Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет240/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

Сабақтың ортасы 25 минут

Мұғалім сторителлинг ұғымын түсіндіреді және келесіні хабарлайды: «Қалай болғанда да, әр адам ақпаратты іздеп, қабылдауға тырысады. Сабақта айтылған дүниенің бәрін түсініп алу мүмкін емес. Оқулықты қанша оқып, қандай да бір ақпарат алуға тырысқанмен, қабылдау қиынға соғып жатады. Ал бір досыңыз сол нәрсені таратып айтып берсе, бірден түсініп аласыз. Досыңыз да кезінде сіз сияқты қиналды, алайда кейін меңгеріп алған соң ол ақпаратты қалай жеткізу керектігін біледі.
Сторителлинг — тыңдаушыға ақпарат жеткізу тәсілі, нәтижесінде тыңдаушы не істеу керек екенін біліп, оң нәтижеге қол жеткізуге тырысады. Басқаша айтқанда, бұл — баяндау арқылы аудиторияға ақпарат жеткізу мүмкіндігі».
Содан кейін мұғалім «Әңгіме өрбіту» ойынын өткізеді:
Ойын шарты бойынша, оқушылар кезек-кезек бір сөзден айтады. Нәтижесінде бас-аяғы толыққанды жұп-жұмыр, айтар ойы бар, қандай да бір іс-әрекетке үндейтін хабарлама шығуы керек. Мұғалім модератор ретінде ойынды үдетіп сторителлинг құрылымына сәйкес оқушыларды бағыттап отырады. Ойынның мақсаты: оқушыларды топтық жұмысқа жұмылдыру, сторителлинг әдісін меңгерту.
Тыңдаушыны ұйытып әкету үшін не істеу керек?
Ол үшін оқиға желісін, құрылымын білу жеткіліксіз, аудиторияға бейімделе білу қажет. Сол себепті баяндаушы көп нәрсені ескеруі керек.
Жақсы баяндаушы болу критерийлері:

  1. Рақаттанып отырып айтыңыз.

  2. Шынайы болыңыз, ойыңыз айқын болсын.

  3. Аудиторияның көңіл күйін сезіне біліңіз.

  4. Әңгіме барысында дауысыңызды құбылта біліңіз.

  5. Сөйлеу ырғағына мән беріңіз.

Содан кейін мұғалім сторителлингтің не үшін керектігін, оның тиімді техникаларын және материалды қалай бекіту керектігін түсіндіріп болған соң, оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс жасайды.
1-тапсырма
Кім әңгіменің майын тамызады? Не себепті? Ол сторителлингтің құрылымын негізге ала ма? Баяндаушыны жоғарыдағы критерийлер бойынша сипаттаңыз. 2-тапсырма
Сторителлинг қолданылған фильм жайында айтып беріңіз. Фильмді сторителлинг құрылымына сәйкес

Әдістемелік құрал:
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С. Дүйсенханов, А.М.Фазылжанова, А. А. Сейтенова — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2019.
—112 бет.
Сабақ презентациясы.
Оқулық, интерактивті
тақта




жіктеңіз. 3-тапсырма
Қай жарнама есіңізде қалғанын айтып беріңіз. Не себепті? Оған сторителлингтің әсері бар ма? Жарнаманы сторителлинг бөліктеріне жіктеңіз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет