Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесіне қызметке кірудің кейбір мәселелері «Құқық қорғау қызметі туралы»



бет8/20
Дата09.05.2023
өлшемі133,14 Kb.
#91368
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
@ 5 B

10-тарау. Әңгімелесу

69. Конкурстың алдыңғы кезеңдерінен сәтті өткен, денсаулық жағдайы бойынша қызметке жарамды және міндетті арнайы тексеруден өткен қатысушы Комиссиямен әңгімелесуден өтеді.


Әңгімелесудің мақсаты қатысушының кәсіби жарамдылығын анықтау, прокуратураға қызметке түсу мақсаттарын, биографиялық фактілерді, өмірлік тәжірибесін, үйренген білімдері мен дағдыларын, өмірлік ұстанымын, әлеуметтік белсенділік көрінісін, борышы мен патриоттық сезімдерін ашу болып табылады.
70. Әңгімелесуді өткізу Бас прокуратураның кадр қызметімен қалыптастырылған кестесіне сәйкес жүргізіледі.
71. Комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін әңгімелесуге байқаушылар шақырылуы мүмкін.
Әңгімелесуде байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі консультативтік кеңестің мүшелері, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, басқа да мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері қатыса алады.
72. Байқаушы ретінде әңгімелесуге қатысу үшін тұлға Бас прокуратураның кадр қызметінде әңгімелесуді өткізу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей тіркеледі. Тіркеу үшін тұлға Бас прокуратураның кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және осы Қағиданың 71-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілігін растайтын құжаттар көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте Бас прокуратураның кадр қызметі әңгімелесуді өткізу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады.
73. Әңгімелесу процесінде байқаушылар қатысушыларға сұрақтар қоймайды. Байқаушылардың Комисия жұмысына кедергі болатын әрекеттерді жасауына, қатысушылардың дербес деректеріне, конкурстың рәсімдерге қатысты мәліметтерді жария етуіне, оларға техникалық жазба құралдарын пайдалануына жол берілмейді.
Байқаушылар Комиссияның жұмысы туралы өз пікірін Бас прокуратураның басшылығына жазбаша нысанда ұсына алады.
74. Әңгімелесу әрбір қатысушымен жеке, оның ішінде прокуратура органдарының қорғалған байланыс арналары бойынша аудио-бейне хаттамалаумен бейнеконференцбайланысты қолдану жолымен ақпараттық жүйеде «Он-лайн» режимінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдаланып өткізіледі, ол туралы қатысушы ескертіледі.
Техникалық жазба құралдарының көмегімен әңігімелесу барысында жазылған материалдар Бас прокуратураның кадр қызметінде бес жыл көлемінде сақталады.
75. Әңгімелесу барысында Комиссия бір санаттағы лауазым бойынша үміткерге әрбір қатысушыға кәсіби, жеке, моральдық және іскерлік қасиеттерін бағалауға бағытталған бірдей көлемде сұрақтарды қояды.
Бұл ретте Комиссия нақтылайтын қосымша сұрақтар қоюы мүмкін.
76. Комиссия әңгімелесу қорытындысы бойынша бес жұмыс күнінің ішінде мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды;
1) «прокуратурада қызмет етуге ұсынылады»:
2) «прокуратурада қызмет етуге ұсынылмайды».
Комиссия шешім қабылдаған кезде мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелерін, жеке қасиеттерін бағалау, емтихан, медициналық және психофизиологиялық куәландыруды және полиграфологиялық зерттеуді, тағылымдама және өткізілген әңгімелесу нәтижелерін ескереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет