Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесіне қызметке кірудің кейбір мәселелері «Құқық қорғау қызметі туралы»



бет6/20
Дата09.05.2023
өлшемі133,14 Kb.
#91368
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
6-тарау. Өтінішті қарау

29. Қатысушының өтінішін қарауды прокуратураның кадр қызметтері өтініш қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.


Қатысушының өтініштерін қарау жұмыстарын үйлестіруді Бас прокуратураның кадр қызметі жүзеге асырады.
30. Прокуратураның кадр қызметі өтінішті қатысушының заңдарда және өзге де құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігін, көрсетілген мәліметтердің шынайылығына қарайды.
Конкурсқа қатысушыларды емтихан тапсыруға жіберу жөніндегі шешімді Бас прокуратураның кадр қызметі қабылдайды.
Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша Бас прокуратура емтихан тапсыруға жіберілген қатысушылар тізімін және оларды өткізу кестесін қалыптастырады.
31. Конкурсқа жіберілген қатысушылар тізімі тексеру жүргізу үшін ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшелеріне жіберіледі.
32. Қатысушыға қатысты прокуратура қызметіне түсуге кедергі келтіретін мәліметтер мен деректерді, көрінеу жалған ақпарат ұсыну деректерін, мемлекеттік (құқық қорғау, арнайы мемлекеттік, әскери) қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамау туралы және прокуратурада лауазымға орналасуға кедергі келтіретін деректерді анықтау, конкурстың келесі кезеңдеріне жіберуден бас тартуға негіз болып табылады.
7-тарау. Емтихандар тапсыру

33. Емтихандар қатысушының кәсіби дағдысын, іскерлік сапасын және психологиялық ерекшеліктерін анықтайды.


34. Емтихандарды Бас прокуратураның кадр қызметі прокуратураның қорғалған байланыс арналары бойынша аудио-бейне хаттамаланатын бейнеконференцбайланысты қолдану жолымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) «Он-лайн» режимінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдаланып өткізеді.
35. Емтихандар қатысушыны емтиханға жіберу туралы шешім қабылданған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей прокуратураларда өткізіледі.
36. Емтихан басталғанға дейін кадр қызметінің өкілі қатысушыларға нұсқау өткізеді және олардың туындаған сұрақтарына жауап береді.
37. Емтихан өткізген кезде үй-жайда тек қатысушылар ғана болады. Бұл ретте кадр қызметі өкілі, сондай-ақ техникалық маман қатысуы міндетті.
38. Көңіл-күйі нашар болағн қатысушы емтихан басталғанға дейін ол туралы кадр қызметінің өкілін хабардар етеді.
Мұндай жағдайда, осы қатысушының емтиханы емтихандарды тапсыру кестесіне сәйкес басқа күні өткізіледі.
39. Емтихан өтетін үй-жайда ұялы байланыс құралдарының белгісін басатын және ақпараттық қауіпсіздік пен емтихан процесінің бейне-аудио жазбасын жүргізуді қамтамасыз ететін басқа да техникалық құралдармен жарақтандырылады.
Қатысушының жұмыс орны қатысушының фотосуретін түсіру және емтихан тапсыру процесін бейнежазуды жүргізу үшін веб-камерамен жабдықталуы мүмкін.
40. Емтихан уақытында қатысушыларға кадр қызметі өкілінің ілесіп жүруімен дәлелді себептермен үй-жайдан шығу қажеттігін қоспағанда, емтихан өтетін үй-жайдан шығуға, басқа қатысушылармен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, электрондық құрылғыларды (оның ішінде ұялы телефондар, дербес қалта компьютерлері және өзге де электрондық жабдық), қағаз тасымалдағышты қолдануға жол берілмейді.
41. Осы Қағиданың 40-тармағының талаптары бұзылған кезде кадр қызметінің өкілі емтиханды тоқтатады және бұзушылыққа жол берген қатысушыны үй-жайдан шығарады және осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысандағы бұзушылық туралы акт жасайды.
Қатысушының емтихан нәтижелері жоққа шығарылады.
Бұзушылық туралы акт жасалған қатысушы конкурстың келесі кезеңдеріне қатысудан шығарылуға жатады.
Кейінгі конкурстарға қайтадан қатысуға бұзушылық болған күннен бастап бір жыл өткен соң рұқсат етіледі.
42. Еңсерілмейтін күштерге (стихиялық құбылыстар, әскери қимылдар), сондай-ақ техникалық ақауларға байланысты емтиханды жалғастыру мүмкін болмаған кезде емтихан тоқтатыла тұрады және осы Қағиданың 4-қосымшасна сәйкес нысандағы емтихан рәсімін тоқтата тұру туралы акт ресімделеді.
43. Емтихандар мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) ситуациялық тестілік есептер (бұдан әрі - есеп);
2) интеллектіге арналған тесттер (IQ-тест);
3) психологиялық тесттер;
4) берілген тақырыпқа эссе (бұдан әрі - эссе).
Есептерді шешу:
проблеманы түсінуін;
қолданыстағы заңнаманы бағдарға алуын;
Қазақстан Республикасының заңнамасын тәжірибеде қолдана білу қабілетін;
шешімнің практикада қолданыуын және қабылданған шешім салдарын талдай білу қабілетін анықтауға бағытталған.
Интеллектіге арналған тесттер (IQ-тест) интеллект деңгейін анықтауға бағытталған.
Психологиялық тесттер жеке-психологиялық және моральдық-іскерлік қасиеттерді анықтауға бағытталған.
Эссенің мақсаты:
өз ойларын нақты әрі ықшамды жеткізе білуін;
хат жазу сауаттылығын;
берілген тақырыпқа сәйкес түсініктерді пайдалана білуін;
теңгерімді тұжырымдар мен қорытындылар жасай білуін анықтау болып табылады.
44. Емтихан кезеңдерін орындау уақыты:
1) есептерді шығару – 90 минут (30 есеп);
2) интеллектіге арналған тесттер (IQ-тест)- 15 минут (50 сұрақ);
3) психологиялық тестілеу – 40 минут (190 сұрақ);
4) эссе – 60 минут (500 сөз).
45. Осы Қағиданың 44-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген емтихан кезеңдерінің арасындағы үзіліс кемінде 5 минутты құрайды.
46. Емтиханның әрбір кезеңін орындауға бөлінген уақыт аяқталған соң бағдарлама автоматты түрде жабылады.
47. Осы Қағидалардың 44-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген емтихан кезеңдерінің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүзеге асырылады.
48. Есептерді шешу бойынша шекті мәні жалпы есептер санынан дұрыс жауаптардың кемінде 70 % құрайды.
49. Осы Қағиданың 44-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көзделген емтихан кезеңдеріне есептерді шешу нәтижелері бойынша шекті мәннен төмен емес баға алған қатысушылар жіберіледі.
Бұл ретте осы Қағиданың 44-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көзделген емтихан кезеңдері есептерді шешу аяқталғаннан кейінгі жиырма минуттан кешіктірілмей өткізіледі.
50. Шекті деңгей психологиялық тестілеуді орындау нәтижелері бойынша шынайылық шкаласынан асқаны анықталған кезде қатысушы сол күні кемінде 45 минут үзілістен соң психологиялық тестілеуден қайтадан өтеді.
51. Интеллектіге арналған тест (IQ-тест), психологиялық тестілеу және эссе барысында алынған ақпарат ұсынымдық сипатта болады және комиссия шешім қабылдау кезінде ескереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет