ҚҰЙРЫҚ-БАУЫР АСАТУ
Қ
ұйрық-бауыр піскен соң (сойылған малдың етін бермей тұ-
рып), жапырақтап турап, оған айран араластырып табаққа салады да,
қолы епті, пысық жігіттердің бірі оны құда-құдағилар отырған үйге
алып кіріп, бас құдадан бастап жағалай асатып, ауыздарына сый ма ға-
нын бет-ауыздарына жаға салады. Отырғандар күлкіге қарық болады.
Бұл «құйрық-бауыр асату» делінеді. Оның мəні – бауыр-туыс бол дық,
айрандай ұйып, бауырдай жақындастық дегені.
Салт бойынша, құйрық-бауыр асатқанда құдалыққа келгендер тү-
гел шама-шарықтарынша ақша жəне əртүрлі заттар беруі шарт. Қыс-
қа сы, құдалыққа келгендер құрқол келмей, əртүрлі ырым-жы рым-
ға деп алдын ала дайындалып келеді. Олардың бергенін кү ту ші лер
қуана-қуана бөліп алады.
Ақсарбас сойып, қолдарын қанға батырысып, құйрық-бауыр асас-
қан соң, екі жақ шынайы жақын адамдарға, торқалы той, то пы рақ ты
өлімде бір жерден табылатын, ыстық-суық, қайғы-қасіретті бір кө ре-
тін мыңжылдық құдаларға айналады. Ешқашан бата бұзбайды. Қа зақ
салтында, бата бұзу шектен шыққандық, адамдық арды тап та ған дық,
ата салтын бұзғандық саналады. Алда-жалда құдалар арасында өкпе-
реніш туа қалса, оған ақсақалдар ара түсіп: «Құдай деп құда бол ған,
ақсарбасқа бата жасасқан құда емессіңдер ме» деп басу айтса, ал би-
лер: «құйрық-бауыр жесіп пе едіңдер?» деп міндетті түрде сұ рай ды
да, батаны бұзған жағына айып төлетеді. Мұндай жағдай қазақ тари-
хында өте сирек болған.
Құдалық салтта, ақ бата беріліп, құйрық-бауыр асасып, құдалық
əб ден қызған бір сəтте, бір топ келіншек «құдалықтарыңыз құт ты бол-
сын!» деп құда-құдағилар отырған үйге кіріп келіп, шашу шашып, тəт-
ті-дəмдіні жаудырып жібереді. Онан соң, «етек тігер», «жүзік ілер»,
«жұмбақ шешер» деген сияқты құда-құдағилардың ақыл-айла, өнер-
білімін сынайтын ырым-жырымдарын бастап, соңында «құда тартар»
(кей жерде «суға шомылдыру» делінеді) ойынына кіріседі. Құда-
құдағиларды шомылдыратын су болмаса, ойын үшін шап беріп ұс тап,
«мына кісі кірлеп кетіпті, суға шомылдырамыз» деп ала жөнеледі де,
275
275
жол кəдесін берсе немесе өнер көрсетсе қоя бере салады. Сон дық тан
ауыл адамдары ойынды қыздыру үшін құда-құдағиларды тегіс тартып
шығуға тырысады.
ҚҰДА ТАРТУ (СУҒА ШОМЫЛДЫРУ)
Ж
аңа құдалармен сынасып, сыйласып, əзілдесіп, ойнап-кү лу ді
өзара татулықтың, береке-бірліктің белгісі деп қарайтын қазақ хал қы
құда келетін күні үй жанынан ағып өтетін бұлақтарды ауыл азамат-
тарына шыммен бөгетіп немесе есік алдына шағын көлшік жасатып,
құ да лар ды тартып, суға шомылдыру ойынына əзірлік жасатып қоя ды
да, өнер көрсете алмаған, жол-жорасын толық өте ме ген құда-құ да ғи-
лар ды суға шомылдырып ойнайды. Бұл əркімнің шарт-жағ да йы на қа-
рай (көбінде жаз күндері) өтеді.
Мұнда, ойын былай басталады: құйрық-бауыр асасып, түрлі ырым-
жырымдар өтіп болған соң, ауылдың тілді-жақты азаматтарының
бірі: «Ойбай-ау, мына құда-құдағилардың үсті-басына не болған? Ай-
бақ-сайбақ, қаспақ-қаспақ қой. Осы ауылдың құда-құдағилары қай да?
Дереу суға шомылдырып, үсті-бастарын тазартпасақ, елдігі міз ден ұят
қой» деген кезде ауылдың қарулы жігіттері құда-құдағиларды бір-
ден тартып ала жөнеледі, оған ауыл əйелдері жəрдемдесіп, бө гел ген
көлшікке апарып тастап жібереді. Мұндай кезде құдалар жағы сұлу
құдағилардың бірін өзімен бірге көлшікке құшақтай түсуге тырыса-
ды. Ол əбестік саналмайды. Қайта ойын қызығын асыра түседі. Мұн-
да, өнер көрсеткен, жол-жора бергендерге кешірім жасалады. Ал,
құда тартқанда маңайда шомылдыратын су болмаса, құдаларға құ рым
киізден қалпақ кидіріп, беттеріне ұн, айран, күйе сияқты нəр се лер жа-
ғып ойнайды. Бұл барыста қыз ауылының адамдары құдалар жа ғы на
қанша ауыр ойын түрін қолданса да, олар соның барлығын қыңқ ет-
пей күліп қарсы алуы, əзіл-қалжың, айла-тəсілмен ғана құ ты лып ке туі
тиіс. Қарсылық жасау, ашу-ыза шақыру əбестік саналады.
276
276
ЕТЕК ТІГУ
С
алт бойынша, қыз ауылына құдалыққа барған адамдар сол күні
түнде таңға ұйықтамауы керек. Сонымен бірге, керіліп-созылмай,
құ да лар дың бергенін жей беру, іше беру қажет, яғни, таң атқанша əн
айтып, күй тартып, əзіл-қалжың қозғап, құдалар жағына дес бермеу-
ге тырысу тиіс. Егер, осындай қуаныш үстінде құда-құ да ғи лар дың
əлде бі реуі ұйықтап кетсе, ауыл əйелдерінің бірі оның астындағы тө-
се ніш пен киізді сүйрете жөнелгенде, отырғандардың күл кі сі не қа-
лып, үй иелеріне айып төлейді. Сондықтан бір таңға қалайда шыдау
керек.
Құдаласу салтындағы өзара сый-құрмет пен «киім ілу», «та бал ды-
рық аттар», «сыбаға асу», «ақсарбасқа бата жасату», «төстік қақ тау»,
«құйрық-бауыр асату», «құда тарту», «суға шомылдыру», «етек тігу»,
«теріден аттату», «жүзік ілдіру», «жұмбақ шешкізу» секілді ойындар
мен салттардың үлкен ғылыми негізі, мол тəлім-тəрбиелік мəні бар,
яғни, «басы қатты болса, аяғы тəтті болады» деп, əртүрлі ойындармен
бір-бірінің ақыл-парасатын, зейін-зердесін сынайды. Суға шомылды-
ру, құйрық-бауыр асату арқылы қарсы жағының мінез-құл қын, тө зім-
ді лі гін таразылайды. Адамгершілігін, əдеп-ибасын жəне кі сі лік мə де-
ние тін бағамдайды. Сөйтіп, болашақ қарым-қатынасты қа лай жөн ге
салу керектігі туралы өзара ой қорытады.
АЛЫМ-БЕРІМГЕ КЕЛІСУ
Р
есми құдалық өткізіп, құйрық-бауыр асасқан күннің ертесі дас-
тар қан үстінде құдалар өзара ақылдасып, кеңесіп, «қалыңсыз қыз бол-
са да, кəдесіз қыз болмайды» деп, қалыңмал мен алыс-беріс мөл ше рі-
не келіседі (əртүрлі себептерге байланысты алым-берімге бірнеше ай,
тіпті бірнеше жылдан соң да келісе беруге болады).
Қазақ салты бойынша, жігіт жақ əл-ауқаттарына қарай, өз ерік-
те рі мен қыз əкесіне «қалың» береді. Оған қыз əкесі «мынауың аз,
ана уың жаман, маған пəлен мал, түген тон, пəленбай ақша бер» де-
ген сияқты адамдық арын төгіп, абырой кететін сөз айтпайды. Қайта
277
277
құда-құдағилар аттанар кезде «артық-ауыс сөз, əбестік қылығымыз
болса, кешіріңіздер! Басы қатты болса, аяғы тəтті болады деген, ар-
тық сөзіміз болса – қытықтағаны, əбес қылығымыз болса сынағаны
деп түсініңіздер» деп, бас құдаға ат міндіріп, құдағиларына түйе же-
те ле тіп, қалған құда, құдашаларға жасы, жолы бойынша киіт кидіріп
қай та рады.
Қазақ салтында құдалар арасындағы алым-берімде құдалар бір-бі-
рі нен үш-ақ нəрсе сұрауларына болады. Яғни, мырзалық пен та ту лық
дə не ке рі үшін бір жүйрік ат, бір түзу мылтық жəне бір қыран бүр кіт,
құдалар арасында бұдан басқа мал-дүние сұрау, «пəлен əкел, тү ген
əкел» деп салық салу өте көргенсіздік, тексіздік саналады.
Бұл салттың да мазмұны терең, ғылыми мəні жоғары. «Адамдарды
ащы ететін – тұщы дүние, адамдарды ала көз ететін – алыс-беріс еке нін
жақсы білген қазақ хал қы, құдалықты қамтыған қандай алым-бе рім де
болсын (ол мей лі аз-көп болсын), жай-жадыра, ашық-жарқын отырып
келісіп барып, алысып-беріседі. Бұл қоғамдық қарым-қатынас жақ та
тү сі ніс пеу ші лік пен өкпе-реніштің алдын алып, адамдарды тату-тəтті
өмір өткізуге, береке-бірлікті болуға жетелейді.
ҚЫЗДЫ КӨРСЕТІП, КӨРІМДІК СҰРАУ
Қ
ұдалық тойдың ертесі (кей жерде құдалық өткен күні) дас тар-
қан үстінде отырғанда болашақ келін болатын қызды екі жеңгесі ер-
тіп апарып, жігіт жақтан келген құда-құдағиларға көрсетіп, «бо ла шақ
келіндеріңіз, міне, көріп, көрімдігін беріңіздер» деп, кө рім дік сұрайды.
Құ да ғи орнынан тұрып барып келінінің маңдайынан сү йіп, оған бақыт
ті лей ді. Отырған басқа құда-құдағилар да жапа-тар ма ғай кө рім дік те-
рін беріп, екі жастың жастарының ұзақ, бай-бақытты болуларына игі
ті лек те рін білдіріп, алғыстарын жаудырады. Сонымен, қыздың екі
жең ге сі көрімдіктерін алып, қызды қайта алып шығып кетеді.
Құдалық өткізуге жігіт бармайды. Əбден құдалық өтіп, «өлті рі сін»
берген соң ғана барады.
Қызды болашақ ата-енесі мен қайын жұртынан келген адам дар ға
«көрімдікті» сылтауратып барып жүздестіруінің де өзіндік ғы лы ми
278
278
не гі зі мен тамаша тəлім-тəрбиелік мəні бар. Бұлай істеу болашақ ке-
лін болатын қыздың көңіл күйін орнықтырады. Болашақ ата-енелері
мен қайын жұртын көріп, белгілі түсінікке келеді. Екінші бір жерде
кездесіп қалса, сый-құрмет көрсетуіне тиімді болады. Əртүрлі ұят ты
іс тер ге жолығып қалудың алдын алады.
ЕСІК-ТӨР КӨРСЕТУ
Қ
ұдалық өткізіп, сый-құрметке бөленіп қайтқан жігіттің ата-
анасы «сыйға – сый, сыраға – бал» деп, жаңа құдасын есік-төр көр се-
ту ге шақырады. Онда, құдасына өзінің бақ-дəулетін көрсетіп, ел-жұрт,
туыс-туғанымен таныстырады.
Есік-төр көруге қыз ауылының адамдары да сақадай сайланып,
ақын-жырау, əнші-күйші, шешендерін ертіп барады. Оларды жігіт
ауылы ақсарбас немесе көкқасқаға бата жасатып, тік тұрып зор қо-
ше мет пен күтіп алады. Бірақ құда тарту (суға шомылдыру), етек тігу,
құй рық-бауыр асату сияқты ойындарды өткізбей, тек əн-күй, өлең-
жыр, əзіл-қалжыңмен қарсы алып, сыйластықпен сыпайы күтіп жол ға
салады. Əдеп сақтап, ауыр ойындарға бармайды. Тек жігіт жең ге ле-
рі: «кү йеу ба ла ла ры ңыз мына бала» деп көрсетіп, құдалардан кө рім дік
алады.
Есік-төр көруге келген құдалар аттанарда жігіттің ата-анасы олар-
дың келген қадамдарына рақметтерін айтып, бұйымтайларын сұ рай-
ды. Қалаған-сұрағандары болса, қуана-қуана беріп, ат міндіріп, шапан
ки ді ріп, «игіліктеріңізге жұмсаңыздар» деп, шама-шарықтарынша
са уын дық, сойыстық мал айдатады. Оны «құданың бергені – Құ дай-
дың бергені» деп, құдалар жағы қуана қабылдайды. «Жақынын қаз ған
жалшымайды» деп, құдадан пəлен аламын, түген аламын, пə ле нің ді
бер, тү ге нің ді бер деп, құданы қинауды, емініп сұрануды ар сыз дық,
на мыс сыз дық санайды.
Есік-төр көрсету құда-құдағилар арасындағы түсіністікті одан ары
те рең де тіп, өзара барыс-келісін жиілетіп, алыс-берісін көбейтіп, бе ре-
ке-бірліктерін нығайтады. Бір-бірінің нақты жағдайларына көз жет кіз-
279
279
ген соң, қарсы жақтарына артық талаптар қоймайды. Болашақ жұ бай-
лар дың тату-тəтті өтуіне негіз қалайды.
«ӨЛТІРІСІН» БЕРУ
Қ
ыз жақ пен жігіт жақ ресми құдаласқан соң, көп ұзатпай «өл-
ті рісін» беру шарт. «Өлтірі» – аруақтар мен барша тірі адам дар дың
ризалығы үшін берілетін жол-жора. «Өлтірісін бермеген – үлгі-та ғы-
лым көрмеген» деп қаралады.
Əдетте, «өлтіріге», жігіт жақ бардам адам болса, бір ұсақ мал, бір
қайнатым шай, бір салым тұз, келінге арнап бір бағалы киім, сон дай-
ақ, білезік, сырға сияқты нəрселер апарады. Оны негізінен жі гіт тің
жең ге ле рі мен əпке-қарындастары, аға-інілері апарады. Оны қыз дың
ата-анасы маңайындағы қолы қысқа, көмекке мұқтаж адамдарға:
«мынау құ да лар дың өлтіріге арнағандары екен, аруақтарға Құран
ба ғыш тап пайдаланыңдар» деп, өздері пайдаланбай, түгел апарып
бе ре ді. Оны алған адам міндетті түрде ата-баба аруақтарына арнап
Құ ран оқып пайдаланады. Яғни, шай-тұзын қайнатып ішіп, етін асып
жейді.
«Өлтіріге» мал атаған жағдайда, оны аралық өте алыс болып, тірі
апару мүмкіндігі болмаса, Құран оқып сойып, етін апарады. Кейде қа-
лыңмалға қосып, «мынауым – өлтіріге атағаным» деп айдатып жі бе-
реді.
«Өлтіріні» бермесе ата-баба аруағы назаланады, келін аурушаң
болады, шаруашылық шалқымайды деп ырымдайтын қазекең, қызға
құда түссе, міндетті түрде «өлтірісін» құдалар жаққа атақтап апарып
бе ре ді. «Өлтірісін» берген соң, қыз ресми жігіт жаққа тəуелді болады.
Алыс-беріс, барыс-келіс жиілейді. «Өлтірісін берген соң, өлген кү йеу
жатпайды» деп, жігіттің қайын жағына емін-еркін барып-ке луі не жол
ашылады.
Бұл салт қуанышты істерде, əсіресе, бас құрап, болашақта отау ұс-
тай тын жастарды ата-баба аруағын ардақтап, ата жолын қастерлеуді
ұмытпауға дағдыландырады. Ұрпақтарды адамгершілікке, тектілікке,
тəр бие лілік ке баулиды. Сондай-ақ, қолы қысқа, əл-ауқаты төмен
280
280
адам дар дың сүйіспеншілігін арттырып, əлеуметтік қарым-қатынасты
ны ғай та ды. Өрісті кеңейтіп, досты молайтады.
ҰРЫН БАРУ
Қ
азақ салтында күйеу жігіт пен қалыңдық қалай болса солай,
бейберекет кездесе бермейді. Қайта белгілі тəртіп, жол-жосын бойын-
ша, өскелең адамгершілік тұрғыда кездеседі.
Қалыптасқан дағды бойынша, күйеу жігіттің əкесі құдалықты бі ті-
ріп, құда-құдағиларына есік-төр көрсетіп, «өлтірісін» берген соң, ұлын
қайын жұртына жіберу қамына кірісіп, бұл ниетін қыздың ата-анасына
білдіреді əрі қыз ата-анасының мақұлдауын алған соң, ұлы ның қасына
сегіз қырлы, бір сырлы сал-сері жігіттердің бірнешеуін қо сып, «ілуге»
деп бір бағалы сыйлық, «есік ашар» деп бірнеше мал айдатады. Одан
сырт, түрлі жол-жосындар мен кəделерге арналған тор ғын-торқа, ора-
мал, сақина, сырға-білезік сияқты заттарды беріп, ерекше салтанатпен
ұлын қайын жұртына аттандырады. Ал, қолы қыс қа жігіттер «орамал
тон болмайды, жол болады» деп, қолда бар орамал, шаршыларымен
бара береді. Күйеу жігіттің қалыңдығымен осылайша ашық кездесуге
баруын «ұрын бару» деп атайды.
Салт бойынша, «күйеубала ұрын келеді екен» деген хабарды қыз
ауылы естігенде, күйеуге арнап арнаулы үй тіккізеді. Кү йеу ба ла ның
алдынан шығып қарсы алуға қыз жеңгелері бастаған ауылдың бойжет-
кен қыздары мен бозбалаларын жібереді. Күйеу жігіт бардам ауыл дың
баласы болса, алдынан шыққан қыз жеңгелеріне 20–30 кез келетін кез-
демеден «ентікпе» береді. Ал, қолы қысқа ауылдың жігіті болса, онда
орамал-шаршы, білезік-сырға секілді заттар ұсынады. Өзіне арнап үй
тіккен əйелдерге «байғазы», балдыздарына «көрімдік» береді.
Қыз əкесі күйеу жігіт барған күні кеште күйеуге еріп келген жолда-
старын өз үйіне шақырып қонақ қылады. Күйеу жолдастары қыз əке-
сінің босағасын аттасымен «ілу» іледі. Одан соң, рет-ретімен арнайы
əкелген жол-жора, кəде-сыйлықтарын береді. Ал, күйеу жі гіт өзі не
арнаулы тігілген үйде қыз-келіншектер мен балдыздарының қа сын да
болады. Қайын атасы өз дастарқанынан күйеубаласына төс, асық ты
281
281
жілік салынған арнаулы табақ жібереді. Табақ барғанда күйеу жі гіт
орнынан тұрып иіліп тағзым жасап, табақтағы өз сыбағасы са лын ған
етті қасында отырған қыз-келіншектермен бірге бөліп жеп, онан соң
«төс салар» кəдесін береді.
ҰРЫН ТОЙ
К
ешкі тамақты жеп болып, күйеу жігіт «төс салар» кəдесін бер-
ген соң, ауыл жастары «ұрын той», кей жерде «қына менде» деп ата-
латын ойын-сауық ұйымдастырады. Сонымен, жастар əн айтып, күй
тартып, жұмбақ шешісіп, өлең айтып, той-думанды шарықтау шы ңы-
на көтереді.
«Ұрын тойдың» мақсаты – бір-бірін сағынысқан, алайда, əдеп сақ-
тап кездесе алмай жүрген екі жасты кездестіру, өзара сыр шер ті сіп,
кө ңіл күйлерін білдірісулеріне жағдай жаратып беру əрі күйеу ба ла ға
сый-құрмет көрсету.
ҚЫЗ ҚАШАР
Е
ртесі ауыл жастары күн ұзаққа тағы да əн салып, күй тартып,
күрес, бəйге, қыз қуар ойындарын өткізеді. Күйеу жігіт «қыз қа шар ға»
деп бір жорға немесе бір бағалы киім, ол болмаса лайықты бір жол дық
береді.
Кешке киіз үйдің іргесі түріліп тастап, ақындар айтысқа тү се ді.
Той-думаны қызып, түн ортасы болғанда күйеу жігіт жақ пен қыз
ауылы жақ қалыңдықты бір жағы əкетпек болып, енді бір жағы бер-
мей міз деп, қалыңдыққа таласады. Ақырында жігіт жақ та лас қан дар ға
жол-жора берген соң, олар қыздың алдын тоспайды. Қызды жең ге ле рі
кі лем ге отырғызып, əкесінің бір оңаша үйіне алып барады. Міне, бұл
«қыз қашар» делінеді.
Ел қызға таласып жүрген кезде қыздың бір жеңгесі күйеу жі гіт ті
жасырын қайын атасының қызды апаратын оңаша үйіне ертіп апарады
да, одан «күйеу шақырар» кəдесін алады. Ал, оны ертіп бара жат қан
жолында түрлі кəделер алуына болады. Мысалы, желіден өтіп бара
282
282
жатса, «желі тартар», «ит ырылдатар», «бақан салар», т.б. Ал, үйге
же тіп, табалдырық аттарда «табалдырық аттар» деп, бардам ауыл-
дың баласы болса, жеңгесіне бір жорға, болмаса басқадай зат ұсы на-
ды. Табалдырықтан аттап, от орнына жеткенше аруақтар мен үл кен-
де р ге үш рет иіліп сəлем жасайды. Одан соң, ауылдың үлкен білікті
əже ле рі нің бірі күйеу жігітке отқа май құйғызады да, от жалынына
ала қан да рын қақтап: «қасиетті үйдің иесі, жанған оттың киесі Ұмай
ана риза болсын, оттай опалы бол!» деп, маңдайлары мен кеуделерін
сипап ырым жасайды. Қыз шешесі күйеу баласының ізет-құр ме ті не
риза болып, одан амандық сұрап, жақсы тілектерін айтып, бір шаршы
ақ кəде ұсынған соң, үйден шығып кетеді. Сол кезде қа лың дық тың
тө се гі алдында өтірік «өліп» жатқан бір кемпірге «кемпір кəде» бе ріп,
оны «тірілтіп», жолына салады. Одан соң, шымылдық ашқан жең ге сі-
не «шы мыл дық ашар», төсек салған жеңгесіне «төсек салар», сондай-
ақ, «қол ұстатар», «шаш сипатар» сияқты толып жатқан жол-жоралар
мен кə де лер беріп, оларды да жолға салады. Ең соңында күйеу жігіт
пен қа лың дық оңаша қалып өзара сырласып, көңіл күйлерін шертіседі.
Алайда, сезімге бой ұрып, ардан аттап жыныстық қатынас жасамай-
ды. Қазақ ұғымында некелері қиылмай тұрып жыныстық қа ты нас қа
бару хайуандық, бұзықтық деп қаралады.
БОЛЫС ТОЙ
« Ұ
рын той» жəне «қыз қашар» жоралғыларын өткізіп болған соң,
қыз туыстарының бірі күйеу жігіт пен оның серіктерін жəне ауыл жас-
та рын үйіне шақырып қонақ қылады. Сол шақырған үй «болыс үй», ал
онда өткізілген қонақасы мен жыр-думан «болыс той» деп аталады.
Əдетте, болыс тойға күйеу жігіт пен қалыңдық шарт-жағ дай ла ры
болса, сəнді күймемен ерекше салтанат көрсетіп, ал оған жағ дай ла ры
болмаса, ер-тұрманы ерекше сəнделген жүйрік-жорғалармен барады.
Қалған ауыл жігіттері өз көңілдері қалаған бір-бір қызды алдыларына
мінгізіп, əндетіп, өлеңдетіп, ауыл маңын дыр-думанға бөлеп барады.
Бұл тойда да қыз-жігіттер таң атқанша ойын-сауық құрып, күйеу
жігіт пен қалыңдықтың көңілін көтеруге тырысады. Əзіл-қал жың ай-
283
283
тып, сырласып, сыйласып, өзара түсінісіп, бір-бірлерінің мінез-құ лық-
та ры мен өнер-білім деңгейлерін, адамгершілігін, тəрбиелілігін ба ғам-
дай ды.
ҰРЫН БАРҒАН КҮЙЕУДІ АТТАНДЫРЫП САЛУ
К
үйеу жігіттер қайтатын күні қыздың ата-анасы күйеубаласын
жол-жора, мол сый-сыбағамен жолға салады. Онда, қайын атасы кү-
йеу ба ла сы на бір жүйрік немесе бір жорға ат, күйеу жолдастарына да
мүмкіндігі болса ат міндіріп, оған шамасы келмесе, бағалы шапандар
кидіріп, қоржындарына түрлі кəделер мен тəтті-дəмді сы ба ға лар са-
лып қайтарады. Бұл сыбағалар «қап түбі» деп аталады.
Күйеу жігіт қайтар кезде білімді де іскер қалыңдық болашақ қа йын
жұртына түрлі сəлем-сауқыттар беріп жібереді. Яғни, «абысын-ажын-
дарым мен қайын сіңлілеріме» деп білезік-сырға, алқа-жүзік, сон дай-
ақ, кестеленген орамал-қолжаулықтар береді. Одан соң, қыз жең ге ле рі
мен ауыл жастары күйеу жігітті зор қошеметпен ауылдан жаяулатып
отырып шығарып салады. Салт бойынша күйеу жігіт ауылдан ұзап ба-
рып аттану керек.
Ұрын бару жəне ондағы əртүрлі жыр-думан, кездесу, сондай-ақ,
ырым-жырымдар болашақ жұбайларды адамгершілікке, ата-баба дəс-
тү рі не құрмет етуге, ар-ұят пен адамгершіліктен аттамауға дағ ды лан-
ды ра ды əрі екі жасты адамдық ар алдында өздерін тежеуге, ал бырт қан
махаббат сезімдерін ақылмен жеңуге, сабырлылыққа, ұс там ды лық қа,
тектілікке баулиды. Өзара сырласып, бір-бірін жан-жақты тү сі нуі не
мүмкіндік жасайды. Жігіттің қайын жұрты мен болашақ жарына деген
сүйіспеншілігін тереңдетеді.
НЕКЕ ЖƏНЕ ОТБАСЫ МƏДЕНИЕТІ
Қ
азақ салтында қыз бен жігіт жар таңдап, жұбай іздеуді мін-
дет ті түрде жеті ата, жеті өзен, жеті қырқадан ары іздеп, жеті ата ға
толмай тұрып мүлде некеленбейді, махаббаттаспайды. Қазақ қыз-
жігіттері жеті ата ға толмай тұрып махаббаттасу мен некеленуді – тек-
284
284
сіз дік, жаман қы лық деп қарап, неке, отбасы ісіне өс ке лең адамгер-
шілік тұрғыдан қарап, махаббат-неке ісін бір сəттік нəп сі құ мар лық
құралына айналдырудан ерекше сақтанып, отбасын бақыт-бай лық
тірегі, өсіп-өркендеу ошағы деп біліп, махаббат-неке ісінде ардан ат-
тап, адамгершілікке кір келтіруден аулақ болып, ел кө зін ше құ шақ-
та сып, сүйісіп, албаты жыныстық қатынасқа баруды ұят сыз дық, ар-
сыз дық, тексіздік, тіпті хайуандық қылық деп есептеп, махаббат, неке,
отбасы ісінде ғылыми əрі өркениетті салт қалыптастырған.
Неке жəне отбасы мəдениеті ұрпақтарды өмірдің мəнін шынайы
түсініп, адамзаттың пайда болуы мен өсіп-өну жəне тіршілік ету заң-
ды лық та ры ның ғылыми мəнін ұғынуына мүмкіндік жасап, түр лі ауру-
сырқауларға қарсылық қуаттарын арттырып, табиғи сұ рып та лып, сау
денелі атпал азамат болып жетілулеріне мүмкіндік жасайды. Қо ғам-
дық өрісін кеңейтіп, əдепті, мəдениетті, тəртіпті болуға дағ ды лан-
дырады.
ОТБАСЫ ЖҰМЫС БӨЛІСІ
Қ
азақ халқының отбасы жұмыс бөлісі өте айқын болады да, не-
гі зі нен ерлер сыртқы жұмыстар мен ауыр жұмыстарды істейді. Мыса-
лы: жер жырту, егін салу, мал бағу, құрылыс салу, ағашшылық, те мір-
ші лік істеу, жортуылға шығу, соғысқа қатынасып, ел қорғау, жыл қы
күзеп, қой қырқу, асау үйрету, аң аулап, құс салу сияқты жұ мыс тар.
Ал, əйелдер болса, негізінен үй шаруасымен шұғылданады, Яғни,
бала бағу (тəрбиелеу), шай қайнатып, тамақ жасау, үй жинап, кір жуу,
мал сауып, киіз басу, киім тігіп, көрпе жасау, кілем тоқып, сыр мақ
сыру сияқты жұмыстарды істейді. Алайда, жорыққа аттанып, со ғыс қа
қатынасып, жауын жайпаған батыр, дау-жанжалда келелі ке сім жасап,
көсемдік істеп, көрегендік танытқан данышпан əйелдер де, түз де ба-
тырлық, үйде қатындық істеп, құлдай болып, бидей ішкен се гіз қыр-
лы, бір сырлы жау жүрек жігіттер де көп болған. Қорытып айт қан да,
қазақ отбасында ерлер ел қорғап, мал-дүние тауып, бала-ша ға сын ба-
ғу ға жауапты болса, ал əйелдер оны ұқсатып игілікке жаратуға жəне
бала тəрбиесіне жауапты болады.
285
285
Отбасы жұмыс бөлісі ер мен əйелдің борыштылық жəне жа уап кер-
ші лік сезімін арттырып, бай-бақытты, тəрбиелі, үлгі-өнегелі отбасы
құ ру ға мүмкіндік жасайды. Ұрпақтарды текті, тəрбиелі, мəдениетті
бо лу ға баулып, ерлікке, еңбекке деген ынтасын жоғарылатады.
Достарыңызбен бөлісу: |