Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


тақырып Экономикалық ақпараттық жүйесі



бет41/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

14. тақырып Экономикалық ақпараттық жүйесі

1.Экономикалық ақпарат түсінігі


2. Ақпараттық жүйе
3 Ақпараттық жүйенің құрамы және құрылымы


Экономикалық ақпарат түсінігі. Экономикалық ақпарат деп қоғамдағы өндірістік қатынастарды сипаттайтын ақпарат түсіндіріледі.
Оларға экономикалық жүйеде өндіріс үрдістері туралы, материалдық ресурстар туралы, өндірісті басқару үрдістері туралы, қаржылық үрдістер туралы мағлұмат беретін мәліметтер, сонымен қатар, басқарудың әртүрлі жүйелері өзара айырбас жасайтын экономикалық сипаттағы мәліметтер жатады.
Экономикалық ақпаратақа келесі талаптар қойылады: нақтылық, түсініктілік, белсенділік.
Ақпараттың нақтылығы оның барлық тұтынушыларға бірмәнде қабылдануын қамтамасыз етеді.
Түсініктілік жүйенің қызмет ету тиімділігін сақтай отырып түсетін, сонымен қатар нәтижелік ақпараттың мүмкін болатын қажалуын анықтайды.
Белсенділік өзгерген жағдайларда қажетті есептер мен шешімдер қабылдау үшін ақпараттың актуалдылығын сипаттайды.
Экономикалық ақпараттың түрлері.
Экономикалық ақпаратты келесі негізгі белгілері бойынша бөлу қабылданған:
-басқару қызметтері бойынша;
-пайда болу орыны бойынша (басқару деңгейі).
Экономикалық ақпарат басқару қызметтері бойынша төмендегідей бөлінеді.
Есептік ақпарат уақыттың нақты мерзімінде жоспарланған көрсеткіштердің нақты мәндерін сипаттайды.
Есептік – статистикалық ақпарат басқарудың жоғарғы органдары үшін, мемлекеттік статистика органдары үшін, салық инспекциясы үшін және тағы басқа органдары үшін фирманың нақты қызметінің нәтижелерін сипаттайды, мысалға фирманың қызметі туралы жылдық бухгалтерлік есеп.
Кіріс ақпараты – бұл фирмаға (құрылымдық бөлім) сырттан келетін және басқарудың тапсырмалары мен экономикалық және басқару шешімдерін жүзеге асыру үшін алғашқы ақпарат ретінде қолданылатын ақпарат.
Шығыс ақпараты – бұл басқарудың бір жүйесінен басқа жүйесіне түсетін ақпарат. Бір ақпарат оның тұтынушысы ретінде бір құрылымдық бөлімшесі кіріс ақпараты болып та, сонымен қатар оны өндірушісі үшін шығыс ақпараты болып та қолданылуы мүмкін.
Ақпараттық жүйе.Әрбір жүйе келесі компоненттерді қамтиды:
1.Жүйе құрылымы — жүйенің элементтерінің көптігі және олардың өзара арақатынасы. Мысалға: фирманың ұйымдық және өндірістік құрылымы;
2.Жүйенің әрбір элементінің қызметтері. Мысалға: басқару қызметтері – фирманың нақты құрылымдық бөлімшесінің шешім қабылдауы;
3.Жүйенің әрбір элементінің және толығымен жүйенің кірісі және шығысы. Мысалға: жүйеге келіп түсетін немесе шығарылатын материалдық немесе ақпараттық ағындар;
4.Жүйенің және оның жекелеген элементтерінің мақсаты мен шектеулері. Мысалға: ең жоғарғы пайдаға қол жеткізу; қаржылық шектеулер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет