Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық униврситеті әлеуметтік-гуманитарлық факультеті


тақырып Әлеуметтік институттарды оқытудың әдістемелік



бет9/30
Дата15.03.2023
өлшемі134,33 Kb.
#74467
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
Байланысты:
Дәріс институт

3 тақырып Әлеуметтік институттарды оқытудың әдістемелік
негіздері
Дәріс мақсаты: әлеуметтік институттың әлеуметтік өмірдегі ролін анықтау
Басты түсініктер: әлеуметтік өмір
Дәріс жоспары:
1. Әлеуметтік институт әлеуметтік өмірдің басты элементі ретінде.
2. Т.Веблен «Теория праздного класса» әлеуметтік институт туралы.
Дәріс мазмұны:
Қоғамдағы институттандыру процестері саяси әлеуметтану үшін шешуші мәнге ие. Мысалы, әлеуметтік институт оның қорлары және қоғамдағы рөлі мен орны үшін күресте билеп-төстеу және өз қауымдастығының мүшелерін бағындыру нысаны ретінде алға шығады. Әлеуметтік институт қоғамды жұмылдыруға арналған. Онда билік қызметтері ұйымдасқан құрылымда шоғырланады, ал қауымдастықтағы билік олардың мүшелері арасында шашыраңқы күй кешеді.
Әлеуметтік институт ұғымы әлеуметтану теориясында негізгі мәнге ие. Тәжірибеде әлеуметтік институттың қалыптасуы кезекті қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған жеке адамдардың, жеке адам топтарының арасындағы қатынастарды бекітуді білдіреді. Әлеуметтік институттар әлеуметтік байланыстардың ең бір күрделісі болып табылады және әлеуметтік топтар мен ұйымдардың принциптік айырмашылығы бар.
Жалпы әлеуметтік институттардың екі деңгейін бөліп көрсеткен жөн:
Бірінші. Әлеуметтік институттар сөздің кең мағынасында алғанда бүкіл қоғамның институттары. Бұл жағдайда біз жалпы әлеуметтанудың институттар жүйесіне немесе жалпы қоғамға барынша жақындаймыз.
Екінші. Бұл деңгейге саяси институттарды (басқаруға, ықпал жасауға, әсер етуге, бағындыруға, қоғамдық процестер үстінен бақылауға бағыт алғандар) көрсетуге болады.
“Екінші қабат” үшін саяси институттардан басқа сөздің тар мағынасында әлеуметтік институттарды атап көрсетуге болады, яғни билік, бағыныштылық және басқару мәселелерімен байланысты емес қоғамдағы қандай да бір қатынастарды қайта өркендетуге бағыт алғандарды бөліп көрсеткен жөн.
Маңыздылар қатарына ішкі құрылым мен институттардың тұрақтылығын және оған тән сәттерін сақтап қалуға жол ашатын факторлар енеді, бұл олар жөнінде басқа институттармен сіңіс-пейтін, қандай да бір әлеуметтік құрастырма ретінде айтуға мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда әлеуметтік институттардың шекараларын, олардың қоғамның тұтас жүйесі шеңберінде басқа институттарға қатысты орналасуын анықтап алу өзекті болып табылады. Әлеуметтік институттардың тігінен және көлденең түріндегі байланыстары, олардың иерархиясы, институттар жүйесі маңызды болып көрінеді. Онымен қоса әлеуметтік институттардың іс-әрекеті мен ықпал етуі, институтаралық байланыстардың, институттар атомының өзіне тән ерекшелігі жайлы мәселелер аса маңызды.
Саяси процестер белгілі бір саяси институттардың іс-әрекеті арқылы іске асырылады. Олар көп жағдайда олардың көмегімен қандай да бір саяси күштер өздерінің саяси мүдделерін іске асыратын, белгілі бір мекеме немесе мекемелер жүйесі ретінде көрінеді. Қоғамның саяси құрылымының қызмет етуінің осы бір тетіктері оның тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етуге көзделген.
Қоғамның ең маңызды саяси институттары қатарына құқық және идеологияны жатқызуға болады. Олар мемлекеттік заң шығарушы және атқарушы билік органдарының - парламент, үкімет, жергілікті басқару органдарының, сонымен қатар саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының, ең алдымен радио және телевидениенің іс-әрекеттерінде өздерін көрсете алады. Осы саяси институттардың әрқайсысы өмір сүретін саяси жүйенің қандай да бір буынының әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған өздерінің өзіндік ерекшелігі бар мақсатты қызметтеріне ие.
Қоғамда өмір сүретін саяси институттардың жиынтығы оның саяси жүйесінің маңызды буынын құрайды, ал олар болса сол институттармен аяқталып қалмайды. Саяси қызметтер тек “таза саяси” мекемелер мен ұйымдар тарапынан ғана атқарылып қоймай, сонымен қатар көптеген қоғамдық ұйымдар, оның ішінде кәсіподақтар, жастар ұйымы, ардагерлер одағы және сол сияқтылармен қоса, жазушыларды, суретшілерді, композиторларды, кинематографистерді, журналистерді, т.б. біріктеретін шығармашылық ұйымдар тарапынан да атқарылады. Бұл ұйымдардың әрқайсысы қоғамның белгілі бір әлеуметтік топтарының мүдделерін және олардың саяси құқықтары мен еркіндіктерін көрсетеді және қорғайды. Осының арқасында олар қоғамда өмір сүруші саяси жүйенің қандай да бір түйінін құрайды.
Қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементтеріне:

  1. мемлекет органдары, оның заң қабылдау және атқарушы биліктері;

  1. әскер;

  1. құқық қорғау органдары, ең алдымен сот, прокуратура, полиция;

  1. мемлекеттік төрелік;

  1. саяси қозғалыстар; саяси партиялар;

қоғамдық ұйымдар (кәсіподақ, жастар, шығармашылық ұстап тұру мүмкін болмайды. Саяси билік билеп-төстеуші элитаның, топтың жалпы басшылықты іске асыру және елді басқару құқығы ретінде қалыптасты. Әлеуметтануда билік мәселесі көп мағынада түсіндіріледі. Билікті зерттеп-білудегі әр түрлі ыңғайларды, оның мәнін, табиғатын т.б. бейнелейтін көптеген анықтамалар бар. Ыңғайлардың бірі - ол қоғамға қызметтік бірлікке ие тұтастық ретіндегі холистік көзқарастың логикалық жалғасы. Бұл жерде билік қоғамның қабілеті ретінде қарастырылады. Американ әлеуметтанушысы Т.Парсонс билікті ақша институтымен салыстырады: екеуі де қоғамда біріктіруші, топтастыру қызметін атқарады. Басқаша көзқарас тұрғысынан билік өз мәнінде тең емес ассиметриялық әлеуметтік қатынас ретінде қарастырылады, онда қатынасқа түсушілердің бірі өзге біреуге ықпал етуде көбірек мүмкіндіктер мен құқықтарға ие (М.Вебер, К.Маркс, Р.Михельс).
М.Вебер шын мәнінде билік заңдылығына, яғни мойындалған “басқаруға құқықтық негізге” үш жолмен ие бола алады дейді.
1. Салт-дәстүрдің арқасында, басқаша айтқанда, “барлық уақытта” заңдылыққа ие болудың арқасында. Монархиялық қоғамдарда биліктің құқықтық негізделуі негізінен осы типке тиесілі.
2. Басқару тізгінін ұстаған тұлғаларға, олардың билік басына келген жағдайларының заңдылығын жалпы мойындаған себептен оларға бас ию орын алатын жердегі ұтымды-құқықтық билік ретінде.
3. Харизмалық билік ретінде жеке басшыға ұлы қасиеттерді таңып, соған сенуге негізделеді: кейбір жағдайларда ортақтастыру элементі болуы мүмкін, айталық іс діни пайғамбар жайлы болғанда, ал басқа жағдайларда мұндай сенім ерекше дарындылықтың көрінуі нәтижесінде пайда болуы мүмкін [20].
Билік - саясаттың негізгі, ұйымдастырушылық және реттеуші-бақылаушылық бастамасы, саяси білімнің ең маңызды, ең ежелгі мәселелерінің бірі, қоғам мәдениеті және адамның нақтылы өмірі мәселесі. Саясат - биліктің себебі, ал билік - саясаттың себебі. Саясат және билік шеңберлі себеп-салдарлы тәуелділікпен байланысқан. Билікті тудыру және оны жалпы алудың өзі - саясат. Билік адамдарды біріктіруші, қоғамда жинақтаушы және басқарушы мәнді байланыстардың факторы мен элементі болады. Билік саясатқа оның арқасында әлеуметтік әрекеттесудің ерекше түрі екендігін білдіретін өзіндік бейнесін береді. Бұл жағдай билеп-төстеу – бағыну –басқару-атқару, иерархиялық қарым-қатынас жүйесіндегі адамдар жағдайының тең еместігіне байланысты. Билік қоғамдағы ең басты пұрсатқа айналды. Биліктің қоғамдағы қайшылық пен күрестің үздіксіз қайнар көзі болып, ерекше құмарлықтың тақырыбына айналуы кездейсоқ емес. Билік оны қолында ұстағандарға және оған жақын болғандарға үздіксіз артықшылықтар береді. Тек билік қана барлығы үшін авторитарлық (міндетті) шешімдерді қабылдауға, билік құрылымдары қабылдаған шешімдерді қоғамның кез келген мүшесінің міндетті орындауын талап етуге құқық береді. Билік қабылдаған шешімдерге, заңдарға құлақ аспағандығы үшін жазалауға құқық береді.
Қолында мемлекеттік билік бар әлеуметтік күштер қоғамның басқа мүшелеріне мемлекеттік аппарат және қоғамға әсер етудің мемлекеттік тетіктері (идеологиялықтан құқықтық және әскери) көмегімен өз еріктерін таниды. Мемлекеттік билік механизмін пайдалана отырып, олар халықтың экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани мүдделерімен байланысты көптеген мәселелерін шешеді. Өздерінің қоғамдағы саяси билігін нығайта отырып, өздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын нығайтады, жеке әл-ауқаттылығы мен дамуының жағдайын қамтамасыз етеді.
Билік үшін күрес, оны тарату және іс жүзінде іске асыру түрлі әлеуметтік топтардың, саяси партиялардың және қозғалыстардың, өмір сүретін саяси билік аппараты өкілдерінің, басқа да тұлғалардың саяси іс-әрекеті процесінде болады. Олардың саяси іс-әрекеті сол қоғамда өмір сүруші саяси институттарды, азаматтық құқық пен еркіндікті, жалпы мемлекеттік құрылымды өзгертуге немесе оны нығайтуға бағытталған көптеген нақтылы саяси әрекеттерден қалыптасады.
Саяси-әлеуметтану ыңғайына сәйкес билік тек мемлекет пен саяси субъектілердің қатынасы көзқарасы тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар аса кең әлеуметтік ұстаным көзқарасы тұрғысынан да түсіндіріледі.
Билік феномені көпөлшемдікті және амбиваленттікті сипаттайды. Саяси биліктің кеңістігі үш өлшемнен көрінеді:
1. Саяси субъект пен оны білдіретін қауымдастық қатынасы (өкілдіктің бел ағашы);
2. Саяси субъект пен қоғамның әлеуметтік институттарының көп бейнелі қатынасы, “билеуші элита”;
3. Саяси мәселелерді саяси субъектімен шешу “технологиялары”.
Егер қауымдастық жеке адамды өзінікі деп мойындап, оны өзінің мүдделерінің өкілі деп қабылдайтын болса, оның іс-қимылын заңдастырады, яғни ол жеке адам саяси субъект болып табылады.
Биліктің амбиваленттілігінің мәні саяси субъект, саясаткер басқалар атынан және басқалар үшін қимыл жасай отырып, барлық уақытта өз мақсатын ойлайтыны болып табылады. Бір жағынан, саясаткер оны ұтымды, қажетті деп санағандықтан, халық атынан әрекет етеді, ал екінші жағынан - биліктің өмір сүруші таптаурындарын қабылдаудан бас тарта алмайды. Тек соңғысының көмегімен ғана ол өз әрекетін қауымдастыққа түсінікті ете алады.
Саяси қатынастар өкілдік қатынасын және ықпал ету қатынасын құрайды. Өкілдік қатынасы басшы мен бағынушы, қауымдастық пен жетекші арасында қалыптасады. Бұл қатынастар ықпал жасау қатынастарына қарағанда көбірек формальданған күйде.
Өкілдік қатынасы - ол заңды, формальданған саяси әрекеттер нәтижесінде қауымдастықтар мүдделерін іске асыру. Ықпал жасау қатынасы - ол қауымдастықты қандай да бір мақсатты іске асыру үшін топтастыру.
Қауымдастық мүдделерін қоғамнан іріктеп алынып, басқа іс-қимылдардан босатылған және қоғамды басқару үшін маманданған тұлға қорғайды. Басқару процесіне тікелей қатыспаған, бірақ қандай да бір шешімдердің қабылдануына немесе алынып тасталуына немесе тіпті саяси бағытты өзгертуге қызығушылығы бар топтар ықпал жасай алады. Егер оған қажеттілік пайда болса, сол себептен өз өкіліне саяси әрекеттерді іске асыру қажеттілігін көрсетуге шақыратын “қысым топтары” пайда болады.
Демократия жағдайында саяси субъектілердің билік үшін еркін бәсекелестік үлгісі алға шығады. Саяси нарық - онда қоғам өмірін жақсартуда мүмкіндіктер ұсынылған бағдарламалар “жәрмеңкесін” білдіреді. Саяси идеялар қаншалықты айқын және шынайы болса соншалықты олардың үнінің қоғамда естілуінің мүмкіндігі зор болады.
Билікті элитаризм тұрғысынан қарастыру ол да өз мәнінде әлеуметтану ыңғайы болып табылады. Элита - бұл әлеуметтік топ, ол әлеуметтік стратификация мәселесінің әлеуметтанушы зерттеу пәні болып табылады.
Билік элитасының ашық және жабық деген екі түрі бөлініп қарастырылады. Ашық элитаға жататыны экономикалық салмағымен, саяси мәртебесімен, атақтылығымен және абыройлығымен анықталады. Жабық элиталарда жеке жетістіктер үлкен мәнге ие, сонда да жүйеге немесе көсемге берілгендігіне қатысты бағынышты болады.
Билік пен элитаның әрекеттесуі шеңберінде ол шешім қабылдауға қатысу үшін, жеке міндеттер мен мақсаттарды іске асыруда мәжбүрлеудің (атқару, ықпал жасау) тетіктері мен механизмдерін қолға алу үшін күреседі.
Билік үшін күрес қиратушы бейнеде болмау үшін билік (басқарушы) құрылымдары бар. Бұл құрылымның элементтері сол қоғамдағы элита мүшелерінің мәртебелері болып табылады.
Билеуші элитада іс-әрекеттің үш үлгісі келтіріледі:
1. Тирандық. Билеуші элитада жеке адамның жеке мәртебесі қоғамның саяси билігінде жалғыз таратушысы болып табылатын “тиранмен” жақындығы бойынша анықталады. Бұл жерде мәртебені жоғалту және сол мезетте оны алуда тәуелділік пен үлкен дәрежесі баса айтылады.
2. Мемлекеттік. Жеке адамның жағдайы мемлекеттегі қызмет орнына байланысты болады. Мемлекет тәртіп орнатады және оны саяси ойынның қатысушыларының орындауын бақылап отырады.
3. “Өзін-өзі санкциялаушы”. Саяси күрестің ережесі оның процесінде пайда болады және оған қатысушылардың барлығының тарапынан ұсынылуы мүмкін, бірақ бұл ережелер көпшіліктің қолдауына ие болғанда ғана қазмет жасайды. Бұл үлгінің нәтижесінде саяси топтардың жоғары икемділігі мен саяси ережелердің үздіксіз ауысып отыруы жүзеге асады.
Режим саяси жүйенің құрамдас бөлігі ретінде саналады (А.Ориу, М.Дювержье және басқалар). Саяси режим саяси жетекшілік үшін күрестің сипатын анықтайды (сайлаулардағы еркін бәсекелестік, басшылықтың ауысуы толықтыру тарапынан іске асырылады, режимге бейімделген және жуасытылған оппозицияның болуы, т.б.).
Саяси жүйенің қызметтері, оның әрекет ету механизмі мыналардан тұрады: біріншіден, саяси әлеуметтену және адамдарды саяси өмірге қатысуға шақыру, әлеуметтік қауымдастықтар, топтар мен жеке адамдар тарапынан өздерінің шынайы мүдделеріне сәйкес келетін талаптарды қалыптастыру және оларды саяси күрес ортасына немесе саяси шешімдер қабылдау саласына жылжыту, үкіметтің құрылымдарға саяси байланыстарда қойылатын жекелеген талаптарды бір мағынадағы көпшілік бейнеге келтіру. Екіншіден, саяси жүйенің қызметтері ретінде норма заңдарын іс жүзінде қолдану, бақылау, нормаларды сақтау, т.б. алға шығады.
Адамдардың саяси өмірде мінез-құлқын анықтайтын әр түрлі нормалары (олардың талап қоюы, ол талаптардың шешімге айналып, шешімнің іске асырылу т.б. процестеріне қатысуы) саяси жүйе құрылымының нормативтік-реттеуші саласын құрайды. Нормалар - азаматтардың саяси процестердің барлық түрлеріне қатысуының негізгі ережесі. Нормалар екі түрге бөлінеді: норма-заңдар және норма-әдеттер.
Заңды қабылдаумен мемлекеттік саясат аяқталып қалмайды. Шешім қабылдау процесінде “нормаларды қолдану” қызметі маңызды рөл атқарады. Оны тек атқарушы органдар мен әкімшілік құрылымдар ғана орындамай, сонымен қатар заң қабылдаушы және құқықтық құрылымдар да жиі орындайды. Заңды бұзу жәйтін анықтау және заң бұзушыға тиісті жаза қолдану мақсатымен заңдар мен әрекеттердің орындалу барысын бақылап отыру маңызды мәнге ие болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет