Мұғалім оқушыларды оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бейімдейді, сонымен қатар оқу процесіне ынталандыру үшін жағдай жасайды. «Мақсаттар ағашы» Оқуға мотивацияны ынталандыру үшін жаттығуды орындау. Ватман қағазы бетінде ағаш бейнеленген. Әр оқушы жасыл жапырақты жапсырады. Жапырақтың бір жағына, оқушылар өздерінің жеке мақсаттарын, яғни ол осы тақырып бойынша қандай ақпарат алу керектігін білгісі, түсінгісі келетінін жазады.
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау
Ватман немесе флипчарт (ватман парағында ағаш бейнеленген).
Жапырақтары жасыл жасыл қағаздар.
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған оқулық. 2- бөлім/ Е. С. Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, А.М. Фазылжанова, А. А. Сейтенова. — Алматы:
«Көкжиек-Горизонт»,
2019., 188 бет
2-кезең. Теория-практикалық:
Сабақтың ортасы 25 минут
Мұғалім оқушыларға Джейк Напп, Джон Зератский мен Браден Ковитцтердің «Спринт: 5 күнде кез-келген бизнес-идеяны қалай тексеруге болады» атты бестселлеріндегі негізгі ой туралы «Sprint: кез келген бизнес-идеяны 5 күнде қалай тексеруге болады?» деп аталатын кітаптың кейс-саммариін оқып шығуды тапсырады.
Идеяны тестілеуге қатысты ұсыныстардың қайсысын оңтайлы көресіз?
Әрі қарай мұғалім практикалық тапсырманы береді. Осы тақырыптың құралдарын пайдалану арқылы топтық жобаға негізделген тестілеуді өткізеді. Жоспар жасап және оны іске асырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, командалардың топтық жұмыстарына тестілеу өткізеді: —Прототип сіз ойлағандай жұмыс істей ме? —Пайдаланушының реакциясы сіз жоспарлаған реакцияға сәйкес келе ме? —Сіздің өніміңіз пайдаланушының қажеттіліктерін сіз болжамдағандай қанағаттандыра ма?
Әдістемелік құрал:
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С. Дүйсенханов, А.М.Фазылжанова, А. А. Сейтенова — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2019. —112 бет.
Сабақ презентациясы.
Оқулық, интерактивті
тақта