Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық униврситеті әлеуметтік-гуманитарлық факультеті


тақырып Әлеуметтік институттар, ұйымдар және процестерге байланысты негізгі категориялар мен түсініктер



бет4/30
Дата15.03.2023
өлшемі134,33 Kb.
#74467
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
2 тақырып Әлеуметтік институттар, ұйымдар және процестерге байланысты негізгі категориялар мен түсініктер
Дәріс мақсаты: нормалар, мәртебе, рөлдер,процестер әлеуметтік институттардың категориясы ретінде
Басты түсініктер: норма, мәртебе, әлеуметтік рөл,үдеріс
Дәріс жоспары:
1. Әлеуметтік институттар мен процестер және ұйым түсінігі
2. Нормалар, мәртебе, ролдер және үдерістер әлеуметтік институттардың категориясы ретінде
Дәріс мазмұны:
ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТТАР — тарихи ұзақ уақыт бойына қоғамның ең басты қажетті­ліктерін қанағаттандыруға байланысты қалыптасқан істерді реттейтін ресми және бейрес­ми нормалардың, дәстүрлердің, рәсімдердің, құндылықтардың т. б. негіздерінде істелетін істердің бірлесіп жүйелі түрде жүзеге асыруын қамтамасыз ету мақсатында құрылған мем­лекеттік немесе мемлекеттік емес ұжымдастықтар.
РОЛЬ — нақтылы құқықтары мен жауапкершіліктері бар әлеуметтік тұғырды жүзеге асы­руға қажетті мінез-құлық үлгісі
НОРМА — қоғамда немесе топта ресми немесе бейресми жолдармен бекітілген ереже­лер­дің социологиялық атауы.
ӘЛЕУМЕТТІК ПРОЦЕСС — әртүрлі уақиғалардың объективті және заңдылықтар түрінде жүзеге асуы.
Әлеуметтік институттар әлеуметтік ұйымдармен тығыз байланысты. Н.Смелзер ұйымды қысқаша былай анықтайды: бұл “белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін жасақталған үлкен топ” [45]. Формула қысқа әрі нұсқа, бірақ түпкілікті емес. Себебі “ұйым” деген сөздің өзінің әр түрлі мағынасы болады.
Біріншіден, қоғамда белгілі бір орын алатын және азды-көпті айқын белгіленген функцияларды орындауға арналған институционалдық сипаттағы жасанды бірлестікті ұйым деп атауға болады. Бұл мағынасында ұйым белгілі мәртебесі бар әлеуметтік институт болып табылады және автономды объект ретінде қарастырылады. Мұндай мәнінде “ұйым” деген сөзбен, мысалы, кәсіпорынды, билік органын, ерікті одақты және т.с.с. атауға болады.
Екіншіден, “ұйым” термині функциялар бөлінісін, орнықты байланыстар орнатуды, үйлестіруді және т.б. қамтитын ұйымдастыру жөніндегі белгілі бір қызметті білдіре алады. Бұл жерде ұйым объектіге мақсатты ықпал етумен байланысты процесс ретінде, демек ұйымдастырушы мен ұйымдасатындар контингенті қатысатын процесс ретінде көрінеді. Бұл мағынасында “ұйым” ұғымы “басқару” ұғымын түгел қамтымағанымен соған парапар келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет