Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



Pdf көрінісі
бет44/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50

Соғым батасы

Қ

ыс күндері қазақ халқы үй басы сайын түгел бір-бір ірі қа ра-



дан  соғым  сояды  əрі  бірін-бірі  соғым  басына  шақырып  қонақ  етеді. 

Со ғым ға шақырылған қонақтар: «соғым шүйгін болсын» деген игі ті-

лек айтады. Ал, ет пісіп, алдыға соғым басы тартылып «Əумин» деген-

де, жасы, жолы үлкен кісілердің бірі:



Соғым шүйгін болсын,

Ұрпақтарың тұйғын болсын.

Татқандарың тəтті болсын,

Келер күндерің жақсы болсын!

Отбасыларың аман болсын,

Бай-бақытты заман болсын.

Үйлеріңнен қонақ кетпесін,

498

498


Май қуырдақ-табақ кетпесін!

Аллаһуакбар! –

деп бата жасайды. Міне, бұл «соғым батасы» деп аталады.



Мал басына берілетін бата

А

қ көңіл де ашық-жарқын, қонақшыл қазақ елі құда-жегжат, ба-



уыр-туыстарынан  сырт,  өнер-білім,  үлгі-тағылымды  адамдарды  құ-

шақ жая қарсы алып, бір малдарын алдарына көлденең тартып: «Əу-

мин» деп бата тілейтін қасиетін күні бүгінге дейін сақтап келген жо-

март халық. Сондай кездерде қонақтар үй иелерінің ынта-ықы ла сы на 

сай мынадай баталар береді:

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің.

Дастарқаның мол болсын,

Абыройың зор болсын!

Кең жайлауды жайласаң,

Тай-құлынды байласаң,

Сабаң толсын қымызға,

Шараң толсын уызға.

Өрісіңе мал толсын,

Ақ тілеуің жар болсын!

Өрендерің өр болсын,

Өрт мінезді ер болсын.

Көре алмаған дұшпаның,

Көрге кіріп жер болсын!

Аллаһуакбар! –

деп, адал көңіліне ақ тілек арнайды.



499

499


Шен-шекпенділерге берілетін бата

Ә

детте, ел тізгінін жаңа ұстаған азаматтардың ауыл ақ са қал да ры 



мен  өнер-білімді,  бет-беделді  кісілерді,  сондай-ақ,  туыс-туған,  дос-

жа ран да рын шақырып: «алдағы қызметімді қолдап-қуаттап, ақыл-ке-

ңес бере жүріңіздер» деп бата сұрайтын дағдысы бар. Сондай кезде 

ба та гөй қариялар:



Əумин десең есе берсін,

Қызырың кеп жетелесін.

Айларың аман кете берсін,

Күндерің күліп өте берсін.

Бақ-дəулет пен дəрежең,

Одан ары өсе берсін!

Құлағың сақ болсын,

Ниетің ақ болсын.

Құлқының пəк болсын,

Көңілің шат болсын!

Дау-дамайдан қашпа,

Араныңды ашпа.

Қиындықтан саспа,

Қара қылды қақ жарып,

Елді түзу баста!

Аллаһуакбар! –

деп бата береді.



Сараңдарға берілетін сырбаз бата

К

ейбір кезде сараң адамдар сыйлы қонақтар келгенде мал сой-



майын десе елдің сөзінен қорқып, бір жағынан қонақтың «сараң» деп 

сөгіп кетуінен именіп, сояйын десе малын қимай, ақырында қи на лып 

жүріп, жаман лақ, қотыр тоқты əкелетін əдеттері болады. «Са раң дар ға 

берілетін сырбаз бата» сондай кездерде беріледі.



500

500


Бір  күндері,  Бердіке  би  Қабан  деген  қарау  байдың  үйіне  барып 

қонады. Қарау бай оған бір жапырық мүйіз лақ əкеліп: «Əумин, бие-

ке!» деп бата сұрайды. Сонда Бердіке би тоқталмай:

Əкелдің лақ жапырық,

«Əумин!» деп ақырып.

Бұл сорлыны сойғанша,

Тары берсең болмай ма.

Шекесін майға матырып,

«Мал жеді» атақ алғанша,

Қанына ортақ болғанша,

Шай ішіп жатсақ болмай ма,

Алаңсыз таңды атырып.

«Əумин» десең қоя бер,

Алмасаң тілді соя бер.

Қармаққа шаншыр еті жоқ,

Мен түгіл балаң тоя жер.

Аллаһуакбар! –

деп бетін сипағанда, қарау бай:

–  Ау,  балам!  Мына  кісінің  батасы  тоқтылық  бата  екен.  Лағыңды 

қоя бер де, бір тоқты ұстап əкел! – деп бұйырыпты баласына. Бала лақ-

ты қоя беріп, бір тоқты əкеліп, Бердіке биге: «Əумин!» депті. Бер ді ке 

би іркілмей:



«Əумин» деген сұрақ па?

Айтшы жөнін шырақтар.

Тілімді алсаң бұдан соң,

Лақ əкеп жылатпа!

«Əумин» десең тоқтыға,

Ал батамды көп мына:

Өзі білер қалғанын,

Басын айтса жақсыға!

501

501


Мына тоқтың тоқ па өзі?

Басқа малың жоқ па еді?!

Мұны соймай малдансаң,

Саулық болар көп-көрім…

Мұны тағы қинама,

Қиналып мені сыйлама.

Көме қатып қаймағын,

Шайың болса құй маған.

Аллаһуакбар! –

депті. Мұны естіген бай сасқалақтап:

–  Мына  кісінің  батасы  қойлық  бата  екен.  Дереу  барып  бір  қой 

əкел!  –  депті  баласына.  Бірақ  байдың  баласы  əкесінен  өткен  сараң 

екен, ол əлгіндегі арық тоқтыны қоя беріп, сүйегі кішкене бір қой əке-

ліп, тағы да «Əумин» депті. Сонда Бердіке би бай мен баласының қы-

лы ғы на күліп:

Бекем екен ойыңыз,

Шегірткедей қойыңыз.

Жұдырықтай лағың,

Кесірткедей қозыңыз.

Тышқандай болып жүрмесін,

Енді əкелсең тайыңыз.

Бұдан артық дəметпен,

Аллаһуакбар, сойыңыз! –

деп бірақ кесетеді. Міне, осылай өз разы-қоштығымен болмай, са раң-

дық пен тілек тілегендерді, аузы дуалы кариялар аямай сыбайтын ба-

таны сараңдарға берілетін сырбаз бата дейді.



Жезде, құрбы-құрдастарға берілетін əзіл бата

Ә

детте құрбы-құрдас, дос-жаран жəне жезде, балдыздар арасын-



да бір-бірінің сый-құрметтеріне көңілдері толмаса, əзіл-қалжың, сын-

502

502


сықақ  баталар  береді.  Мысалы,  қой  соймай,  лақ  сойғандары  болса, 

онда бір-бірлеріне мынадай бата жасайды:



Сойғаның жаман лақ,

Зорға сойдың жылап.

Бір келгенде тай сойсаң,

Ең болмаса қой сойсаң,

Қалар ма едің құлап!

Ал, енді «Əумин» десең:

Малдарың семіз болсын,

Қойларың егіз болсын.

Бізге бірді сойсаң,

Орнына тоғыз келсін!

Сəйгүлігің желісті болсын,

Ұрпақтарың өрісті болсын.

Шаруаң келісті болсын,

Еңбегің жемісті болсын.

Аллаһуакбар! –

деп бата жасайды. Егер сол кезде үй иесі қалжыңды орынды деп тапса, 

лағының орнына басқа мал сояды.

Ал,  құрбы-құрдас  немесе  жезделердің  бірі  тоқты-торым  əкеліп 

бата сұраса, онда батагөйлердің бірі:

Əкелгенің арық қозы,

Зорға əкелдің өзін.

Бір келгенде қой сойсаң,

Кедейлесіп кетер ме едің өзің!? –

деген сияқты əзіл баталар береді.

Қазақ халқының бата тілектерінде жақсы лебіздерімен бірге, əзіл-

қалжың, сын-сықақ жəне қонақ иесінің іс-пиғылы, адамгершілігі, мі-

нез-құлқы сияқтылар да қамтылып жатады, яғни, қорасында мың ғыр-

ған малы тұрып, сыйлы қонағына мал соймай, дайын ет асып берген 



503

503


немесе арық ешкі, тоқты-торым əкеліп бата сұраған сараң адам дар ға 

жəне балдыз-жезделеріне, құрбы-құрдастарына қонақтар əкел ген мал-

да ры ның сапасына, түр-түсіне қарай бата жасап, са раң дық та рын бет-

те рі не  басып  ұялтып,  адамдарды  көпшіл,  қонақшыл  болуға  баулып 

отырады.

Қазақ  бата-тілектерінің  ғылыми  мəні  мен  тəлім-тəрбиелік  қуа ты 

өте жоғары болғандықтан, оны қасиетті дұғаға балап, үлгі-та ғы лым-

ды, өнер-білімді адамдардан «шарапаты тиеді» деп баталарын алу еш-

қа шан да жайдан-жай болмаған. Ғылымға жүгінер болсақ, əрбір адам-

ның бойында белгілі зарядтық толқын жиілігі болады. Физика ті лі мен 

айтқанда, магнит жəне электр өрісі болады. Адам бойынан тоқ тау сыз 

шығып тұратын сол зарядтық толқын адам аяқ басқан, отыр ған, тұр-

ған  жерлерге  тарайды  да,  сол  толқынды  қабылдаған  жер  бел гі лі  уа-

қыт қа дейін оны кері қайтарып тұрады, яғни, адам бойынан та ра ған 

сол толқын – «шарапат» немесе «кесапат» сол адамның отыр ған орны 

мен басқан жерінде белгілі уақытқа дейін сақталып, бірте-бір те ауа ға 

тарайды жəне маңындағы (қасындағы) адамдарға белгілі ық пал көр-

се те ді. Сол ғылыми ғаламатты əуелден-ақ жақсы білген қа зақ хал қы 

«сы нық тан басқаның бəрі жұғады» деген қорытынды шы ға рып, жақ-

сы адамдардың ықылас-баталарын алып, өнер-білімді, кі сі лік қа сие ті 

жо ға ры адамдармен жақын жүріп, үнемі алыс-беріс, барыс-ке ліс жа-

сап отыруды өте игілікті іс санаған. Керісінше, кісілігі жоқ, тəр бие-

сіз, көр ген сіз, бұзық адамдардан «кесапаты жұғады» деп, ат бойларын 

ау лақ ұстаған.

Мұны тіпті жете түсіндірер болсақ, адамның тілі арқылы жі бе ріл-

ген  теріс  əл-қуаты  (қарғыс,  лағынет)  адам  денесіне  тисе,  сол  тиген 

бө ле гін де  ауру  ошағын  пайда  қылса,  ал,  тіл  арқылы  жіберілген  оң 

əл-қуа ты (алғыс, бата-тілек, мақтап-марапаттау) жүйке жүйелері мен 

дене мүшелеріне тамаша əсер беріп, қан айналысын жақсартып, де не-

нің ауру-сырқауларға қарсылық қуатын жоғарылатады.

Себебі, дене мүшелері мен жасушалар өзіне айтылған сөздерді тү-

сі не алмағанымен, ой жүйесі əсерін дəрменмен бірге қабылдай алады. 

Мұны  қазіргі  заман  ғылым-техникасы  дəлелдеп  отыр.  Мысалы,  сау 

де не лі бір адамды микро таразының үстіне жатқызып, оған «екі ая ғым 



504

504


қат ты ауырады, тіпті ауырлап, басуға келмей қалды» деп ой лат қан да, 

оның аяқ жағы ауырлап кеткен. Онан соң, оған: «аяғым са уық ты, енді 

басым  қатты  ауырып,  көтертпейтін  дəрежеге  жетті»  деп  ой ла ған да, 

аяқ жағы дереу жеңілдеп, бас жағының салмағы артып кеткен. Міне, 

біз бұдан қазақ халқының бата-тілекке не себепті сонша құш тар бол-

ғандығының ғылыми мəнін көре аламыз.

Қорытып  айтқанда,  қазақ  бата-тілектерінің  ғылыми  негізі  өте 

күш ті,  тəлім-тəрбиелік  рөлі  жоғары.  Ол  ұрпақтарды  ізгілікке,  жо-

март тық қа жəне қонақшылдыққа баулып, үміткерлік сенімдерін жо-

ға ры ла та ды.  Адамдарды,  үлкенді  сыйлап,  кішіні  аялаудай  тамаша 

мінез-құ  лық  қалыптастыруға  дағдыландырады.  Өзара  барыс-келіс, 

алыс-бе  рі  сін  жақсартып,  қоғамдық  қарым-қатынасын  кеңейтеді. 

Өмір дің  мəні  мен  ішкі  заңдылықтарын  түсінуіне  мүмкіндік  жасап, 

жаман,  жиір ке ніш ті  қы лық тар дан  өздерін  аулақ  ұстауға  баулиды. 

Сонымен бір ге, адам дар дың көңіл күйін жақсартып, дененің қарсы-

лық қуа тын арттырып, түр лі ауру-сырқауларға шалдығу мүмкіндігін 

азайтып, олар дың ақау сыз өсіп-жетіліп, сапалы ұрпақ көруіне үлкен 

ғы лы ми не гіз қалайды.



ТОЙ-МЕРЕКЕЛЕР.

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ

Н

аурыз – қазақ күнтізбесі бойынша жаңа жыл, яғни, көктем ме-



ре ке сі. Дала төсінде қой қоздап, бота боздап, тың тіршілік бастала-

тын береке мен мерекенің айы, сондай-ақ, халықтық той күні есеп -

те леді.

Наурыз əрбір қазақ отбасы үшін ерекше қастерлі, ерекше қа сиет ті 

күн саналады. Себебі, наурыз асынан дəм татқан адам тағы бір жас қа 

шықты деп есептеледі. Наурыз күні адамдар арасындағы өкпе-ре ніш, 

өштік-қастық  түгел  кешіріліп,  қам-қайғы  ұмытылып,  кəрі-жас  шат-

шадыман  бейнеде  барын  киіп,  тəтті-дəмді,  жылы-жұмсағын  қа зан ға 

салып пісіріп, көпшілікке дəм татқызып, барлығы мереке шат ты ғы на 

бө лен ді. Кездескендер бір-бірімен қуана амандасып:

– Жасыңыз құтты болсын, өміріңіз ұзақ болсын!


505

505


Ұлыс басты болсын, төрт түлік ақты болсын! Ұлыс береке бер сін, 

пəле-жала жерге енсін! – деген сияқты игі тілектер айтысып, бір-бі-

рін ынайы құттықтап, ерлер қос қолдап амандасып, төс со ғыс ты ра ды 

(қауышады), ал, əйелдер бір-бірімен құшақтасып, беттеріне-бет те рін 

тигізеді. Сөйтіп, наурыз күні үлкен-кіші, кəрі-жас мəре-сəре шат тық қа 

бөленеді.



ТІЛЕУ КӨЖЕ

Н

аурыз  айында  жүрегі  түкті  Жер-ананың  тоң  кеудесі  иіп,  Са-



мар қан ның  көк  тасы  жібіп,  Жер-ана  тіршілік  иелерінің  тілектеріне 

сай мол несібе, көл-көсір бақыт-байлық сыйлайды деп қараған қазақ 

хал қы, наурыз айының тақ күндері əр отбасы кезекпен (1, 3, 5, 7, 9, 

11, 13, 15, 17, 19, 21) көже жасап, отбасыларына амандық, ден де рі не 

сау лық, ел-жұртына тыныштық, халқына бақыт-байлық тілейді. Міне, 

бұл «тілеу көже» деп аталады. Ал, 22 наурыз күні бүкіл халық болып 

Наурыз мерекесін өткізіп, «наурыз көже» ішеді.

НАУРЫЗ КӨЖЕ

« Н


аурыз көже» – тек наурыз тойына ғана тəн, көпшілікке ар-

нал ған  мерекелік  тағам.  Онда  наурыз  көже  жасардан  бір  күн  бұрын 

ау қат ты адамдар қой, тіпті, бірден ірі қара сойып, оның етіне наурыз 

күні арпа, бидай, тары, жеміс-жидек, тұз, сүт, құрт сияқты жеті дəмді 

қо сып, ал, қолы қысқа, əл-ауқаты төмен адамдар болса, барымен ба-

зарлап, қысқы соғымнан қалған кəрі жілік, қазы-қарта, жал-жая секіл-

ді жылы-жұмсақтарын түгел қазанға салып, қазанның төрт құлағына 

үл кен  төрт  жапырақ  май  қойып,  бір  күнге  жетерлік  көже  жасайды. 

Міне, бұл «наурыз көже» делінеді.

Наурыз  көжені  Наурыз  мерекесін  құттықтап,  үй-үйді  аралаған 

жұрт  ішеді.  Оларға  үй  иелері:  «мынау  келмеген  пəлен  туысыңның, 

мынау тү ген туысыңның сыбағасы» деп зорлап сый көже беріп, мере-

ке қы зы ғын арттыра түседі.


506

506


Наурыз  көже  жасағанда,  қазанның  төрт  құлағына  төрт  жапырақ 

май қойып пісіру – төрт түлігіміз сай, бай-бақытты болайық деген игі 

ті лек ті; жеті түрлі дəм қосу – арман-тілегімізге жетіп, қасиетті өсім-

дік тер секілді өсіп-өнейік, көгеріп-көктейік дегенді; ал кəрі жілік асу – 

өмір-жасымыз ұзақ болсын, ел-жұртқа қадірлі болайық деген арман-

мақ сат ты білдіреді.



НАУРЫЗНАМА

Н

аурызнама – Наурыз күні өтетін үлкен ойын-сауық. Онда ауыл 



ақсақалдары  ұрпақтарының  есінде  мəңгі  жатталып  қалатын  аталы 

сөзін айтып, ақ батасын береді.

Молда-қожалар  (оқымыстылар)  «салдама»  оқып,  «нау рыз на ма-

ның» шымылдығын ашып береді. Онан соң, көкбар, қыз қуар, ау да-

рыс пақ,  балуан,  алтыбақан,  балтамтап,  тең  көтеру,  айтыс,  жұмбақ 

шешу, теңге ату сияқты ойын-сауық ресми басталып, жиналған жұрт 

мол қуанышқа бөленеді.

Ұлы сəске мезгілінде адамдар ауыл сыртына нар қазан алып шы-

ғып, астына от жағады. Атпал азаматтар қазан басына өкіртіп əке ліп 

өгіз  сояды.  Талтүсте  тойшыл  қауым  биік  төбенің  басына  жа йыл ған 

дар қан дастарқан басына жиналады. Бұл дастарқан «береке дас тар қа-

ны» делінеді. Онда қарияларға «бел көтерер» деп, өгіздің қос шекесі 

са лын ған сый табақ тартып, қалған жұрт жасы, жолдарына қарай сы-

ба ға лы тамақтарын жеп, көже ішеді.

Күн  еңкейгенде  екі  ақын  ортаға  шығып,  жақсылық  пен  жа ман-

дық тың, суық пен жылының күресін бейнелейтін «өлі мен тірінің» 

айтысын бастайды. Сол кезде ортаға аңыз кейіпкерлер – қал ты ра уық 

кем пір мен оның Ақпан, Тоқпан атты екі ұлы, олармен шай қа са тын 

Ақ бо ран, Əз мырза жəне Ұт бикештер шығады. Айтыста, күн ұя сы на 

кіре  бере  өлі  жеңіледі,  зұлымдық  иелері  –  қалтырауық  кем пір  мен 

Ақ пан,  Тоқпан,  Əз  мырзалар  тым-тырақай  қаша  жөнеледі.  Қа раң-

ғы түс кен де екі жерге от жағылып, жастар жағы таң атқанша ойын-

сауық құ ра ды.


507

507


НАУРЫЗ КҮНІ ІСТЕЛЕТІН ҒҰРЫПТАР

Н

аурыз  күні  ел-жұрт  «Ұлыстың  ұлы  күні»  деп  орындарынан 



ерте тұрады. Ерлер қолдарына кетпен-күрек, қыз-келіншектер əр түр лі 

азық-түлік, сусын алып далаға шығады да, «бастау көрсең көзін аш» 

деп, төңіректегі бұлақтардың көзін тазалайды. Қариялар «атаңнан мал 

қал ған ша – тал қалсын», «бір тал кессең, Наурыз күні он тал ек» деп, 

өзен  мен  бұлақ  бойларына  ағаш  егеді.  Əжелер  шығып  келе  жат қан 

күн ге тəуəп қылып: «Армысың, қайырымды Күн-ана!» деп, күнге иі-

ліп сə лем береді. Одан соң «кеудесі түкті, жан-жануар, өсімдікке жүк-

ті Жер-ана, құт дарыт, жарылқа!» деп, аршылған бұлақ көздеріне май 

тамызып, жаңа отырғызылған ағаштарға ақ бүркеді.

Қазақ халқы Наурыз күнін береке мен мерекенің, қуаныш пен шат-

тық тың  күні  жəне  қара  жердің  иіген  қасиетті  күні  есеп тей тін дік тен, 

бұл  күні  ешкім  түс  шайысып,  бет  жыртыспайды.  Хан  мен  қа ра ның, 

шал мен баланың терезесі теңеліп, бір дастарқанда қатар отырып та-

мақ та нып,  күліп-ойнап  көңіл  көтереді.  Өкпе-реніш,  тіпті,  өткен  өш, 

кеткен кек кешіріледі. Суық сөз, сумақы қылық доғарылады. Ақ са қал-

дар мен билер көк төбеге жайылған «береке дастарқаны» үстінде бас 

қосып:

– Ал, ағайын, ақылдасайық! Арамызда жарым көңіл жесір, шер кө-



кі рек жетім жоқ па, кемдік, қорлық көріп жүрген кімдер бар? – деп, 

ел ішінде азып-тозып жүргендерге ақыл-көмек көрсетеді. Араздасып, 

бір-біріне қырын қарап жүрген адамдар мен ауылдарды бір араға бас-

та рын қосып, береке дастарқанынан дəм татқызып татуластырады.

Одан соң: «Қисыны келмей, үйлене алмай жүрген кімдер бар? Қа-

тын-баласын аздырып, отбасын тоздырып жүргендер бар ма?» – деп 

сұ рау салып, үйлене алмай жүргендерді үйлендіріп, берекесі кет кен-

дер ді жөнге салып, кейбір жетім-жесірлерге отау көтеріп береді. Одан 

кейін «бетке салық, сүйекке таңба болмасын» деп əл-ауқаты нашар-

лап, қайыршылық шегіне жеткен кедей, мүгедек жандарды ау қат ты, 

бардам кісілерге жəне туыс-туғандарына бағып-қағуға тапсырып, түр-

лі пəле-қаза, өрт, жұт жəне нəубет, зұлыматқа ұшырағандарға жылу 



508

508


жиып  беріп,  олардың  отбасы  тыныш,  бала-шағаларының  бақытты 

өмір өткізуіне мүмкіндік жасап береді.

Ал, сотқар-сотанақтар мен ел ішіне ірткі салған басбұзарларды көп 

талқысына салып тектеп, жақсы адам болу жөнінде олардың аузынан 

көп алдында уəде-серт алады, тіпті ант ішкізеді. Сөйтіп, наурыз кү нін 

мереке мен қуаныштың, береке мен бірліктің, татулық пен дос тық тың 

күніне айналдырады.

НАУРЫЗ ТУРАЛЫ ХИКАЯ

Е

рте заманда, қазақ елін əлсін-əлі жау шауып, ел бірде олай, бір де 



бұлай ауып, мал-жандары қырылып, ел басына ауыр күн туыпты. Сон-

дай қайғылы да қасіретті жылдың бірінде, Наурыз деген қария өзі не 

қарасты елін бастап, жаудан қорғануға ыңғайлы, мал-жанға жай лы бір 

қорыс-қопалы аймақты қыстапты. Құдай оңдап, сол жылы азаматтары 

шабуыл  жасаған  жауды  жеңіп,  мал-жандары  қыстан  аман-есен  шы-

ғып, ел-жұрты мəре-сəре болыпты.

Наурыз қария үлкен есепші, астроном екен. Ол күн мен түннің те-

ңел ген, жер бетінің бусанған дəл 22 наурыз күні ерте тұрып елін ара-

лап:

– Бүгін – ұлы істің басталар күні. Күн мен түннің теңелген, бота 



боздап, қой қоздайтын қасиетті күн. Жан-жануар, өсімдіктердің өсіп-

өне тін,  Жер-анадан  қуат  алып,  ерекше  күйге  енетін  күн.  Сон дық тан 

бар лық үй той жасаңдар! Бұдан былайғы атар таң, көрер жылдарымыз 

бү гін гі дей  қуаныш,  мерекемен  басталар  болсын!  Ұр пақ та ры мыз дың 

кө ңі лін қайғы-қасірет торламасын! – деп əмір беріпті. Сонда қа рия ға 

кемпірі:


–  Ау,  шал!  Еліңе  арықшылық  уақытта  той  жаса  дедің,  қысылып 

əрең шыққан жұрт тойды несімен жасайды? – деген екен. Оған қарт 

күліп:

– Той қызығы байлық пен қарын тойдыруда емес, қайта көңіл кө те-



ріп, рухани азық алуда. Көппен бірге көңілді отырып ішкен бір ұрт там 

қара су мен бір аяқ көженің нарқы есерлікпен өткізген 40 күн дік са уық 

пен 40 жыл жиған байлықтан артық. Ал енді кемпір, отырмай сен де 


509

509


қабыңның түбін қақ, – депті. Қаптан бір кəрі жілік пен бір не ше кесек 

ет шығыпты. Оны көрген қария кемпірін мақтап:

–  Жарайсың,  кемпірім!  Тұп-тура  бір  тойдың  етін  сақтапсың,  де-

реу  қазанға  сал!  Қазанның  төрт  құлағына  төрт  жапырақ  май  қой, 

оның біреуін пысқанда өзің же, біреуін үлкен балаңа, біреуін кү йеу-

ба ла ңа,  біреуін  немереңе  бер,  кəрі  жілікті  қарияларға  тарт.  Қал ған 

еттерді турап, көжеге салып жібер жəне көжеге арпа, бидай, тұз, құрт 

(айран-қатық) сияқты жеті түрлі дəм қосылсын! Кəрі жілік – бабалар 

дəстүрін жалғасын; дəн – өсіп-өркендеуіміздің белгісі болсын; су мен 

тұз – ұрпақтарымыздың дəм-тұздары жарасып, мəңгі тату-тəтті өтуі не 

дəнекер болсын; айран-қатық – айрандай ұйып, басымыздың өмір лік 

бір  болып,  ақкөңіл,  адал  ниетте  болатындығымыздың  куəсі  болсын; 

ал,  қазан  құлағына  қойып  пісірген  төрт  жапырақ  май  –  төрт  тү лі гі-

міз сай, бай-бақытты тұрмыс кешуіміздің өмірлік бастамасы болсын. 

Бү гін гі  осы  той  тамағынан  дəм  татқан  үлкен-кіші,  кəрі-жасқа  түгел 

бір-бір жас қосылып, осы той əр жылы, дəл осы күні əрбір отбасында 

мін дет ті түрде өткізіліп отырсын! – деген екен. Сөйтіп, Наурыз қарт-

тың елі қап түбінде қалған еттерін түгел қазанға салып, ұлан-асыр той 

жасап,  жадап-жүдеген  көңілдерін  көтеріпті.  Ел  қарияға  ал ғыс та рын 

жаудырып, той қызығын əлденеше күнге жалғастырыпты.

Əне-міне  дегенше  жаз  шығып,  күз  келіп,  көзді  ашып-жұмғанша 

қыс  өтіп,  тағы  бір  көктем  келіпті.  Ел-жұрт  Наурыз  қарияның  ұй ға-

ры мы бойынша, көктем тойына ерекше əзірленіпті. Қария бұл ретте 

жан-жаққа ат шаптырып, тойға маңайындағы алыс-жақын елдің бə рін 

шақырыпты. Тойға шақырушының бірі Алаша ханға барып:

– Тақсыр, Сізді ауылымызда өтетін тойға шақырып келдім, – депті.

Хан одан:

– Ау, бұл қай уақытта жасалған той? Той деген жаз бен күзде жа-

салмаушы ма еді? Ол кімнің тойы? – деп таңдана сұрапты. Тойға ша-

қыр ған жігіт не дерін білмей, сасқалақтап:

– Наурыз деген қарияның тойы, Наурыздың тойы, – деген екен.

Сол күні ауа райы аса жайлы болса керек. Хан шапанын жамылып 

далаға  шыққан  екен,  төбесінен  қиқулап  қаздар  ұшып  өтіпті.  Кө зі не 


510

510


дала төсінде тебіндеп келе жатқан жасыл өркендер шоқтай ба сы лып-

ты. Сонда хан көкірегін кере дем алып:

– Бұл бір өміршең, өлмес той болып, ғасырдан-ғасырға жал ғас қа лы 

тұр екен, – деп сүйіне тіл қатыпты. Сөйтіп, сол той: «Наурыз тойы», 

жеті дəмді біріктіріп жасаған көже «Наурыз көже», той өткен ай «Нау-

рыз айы» аталып кетіпті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет