтып,  болашақ  жар  таңдап,  қалыңдық  табу  іс те-

рін де  ақыл-кеңес  пен  көмек  сұрайды.  Қайын  іні,  жезделер  бір  ара ға 

бас  қосқанда  əзіл-қалжың  қызып,  ойын-күлкі  түрленіп,  бүкіл  ауыл-

ды дыр-думанға бөлейді. Олар бір-біріне айтқан əзілдері мен қан дай 



241

241


ойын дарына болсын шамданбайды. Бір-біріне тіл жəне қол ти гіз бей ді. 

Қай  та  шешен  сөз,  шебер  ойындары  арқылы  бір-біріне  төтеп  беруге 

тырысады.  Қандай  əзіл-қалжың  мен  ойынды  болсын,  қабақ  шытпай 

қар сы алады.

Жезделер де қайын інілері мен балдыздарын өз іні-қа  рын  да с  та  рын-

дай көріп, əзіл-қалжыңын айтып, көңілдерін көтеріп, ақыл-ке  ңес  те   рін 

беріп желпіндіріп, жігерлендіріп отырады. Тіпті, өз іні-қа  рын  дас  та ры-

на айтпаған сырлары мен жырларын айтып, бал дыз да ры ның жар таң-

дап,  қалыңдық  іздеу  істеріне  ақыл-кеңес  беріп,  кө мек  көр  се  тіп,  жол 

нұс қап отырады. Балдыздарына адам гер ші лік ке жат жаман қы  лық іс-

те мей ді,  құдды  аға-бауырлардай  сырласып,  сыйласып,  ойнап-кү ліп, 

кө ңіл көтеріп, адамдық өмірге сəн беріп өтеді.



БАЖАЛАР 

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

Қ

азақта «бажаны бажа көрсе басы қышиды» деген тəмсіл бар. 



Бұл бажалардың өте тату болатындығын, бір-біріне жанасқысы, жа-

қын да ғы сы  келіп  тұратындығын  білдіреді.  Расында  бажалар  өзара 

сыйлас,  сырлас,  жүректес,  тілектес  болады.  Бір-бірін  аға-іні лер дей 

сыйлап,  құрметтеп,  бар  болса  беріп,  жоқ  болса  алып,  «сіз,  біз»  деп 

өтеді. 

Бажалар  қарым-қатынасы  жол  бойынша  əрі  құда-жегжаттық,  əрі 



туыстық байланыс болады да, бажаның үлкені – аға, кішілері – іні ор-

нында өзара қарым-қатынас жасап, бір-бірлеріне қол ұштарын бе ріп, 

өзара көмектесіп, алысып, берісіп, бір-бірінің ашына айналып, то ғы на 

толғанып, адамдық өмірді «сен, мен» деспей тату-тəтті өткізеді.

Қорытып айтқанда, қазақ халқы туыстық қарым-қатынас тəр бие-

сін  де  өзге  тəрбиелер  секілді  мұқият,  егжей-тегжейлі  жүргізіп,  ұр-

пақ тар дың адамдық өмірді адамгершілік жол-жосын, салт-дəстүр не-

гі зін де  мəн-мағыналы,  тату-тəтті,  береке-бірлікті  өткізіп,  əдеп-иба, 

ар-ұят, кі сі лік, кішілік істерінде өзгелерге үлгі-өнеге болуға баулып 

отырған.


242

242


ТІЛДІ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАУ САЛТЫ

Қ

азақ халқы: «Өнер алды – қызыл тіл» деп, тілді барша өнер-



ден жоғары қойып, оны бір ұлттың құрып-жоғалуы мен көр ке йіп-гүл-

де нуі не қатысты өте келелі мəселе ретінде қараған. Қа зақ ұғы мын да, 

тіл  болмаса  адамдар  өзара  пікір  алмастырып,  сырласып-сұх бат та са 

алмайды. Барыс-келіс, алыс-беріс жасау қиынға соғады. Тіл – дос тық 

пен береке-бірліктің дəнекері.

«Өзге тілді білу жақсы іс, ал, өз тілін ұмыту – кешірілмес қыл мыс», 

«Жер  бетінен  өздігінен  құрып-жоғалайын  деген  халық  бірінші  –  ті-

лін;  екінші  –  ділін  (сенімін),  үшінші  –  рухы  мен  намысын  жо ғал та-

ды», «Өз тілін ұмытқан ұрпақтан опа күтпе», «кім ана тіліне мұрын 

шү йір се – сол бұзық», себебі, тілге опасыздық – туған халқына (ана-

сына) опасыздық; ана тіліне мұрын шүйіру – анасына (туған хал қы-

на) мұрын шүйіру, «Өзге тілді пір тұтып, ана тілін қор санау – на ғыз 

мəңгүрттік»  деп  біледі.  Мұның  мəні  –  шен-шекпен,  атақ-даңқ  неме-

се жан бағыс үшін өзге тілге табынып, өз ана тілін жою – өз хал қын 

жой ған дық, өз халқын жою – оның болашағын, тіпті, адамзат мə де-

ние ті нің бір бөлшегін жойған шектен асқан бұзықтық дегені. Сол се-

беп ті, қазақ халқы: «Өнер алды – қызыл тіл» деп, ана тілін ар дақ тап, 

оны таза сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отыруды өте игі лік-

ті  іс,  туған  халқына  деген  адалдық  пен  құрмет,  адамзат  мə де ние ті-

не  қосқан  өлмес-өшпес  үлес  деп  бағалаған.  Демек,  қазақ  халқы  ана 

тілін ұмытқандық – туған халқын ұмытқандық, ана тіліне нем құ рай лы 

қарағандық – туған халқының болашағына немқұрайлы қа ра ған дық, 

ана  тілін  менсінбеушілік  –  туған  халқын  менсінбеушілік,  ана  ті лін 

қорлағандық  –  туған  халқының  ар-намысын  қорлағандық  деп  бі ле-

ді. Міне, қазақ халқы тілге осындай биік деңгейде мəн бер ген дік тен, 

оның тілі ғасырлар бойы ешқандай өзгеріске, ала-құлалыққа түс пей, 

таза сақталып келген.

ҚОНАҚАСЫ БЕРУ САЛТЫ

С

ыйлы қонақтарға мал сойып қонақасы береді. Алайда, мал со-



йып,  қонақасы  берудің  өзіндік  үлгісі  мен  жөн-жосығы  бар.  Əдетте, 

243

243


келген қонаққа жасына, жолына, ел ортасындағы бет-беделіне, сала-

уатына қарай мал сойып күтеді. Бұл «қонақасы» делінеді. Онда, қо-

нақ  саны  оннан  аспаса,  бір  семіз  марқа,  жиырма  болса,  бір  қой,  бір 

мар қа,  отыздан  асса,  бір  тай,  қырықтан  асса,  бір  жылқы  немесе  бір 

сиыр сойып, қонақасы береді. Бұл жетерлік мал-дəулеті бар адамдарға 

қа ра тыл ған. Алайда, ерекше сыйлы қонақтар мен ел-жұрт қадірлеген 

бі лік ті кісілердің бір басына бір тай сойып та беретіні тағы бар.

Қазақ  дəстүрінде,  қонақ  күтіп,  кісі  сыйлау  –  барша  қазақ  ұр пақ-

та ры ның  міндетті  түрде  алатын  үлкен  тəлім-тəрбиесінің  бірі.  Қонақ 

кү тіп, кісі сыйлауды білмеген бала «көргенсіз, тəрбиесіз, тіпті тексіз» 

деген сөгіске қалады. Сондықтан да, қазақтың отбасы тəрбиесі қо нақ 

кү тіп, қонақасы беруді міндетті түрде дəріптейді. «Сыйға – сый, сы-

ра ға – бал» деп, қарсы жағын сыйлаған адам өзі де сондай сый-құр-

мет ке ие болады. Сондай-ақ, түрлі қоғамдық қатынаста қарсы жа ғы-

ның  құр ме ті  мен  сеніміне  бөленіп,  екі  жақ  ұзақ  уақыт  бейбіт  қатар 

тұ  рып, бір-біріне пайдасын тигізеді. Тіпті, ауыл мен ауыл, ру мен ру, 

ұлт пен ұлт, ұлыс пен ұлыс ұзақ уақыт тату-тəтті өмір кешіп, достық 

барыс-ке ліс те үлкен сенімге ие болады. Отбасының, рудың, ауылдың, 

тіп ті бір ұлттың тамаша образы орнатылады, тіктеледі. Қонақ күт кен-

де шыны-аяқты шақырлатпайды, адамдардың шыны-аяғын бір-бі рі не 

ауыс тырмай алып береді. Тамақ алуға қонағын жиі-жиі қузап отыра-

ды.  Міне,  бұл  қонағының  көңіл  күйін  орнықтырып,  қонағын  құд  ды 

өз отбасында отырғандай сезімге бөлейді. Халқымыздың осындай қо-

нақ шыл қасиеті қоғамдық қарым-қатынасты кеңейтіп, адамдарды із гі-

лік ке, татулыққа, достыққа, береке-бірлікке жетелейді.

ТҮСТІК БЕРУ

Қ

онақшыл да меймандос қазақ халқы ұзақ жерден келіп, үйі не 



қонған қонаққа «қонақасы» берсе, ал жақын, түстік жерден ке ліп не-

месе алыстан келсе де қонбай кететін сыйлы қонақтарға күн діз со йып 

беретін мал мен арнаулы асып, жасап беретін тамақты «түс тік беру» 

немесе «түстік» деп атайды.



244

244


Үйге  келген  кісілерге  түстік  беру  адамдардың  бір-біріне  деген 

достық сүйіспеншілігін арттырады. Адамдарды ізгі ниетті, қо нақ шыл, 

жомарт болуға дағдыландырады. Адамдық барыс-келіс, алыс-бе ріс те-

рін  нығайтып,  жауапкерлік  жəне  борыштылық  сезімдерін  кү шей тіп, 

қоғамдық қарым-қатынастарын жақсартады. Достықтарын ны ғай тып, 

өрістерін кеңейтеді.



БАЛАЛАРҒА ҚҰЛАҚ, КӨЗ, ТІЛ, ТАҢДАЙ БЕРУ

Қ

азақ салтында, өздеріне қойдың басын тартқан ақсақалдар мен 



қой-ешкінің басын мұжыған үлкен кісілер балаларға игі мақ сат пен құ-

лақ, көз, таңдай, тіл береді.



Құлақ беру

Б

ата  жасап,  бас  кескен  қариялар,  алдымен,  бастың  езуінен  бір 



кесіп  алып  өзі  ауыз  тиген  соң,  бастың  оң  жақ  құлағын  кесіп  алып, 

үйдегі жасы ең кіші балалардың біріне: «Мə, балам, құйма құлақ бол, 

сөз тыңда, үлкендердің лебізін жерге тастамайтын жақсы азамат бол!» 

деп береді. Міне, бұл «құлақ беру» деп аталады.

Қариялардың  балаларға  құлақ  кесіп  беруінің  үлкен  тəлім-тəр бие-

лік жəне ғылыми мəні бар. Яғни, жасынан қариялардың қолынан құ-

лақ жеп, өсиеттерін тыңдап өскен бала үлкенді сыйлап, кішіні аялай-

тын, сөз тыңдап, сөз қадірін түсінетін, ақылды, білімді азамат болып 

есейеді. Əдепті, ибалы болуға дағдыланады.

Көз жегізу

Ә

детте  білікті,  тəрбиелі  үлкен  кісілер  бас  мұжығанда  «кө ре ген 



болсын, əділ болсын» деген ниетпен, бастың екі көзін алып, өзі қа ла-

ған балалардың біріне: «Мə, балам! Көреген көсем бол, қара  қыл  ды 

қақ жарар əділ бол, халқыңа алаламай тең қара!» деп оған беріп же гі-

зе ді. Міне, бұл «көз жегізу» делінеді. Қазақ халқы екі көзді бір адам ға 



245

245


береді.  Екі  көзді  екі  адамға  берсе,  алакөз  болады  немесе  əділ дік тен 

тайып, бұра тартады деп қарайды.

Көзді  үлкендерден  игі  тілек  тыңдап  отырып  жеген  бала  қырағы, 

сергек,  көреген,  халыққа  тең  мəміле  жасайтын  турашыл,  əділ  адам 

болып жетілуге тырысады. Сондай-ақ, өзіне жан-жақты талап қо йып, 

халықтың үміт-тілегін ақтауға құлшынатын ізгі ниетті азамат болып 

есейеді.

Тіл жегізу

Ә

детте,  көреген  қариялар  мен  тəлімгер  əжелер  тілдің  ұшын 



«дұшпанның тілі кесілсін» деген ниетпен кесіп тастап, онан соң «ай-

тар сөзі көмекейіне кептеліп қалмайтын шешен болсын» деген ниет-

пен көмекейін тілден бөліп алып, тілді-жақты болсын деген бір ба ла-

ға: «Мə, балам, үлкендердің тілін ал, жезтаңдай шешен бол!» деп тіл ді 

беріп жегізеді. Міне, бұл «тіл жегізу» деп аталады.

Тіл жеген бала ата-ана мен үлкендерге, халыққа жағуға, жа қын дау-

ға тырысады. Өзгелермен оңай тіл табысып, қоғамдық қарым-қа ты на-

сын нығайтып, досын көбейтіп, өрісін кеңейтеді. Көпшіл, ха лық шыл, 

əдепті, ибалы, мұратты адам болып өсіп жетілуге құлшынады.

Таңдай беру

Қ

азақ  салтында,  қойдың  басын  мұжып  отырған  үлкен  кі сі лер 



бастың таңдайын алып, қатты қабыршағын аршып, онан соң, оны өзі 

қа ла ған бір баланың алақанын аштырып қойып: «Шешен бол! Бұл бұл 

кө мей, жез таңдай əнші бол!» деп, таңдайды алақанына ұрып бе ре ді. 

Сол кезде оны бала шап беріп ұстап алса, онда сол бала ерекше ше-

шен,  əнші,  жыршы  болады  деп  есептейді.  Міне,  бұл  «таңдай  беру» 

деп аталады.

Балаларға таңдай берудің де өзіндік мəн-мағынасы мен ғылыми не-

гі зі бар, яғни, ол балалардың тіл өнері мен əн-жырға деген ынта-ықы-

ла сын  арттырып,  олардың  көкіректеріне  жастайынан  «əнші  болсам, 

жыршы болсам, ақын болсам екен» дейтін арман-тілек ұялатып, есей-



246

246


генде ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермес шешен, əнші, жыршы, ақын 

болып шығуына үлкен мүмкіндік жасайды.



ҚОНАҚТАРҒА МАЛ СОЮ

Қ

азақ халқы сыйлы қонақтарға міндетті түрде мал сойып бе ріп 



күтеді. Алайда, малды қалай болса солай соя бермейді. Мал сою дың 

да өзіндік жол-жосыны бар. Мысалы, союға дені сау, семіз, қы сы рын 

таңдайды. Буаз, арық-тұрақ, кем-кетік малды қонаққа соймайды. Егер 

мал  таңертеңгі  өріске  шықпай  союға  тура  келсе,  онда,  сойылатын 

малды  алдымен  суарып  немесе  аузына  шөп  қыстырып  бауыздайды. 

Өтпейтін  пышақпен  бауыздап  жанын  қинамайды.  Соятын  мал дың 

төрт аяғын мықтап байлап, онан соң, басын құбылаға қа  ра тып: «Біс-

міл лə,  Аллаhуакбар»  деп  бауыздайды.  «Бісміллə»  айтылмай  ба уыз-

дал ған, өздігінен өлген (арам өлген), ауырып, буынып, құлап, ула нып 

өл ген жəне бөгде діндегілер бауыздаған малдың етін «арам» деп, же-

мейді.

Қазақ  халқы  əйелдер  мен  қыздарға  мал  бауыздатпайды.  Себебі, 



əйел – ана. Ол кіршіксіз мейір-шапағат иесі, қатыгездік пен қан тө гіс 

əйел дер үшін жат қылық деп есептейді. Алайда, ауылда бір мал құ лап, 

буынып немесе жылан шағып, оған табан астында өлу қау пі туылып, 

оны  бауыздайтын  еркек  кіндікті  болмаса,  онда  əйелдер  дə рет  алып, 

онан соң, алдына көлденең бақан (ағаш) тастап немесе ба қан ға мініп 

тұрып:  «Бісміллə,  Аллаhуакбар»  деп,  өлгелі  жатқан  малды  бауызда-

уына  болады.  Бұл  олардың  ешқандай  қатігездік  пен  қан тө гіс ке  бар-

маймын, амалсыздықтан осындай іске барып отырмын, оған алдымда 

жатқан мына бақан куə дегені.

ҚОНАҚҚА БАС ТАРТУ САЛТЫ

Ү

йіне келген сыйлы қонақтарға мал сойып, оның басын тарту қа-



зақ халқының ең жоғары сыйы болып есептелінеді. Бұл келген қо на-

ғы на: «Сізден мал-жанымды аямаймын» деген шексіз адалдығы мен 

қо нақ шыл ды  ғын  білдіреді.  Алайда,  басты  қалай  болса  солай  тарта 


247

247


бе р мей ді. Оның да өзіндік жол-жосыны бар. Мысалы, қой сойса ба-

сын  əбден  үйтіп,  жағын  айырып  таза  жуып,  бауыздауындағы  без де-

рін əбден алып, езілтпей пісірген соң, ет жасағанда оның маң да йын 

тігінен  бір,  көлденеңінен  бір  тіліп,  табақтағы  жасаған  еттің  үс ті-

не қояды. Бұл «бастың жолын ашу» делінеді. Оның мəні: дүниенің 

қай  бұрышына  барсаң  да  жолың  ашық,  төрт  түлігің  сай  болсын  де-

ген дік.  Келген  қонақ  бастың  осы  белгісіне  қарап,  үй  иесінің  кі сі лі гі 

мен өзіне деген сый-құрметін бағалайды. Ал, басты табақтағы етпен 

бірге қонақтың алдына қоярда, бастың тұмсық жағын қонаққа қар сы 

қа ра тып  тұрып:  «Əумин!»  деп  бата  сұрайды.  Қонақ  батасын  берген 

соң, алдына қойған басты сол қолымен алып, бастың оң жақ езуі нен 

(малдың мінер жағы) бір кесіп алып өзі ауыз тиіп, онан соң, екі жа-

ғын да отырған табақтас екі адамға екі кесіп ауыз тидіріп, онан ке йін 

бастың  бір  құлағын  кесіп  алып:  «сөз  тыңдағыш,  құйма  құлақ  бол» 

деген  ниетпен  сол  үйде  отырған  балалардың  ең  кішісіне  береді  де, 

басты  үй  иесін  шақырып  қайтарып  береді.  Бұл  «сый-құрметіңе  рақ-

мет» деген мəнді білдіреді. Одан соң, жамбас пен жіліктің ет те рі нен 

біраз турап алып: «төр табақтан сыбаға» деп, үй иесінің əйелі неме-

се келініне жамбас пен жіліктің бірін ұсынады. Сыбаға ұсынған адам 

ата жолындағы қадірменді кісі немесе ата-енесі болса, онда, ке лін дер 

сəлем жасайды. Ал, ірі қараның басы болса, онда оның терісін сыпы-

рып, тұмсығын кесіп, қақ шекесінен бөліп пісірген соң, бата жа са ған 

адамға  (қонаққа)  оң  жақ  жарты  шекесін  тартады  (ірі  малдың  басын 

бітеу тарту көргенсіздік саналады). Қонақ оның оң жақ езуінен ке сіп 

өзі ауыз тиіп жəне екі жағында отырған екі табақтасына екі жа пы рақ 

кесіп ауыз тиген соң, үй иесіне қайтарып беру керек. Қо нақ тың тарт-

қан басты мұжып алуы тексіздік, тəрбиесіздік саналады. Тіп ті, ол үй 

иесіне «сенің жауыңмын» дегенді аңғартады.

Қазақ  салтында,  сыйлы  қонақ  өзінің  жол  серіктері  мен  ат қос шы-

ла ры  басқа  табақта  отырса,  оларға  өз  табағынан  ет-май  алып,  олар-

ға жəне өзімен дəмдес болып отырған басқа адамдарға да ет-май аса-

татын  дағды  бар.  Міне,  осылардың  барлығы  ұрпақтарға  бір-бір леп 

мұқият үйретіледі.


248

248


Сыйлы  қонақтарға  мал  сойып,  бас  тартудың  үлкен  ғылыми  мəні 

бар.  Қазақ  ұғымында:  бас  –  ерекше  қасиетті,  қастерлі  нəрсе,  адам 

өмір ге баспен келеді, бүкіл денені бас меңгереді, күллі жақсылық пен 

ақыл-парасат бастан шығады деп қарайды. Сондықтан да қазақ халқы 

қо нақ қа мал сойып, бас тартуды ең жоғары сый-құрмет санайды.

ЕТ АСАТУ ДАҒДЫСЫ

Қ

азақ  халқы  жомарттықты,  кеңпейілді-кешірімділікті  жақсы 



кө ріп, сараңдықты, кекшілдікті, өзімшілдікті, озбырлықты қатты жек 

кө ре ді. «Өле жегенше – бөле же» деп, бір дəн, бір ұрттам су болса да 

өз ге лер мен  ортақтасып  бөліп  жегенді  өте  жоғары  бағалайды.  «Жақ-

сы ның  шарапаты  мен  тамаша  қасиеттері  жұғады»  деп,  ертеде  ауыл 

азаматтары сондай өнер-білімді, үлгі-тағылымды, елге беделді, жұрт-

қа сыйлы қонақтар түскен үйлердің маңайында «дана кісілермен дəм-

дес боламыз, ет асаймыз» деп ойнап немесе үй иесіне қолғабыс көр-

се тіп маңайлап жүретін болған. Міне, осы дағдыны білетін көр ген ді, 

тəр бие лі кісілер, ет желініп, дастарқандағы адамдар тояттай бас та ған 

сəт те сыртта жүрген күтушілер мен «ет асаймыз, сарқыт жейміз» деп 

жүр ген ауыл азаматтарын үйге шақырып алып, шеттерінен ет-май аса-

тады, ақсақалдар сарқытын береді. Міне, бұл «ет асату, сарқыт беру» 

деп аталады.

ТӨРТ СИРАҚТЫ БІР ЖОЛДА 

АСУДЫ ШЕКТЕУ ЫРЫМЫ

Қ

азақ  халқының  барлық  іс-қимылының  өзіндік  жөн-жосығы, 



салт-дəстүрі, əдет-дағдысына сай мал сойып, ет пісіріп, оны табаққа 

салып  тартуына  дейін  өзіндік  тəртібі,  қалыптасқан  қағидасы  бар. 

Əдет те, қонаққа, тойға, түрлі қуанышты қимылдар мен игілікті іс тер-

ге сойылған малдың төрт сирағын бір жолда қазанға бір-ақ салып же-

мей ді. Тек үшеуін ғана етпен қосып асып, бір сирағын алып қалады. 

Оның мəні: «Əлі де басар жол, татар дəм, көрер қызық, асар шы ңым 

бар» дегені.


249

249


Ал, қаралы жиындар мен марқұм болған кісінің үші, жетісі, қыр-

қы жəне асына сойылған малдардың төрт сирағын бір жолда қа зан ға 

бір-ақ салып асады. Бұл: «Марқұмның татар дəмі, басар жолы, кө рер 

қызығы, асар шыңы таусылды, үміт-тілегі үзілді» дегеннен дерек бе-

реді.  Осы  себепті,  қазақ  халқы  төрт  сирақты  бір  жолда  бір-ақ  асып 

жемейді.


Бұл ырым ұрпақтарды адамгершілікке жетелеп, оларды қалай бол-

са  солай  азықтанып,  қалай  болса  солай  жүретін  тəртіпсіздік,  бей бе-

ре кет тік  сияқты  нашар  əдеттерден  тыйып,  адамдарды  ретті  болуға 

баулиды. Сондай-ақ, өмірлерінің соңына дейін ізденуге, үйренуге, ең-

бек ке ынталандырып, адал еңбек, ащы терлері арқылы адамзат үшін 

ба қыт-байлық жаратуға құлшындырады.



ТҮЗДЕ АЗЫҚТАНУ САЛТЫ

Қ

азақ халқы бір шəугім шайы мен қонақасыда еншілері бө лін-



бе ген  адамгершілігі  асқақ,  жомарт,  қонақшыл,  береке-бірлігі  бе рік 

ха лық болғандықтан, жолаушы жүріп, апталап-айлап сапар шеккенде 

де азық-түлік, көрпе-жастық алып жүрмейді. Олай істеуді өте əбес тік 

кө ре ді. Кез келген қазақ баласы қайда барса да кездескен ауыл ға тү сіп 

сусындап, азықтанып, құдды өз ауылы, өз үйінде жүр ген дей аунап-қу-

нап  кете  береді.  Сондықтан  да  жолаушы  жүріп,  сапар  шеккен  күллі 

қа зақ  «атымды  қайтемін,  асымды  қайтемін,  қайда  жатып,  қай да  тү-

ней мін» деп қам жемейді. Қонған жеріне жамбас ақы, тамақ ақы тө леп 

шы ғын далмайды.  Тіпті,  ондай  ақыны  жолаушы  берген  күн де  де  үй 

иесі оны алуды ерсі көреді, ондай істеуді адамгершілікке жат жаман 

қы лық санайды.

«Дəстүрің бай болса, көңілің жай болады» дегендей, салт-дəс түр ге 

бай, меймандос қазақ халқының түзде азықтануының да өзін дік үлгі-

өнегесі бар. Ертеде қазақ жолаушылары елсіз иен далада қарны ашып, 

шөлдесе, маңайынан «абылайша» қос көрінсе, сонда барып, үйде адам 

мейлі бар, мейлі жоқ болсын, ішке кіріп сусындап, тамақтанып атта-

нып кете берген. Ол ешқандай ерсілік саналмаған. Себебі, ата салты 

солай. Ал, «абылайша» кездеспеген жағдайда, кез келген жерде «қа ра-



250

250


лы үй» кездессе, «қарның ашса қаралы үйге шап» деп, сонда арнаулы 

ат басын бұрып, қаралы жандарға көңіл айтып, марқұм болған кі сі ге 

Құран бағыштап шай ішіп, азықтанып отырған, əрі ұлан-ғайыр дала 

өміріне жарасымды осы бір жақсы салтты ұрпақтар құлағына құ йып, 

көкейлеріне ұялатып, оны ғасырлар бойы жалғастырып келген.

Қазақ халқының түзде азықтану салтының үлкен ғылыми мəні бар. 

Ол  ұрпақтарды  адамгершілікке,  ізгілікке,  жомарттыққа,  қо нақ шыл-

дық қа, меймандостыққа баулиды. Адамдардың бір-біріне сү йіс пен ші-

лі гін, достығын, береке-бірлігін арттырып, қоғамдық қарым-қа ты на-

сын  кеңейтеді.  Жолаушылардың  қарны  ашып-шөлдегенде  та рық пай 

азықтанып, олардың түрлі ауру-сырқауларға жолығуының алдын ала-

ды. Адамдарды көпшіл, халықшыл, бауырмал етіп баулиды.



АС-ТАБАҚ ТАРТУ САЛТЫ

М

еймандос, қонақшыл қазақ халқы «асың барда ел таны – бе-



ріп жүріп», «қуыс үйден құр шықпа» деп, арнаулы шақырған сыйлы 

қонақтары түгіл, үйіне бас сұққан кез келген адамды азық тан ды рып, 

сусындатып,  үйінен  дəм-тұз  татқызып  шығаруды  аса  игі лік ті,  қуа-

ныш ты іс санаған, əрі оны адамгершілік парыз деп білген. Алайда, 

ха лқымыздың үйге кірген адамға тамақ ауыз тигізіп, үйге енген жы-

лан ға  ақ  тамызып  шығаруына  дейін  белгілі  жөн-жосығы  болғаны 

сияқ ты, келген қонақтарға ас-табақ тартуының да өзіндік үлгі, ерек-

ше ере же ле рі бар. Яғни, адамдардың жасы, жолы, ел ішіндегі беделі, 

атақ-абыройы, өнер-білім деңгейі, қонақ болып барған үйімен туыс-

тық  қа рым-қатынасы,  құда-жегжаттық  байланысы  қа тар лы лар ды 

та ра зы лай  отырып,  ас-табақ  тартуды  төмендегідей  бірнеше  түр ге 

жіктейді.



Бас табақ

Б

ас табақ əдетте, құда-құдағилар мен ел-жұртқа беделді, бі лім ді, 



өнерлі кісілерге, сондай-ақ, малға бата жасаған ақсақалдарға, дос тар-

ға, қимас жолдастарға тартылады. Бас табаққа ұсақ мал сойылса, бас 



251

251


пен жамбас, бір кəрі жілік, екі тал сүбе қабырға, екі тал белдеме, екі 

тал омыртқа, ұлтабар жəне бір сирақ сияқтылар салынады. Ал, ірі қара 

сойылса,  бас  (жарты  шеке)  пен  жамбас  (жамбастың  жартысы)  жəне 

жылқыдан қос қазы, сиырдан майлы қабырға (тасты) сияқ ты лар ды са-

лып жасайды.

Сый табақ

С

ый  табаққа  (орта  табақ  деп  те  аталады)  ұсақ  малдан  жамбас, 



кəрі жілік немесе асықты жілік, екі тал белдеме, екі тал арқа, екі тал 

қабырға сияқтылар салынып жасалады. Сый табақ көбінше, əйел дер 

жəне құдаларға еріп келген құдағилар мен құдашаларға тартылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет