Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



Pdf көрінісі
бет24/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50

РУҒА БӨЛІНУ ЖОРАЛҒЫСЫ

Қ

азақ халқы жеті атаға толған сайын ұсақ руларға бөлініп, өз-



ге лер ге иек сүйемей, өз күндерін өздері көріп, өз қотырларын өз де рі 

қа сып, тың тіршілік жолына құлшынып отырған. Онда, əрбір ру жеті 

ата ға толған соң, бір араға бас қосып: «жеті атаға толдық, жеке-жеке 

ел  болдық»  деп,  екі  жағы  екі  жерге  екі  киіз  үй,  екі  ту  тігеді.  Ауыл-

дың билері мен білікті ақсақалдары ақылдасып, қайсы атадан қай  сы 

адам дар ға дейін қайсы руға тəуелді болатындығын, рулар кімдердің 

атымен аталатындығын айқын айырып, сондай-ақ, кімдердің жаңа ру-

лар ға жетекші би болатындығын əбден келісіп алады. Онан соң жаңа 

бөлінген  екі  рудан  сайгүлік  мінген  екі  жігіт  ұзын  ала  арқанды  ке-

ріп, екі үйдің арасы, екі елдің қақ ортасында тұрады. Бір ақ боз бие ні 

құрбандыққа  шалып,  оның  қанымен  туларын  қандап,  ұлан-асыр  той 

жасап, өз алдарына енші бөліседі. Енші бөлісуде екі рудың ма құл да-

уын алған екі ақсақал ортаға шығып, екі жігіт керіп тұрған ала ар қан-

ның ортасынан қиып жібереді. Ортасынан қиылған жарым ала ар қан 

мен екі ту жаңа бөлінген екі рудың екі үлкен қара шаңырағында енші 

болып сақталады. Жер-су, қыстау, көктеу, жайлау, күзеу қайта бө лі не-

ді немесе теңшеленеді.

Арқан қию салтынан соң, бұрынғы бір ауыл, бір рудың адамдары 

екі  руға  ресми  бөлініп,  жеке-жеке  ру  ретінде  елге  танылады.  Алыс-

беріс,  барыс-келіс,  дау-дамай  істерін  өздері  шешеді.  Бір-бірлерімен 

құда болып, қыз алып, қыз берісуге жол ашылады.

Арқан кесу салты – бір ауылдың екіге бөлінуінің белгісі. Сондай-

ақ, алдағы өмір сапарында ала жіптен аттамай тату-тəтті, бейбіт, те ре-

зе сі тең өмір өткіземіз, оған қандаған ту мен ортасынан қиылған ала 

арқан куə дегені.

Қазақ халқының жеті атаға толған сайын жаңа руларға бөлініп оты-

руы жəне ұрпақтарына жеті атасына дейін жаттатып үйретуі – ша ғын 

топшылдық, жікшілдік, рушылдық істеу үшін емес, қайта өсіп-өнген 



264

264


рулар  ішіндегі  талантты,  дарынды,  білімді  адамдарды  ел  бас қа ру-

ға  араластырып,  олардың  өз  рөлдерін  сəулелендіріп,  халықты  бай-

бақытты тұрмысқа жетелеуге, басқалармен терезесі тең дə ре же де қа-

ты нас орнатып, алыс-беріс, барыс-келіс істерін дербес шешіп, неке 

іс те рін де ұятты істерге жолығып қалудың алдын алу үшін болады. 

Мысалы, торқалы той, топырақты өлім жəне қыз алысып, қыз бе рі-

су де өзара жол-жүйе қуып, алыс руларға міндетті түрде жол бе рі  ліп, 

сый-құрметтің үлкенін жасайды. Махаббат-неке ісінде өз ауылы, өз 

руы ішінде некелену, көңіл қосу қатты шектеліп, неғұрлым алыс ру-

лармен құдаласу дəріптеледі. Жеті атаға толмай, екі рулы ел болмай 

тұ рып, өз-өзімен некелену қазақ салтында бетке салық, сүйекке таң -

ба тү сі ре тін өте ұятты іс, адамгершілікке жат жаман қылық есеп  те ле-

ді. Ал, алыс-беріс, сый-құрметте өзге руларға жол бермей, сый-құр -

мет көр сет пей, бар игілікті өз руы ішінде бөлісіп алу – өте көр ген -

сіз дік,  тіп ті  ат-шапан  айып  төлейтін  мəдениетсіздік  деп  сана ла ды. 

Қыс қа сы,  қазақ  халқының  жеті  атаға  толған  соң  руға  бөлінуі,  өзге 

ру, тай па лар ға пайда келтіріп, сый-құрмет көрсетуі – өз күндерін өзі 

кө ріп, өз қотырларын өздері қасып, ел қатарлы дербес тіршілік көру 

жəне өз ауылы, өз руы ішінде түрлі ұятты істерден аулақ болу үшін 

болған.


Бұл тəрбиенің үлкен ғылыми мəні жəне өзіндік тəлім-тəрбиелік рөлі 

бар. Ол адамдарды тектілікке, тəрбиелілікке, адамгершілікке баулиды. 

Ел ішіндегі көзге түспей жүрген дарындылар мен қабілеттілердің өз 

рө лін сəулелендіруіне жол ашады. Ұлттық салт-дəстүрдің таза сақ та-

луы на мүмкіндік жасайды. Адамдарды өзімшілдіктен, мен мен дік тен, 

обырлықтан,  ашкөздіктен  аулақ  болуға  дағдыландырады.  Адамдар 

арасындағы қарым-қатынасты реттеп, сыйластық пен құр мет се зі мін 

арттырады.  Жəне  бір  жағынан,  жақын  туыстардың  өзара  не ке ле ніп, 

түрлі жұқпалы жəне тұқым қуалау сипатты ауруларға шал ды ғуы ның 

алдын алады. Ұрпақтарды махаббат, неке ісіне өскелең адам гер ші лік 

парасатпен қарауға баулиды.


265

265


САҚАЛДЫ ЖƏНЕ ҮЛКЕНДІ СЫЙЛАУ САЛТЫ

А

қсақалдар мен өзінен үлкен кісілерге құрмет көрсетіп сый лау, 



яғни, бала ата-анаға, кіші үлкенге құрмет көрсетіп, шартсыз бой сұ ну – 

қазақ халқының бұлжымас салттарының бірі.

Əдетте, ақсақалды адамдарды сыйлап, ата-аналары мен жасы үл-

кен дер ге бойсұнып, жасы, жолы үлкен адамдарды құрметтеп, ар тық-

кем ісі болса, оған кешірім жəне түсіністікпен қарау адамдық қа рым-

қатынастағы  əліппелік  сауат  есептеледі  де,  бір  үйдегі  барлық  адам 

ата-анаға  бойсұнады.  Ата-аналары  жоқ  болса,  жасы  кішілері  жасы 

үл кен де рі не  бойсұнып,  соның  төңірегіне  топтасады.  Үлкеніне  бой-

сұн бай,  алды-алдына  би  болып,  бастары  қосылмаған  туысқандарды 

ел-жұрт  жек  көріп  «бассыз,  берекесіз,  алды-алдына  алты  бас»  деп 

қат ты  жек  көреді.  Тіпті  «ағайынның  аразы  болса  да,  безері  болмай-

ды» деп, тор қа лы той, топырақты өлімде ағайын-туыстар арасындағы 

өкпе-ренішті түгел қайырып тастап, ортақ іске бір кісідей атсалысып, 

ауыл ақсақалдары мен жасы үлкен азаматтары жасы кішілеріне бас-

көз болып, береке-бірлікке шақырып отырады да, жасы, жолы кі ші ле-

рі солардың айтқаны бойынша істейді. Қандай жағдайда да са қал ды, 

үлкенді сыйлайды.

Сақалды жəне үлкенді сыйлау адамдардың жауапкершілік пен бо-

рыш ты лық сезімдерін күшейтеді. Сондай-ақ, өзгелердің өзіне құр мет 

сезімін  оятып,  өмірге  деген  таным-түсініктерін  тереңдетеді.  Адам-

дар дың  қоғамдық  қарым-қатынастарын  кеңейтіп,  барған  жерлерінде 

орындары төр, көңілдері шат болады.



ШАҢЫРАҚТЫ ҚАСТЕРЛЕУ САЛТЫ

Қ

азақ халқы шаңырақты ерекше қастерлейді. Шаңырақты отқа 



жақпайды,  баспайды,  аяқ  астына  тастамайды.  Əсіресе,  білікті,  атақ-

ты, киелі, қастерлі адамдар шыққан ата-баба шаңырағын «қара ша ңы-

рақ» деп ерекше қадірлейді, яғни, əр тайпа, əр ру өздері тарап шық қан, 

өсіп-өнген ең үлкен үйді «қара шаңырақ» деп атап, ондай қара ша ңы-

рақ ты  «үлкен  үй»  деп,  төтенше  кие  тұтады.  Ондай  «қара  ша ңы рақ-


266

266


тар» əй гі лі би, батыр, палуан, шешен, ақын-жыраулардың үйі болса, 

ол тіп ті де ерекше қастерленіп, тек сол бір ауылдың, сол бір тайпаның 

ғана емес, сол кісіні танитын немесе атын естіген адамдардың да алыс 

са пар ға шықса, игі бастама көтерсе, арнайы барып сəлем беріп, дəм 

татып, ықылас-батасын алатын қасиетті, киелі үйіне айналады. Əр бір 

жолаушы «əулие аттаған оңбайды» деп, ондай қасиетті қара ша ңы рақ-

тар ға түсіп дəм татпай өтпейді.

Шаңырақты қастерлеу салты адамдардың өмірге деген үміт кер лік 

сезімін оятады. Ата-бабалары мен өнер-білімді адамдар шыққан кие лі 

отбасын қадірлеудей тамаша салт қалыптастыруға дағ ды лан ды ра ды. 

Адам дар ға рухани күш-қуат бағыштап, көңілін орнықтырып, жі ге рін 

тас қын датады. Жастарды адамгершілікке, ізгілікке баулып, мұ рат ты, 

əдеп ті, тəртіпті болуға жетелейді.

ҮЙГЕ КІРУ ЖƏНЕ ОТЫРЫП-ТҰРУ ДАҒДЫСЫ

Қ

азақ халқы əртүрлі жиын-тойлар мен отырыстарда, ең алды-



мен,  адамдардың  жолына,  екінші,  жасына,  үшінші,  алыс-жа қын нан 

келгендігіне қарай үйге кіргізіп, төрден алдымен орын береді. Жасы, 

жолы кішілер төмен отырады. Тұрғанда кішілер бұрын тү ре ге ліп, үл-

кен дер ге орын береді. Отырып-тұруда ешқашан шен-шекпен мен бай-

лық қа қарамайды.

1. Əдетте, отбасында төрге үй иесі отырып, қалған бала-ша ға ла-



ры жастарына қарай ретімен отырады.

2. Үйге қонақ келсе немесе қонақ шақырса, төрге келген адам дар-



дың жолы үлкені жəне алыстан келгендері отырады. Оларға жасы 

қанша  үлкен  болса  да,  ауыл  ақсақалдары  мен  үй  иелері  жол  бе ре ді. 

Егер қонақтар ауыл ақсақалдарына жол беріп, төрге шығарып алса, 

ол əбестік болмайды.

3.  Үлкен  жиын-тойлар  мен  мереке-мейрамдарда  төрге  жолы  ең 



үл кен адамдар мен алыс ру-тайпалардан келген кісілер отырады.

4.  Қандай  отырыстарда  болсын,  əмір  иелеріне  білімі,  ақыл-



парасаты,  ел  ішіндегі  беделі,  əсіресе,  сайланған  ба,  əлде  тағайын-

далған ба дегендеріне қарай лайықты орын беріледі. Алайда, жасы, 

267

267


жолы  үл кен,  оқымысты,  білімді  кісілерден  жоғары  шығармайды. 

Тіпті, ха лық өзі сайламаған, жақсылығын көрмеген əмір иесін төрдің 

тө бе сі не шы ға рып күтуді жағымпаздық, аярлық деп біледі.

5. Үй иесі, яки, қонақ иесі хан-патша болса да, қонақтардан тө-



мен отырады. Адамдардың жолы, жасы, білімі жəне ақыл-парасатына 

қарамай,  барған  жерінің  барлығында  төрдің  төбесінен  түспеу  не-

месе  өз  төріне  өзі  отырып  алып,  өзгелерге  орын  бермеу  –  тексіздік, 

тəрбиесіздік, адамгершіліктен аттағандық есептеледі. Өз үйінде үй ие-

сі нің өзінің тіке туыстарынан басқа қонақтан жолы кіші болып есеп те-

ле ді. Тіпті, ол биік мансапты болса да, жол бойынша істейді.

Бұл тəрбие ұрпақтарды үлкенді сыйлап, кішіні аялап, өнер-бі лім-

ді адамдарды ардақтауға баулып, оларды əдепті, мұратты, ізгі ниет-

ті  адам  болуға  дағдыландырады.  Шенқұмарлық,  дүниеқорлық  сияқ-

ты  жағымсыз  жаман  қылықтардан  бойларын  аулақ  ұстауға  жебейді. 

Сондай-ақ,  тату-тəтті,  береке-бірлікті,  орнықты,  тыныш  қоғамдық 

орта жаратуға тамаша шарт-жағдай əзірлейді.



ӨСИЕТ ҚАЛДЫРУ

Ө

сиет – дана қариялар мен білікті адамдардың алыс сапарға ат-



танып  бара  жатқанда  немесе  жасы  жеткенде,  сондай-ақ,  көз  жұ мар 

алдында, артында қалып бара жатқан ұрпақтары мен туыс-туған, дос-

жаран, бала-шағаларына айтып кететін ақыл-кеңесі мен ең соңғы тап-

сырмасы, яғни, тірлігінде жете алмаған арманы мен орындай ал ма ған 

іс те рін артында қалған жанкүйер жақындарына аманаттауы.

Қазақ салтында өсиетті артта қалған адамдар шартсыз орындайды. 

Өсиетті орындамау, сондай-ақ, оның қалпын өзгерту, бұрмалау – үл-

кен  қиянат,  тіпті,  бұзықтық,  адамгершіліктен  аттағандық  саналады. 

Се бе бі,  қазақ  өсиеттері  адамгершілікті,  достықты,  ізгілікті,  береке-

бір лік ті, кешірімділікті, ұлы мақсат-мұратты арқау етеді.

Артына  өсиет  қалдыру  –  ізгі  ниетті  адамдардың  көрегендігі  мен 

көсемдігінің, ақылдылығы мен парасаттылығының нышаны. Ол адам-

дарды ізгілікке, адалдыққа, опалылыққа, кеңпейілділікке, ке ші рім ді-

лік ке баулиды. Ұрпақтарды кекшіл емес, көпшіл болуға, алдына биік 



268

268


мақсат-мұрат қоя білетін үміткер, арманшыл болуға дағ ды лан ды ра ды. 

Өмірдің, қоғамның жəне тіршілік дүниесінің мəн-ма ғы на сын шынайы 

ұғынуға жетелейді. Аға буындар мен ата-ба ба лар ға деген құр мет жəне 

сүйіспеншілік сезімдерін оятып, заманаға ой кө зі мен қа рау ға үй ре те ді.



ҚЫЗДАРДЫҢ БАС КИІМІНЕ ҚАРАП 

ҚҰДАЛЫҚ СӨЙЛЕСУ

Ә

детте,  қазақ  қыздары  үйлерінде  жүргенде  бөрік,  кестелі  та қия 



киеді. Ал, сыртқа шыққанда, жолаушы жүргенде, көшкенде қар қа ра-

лы тақия немесе сусар, құндыз, кəмшат терілерінен тігілген əде мі бө-

рік киіп жүреді. Оны көрген ел-жұрт: «бұл қыздың басы бос екен» деп 

біледі.


Қазақ салтында қызға құда түскен жақ болашақ келініне арнап тұң-

ғыш  рет  үкілі  тақия  немесе  бір  шоқ  үкі  мен  қымбат  бағалы  бі ле зік, 

сырға, алқа жəне бір кісілік асыл киім секілді нəрселер береді. Құ да-

лық өткен соң, қыз қайын жұрты берген үкілі тақияны киеді немесе 

берген үкісін өз тақиясының төбесіне қадап алады. Сол күннен бастап 

ол «үкілі қыз» атанады да, оны көргендер: «бұл қыздың басы бос емес, 

құда түскен жері бар екен» деп ұғады.

Егер жігіт бір қызды басындағы үкісіз тақиясы немесе қар қа ра лы 

бөркіне  қарап  басы  бос  екенін  біліп,  сынасып,  сырласып,  оны  өзі не 

болашақ жар болуға лайық деп тапса жəне қыз да оны ұнатса, онда 

дереу аға-жеңгелері немесе дос-жарандары арқылы əке-шешесіне өз 

ниетін  білдіреді.  Ата-анасы  келіссе,  қыз  ауылына  жаушы  жі бе ре ді. 

Жаушыға қыз шешесі құда болу ниеті болса «қызға кім сөй лес пей ді, 

қы мыз ды кім ішпейді, қызымның ұнағаны рас болса, бір белгі тас тап 

ке ті ңіз» дейді. Сол кезде жаушы орнынан тұрып, төрге апарып қам-

шы сын  іледі  де:  «Құдалығымыздың  басы  осы  болсын,  мыңжылдық 

құ да лар болайық!» – дейді.

Кейде қызға үкі тағуда жігіт шешесі «мынаны ұнатқан қызыңа сый-

ла» деп, үкілі тақияны немесе үкі мен білезік, сырғаны ұлына аманат 

қылса, анасы берген үкілі тақия, білезік-сырға сияқты заттарды сүйген 

қызына жігіт өзі ұсынады.


269

269


Бұл салт, көңіл күйді бір қалыпты ұстауға, уəде-серттен ай ны мау ға 

дағдыландырады. Адамдар арасындағы талас-тартыс, дау-жанжалды 

азайтып,  қоғамдық  қарым-қатынасты  нығайтып,  адамдарды  береке-

бірлікке жетелейді.



ЖАУШЫ ЖІБЕРУ САЛТЫ

Қ

азақ салтында «жаушы» деп жігіт əкесі атынан қыз айт ты ру ға 



баратын өкіл адамды айтады (жігіттің əкесі тіке барып сөй ле суі не де 

болады). Əдетте, жаушыға ауылдағы жол-жора мен жөн-жо сын ға ең 

жүйрік, ойы орамды, тілі шешен, əзіл, қалжыңға шебер адам таң да ла -

ды. Жаушының міндеті – қыз ата-анасының мақұлдығын алып, құ да-

лық қа баратын сəтті күнді белгілеп келу.

Құдалыққа  сөйлесуге  баратын  жаушы  ауылдан  аттанарда  шал ба -

ры ның бір балағын етігінің ішіне, бір балағын етігінің сыртына шы ға-

рып қояды. Бұл оның қызға құдалық сөйлесуге бара жатырмын де ге-

нін аңғартады.

Жаушы  қыздың  үйіне  барған  бойда,  болашақ  келінге:  «Қарағым, 

төрге көрпе төсе!» деп бұйырады. Бұлай деу – оның осы үйге құда түс-

ке лі келген адаммын дегені.

Жаушы төрге жайғасып отырған соң, өзін қыздың ата-анасына та-

ныстырып, құдалыққа жіберіп отырған адамның жай-күйін баяндап, 

мəн-жайын егжей-тегжейлі ұғындырады.

Қыздың ата-анасы құда болу ниетіне келсе, дастарқан жайып шай 

құйып, дереу мал алдырып сойып, жаушыны сыйлап, күтуге кі рі седі.

Жаушы  кетерінде  қыз  ата-анасынан  үкі  (қарғыбау)  тағатын  сəтті 

күн ді белгілеп беруін өтінеді. Қыздың ата-анасы ауылдағы туыс-ту-

ған да ры мен ақылдасып, үкі тағатын құтты күнді белгілеп береді. Со-

нымен, қыздың ата-анасы «құдалығымыз берік болсын» деген ниет-

пен жаушыға «шеге шапан» деп аталатын бір шапан кидіріп аттанды-

рады да: «Құда-құдағиларға бізден сəлем айтыңыз, жағдайлары келсе 

бір малдың басын жеп қайтсын!» деп жаушыдан сəлем айтады. Бұ лай 

деу – қыз ата-анасының «құда-құдағилардың қалаған күні келе бе руі-


270

270


не  болады,  есігіміз  ол  кісілерге  қашанда  ашық»  деген  риясыз  көңіл 

кү йін аңғартқаны.

Бұл салт адамдарды тектілікке, адамгершілікке баулиды. Адамдар 

арасындағы  қарым-қатынасты  ақыл-парасат  пен  жөн-жо сық,  салт-

дəстүр арқылы біржақтылы етуге дағдыландырады. Түрлі дау-дамай 

мен  түсініспеушіліктің  алдын  алып,  адамдарды  береке-бірлік  пен 

достыққа жетелейді.

ҚАМШЫ ҚАЙТАРУ САЛТЫ

С

алт бойынша жігіт ауылынан барған жаушы тұңғыш құ да лық-



қа  сөйлескенде  қамшысын  қыз  үйінің  төріне  іліп  кетеді.  Ол  қам шы 

ресми құда түскенше ол үйде ілулі тұрады. Оны көргендер «бұл үй дің 

қызына құдалық сөйлесіп кетіпті» деп біле қояды да, қызға сөй лес ке лі 

келсе, ол ниетінен дереу қайтады.

Жаушы қамшы іліп кеткен соң, қыз ата-анасы құдалықты бір жыл-

ға дейін тосады. Егер осы мерзім ішінде құдалықтан хабар болмаса, 

онда  қыздың  ата-анасы  жігіт  жаққа  «аманатыңызды  қайтарып  алы-

ңыз» деп жаушысы іліп кеткен қамшыны қайтарып тастайды. Міне, 

бұл «қамшы қайтару» деп аталады. Қамшы қайтару – қыз ата-ана сы-

ның «кінə өзіңде, енді қызымның басын босаттым» дегені.

Қамшы қайтару салты: адамдар арасындағы қарым-қатынасты ас-

қақ  адамгершілік  ақыл-парасатпен  біржақтылы  етіп,  құдалық  жəне 

ажырасу  істерін  ата-баба  салты  аясында  екі  жақтың  разы-қош ты ғы-

мен  бітіріп,  адамдарды  тату-тəтті  етіп,  береке-бірлікті  бұзбауға  дағ-

ды лан ды ра ды.

ҮКІ (ҚАРҒЫБАУ) ТАҒУ САЛТЫ

Ж

аушыдан жақсы хабар алған соң, жігіттің ата-анасы бо ла шақ 



келінінің үкісін (қарғыбауын: арнаулы əзірленген үкілі тақия, бі ле зік-

сырға, бір киер бағалы киімді) алып, құда-құдағиларына асыл кезде-

меден киіт əзірлеп, қарғыбауға байлайтын бір атын жетелеп, жаңа құ-

да ның үйіне барып үкі тағу салтын өткізеді. Сонымен, екі жақ тың рес-



271

271


ми құда болғандығы ел-жұртқа жария болады. Міне, бұл «үкі тағу» 

деп аталады.

Үкі тағуға келген кісілерді қыз ауылы жылы шырай, ыстық ықы лас-

пен қарсы алып, тік тұрып күтіп алады. Ақсарбас қой сойып, жылы-

жұм сақ,  тəтті-дəмдісін  «құда»  деп  алдарына  тосып,  сыйласып,  сыр-

ласып,  ерекше  жақындық,  жанашырлық  көрсетеді.  Құдалар  аттанар 

кезде бұйымтай сұрап, шама-шарқынша киіт кидіріп, жол-жорасымен 

аттандырады.

Əдетте, қызға үкі тағуға жігіттің ата-анасы, жігіттің жеңгесі жəне 

сар  сүйек  құда-құдағилардан  бір-екеуі  ғана  барады.  Өте  көп  адам 

ертпейді.

Үкі тағу салты қыз бен жігіттің көңіл күйін орнықтырып, жа уап кер-

ші лік сезімдерін арттырады. Ендігі жерде кім көрінгенге көз сүз  бей, 

болашақ жұбай болуға өзара іштей бейімделе бастайды. Бір-біріне де-

ген сүйіспеншіліктерін арттырады.

ҚҰДАЛАСУ САЛТЫ

Ү

кі тағу салтын өткізген соң жігіттің ата-анасы бауыр-туыс, құда-



жегжаттарын шақырып кеңес құрып, құдалыққа барудың қа мы на кі рі-

се ді. Құда-құдағиларға міндіретін ат, кидіретін шапан се кіл ді ба ға лы 

заттарын əзірлейді, сондай-ақ, құда-құдағи болып баратын адамдарын 

ірік тей ді. Құдалыққа көргені көп, əртүрлі өнерге же тік, салт-дəс түр ге 

жүй рік, шешен де іскер бір адам бас құда болып та ға йын да ла ды да, 

күн нің сəтін талғап, құдалыққа аттанады.

Құдалыққа барған адамдарды қыз ауылы шашу шашып қарсы ала-

ды. Шашуды сол ауылдағы ең үлгі-өнегелі, бетті-беделді бəй бі ше нің 

бірі бастап шашады. Оны басқа абысындары мен келіндері жал ға с ты-

ра ды. Шашуға көбінде жерге түссе былғанбайтын кепкен құрт, ірім-

шік, қант, кəмпит секілді тəтті-дəмді нəрселер шашылады. Оны жи-

нал ған  жұрт  күліп-ойнап,  таласа-тармаса  теріп  жейді.  Құдалар  үйге 

кі ріп отырып алған соң да сыйлы-беделді бəйбішелер шашуларын ала 

ке ліп шашып жатады. Бұл – осы ауылдағы барша адамдардың құ да лық 

құт ты болсын, қуаныш бəрімізге ортақ деген ізгі ниеттерінің белгісі.


272

272


КИІМ ІЛУ

Қ

ұда-құдағилар  келісімен  əйелдер  жағы  оларды  күтуге  бір-



бір ден  иемденіп,  сырт  киімдерін  шешіп,  бір-бірлеп  іліп  күтеді,  ке-

терде киін діреді. Құда-құдағилар оларға жол бойынша кəделі заттар 

береді.

ТАБАЛДЫРЫҚ АТТАР

Қ

азақ салтында құдалыққа келген адамдарды бірден үйге кір-



гіз бей ді.  Ауылдың  сергек  те  шешен  бір  əйелі  үйге  кірерде  олардың 

алдын тосып: «Табалдырық аттарларыңызды беріңіздер, болмаса үйге 

кір гіз бей міз» дейді. Құда-құдағилар «табалдырық аттар» кəдесін (жо-

лын) берген соң, есік ашып үйге кіргізеді. Бұл «табалдырық аттар» 

делінеді.

СЫБАҒА АСУ

Қ

ұда-құдағилар  үйге  кіріп  жайғасып  отырған  соң  «еске  алған 



ескі асынан сақтайды» деп, сүр еттен (үйде бар дайын ет) оларға сы ба-

ға асады. Қазақта, ақсақалдар мен құда-жекжаттарға сыбаға сақ тау – 

бұзылмайтын заң іспетті. Мұнда, малдың барлық мүшесінің адам дар-

дың  атақ-дəрежесіне  қарай  тартылатын  орны  бар,  олардан  қа те ле су 

қонақ  иесі  үшін  үлкен  айып,  тіпті  олардың  орнын  ауыстырса  неме-

се бірінің етін біріне шатастырса, яғни, бас тартатын адамға жамбас, 

жамбас  тартатын  адамға  жілік  тартса,  міндетті  түрде  айып  тө лей ді. 

Се бе бі, сыбағалы сүйектерді дұрыс тарту-тартпау – қарын тоюына қа-

тыс ты іс емес, қайта адамның қадір-қасиетіне саятын мəселе. Əр адам-

ның жолы, жасы, атақ-даңқына қарай сыбағалы еншісін бермеу, сол 

адам ға қарата айтқанда менсінбеу, əдейі сағын сындыру, тіп ті қор лау 

болып есептеледі.



273

273


АҚСАРБАСҚА БАТА ЖАСАТУ

Қ

ұда-құдағилар  ағыл-тегіл  əңгіме  дүкенін  құра  отырып  шай 



ішіп, ет жеп болып, дастарқан жиылған соң, құда-құдағиларға арнау-

лы ақсарбас қой əкеліп бата жасатады. Қазіргідей құдалар келер-кел-

местен «мал союға күн жай болып кетеді» деп малға бата сұрамайды. 

Себеп, құда-құдағилар түнімен ұйықтамай тамашалап таң атыру қа-

жет. «Құда болсаң – шыда» деп, күтушілер де қабақ шытпай күтуге 

мін дет ті.

Малға  бата  жасаған  адам  алдыға  ет  келгенде  бас  пен  жамбасты 

мін дет ті түрде өзі алып турайды немесе ырымын жасайды да, бас пен 

жамбасты үй иесіне қайтарып береді. Тамақ жеп болған соң, батасын 

беріп, дастарқанға «табақ кəде» деп ақша немесе түрлі заттар тастай-

ды. Оны күтуші əйелдер мен азаматтар бөлісіп алады.

Ертеде құдалыққа сойылған ақсарбастың бауыздау қанына екі жақ 

бармақ батырысып, өмір бойы тату-тəтті сыйласып өтуге, Құдай ал-

дында  бата  бұзбауға  серттескен.  Тіпті,  ақсарбастың  бауыздау  қаны 

құ йыл ған бата аяққа екі жақтың сөзін сөйлейтін бас құдалар най за ла-

ры ның ұшын батырып еріндеріне жаққан. Бұл – олардың «қанға қан 

қо сыл ды,  енді  жақын  туыс  болдық»  дегені.  Ал,  құдалыққа  ақ сар бас 

сою – жолымыз ақ болсын, мыңжылдық сарсүйек құда болайық дегені.



ТӨСТІК ҚАҚТАУ

« К


елгенше қонақ ұялады, келген соң, үй иесі ұялады» деген-

дей, қыз ауылы қалайда, құдалардың аузын құры қоймауға тырысады. 

Əлсін-əлсін ас-тағамға зорлап, əзіл-қалжыңын айтып, олардың кө ңіл-

ді  отыруына  күш  салады.  Мал  сойыла  салысымен  тез  пісетін  төс ті-

гін қақтап əкеліп құдаларға жегізеді. Одан ауыз тиген құда, құ да ғи лар 

төстік қақтап əкелген адамға түрлі заттардан жол береді. Төс тік қақ-



тау – құшағымыз айқасқан туыс, төсімізге төсіміз тиетін жа қын адам 

бол дық дегені.



274

274



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет