ұйымдарының
ӛзін-ӛзі
реттеу
қағидаттарын
енгізуге
және
ЖОО
қауымдастықтарынан, ректорлардан, студенттерден, аккредиттеу органдарынан
бірыңғай платформа құруға мүмкіндік береді.
Білім беру сапасын басқару білім беру мониторингінің нәтижелері,
білім
беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндама,
халықаралық салыстырмалы зерттеулер (PISA, TIMSS, PIRLS, ICILS, PIAAC,
TALIS), мемлекеттік бақылау, ұлттық және халықаралық рейтингтер,
білім беру
ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын аккредиттеу негізінде білім берудің
барлық деңгейлерінде басқарушылық шешімдер қабылдау арқылы жүзеге
асырылады.
Сапаны басқару мен қамтамасыз етудің негізі сапаны ішкі және сыртқы
қамтамасыз ету жүйесін реттейтін және білім беру саласындағы ұлттық
саясатты кӛрсететін білім беру деңгейлері бойынша сапаны қамтамасыз ету
жӛніндегі нұсқаулық болады.
Білім беру ұйымдарында білім беру процесіне қатысушылардың білім беру
сапасы туралы құндылықтары мен сенімдері және оны үздіксіз
жетілдіруге
бағытталуы сияқты сапа мәдениеті дамытылады. Білім беру ұйымдарының
цифрлық экожүйесін жаңғырту және шешім қабылдаудың барлық
деңгейлерінде педагогтер мен білім алушыларды тарту арқылы білім беру
сапасы мәдениетін дамытады. Ол ұлттық білім
беру деректер базасымен
интеграцияланған білім беру ұйымдарының ақпараттық жүйелерінің ашықтығы
мен қолжетімділігіне негізделетін болады.
ТжКБ-ның және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларының тізілімдері, аккредиттелген білім беру
ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізілімдері,
рейтингтер мен
мемлекеттік бақылау кӛрсеткіштері ТжКБ, орта білімнен кейінгі және жоғары
және
(немесе)
ЖОО-дан
кейінгі
білімнің
танылған
білім
беру
бағдарламаларының бір ұлттық тізіліміне біріктірілетін болады. Бұл тізілім
ҰБДҚ-ның құрамдас бӛлігіне айналады және қоғамға олардың мазмұнының
жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес келуіне
және сапаны растауға
кепілдік беретін кӛз болады.
Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы білім беру сапасын
арттыру, оның ішінде білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесінің құралы
ретінде ұлттық біліктілік шеңберін қолдану мәселелері бойынша білім беру
ұйымдарын қолдаудың әдіснамалық орталығына айналады.
Педагогтердің қосымша білім беру ұйымдары
танылған халықаралық
стандарттарға сәйкес сапаны сыртқы бағалаудан ӛтеді.
Достарыңызбен бөлісу: