ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


«Физика» , екіншісі –  «метафизика»



Pdf көрінісі
бет322/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   382
Байланысты:
Философия

«Физика»
, екіншісі – 
«метафизика»
. Біріншісінде ол барлығы 
өзгеретін, бір күйден екіншісіне ауысатын, табиғатта болып жата-
тын үдерістерді, іс-әрекеттерді зерттесе, ал екіншісінде өзгермейтін
жоғарғы себептеріне, яғни заттардың мәңгі, орнықты негіздемелеріне 
талдау жасады.
Осы екі әлемді ұштастыру үшін, ол философияға: 
мүмкіндік
және 
шындық
(болмыс) дейтін екі санатты енгізді. Инертті, өз-өзімен 
өмір сүретін, бейберекет күйдегі мәңгілік материя бар-жоғы әлемнің 
мүмкіндігі болып саналады. 
Формаға
ие болып қана ол шындыққа
біздің зерттейтін нысанамызға айналады. Форма заттың ішкі 
энте-
лехиясын
, оның мақсат-міндетін, қазіргі терминдермен айтқанда, – 
заттың ішкі бағдарламасын
жасайды.
Әлемге осындай көзқарас 
гилеоморфизм
(грекше «hyle» – ма-
терия, «morphe» – форма) деп аталады. Формаға ие болған материя 
енді бейберекетсіздік емес, – ол алдымызда жатқан нақтылық, заңға 
сәйкестігі, тәртібі, үйлесімділігі бар әлем.
Бірақ бұл жерде біз өзгеше күрделі мәселеге тап боламыз. Егер ма-
терия өз-өзімен мәңгі өмір сүрсе, онда форма қайдан шықты? Басқа 
жауап таппаған соң, Аристотель: «Барлық формалардың формасы – 
Құдай», – дейді. Ал онымен мәселенің өзі, әлбетте, күн тәртібінен 
алынбайды ғой.
Ертедегі гректер әлемнің түпқазығын Жер деп санайды. Ондай 
көзқарас дүниеге 
геоцентрлік
көзқарас деп аталады. Аристарх Самос-
ский ғана әлемнің түпқазығын Күн деп санайтынын білдірді. Алайда 
антика заманында ол қолдау таппады. Қайта өрлеу дәуірінде ғана оның 
идеяларына Н.Коперник жаңа серпін берді.
2. механистік үлгі.
Аристотельдің әлемге қатысты жоғарыда 
аталған көзқарастары тарихта екі мыңжылдық бойы сақталды. Хрис-
тиан философтары (Ф.Аквинский және басқалары) оларды Құдай бол-
мысын дәлелдеу мақсатында пайдаланды. Мәңгілік аясында Құдай 
ғана бар, ОЛ – Шындық, Жақсылық, Әсемдік, ал жаратылған Табиғат 
әртүрлі мүмкіндіктермен толтырылған болмыс болып табылады. 
Табиғаттың кез келген заттары мен құбылыстарының бұл дүниеге 


364
келуі де, келмеуі де мүмкін еді. Олардың барлығы да өтпелі, кездейсоқ 
және жетілмеген. Ортағасырлық философтар осылай ойлады.
Ал енді өз-өзін сарқып бітірген феодализмнің орнына Қайта 
өрлеу дәуірі келді, капиталистік қатынастардың негіздері қалана бас-
тады. Теңізде жүзу, сауда-саттық қарқынды дамыды. Теңіздер мен 
мұхиттарда алысқа жүзуді жүзеге асыру үшін, астрономиялық 
білімдерді жетілдіру қажеттігі туды. Әлемнің жаңа ғылыми бейнесін 
жасау қажет болды.
Н.Кузанский, Н.Коперник Қайта өрлеу дәуірінің алдына қойылған 
міндеттерді сәтті шешіп берді. «Аспан денелеріне жүгіну туралы» 
еңбегінде Н.Коперник әлемнің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет