Экспресс-талдаудың үш кезеңде жүргізілуі орынды:
1. Дайындық.
2. Қаржылық есепке алдын ала шолу жасау.
3. Экономикалық оқу және есеп беруді талдау.
Бірінші кезеңнің мақсаты – қаржылық есеп беруді талдаудың мақсатқа сәйкестілігі туралы шешім қабылдау және оның оқуға дайындығына көз жеткізу.
Бірінші міндет аудиторлық есепте берілген ақпараттардың дәлдігі және олардың қолданылып жүрген нормативтік құжаттарға сәйкестігі туралы баға берілген бағасынан тұратын аудиторлық қорытындымен танысу арқылы шешіледі.
Екінші кезеңнің мақсаты – балансқа қосымша түсіндірме хатпен танысу.
Бұл есепті кезеңдегі жұмыс жағдайларын бағалау қызметтегі негізгі көрсеткіштердің тенденцияларын анықтау, сондай-ақ шаруашылық субъектісінің мүліктік және қаржылық жағдайындағы сапалы өзгерістерді анықтау үшін қажет.
Түсіндірме хатпен танысқаннан кейін экспресс-талдаудың негізгі үшінші кезеңіне, яғни экономикалық оқу және есепті талдауға көшу керек. Оның мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесін жалпылама бағалау.
Экспресс-талдаудың негізгі элементтерінің бірі жылдық есеппен жұмыс істей алу болып табылады, соның ішінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау мен талдау үшін оның негізгі ақпараттық үлгісі болып табылатын бухгалтерлік баланспен жұмыс істеу.
Жалпы алғанда баланс элементтері – өзара тығыз байланысты жүйе. Бөлімдер, топтар және баптар деңгейінде логикалық және сандық қатынастар болады. Кәсіпорын бөлімдері арасындағы өзара байланыс өзгешелігі келесідей болады: 1. Баланс активінің барлық бөлімдерінің жиынтық сомасы оның пассивінің барлық бөлімдерінің жиынтық сомасына тең.
A(I+II)=П(I+II+III) Бұл теңдік бухгалтерлік баланстың негізгі ойын көрсетеді, яғни кәсіпорын қаражаттарының сол бір ғана сомасы екі аспектіде көрсетілген:
– құрамы мен таратылуы бойынша;
– қалыптасу көздері (қаржыландыру) бойынша.
2. Ережеге сай активтің екінші бөлімінің жиыны пассивтің үшінші бөлімінің жиынынан аз: