Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі



бет32/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   213
Бақылау сұрақтары:
1. Экономикалық талдау және аудит.
2. Аудит барысында қолданылатын бірнеше экономикалық талдау әдістері
3. Ішкі аудит және сыртқы аудит түрінде экономикалық талдау
4. Бухгалтерлік есептілікті жүргізу және қалпына келтіру









7. тақырып Экономикалық талдаудың әдісі мен тәсілдері

1.Экономикалық талдаудың әдісі


2.Экономикалық талдаудың тәсілдері
3. Талдауда қолданылатын инструментаридің екі негізгі ерекшелігі

Әдіс – бұл мақсатқа жету тәсілі, ретке келтірілген іс-әрекет. Грек тілінен аударғанда «тәсіл» сөзі «әлденеге апарар жол» деген мағынаны береді. Адамзаттың іс-әрекеті теориялық немесе тәжірибелік бағытта болуы мүмкін, сондықтан әдіс түсінігі теорияға да, тәжірибеге де тең дәрежеде қатысты. Кез-келген ғылымның әдісі деп өзінің пәніне, мазмұнына оған тән тәсілдермен енуді, яғни, оны тану жолын түсінеді. Әдіс ғылыми зерттеу барысындағы ой немесе физикалық операциялардың жиынтығын білдіреді. Осылайша, әдісті өзіндік ой технологиясы деп атауға болады. Ғылыми тану әдістері жалпы-ғылыми және нақты-ғылыми деп екіге бөлінеді. Жалпы-ғылыми әдістерге барлық ғылымдарға кездесетін әдістерді айтамыз: салыстыру, эксперимент, талдау (анализ), синтез, модельдеу, нысандандыру, абстракциялаушылық және т.б. Бұл тәсілдерді нақты ғылымға немесе зерттеуге қолдану зерттеліп отырған пәннің спецификалық ерекшеліктеріне, техникалық құралдардың құзыретіндегі ол туралы таным дамуының жалпы деңгейіне байланысты. Нақты-ғылыми әдістер тек дербес ғылымдарға тән және басқаларының шеңберінде қолданылмайды.


Экономикалық талдаудың өз әдісі бар. Талдаудың әдісі деп – шарушылық құбылыстар мен процестерді, олардың құралуы мен дамуында зерттеу жағынан, диалектикалық тұрғыдан жақындау амалы. Экономикалық талдаудың әдісі – бұл экономикалық субьектілердің қызмет етуінің теориялық-танымдық категорияларының жүйесі, ғылыми инструментариясы және процесстерді зерттеудің реттеушілік принциптері. Экономикалық талдаудың әдісі экономикалық субъект тану тәсілі ретінде дәйекті түрде орындалатын бірнеше этаптардан тұрады. Ең бірінші, субъект бақылау, абсолютті және қатысты көрсеткіштерді өлшеу және есептеу, оларды салыстырылатын түрге келтіру орындалады. Келесі кезекте жүйелеу және салыстыру, факторларды топтастыру және талдап тексеру (детализациялау), олардың субъект қызметінің көрсеткіштеріне әсерін зерттеу жүргізіледі. Ең соңынан, қорытынды және болжам кестелерін құру, басқару шешімдері қабылдау үшін қорытындылар мен рекомендациялар дайындау іске асырылады.
Экономикалық талдаудың әдісі экономикалық субъект тану тәсілі ретінде дәйекті түрде орындалатын бірнеше этаптардан тұрады. Ең бірінші, субъект бақылау, абсолютті және қатысты көрсеткіштерді өлшеу және есептеу, оларды салыстырылатын түрге келтіру орындалады. Келесі кезекте жүйелеу және салыстыру, факторларды топтастыру және талдап тексеру (детализациялау), олардың субъект қызметінің көрсеткіштеріне әсерін зерттеу жүргізіледі. Ең соңынан, қорытынды және болжам кестелерін құру, басқару шешімдері қабылдау үшін қорытындылар мен рекомендациялар дайындау іске асырылады. Жалпыланған түрде әдісті үш құрамдас бөліктің комбинациясы ретінде қарастыруға болады:
М={K, I, P}
K – ғылыми категориялар
I – зерттеулер инструментариі
P – принциптері
Категориялар – бұл берілген ғылымның неғұрлым жалпыланған түсінігі. Экономикалық талдаудың категорияларына мыналарды жатқызуға болады: фактор, модель, жүйе, шығындар, кірістер және т.б.
Экономикалық талдаудағы принциптер көптеген таным аумақтарына ортақ қолданылады: жүйелілік, ғылымилық, нақтылық және т.б.
Ғылыми инструментарий (аппарат) – бұл талдау мақсатына жету үшін әр түрлі комбинацияларда қолданылатн тәсілдер, амалдар және құралдар. Талдаудың кез-келген инструменті бұл сөздің тар мағынасында әдіс деп аталуы мүмкін. Талдауда қолданылатын инструментаридің екі негізгі ерекшелігін бөліп көрсетуге болады.
Біріншісі – бұл білімдердің аралық салаларынан (математика, экономикалық теория, стаистика және т.б.) зерттелген әдістердің шоғырлануынан көрініс тапқан ашықтық. Талдау өз шеңберінде жасап шығарған спецификалық амалдармен шектелмейді, керісінше, әр түрлі әдіснамаларды шығармашылық түрде оларды өз талаптарына сай етіпқайта өңдеп қолданады.Соңғы жылдары талдаудың ғылыми аппаратын жетілдіру әдістері математизациялауды күшейту жолымен жүрді. 
Екінші ерекшелік экономикалық талдаудың әр кезңінде әр түрлі тәсілдер мен амалдардың қолданылуында болып табылады. Сонымен қатар оларды қолдануға байланысты ешқандай нақты регламенттеу болмайды.
Бұл жерде көп нәрсе талдаудың мақсатына, талдаушының өкілетіндегі уақыттық, ақпараттық және адами ресурстарға, ақпараттық және техникалық қамтамасыз етілуіне байланысты. Шынайы талдауда көбіне сан алуан амалдар мен тәсілдердің комбинациясы қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет