Кәсіпорын несие төлеу қабілетін бағалаудың бас әдісі – ресми бухгалтерлік есеп беруді талдау, оның негізінде банк бағалауы қажет: а) қарыз алушы кәсіпорынның төлем қабілетін және өтімділігін; б) айналым қаражат пен алынған кредиттерді пайдалану тиімділігін; в) барлық қарыз міндеттерді, сұранған несиені қоса, өтімділік қаражатымен жабу; г) шаруашылық айналымда өзіндік айналым қаражатарының болуы; д) қарыз алушының табыстылығы.
Несие төлеу қабілетін бағалау белгілі датаға және динамикада өткізіледі. Өткізілген талдау негізінде банк қарыз алушыға несие беру мүмкіндігі туралы қорытынды шығарады.
Несие төлеу қабілетін талдау барысында бірқатар көрсеткіштер пайдаланады. Бұл өтімділік, кәсіпорын табыстылығы көрсеткіштері. Несие төлеу қабілетін бағалаған кезде аралық жабу коэффициентімен бірге жалпы өтімділік коэффициенті пайдаланады. Егер ол 1 төмен болса, банк төлемге қабілетсіз клиентпен іс жүргізеді, бұл жағдайда кредит ерекше шарт бойынша ғана берілуі мүмкін. Бұл көрсеткіш деңгейі 1 – 1,5 шамасында уақытында қарызды сұрау тәуекелі болады; 1,5-ден астам коэффициент деңгейінде қарыз қамтылуының және оны қайтарудың кепілі жеткілікті.
Одан басқа, осындай экономикалық көрсеткіштерді де зерттеу керек: айналым қаражаттың айналымдылығы, өткізу өсуінің темптері, кәсіпорынның іскерлік белсенділігі.
Несие төлеу қабілетін талдауды өткізген кезде кәсіпорынның алынған кредиттерін өтеу қабілетсіздігінің негізгі себептері анықталады: сенімсіз дебиторлық қарыздың болуы, клиент алдында міндеттерді бұзу, артық өндірістік және тауар қорларының жинау, шаруашылық әрекеттің төмен тиімділігі, айналым қаражаттардың айналымдығын баяулату.
Бақылау сұрақтары:
1.Кәсіпорынның несие қабілетін талдау
2.Несие келісім-шартында міндетті
3. Несие берілетін мерзімдері
4. Несиелендіруге қабылданбайды
5. Несие алу үшін қарыз алушы несиенің мақсаты
6. Кәсіпорын несие төлеу қабілеті
45. тақырып . Қаржылық жағдайды экспресс-талдау
1. Экспресс-талдаудың мақсаты
2. Экспресс-талдаудың үш кезеңде жүргізілуі орынды
3. Экспресс-талдаудың негізгі элементтері
Экспресс-талдаудың мақсаты шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы мен даму динамикасын көрнекті түрде және қарапайым бағалау болып табылады.
Аудиторлардың аналитикалық қызметінің логикасы оны, яғни талдауды екі модульдік құрылым түрінде ұйымдастыруды көздейді:
− қаржылық есепті экспресс-талдау;
− қаржылық жағдайды тереңдетіп (нақтылап) талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |