Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі



бет154/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   213

Борышкердің әрменсіз деп тану туралы сотқа берілген арызға қарызды өндіру туралы тиісті сот шешімінің, сонымен қатар сол шешімнің орындалуы мүмкін емес екендігін растайтын дәлелдемелердің тіркелмеуі, яғни ұсынылмауы - соттың аталмыш арызды қараусыз қалдырып, оны қайтаруына бірден-бір негізі болуы қажет.
Қазіргі таңда оңалтуды және конкурсты басқарушы арнайы лицензиясы бар үміткерлерді тағайындау жүйесінің тиісінше ұйымдастырылуы өзекті мәселелердің бірі. Себебі, оңалтуды және конкурсты басқарушы (таратушы) борышкерді басқарудың бірден-бір уәкілетті органы ретінде әрекет ететіндіктен, бұл жерде сөз оның жоғары кәсіби деңгейлігі жөнінде қозғалып отыр. Өйткені борышкердің қаржылық жағдайын бағалауды, сондай-ақ оның ішкі және сыртқы өндірістік байланыстарын саралап-анықтауды, борышкердің төлем қабілеттілігін қайта қалыптастыру мақсатында құқықтық және экономикалық әдістерді қолдана білуді, сонымен қатар таратуды жүзеге асыру кезінде өзінің негізгі міндеттері, яғни борышкердің мүлкін сату, оның несие берушілерімен есеп айырысу міндеттерін тек кәсіби және адамгершілік деңгейі жоғары тұлға ғана игере алады.
Кәсіпорындағы банкроттың пайда болу себептері. Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" 07.04.95 жылғы №2173 Заңына сәйкес, қарызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын, еңбекақы төлеу талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады. Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағаттанғысыз құрылымына байланысты ұғымдар кіреді.


Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизімінің балансының бұзылу нан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясат ның тиімсіз болуынан туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет