Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



Pdf көрінісі
бет28/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   50

ЖЫРТЫС ЖЫРТУ (ЖЫРТЫС АШУ)

Қ

ыз  ауылы  қызының  жыртысы  келген  күннің  ертесі  ауыл  ба-



лаларын  атқа  қондырып,  көрші-қолаң,  құда-жегжат,  туыс-ту ған да-

ры ның  əйелдері  мен  ақ  самайлы  əжелерін  жыртыс  жыртуға  (ашуға) 



308

308


ша қы рып, əйелдер қауымына шағын той жасап береді. Келгендер ша-

шуларын əкеліп, «жыртыс құтты болсын» айтады.

Жыртыс жыртуға (кей жерде жыртыс ашу десе, кей жерде қор жын 

ашу деп аталады) келген əйелдер қауымы жол бойынша жасы үл кен, 

жолы үлкен бір əйелге бас теңді ашқызып, «қуаныш құтты болсын» 

деп,  тең  ішінен  шыққан  жыртысты  жыртқызады.  Жыртыс  жырт қан 

адам оны келген əйелдердің жасына, жолына қарай (қоржын іші нен 

шыққан  алқа-білезік,  жүзік  сияқты  нəрселерді  қосып)  бөліп  бе ре ді. 

Міне,  бұл  «жыртыс  жырту»  деп  аталады.  Тіліміздегі:  «жыртысын 

жыртты», «біреудің орынсыз жыртысын жыртпа» деген сөз əне содан 

қалған.

Əдетте  жыртыс  буылған  жасау-жабдықтар  бірнеше  тең  болады. 



Жі гіт  шешесі  жыртысты  апарып  салған  соң,  оның  қайсысы  бас  тең, 

қай сы теңде қандай жыртыс, қандай кəде бар екендігін қыз ше ше сі не 

айтып ұғындырып, апарған жол-жоралары мен шашуларын тапсырып 

береді.


Егер  жыртыс  жыртуға  (ашуға)  сол  ауылдағы  жасы,  жолы  үлкен 

инабатты, беделді əжелердің бірі үлгеріп келе алмаса немесе құ да ғи-

ла ры мен сыйлы адамдарының бірі үлгеріп келе алмаса, онда жи нал-

ған  əйелдер  жасы,  жолы  бойынша  екінші  немесе  үшінші  тең дер дің 

бірін ашып, жыртысын жыртып қайта береді.

Теңдер түгел ашылып, жыртыс жыртылған соң, тең ішіндегі қыз-

ға  арналған  жасау-жабдықтар  қыздың  өзі  тіккен  баспа,  кес те ле рі-

мен бірге түгел қызға əзірлеген үйге ілініп, көптің көріп баға бе руі не 

қойылады. Көрген əйелдер оған өз бағаларын беріп, ақыл-ке ңес көр-

се те ді. Кем-кетігі болса, құда-құдағилардың тезірек əзірлеуіне ескер-

тулер  беріледі.  Сондай-ақ,  қыздың  өзі  əзірлеген  дүниелеріне  қарап, 

оның іскерлігі мен ісмерлігін таразылайды.

Бұл  салт  адамдарды  береке-бірлікке,  ынтымақтылыққа  баулиды. 

Қайғы-қуанышта бірге болып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шы ға-

ру ға дағдыландырады. Адамдар арасында достық пен сү йіс пен ші лік ті 

арттырып, қоғамдық қарым-қатынасын нығайтады.



309

309


ҚЫЗ ТАНЫСУ

Ұ

затылатын қыз тойы болар алдында жолдас-жораларымен бір ге 



туыс-туған, ел-жұртын түгел аралап танысып, елді тойына ша қы рып 

шығады. Міне, бұл «қыз танысу» деп аталады.

Қыз танысудың да өзіндік үлгі-өнеге, жол-жосыны бар. Онда қыз-

дың ұзатылатын той мерзімі белгіленген соң, қыздың ата-анасы қы-

зы на  бауыр-туыс  пен  сыйлы  адамдарына  əзірлеген  жол-жора,  киіт-

кə де ле рін  беріп,  қызын  сəтті  бір  күні  атқа  мінгізіп,  қасына  жақын 

аға-іні ле рі нен  бір-екі  қосшы,  жеңгелерінен  біреуін  басшы  етіп  та ға-

йын дап, ауылдағы құрбы-қыздары мен сіңлілерінен бірнешеуін ер тіп, 

баратын, түстенетін, қонатын үйлері мен қайтатын уақыттарына де йін 

егжей-тегжейлі ұғындырып, таныстыруға жібереді.

Танысқан  қыз  аруақты  үйлер  мен  қара  шаңырақтардан  міндетті 

түр де түсіп дəм татып, тіке туыстары мен нағашы жұртын, көңіл же-

тер  дос-жаран,  құда-жегжаттарын  түгел  аралап  танысып  шығады. 

Оны бастап жүрген жеңгесі барған жерінің барлығына қыз ата-анасы 

берген  жол-жора,  киіт-кəделерін  беріп,  тойдың  қай  күні,  қай  жерде 

өте ті нін,  ойын-сауықтың  қай  күні  болатынын  мұқият  ұғындырып, 

той ға шақырып отырады.

Танысып барған қызды барған үй иелері ерекше қо ше мет пен қар сы 

алып, асты-үстіне түсіп күтеді. Шағын ойын-тамаша ұйым дас ты рып 

береді. Ақсақалдар ақ баталарын беріп, «бет ал дың нан жа рыл қа сын» 

деп ақ жол тілейді. Жақын туыстары мен на ға шы ла ры бұ йым та йы мен 

қалаған-сұрағанын беріп, ренжітпей аттандырады.

Ал  жақын  маңдағы  ауылдар  мен  көрші-қолаңға  танысқанда,  əр 

үйге кіріп тізе бүгіп дəм татып қана шығады. Жеңгесі «бүгін өлең, ер-

тең той» деп, тойға шақырып отырады. Ал қыз ауыл арасында та ныс-

қан да, оның қасына ауылдағы қолы бос қыздардың бірі қалмай еріп, 

оны зор қошеметпен таныстырады.

Бұл салт қыздардың таныс-білісін молайтып, қоғамдық байланысын 

кеңейтеді. Туған жұртына деген сүйіспеншілігін арттырады. Ел-жұр-

тын түгел аралап көріп, көз аясын кеңейтіп, білімін молайтады. Отау 

көтеру, үй ұстау жөнінде белгілі түсінік пен тəжірибеге ие болады.


310

310


ТОЙҒА ШАҚЫРУ

Қ

азақ салтында жиын-той, өлім-жітім, ас-нəзірге арнаулы адам 



ел-жұртты  аралап  жүріп  шақырады  немесе  сауын  айтады.  Тор қа лы 

той,  топырақты  өлімге  басқа  біреуден  сəлем  айтып  жіберуді  немесе 

қа ғаз жазып жолшыбай біреуден беріп жіберуді көргенсіздік, тəр бие-

сіз дік  деп  есептейді.  Тіпті  көзге  ілмегендік,  қорлағандық  деп  қарап, 

ондай ша қы руларды «ақсақтың қайыр-сəлемі» деп елеп-ескермейді.

Əдетте  тойға  көрші-қолаң,  аралас-құраластығы  бар  алыс-жақын 

ру-тайпалар  мен  жақын  отырған  ұлт-ұлыстар  түгел  шақырылады. 

Өте-мөте, атағы шыққан батыр-палуан, əнші-күйші, ақын-жырау, сал-

се рі лер  мен  шешен,  билер,  атбегі,  құсбегі,  мергендер  хабарсыз  қал-

ды ры л май ды. Той хабарын алысымен бұрын өкпе-реніші бар ағайын-

туыс, құда-жегжаттар өкпе-реніштерін қайырып тастап, «той десе қу 

бас домалайды» деп, той жасайтын ағайындарына қарай аттылы-жаяу 

ағы лып, қуаныштарына ортақтасады.

Қазақ салтында қыз тойына ұзатылатын қыздың өзі танысып жү-

ріп, сүндет тойға сүндеттелетін баланы ашамайға мінгізіп жетелеп не-

месе бір адам алдына алып жүріп шақырады. Бұдан басқа, тойларға еті 

тірі, тілі жақты пысық жігіттер мен ауыл азаматтарының қай-қай сы-

сы да шақыра береді. Алайда, тойға кім шақырса да, болатын той дың 

орны, болатын күні, онда болатын ойын-сауық, бəйге-палуан, айтыс, 

берілетін бəйге мөлшері қатарлылар ерекше ескертіліп отырады.

Қазақ  халқы  «тойдың  ең  жаманы  –  біліктілер  ғана  шақырылып, 

қара халық хабарсыз қалған той» деп, жетім-жесір, əл-ауқаты төмен 

адам дар дың  шақырусыз  қалуынан  қатты  сақтанады.  Бір  ауылда,  бір 

руда, бір жерде аралас-құралас отырған адамдарды тең көріп, оларды 

бай-кедей, шенді-шекпенді деп, руға, жікке бөліп алаламаған.

Қазақтың жікке бөлмей, шен-шекпеніне қа ра май, ел-жұртты тойы-

на түгел шақыруы адамдардың бір-біріне деген сү йіс пен ші лі гін арт-

тырып,  өз  араларындағы  өкпе-ренішті  жойып,  дос тық  барыс-келісін 

нығайтады. Барша адамды тату-тəтті, көңілді, тыныш өмір сүруге бау-

лып,  көпшіл,  халықшыл  болуға  дағ ды лан ды ра ды.  Сондай-ақ,  адам-

дардың қоғамдық қарым-қатынасын ны ғай тып, өрі сін ке ңей тіп, досын 

көбейтеді.



311

311


ШАРҒЫ БЕРУ

Е

ртеде, ұзатылатын қыздар өзінен кейінгі бойжетіп қалған сің лі-



ле рі нің біріне өз мойнына салып (байлап) жүрген орамалын міндетті 

түрде беретін дəстүр болған. Бұл оның «ендігі ұза ты ла тын кезек саған 

келді, бақытыңды тап, осы бастан жан-жақ ты лы əзір ле не бер» дегені.

Бұл – дəстүр ана тілімізде «шарғы беру» деп аталады. Өз дə уі рін де, 

шарғы салынған қызға замандастары мен жеңгелері бас қосып барып 

«құтты  болсын»  айтып,  шай  ішіп,  əзілдесіп,  ойнап-күліп  кө  ңіл  кө-

те ріп,  оның  бойжетіп  өз  қатарларына  қосылғандығын  құт тық та сып, 

адам дық өмірді тату-тəтті, мəн-мағыналы өткізіп отырған.

Шарғы беру бойжеткен қыздарды болашақ отау иесі болуға идея-

лық жақтан алдын ала əзірлене беруге қузайды. Шарғы алысымен-ақ, 

маңайындағы отау ұстаған əйелдерді қадағалап көріп, біліп тə жі ри бе 

жинақтайды. Сөйтіп, кейін өзі отау ұстағанда, бүкіл отбасының ша-

руа сын емін-еркін меңгеріп əкететін іскер де ісшең келін болып шы-

ғады.


ОТАУ ТІГУ

Қ

азақ  салтында  құда-құдағилар  жыртысын  əкеліп  салған  соң, 



ауқатты адам болса, қыз əкесінің үйінің артына қалыңдық пен кү йеу 

жігітке арнап отау тігеді. Əрі «құдай жолы» деп бір мал атап сояды. 

Отау тігуге инабатты, беделді, балалы-шағалы аналар қатынасып, «ке-

реге  керер»  деген  кəде  алады.  Отауға  уық  шаншыларда  ша ңы рақ ты 

жасы жер ортадан асқан, балалы-шағалы күйеудің біріне ырымдап кө-

тер те ді де, оған бардам адамдар «шаңырақ көтерерге» деп бір ат мін гі-

зе ді. Əдеттегі адамдар шама-шарықтарынша киіт, жол береді.

Ал,  отау  тіккен  кезде  күйеу  жігіт  отауын  тігушілерге  «уық  шан-

шар», «туырлық жабар», «түндік жабар», «үзік ұстар», «бау-шу бай-

лар» деген сияқты кəделер береді.

Отау тігу алғаш бас құраған екі жасты дербес күн көруге баулиды. 

Отауды  жақсы  ұстап,  ел-жұртқа  үлгі-өнеге  болудай  жа уап кер ші лік 

се зі мін  оятады.  Дербес  ой  жүгіртіп,  ерінбей  еңбектеніп  бай-ба қыт-


312

312


ты отбасы құруға ынталандырады. Өзгелерге иек сүйеу, бой кү йез дік, 

жалқаулық  əдеттерінен  ертерек  айығуға  негіздейді.  Ең бек шіл дік ке, 

іскерлікке баулиды.

ОТАУҒА КІРГІЗУ

С

алт  бойынша  қалыңдық  пен  күйеу  жігітке  арнап  тіккен  отау-



ға, ең алдымен, қалыңдықты кіргізеді.Қалыңдық отауға кірген бойда 

ас-тағам  тұратын  сол  жақ  босағаға  барып,  оң  аяғымен  жерді  бір  те-

уіп, далаға қайта шығады. Одан соң, күйеу жігіт кіріп, сол жақ бо са-

ға ға барып, ол да жерді бір теуіп далаға шығады. Бұл олардың: «осы 

отаудың өмірлік иесі біз боламыз, босағамыз берік, төрт түлігіміз сай 

болсын» дегені. Одан соң, отау тіккен қауым отауға кіріп, «құдай жо-

лына» арнап сойылған малдың етін жеп, тіс тигізбей мұжыған мойын-

ды күйеу жігітке қыз жеңгелерінің біреуі əкеліп береді. Күйеу жігіт 

оны қолына алып жібек орамалмен орап, отырған жерінде қоз ғал май 

тұ рып  шаңырақтан  далаға  лақтырып  жібереді.  Бұл  –  күйеу  жі гіт тің: 

«тү ті ні міз түзу шықсын, ел алдында бет-беделіміз жоғары болсын, бо-

ла шақ та үлгі-өнегелі, қадір-қасиетті отбасы болып, осы шаңырақтай 

адам гер ші лігіміз асқақ болсын» дегені.

Күйеу  жігіт  мойын  орап  шаңырақтан  лақтырып  шығарған  жібек 

орамалды «мойын ұсынарым» деп күйеу жігітке мойын ұсынған əйел 

алады. Ал, күйеу жігіт ұсынған мойынды шаңырақтан лақтырып шы-

ға ра алмаса, онда үлкен айып төлейді.

Отауға кіргізу қыз бен күйеу жігітті болашақ отауды ел-жұрт ал-

дында  жақсы  басқарып,  ата-аналары  мен  көптің  үмітін  ақтауға  құл-

шын ды ра ды.  Отбасына  жəне  ерлі-зайыптылық  қатынасқа  жа уап кер-

лік  сезімін  оятып,  алғашқы  адымда  өздерін  үй  иесі,  қожайын  ре тін-

де  сезініп,  отбасына  деген  сүйіспеншіліктерін  арттырады.  Бо ла шақ 

отаудың шаруашылығын қалай шалқыту жөнінде алғашқы ой-қиял ға 

жетелейді.



313

313


НЕКЕ ҚИЮ САЛТЫ

Н

еке қидыру – бас құрап үйленетін жігіт пен қыздың міндетті 



түрде орындайтын ғұрпы.

Неке – бас қосып үйленетін жұбайлар үшін өте қасиетті ұғым əрі 

ерлі-зайыптылық жəне оған беріктік шарты. Неке қидыруға кү міс бі-

ле зік, күміс сақина жəне жебе салынған бір тостағанға құйылған тəт ті 

суды молданың алдына жайылған ақ дастарқан үстіне қояды. Ер-əйел 

екі жағынан некеге куə болатын (үштен жоғары) адамдар үйді қо ра-

лай келіп отырады. Əр екі жақтың куəгерлері толық келіп болған соң, 

молда жүгініп отырып:

«Бісміллəһи  иррəхімəн  иррəхим!  Алланың  əмірі,  Пай ғам бар дың 

сүннеті, адал некеленген осы қыз бен жігіттің (ер мен əйел дің) не ке ле-

рі тұрақты, бастары бақытты, сау денелі, ұзын өмірлі, жақсы пер зент-

ті, ынтымақ-берекелі болуын, бір Алла, өзіңнен ғана тілейміз! Ал ла-

һуак бар!» деп, неке дұғасын оқып, тостағандағы тəтті суға дем салып, 

кү йеу жігіттен:

– Пəленнің қызы түгенді өзіңізге өмірлік жар етуге ризамысыз? – 

деп сұрайды. Оған жігіт риза болса:

– Ризамын! – деп жауап береді. Сол кезде жігіт жақтың куəлікке 

келген адамдары бір ауыздан:



– Куə-куə, куəміз,

Куəлікке жүреміз.

Таңда Тəңір алдында,

Мұнда қазы алдында,

Ақ куəлік береміз! –

деп іле жөнеледі. Одан соң, молда қалыңдықтан:

– Сіз пəленнің ұлы түгенге өмірлік жар болуға ризасыз ба? – деп 

сұрайды. Қыз риза болса:

– Ризамын! – деп, өз ризашылығын береді. Сол кезде оның куə гер-

ле рі де:



314

314


– Куə-куə, куəміз,

Куəлікке жүреміз,

Таңда Тəңір алдында,

Мұнда қазы алдында,

Ақ куəлік береміз! –

деп қызды қостай кетеді.

Соңында, молда қыз бен жігіттің ризалығын алған соң, қо лын да ғы 

неке суын алдымен жігітке беріп бір ұрттатады, онан соң, қызға бе ріп 

бір ұрттатады. Бұл олардың ресми ерлі-зайыпты бол ған ды ғы ның бел-

гісі есептеледі. Міне, бұл «неке қидыру» деп аталады.

Некелерін қидырып, неке суын ішкен күні түнде жігіт қа лың ды ғы-

мен оңаша кездеседі. Бұл кездесу – «отауға түсу» деп аталады. Қыз 

жең ге ле рі күйеу жігіт пен қалыңдыққа арнап төсек салып, үстіне неке 

жау лық төсеп беріп, екі жасты оңаша қалдырып, жақсы тілектерін біл-

ді ріп, үйден шығып кетеді. Бұл «ақ некелі түн» деп аталады. Бұл түні 

қа лың дық тың болашақ күйеу алдындағы пəктігі мен арулық абы ройы 

айқындалады...

Қалыңдықтың қыз балалық қасиетін таза сақтап, заңды некеге де -

йін беті ашылмай құтты орнына қонуы қыз баланың жеке өз басынан 

тыс, туған елі мен ата-анасына үлкен абырой əперіп, болашақ от ба сы-

ның тату-тəтті, бай-бақытты өмір өткізуіне берік негіз қа лай ды. «Қыз-

ға қырық үйден тыйым, ұлға мың сан жерден сын» деп, үй ле ну тойы 

мен «ақ неке түніне» ерекше мəн береді.

Неке қидыру үйленетін қыз бен жігіттің, яғни, бас құрап, өмірлік 

жар болуды ниет еткен ер мен əйелдің бір-біріне деген жа уап кер ші-

лік, өзара аяушылық, бағыныштылық сезімін оятады. Сондай-ақ, ақ 

некеге  адал  болуға,  махаббат-неке  ісінің  жеңіл-желпі  қарауға  бол-

майтын өте маңызды, адамгершілік пен ар-абыройға саятын қа сиет ті 

іс екен ді гін алғашқы адымда ұғындырады. Болашақ отбасының тату-

тəт  ті, береке-бірлікті болуына рухани, идеялық жақтан не гіз қа лай-

ды. Кө ңіл күйді орнықтырып, екі жасты бір мақсат, бір ті лек те бо лу-

ға құл шын дырады.



315

315


«ТОЙАҒА», «АСАҒА» САЙЛАУ

Ә

детте, той өткізетін адам тойының ретті, қызықты, думанды өтуі 



үшін, ойын-сауық қимылын тіке басқаруға өнерлі де іскер, шешен де 

шебер бір жігітті басшы етіп қояды. Ол «тояға» деп аталады, ал, той ға 

алыс-жақыннан келген сыйлы қонақтардың өздеріне лайықты кү ті ліп, 

құрметтеліп сый-сыбағасын жеп қайтуы үшін, жол-жосынға жүй рік, 

ұйымдастыруға  шебер,  епті  де  елгезек  бір  адамды  келген  қо нақ тар-

ды орналастырып, ас-тағам тартып, күтуге жауапты етеді. Бұл «аса ға» 

делінеді.

Іскер де ісшең тойағалар мен асағалар басқарған той өте қы зық ты, 

думанды,  мəн-мағыналы  өтеді.  Алыс-жуықтан  ел-жұрт  көп  жи нал-

ған үлкен тойларда билер мен шешендер, ақсақалдар мен ақыл ман дар 

ауыл-аймақ, ағайын-туыс арасындағы ұсақ-түйек кикілжің мен түр лі 

дау-шарларды жөнге салып, араздасып жүрген ағайындарды татулас-

ты рып, ел мəре-сəре болады. Тойшыл қауым мол рухани лəззат алып, 

үлгі-тағылым үйреніп, бір жасап қалады.

Тойаға,  асаға  сайлау  адамдардың  бір-біріне  деген  сүйіспеншілігі 

мен сенімін арттырады. Адамдарды асқан адамгершілік пен мə де ниет-

ті лік ке баулиды. Көпшілікті мұратты, əдепті, тəртіпті болуға дағ ды-

лан ды ра ды.  Тойдың  салтанатын  асырып,  адамдарды  рухани  жақ тан 

сусындатады.

ЕТ ЖАСАТУ

Қ

азақ халқы үлкен той-нəзір өткізгенде, ас бергенде жол-жо ра-



ға жүйрік, ет жасауға шебер, малдың сүйектерін жақсы білетін, қолы 

берекелі арнаулы бір адамға ет жасатады.

Қазақ халқының той-нəзірлерде арнаулы «ет жасаушы» қою се бе-

бі, біріншіден, қонақ иесі келген қонақтарды қабылдап, аттандырып 

салып отыратындықтан, ондай жұмыстарға қолы тимейді. Екін ші ден, 

қа зақ халқы адамгершілікке ерекше мəн беретіндіктен, той-нə зір лер де 

əр бір адам өздерінің жолы, жасы, құда-жегжаттық қарым-қа ты нас та-

ры на қарай өздеріне лайық сыбағалы астары (сүйектері) тартылмаса, 



316

316


той-нəзір  иелерін  қатты  сөгіске  қалдырады.  Тіпті  ат-шапан  айып қа 

жығады.


Үлкен  той-нəзірлерде  арнаулы  ет  жасаушы  қою  алыс-жақыннан 

келген  қонақтардың  өз  дəрежелері,  өз  жолдары  бойынша  күтіліп, 

риза-қоштықпен аттануына мүмкіндік жасап, той-нəзір иесі мен кел-

ген  қонақтар  арасындағы  достық  жəне  туыстық  сүйіспеншіліктерін 

арттырып, қоғамдық қарым-қатынасын кеңейтіп, досын көбейтіп, бет-

бе де лі мен ел ішіндегі абыройын көтереді.



ДАСТАРҚАН ҰСТАТУ

Ә

детте,  үлкен  той-томалақтар  мен  нəзір-құзыр  өткізіп,  ас  бер-



генде  той-нəзір  иесінің  əйелі  келген  қонақтарға  жайылатын  дастар-

қан  мен  дастарқанға  салынатын  той-нəзірінің  барлығын  жол-жораға 

жүй рік, салт-дəстүрге қанық, адамгершілігі жоғары, қолы берекелі құ-

да ғи ла ры ның біріне немесе ауылдағы үлгі-өнегелі əйелдердің біріне 

ұс та та ды  да,  той-нəзір  біткенше  дастарқан  жұмысына  араласпайды. 

Міне, бұл «дастарқан ұстату» деп аталады.

Қазақ  əйелдерінің  үлкен  той-нəзірлерде  арнаулы  «Дастарқан  ұс-

тау шы»  қою  себебі,  тойға  келген  адамдар,  əсіресе,  əйелдер  қауымы 

өз де рі не жайылған дастарқан мен салған шашуларына қарап той-нə зір 

иелерінің қонақ күту, адам сыйлау өресіне баға береді, тіпті, кө ңіл де-

рі не жақпаса сын, мін тағып сөгіп кетеді. Міне, осы тұрғыдан қа ра ған-

да,  үлкен  той-нəзірлерде  дастарқан  ұстаушы  əйелдердің  ар қа лай тын 

жүгі ауыр, жауапкершіліктері күшті болады.

Той-нəзір күні дастарқан ұстаушы əйел өте қарбалас болады. Ел-

дің тойға əкелген заттары мен шашуларын қабылдап, дас тар қан да ры-

ның түбіне олардың құда-жегжаттық байланысы мен жолдарына қа-

рай шашу, кəде, киіт салып береді. Жаңа қонақ келген сайын дас тар-

қан жаңалап, дастарқанға салынатын дəмдердің кем-кетігін то лық тап 

отырады. Той-нəзір аяқтаған соң, той-нəзірге əкелінген шашулар мен 

заттарды рет-ретімен үй иесіне өткізіп береді.

Арнаулы  бір  адамға  «дастарқан  ұстату»  той-нəзірлердің  жақ сы 

өтіп, келген адамдардың түгел риза болып қайтуына мүмкіндік жасай-



317

317


ды.  Адамдардың  қоғамдық  қарым-қатынасын  жақсартып,  барыс-ке-

ліс, алыс-берістерін жиілетіп, өрістерін кеңейтеді. Түрлі өкпе-ре ніш-

тер ден сақтайды.

ТОЙҒА БАРУ

Қ

азақ  халқы  əдетте,  «шақырған  жерден  қалма»  деп,  біреу  өз-



де рін  елеп-ескеріп  шақырса,  одан  əр  кез  қалмай  барады.  Шақыруға 

өте жауапкерлікпен қарайды. «Той десе қу бас домалайды» деп, той ға 

ауыл да ғы кəрі-жас түгел əлем-жəлем киініп, жорға-жүйріктерін мі ніп, 

түп қотарыла барады. Олай болатыны, қазақ тойлары үлгі-та ғы лым-

ды,  қызық-думанды  болатындықтан,  «тойға  барсаң  тойып  бар»  деп, 

тойға тамақ үшін емес, үлгі-тағылым, мол рухани азық алу үшін ба-

рады. Онда, ақын-жырау, əнші-күйшілер əн-жырдың нəшін кел  ті  ріп, 

батыр-палуандар өнер көрсетіп, көсем-шешен, би-қазылар сөз дің ма-

йын тамызып, келелі кесімдер жасап, ел-жұртты қуанышқа бө леп, көз 

аяларын  бір  кеңейтіп  тастайды.  Əр  тойда  айтылған  келелі  ке ңес тер 

мен əділ билік, əдемі əн-күй; тапқыр сөздер мен тамаша əзілдер күл-

лі қазақ даласына тарап, «пəленнің тойында пəлен би мынадай ке сім 

айтты; пəлен ақын пəленді былай деп жеңді; пəлен шешен тү ген бай 

ше шен ді  сөзден  сүріндіріп  кетті»  деген  сияқты  қызықты  əң гі ме лер 

жал пақ  дала  төсінде  көпке  дейін  басылмай,  ел-жұртты  бір  сер піл-

тіп  тас тай ды.  Дана  көкіректерден  төгілген  қанатты  сөздер  қа лық тап 

ұшып,  ауыздан-ауызға,  ауылдан-ауылға  тарап,  ел-жұртқа  үлгі-та ғы-

лым, рухани азық болып сіңіп кетеді.

Қазақ халқы тойға қалай болса солай бара бермейді. Қазақ хал қы-

ның жиын-тойға баруының да өзіндік жол-жосыны бар. Мұнда той ға 

барған əрбір адам міндетті түрде той иесіне: «той құтты болсын» деп 

игі тілек білдіріп, оны қуанышымен құттықтайды. Əйелдер «шашу» 

апарады. Ал, құда-жегжат, бауыр, туыс, дос-жарандары шашу апару-

дан тыс, шамаларына қарай мал, ақша қосып, кілем, текемет-сыр мақ, 

көйлек-көншек  сияқты  заттар  апарады.  Той  уағында  белгілі  себеп-

пен келе алмағандар (жыл уағына дейін) сəті түскен бір күні арнайы 

барып, «той құтты болсын» айтады. Əдетте, той иелері тойға бар ған 


318

318


əйел дер дің шашуын салып алып, орнына қайта «шашу, сыбаға» салып 

береді. Ерлер көбінде сыбай-салтаң барады.

Қазақ  халқы  тойды  елден  мал-дүние  жиып  алу  үшін  жасамайды. 

Қайта елді риза ету, жиған-терген дүниесін халыққа беру үшін, қуа ны-

шын көпке көрсету үшін жасайды. Тойына мал-дүние артып кел ген ді 

емес, «құтты болсын» айтып, ағынан ақтарылып, қуа ны шы на ор тақ-

тас қан ды  жақсы  көреді.  Əне,  сол  себепті,  той  десе  бай  да,  кедей  де 

қысылып-қымтырылмай шауып барып, қуанышқа ор тақ та сып, қо рын-

бай отырып той қызығын көреді. Ал, ауқатты адамдар болса, қо лы нан 

келген көмегін көрсетіп, той иелерінің жүгін жеңілдетуге күш салуды 

өз азаматтық парызы санайды.

Тойға шақырса қалмай, міндетті түрде бару адамдардың бір-бі рі не 

деген  достық  сүйіспеншілігін  арттырады.  Қоғамдық  қарым-қа ты на-

сын нығайтып, алыс-беріс, барыс-келісін жиілетеді. Адамдарды өкпе-

ренішті жойып, тату-тəтті, береке-бірлікте өмір сүруге баулиды. Ал, 

таза-ретті киініп бару адамдарды сау-сəлемет өмір сүруге, мə де ниет ті-

лік ке, көркемдікке жетелеп, рухани жан дүниелерін байытады.

ТОЙ ЖӨНЕЛТУ

Ә

детте, той жасайтын адам алдын ала бауыр-туыс, дос-жа ран да-



рын  шақырып  не  той  жасайтындығын  егжей-тегжейлі  айтып  тү сін-

ді ріп, олармен ақылдасып, той өтетін күнді белгілеп болған соң, той 

өт кі зе тін адам туыс-туғандарының жағдайларына қарай отырып: «сен 

үй əкеліп тік, сен пəлен күтуші əзірле, сен ел шақыр, сен отын-суға кө-

мек тес» деген сияқты салмақ салады. Сөйтіп, дайындығы ресми бас-

та лып кетеді.

Ақылдасуға  қатынасып,  тиісті  міндет  арқалағандар  той  болардан 

3–4  күн  бұрын  үйлерін  əкеліп  тігіп,  күтушілерін  əзірлеп,  келген  қо-

нақ ты күтуге сақадай сай тұрады. Бауыр-туысы түп қотарыла келіп, 

отын-суын түсіріп, түрлі дайындық жұмыстарын істеп, той бас тал ған-

нан-біткенге дейін келген қонақтарды тік тұрып күтіп, мей ман дар дың 

ризалығын алып, той жасаған туысы мен ауылына сөз кел тір меу ге ты-

рысады.  Тойға  келген  барлық  адамды  алдынан  шығып  қар сы  алып, 


319

319


атын  ұстап  байлап,  қолдарына  су  құйып,  той  тамағын,  əр  адам ның 

жасы, жолы бойынша сыбағаларын тартып, қайтарда қол тық та ры нан 

демеп аттандырып қоюды өз міндеттері санайды.

Ал той иесі ұсақ-түйек шаруаға килікпей, келген қонақты қа был-

дап, қонақтардың түгел жақсы күтілуін қадағалап, тойдың жақсы өтуі-

не, келген қонақтардың ризалығын алуға күш салады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет