11-тарау. Деректер қорына енгізу
77. Комиссия прокуратурада қызмет етуге ұсынған қатысушы деректер қорына енгізіледі.
Деректер қорына енгізілген қатысушылардың тізімі интернет-ресурсқа Комиссия шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей орналастырылады.
78. Қатысушыны деректер қорынан шығарудың негіздері:
1) прокуратурадағы бос лауазымға тағайындау;
2) деректер қорында болған кезеңде прокуратурадағы қызметке кіруге кедергі келтіретін құқық бұзушылықты жасау;
3) ұсынылған лауазымға орналасудан екі реттен артық жазбаша бас тарту немесе осы Қағиданың 80-тармағында көзделген деректер қорында болу мерзімінің аяқталуы;
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұратын жерге кетуі;
5) өзге құқық қорғау, әскери және арнайы мемлекеттік органдарға қызметке кіруі болып табылады.
Деректер қорынан шығару туралы хабарлама Бас прокуратураның кадр қызметімен жазбаша нысанда қатысушының электрондық мекенжайына және жеке кабинетіне жіберіледі.
79. Деректер қорына енгізілген қатысушы заңнамада белгіленген тәртіппен деректер қорына енгізілген санаттағы лауазым бойынша бос лауазымға тағайындалады.
80. Қатысушының деректер қорында болу мерзімі оған енгізілген күннен бастап бір жылды құрайды.
12-тарау. Қорытынды ережелер
81. Осы Қағиданың 5-тармағының 4) және 7) тармақшаларында белгіленген конкурстың кезеңдеріне дәлелді (науқастану, отбасылық) себептермен келмеген қатысушылар емтихандарды тапсыру және әңгімелесуден (сұхбаттасудан) өту кестелеріне сәйкес басқа уақытта, бірақ бастапқы кезең өтетін күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей өтеді.
Бұл ретте дәлелді себептер құжат түрінде расталуы тиіс.
82. Комиссияның шешімі жоғары лауазымды тұлғаға не сотқа шағымдалуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесіндегі лауазымға орналастыру үшін конкурс және тағылымдама өткізу қағидаларына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесіндегі конкурстық негізде орналастырылатын лауазымдар
тізбесі
Достарыңызбен бөлісу: |