19. Конкурс өткізу туралы хабарландыру (бұдан әрі - хабарландыру) Бас прокуратураның интернет-ресурсына (бұдан әрі – интернет-ресурс), сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында орналастырылады.
Бұл ретте хабарландыруды жариялау мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылуға тиіс.
20. Хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:
1) өтінішті қабылдау мерзімі (мерзімді баспа басылымдарында хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап отыз күнтізбелік күн);
2) негізгі функционалдық міндеттер, жалақы мөлшері белгіленген лауазым санаты;
3) қатысушыға қойылатын, заңдармен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленген негізгі талаптар;
4) қызметкердің құқық қорғау қызметінде болуымен байланысты шектеулер және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер;
5) Бас прокуратураның орналасқан жері, оның пошталық мекенжайы, кадр қызметі телефондарының байланыс нөмірлері және электрондық мекен-жайы туралы мәлімет;
6) осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесі;
7) конкурстық комиссияның отырысына байқаушылардың қатысатыны жөніндегі ақпарат;
8) конкурсқа қатысу үшін өтініштің нысаны орналасқан интернет-ресурсқа сілтеме.
Хабарландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін қосымша ақпаратты қамтуы мүмкін.
5-тарау. Өтінішті қабылдау
21.Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі - портал) немесе Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық сервисі (бұдан әрі – ақпараттық сервис) арқылы осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті құжаттар қабылданатын мерзімде электрондық-цифрлық нысанда береді және электрондық-цифрлық қолтаңбамен куәландырады.
22. Өтінішке электрондық-цифрлық нысанда шығарылған (сканерленген):
1) ЖСН-і бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куландыратын құжаттың;
2) нотариалды куәландырылған қосымшасы (қосымшалары) бар білімі туралы құжаттың (құжаттардың) көшірмелері қоса беріледі.
Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар Қазақстан Республикасының азаматтарына - «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, білім саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы құжаттардың деректерін тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтағаны туралы анықтамалардың көшірмесі қоса беріледі;
3) «Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығымен бекітілген Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларының, бағдарламалары мен оны ұйымдастырудың 6-қосымшасына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14317 болып тіркелген) нысан бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган берген құжатты беру кезінде жарамды болып табылатын мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тесттен өту туралы сертификат (құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарға беріледі);
4) «Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығымен бекітілген Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларының, бағдарламалары мен оны ұйымдастырудың 10-қосымшасына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14317 болып тіркелген) нысан бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган берген құжатты беру сәтінде жарамды болып табылатын құқық қорғау қызметіндегі лауазымға кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижелері жөніндегі қорытынды (құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарға беріледі);
5) нотариалды куәландырылған не жұмыс орнындағы кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған жағдайда, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну талап етілмейді.
6) түрлі-түсті фотосурет (қатысушының жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген болуға тиіс, адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 70%-ға жуығын алуға тиіс).
Азаматтар олардың білімдеріне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, кепілдемелер, олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер).
23. Өтініш нысанына енгізілетін мәліметтер шынайы ақпаратты қамтуға тиіс.
24. Өтінішті толтыру алгоритмі қатысушының жеке кабинетінде орналастырылады.
25. Осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген электрондық құжаттардың толық тізбесі қоса берілмеген немесе олар тиісінше ресімделмеген жағдайда, кадр қызметі өтініш келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтінішті кемшіліктерді жою үшін азаматқа қайтарады.
Азамат өтініш қайтарылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей өтінішті қайтару себебін түзетеді.
26. Электрондық құжаттардың толық емес тізбесін тіркеу немесе тиісінше ресімдемеу өтінішті қараудан бас тартуға негіз болып табылады.
27. Өтінішті қабылдау қатысушының электрондық мекенжайына немесе жеке кабинетіне хабарлама жіберу арқылы расталады.
28. Азаматтар осы Қағидаларның 22-тармағының 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын конкурстың кезеңдері өтетін жердегі прокуратураның кадр қызметіне тағылымдамадан өтетін алғашқы күні ұсынады.
Осы Қағиданың 22-тармағында көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда, адам тағылымдамадан өтуге жіберілмейді.