Кіріспе кезеңі
5 мин
Сабақтың басы 10 минут
|
І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу: Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
«Ыстық орындық» әдісі арқылы өткен сабақты қайталау («Ж» дыбысы тұйық буындарда. Пайдалы және зиянды тағамдар).
С урете назар аударайық. Сурет бойынша оқушыларды киім атауларымен таныстыру.
І І. Артикуляциялық гимнастикамызды қайталайық
Сағат тілі.
Ат шауып келеді
Әткеншек жаттығуларын орындаймыз.
ІІІ. «Ж» дыбысының жеке артикуляциясымен жұмыс.
Т ақтадағы профильге назар аударайық. «Ж» дыбысының профилін еске түсірейік.
Ж дыбысын айтқан кезде:
Еріндеріміз дөңестеліп кішкене алдыға шығып тұрады.
Тістер арасы 1 ммдей ашық.
Тіл ұшы жоғарғы тістер арасындағы төмпешікке қарай көтерілген, бірақ төмпешікке тимейді
Тілдің екі қыры жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады.
Тіл ұшымен тыныс шығару арқылы жылы ауа лебі сезіледі алақанға.
Дауыс перделері жабық. Дауыс бар
|
Мұғаліммен сәлемдеседі, сабаққа зейін қояды.
Өткен тақырыпты естеріне түсіріп, айтып береді.
Сурет бойынша киім атауларын тыңдайды, хормен және жеке қайталайды.
Оқушылар мұғалім үлгісі бойынша артикуляциялық жаттығуларды орындайды.
Ж дыбысын профиль бойынша қарап ,дұрыс айтады.
|
|
Тағамдар суреті
Ұлттық киімдер суреті
Айна
Артикуляциялық жаттығулар суреті
Ж дыбысының профиль суреті
|