Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық униврситеті әлеуметтік-гуманитарлық факультеті



бет8/30
Дата15.03.2023
өлшемі134,33 Kb.
#74467
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Әлеуметтік-психологиялық ұйым - бұл тұлғааралық қатынастың өздігінен пайда болған, тікелей таңдаушылық (ұтымдылығынан қызбалығы басым) және бір-біріне өзара мүдделілік таныту негізінде қалыптасатын жүйесі. Ол жеке адамдардың өздерінің әлеуметтік қажеттіліктерін - араласуға, танылуына, топқа жатуына деген қажеттіліктерін қанағаттандыруы мақсатында құрылады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл тікелей байланыстағы адамдардың, олардың жеке қызығушылықтарына негізделген қауымдастығы.
Әдетте, бұл топтар саны жағынан салыстырмалы түрде онша үлкен емес (зерттеушілердің көпшілігінің мәліметтері бойынша - 3-тен 10 адамға дейін), бұл тікелей жеке байланысуларды қолдау мүмкіндіктерімен анықталады. Мұндай топтардың шекаралары ресми ұйымдардың шекараларымен дәлме-дәл келуі немесе олардан өзгеше болуы мүмкін, ресми ұйымның әр түрлі бөлімшелерінің мүшелерімен бірге немесе оның шегінен тыс қызмет атқара алады.
Көбінесе, топтың шеңберінде өзінің әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырыса отырып, адам оған тәуелді болып қалады, өйткені топ қандай да бір жолмен өз мүшелерінің мінез-құлқын бақылап отырады. Бұл үшін ықпал ету құралдарының біразы пайдаланылады: кінәлау, моральдық оқшаулау және т.б. Әлеуметтік-психологиялық ұйым өзіндік мінез-құлық нормаларын жасайды және оның әрбір мүшесі оны сақтауға міндеттенеді. Топта қандай да бір жолмен оның мүшелері беделдік өлшем бойынша бөлінеді, ол ресми ұйым шеңберінде қалыптасқан топ үшін көбінесе лауазымдық дәреже құрылымымен парапар келе бермейді. Топта көшбасшылық пен бағыныштылықтың өзіндік бейресми иерархиясы пайда болады. Бұл сәттердің барлығы қандай да бір дәрежеде топтың жасаған бақылау механизміне жатады. Мұндай механизм көп жағдайда ресми ұйымның иерархиялық байланыстар жүйесімен дәлме-дәл келе бермейтіндіктен, көбінесе ұжым құрылымының ресми және әлеуметтік-психологиялық болып бөлінуіне әкеп соғады. Кей кездері осы негізде қарсы тұрулар пайда болуы мүмкін: бөлімше-топ, лауазым-бедел, басшы-көшбасшы және т.с.с. Жүйенің мұндай жағдайы тұрақсыздыққа, қожырауға соқтырмай тұрмайтынын түсіну қиын емес.
Ресми ұйымды қарастыра отырып, бюрократия сияқты басқару жүйесін айналып өтуге болмайды. Тарихи тұрғыдан бұл ұғым мемлекеттік органдар мен үкімет шенеуніктерінің қызметімен байланысты, бірақ әлемтанушылар оны кең спектрлі мақсаттарды көздейтін ұйымдарда байқалатын басқарудың белгілі бір нысандарын белгілеуге пайдаланады.
Техникалық термин ретінде бюрократия әлеметтануда М.Вебердің есімімен байланысты. Ол оған дәл анықтама берген және ұйымдық мақсаттарға ұтымды немесе тиімді қол жеткізу үшін ең жақсы әкімшілік нысан болып табылады деп ұйғарған.
Бюрократияның М.Веберлік мінсіз түрі өзіне әр түрлі элементтерді қамтиды:

  1. маманданудың жоғары дәрежесі және еңбекті биліктің иерархиялық құрылымы; ұйымның қызметін басқаруға арналған ережелердің ресми жиынын белгілеу;

  1. жазбаша құжаттарға негізделген әкімшілік жасау;

  1. ұйым мүшелерінің өзара және клиенттермен байланысының тұлғасыз сипаты;

  1. персоналды қабілеттері мен техникалық білімдері негізінде толықтырып отыру;

  1. лауазымды тұлғаларды даярлаудың ресми рәсімі;

  1. ұзақ мерзімді қызмет, жасы үлкендігінің немесе сіңірген еңбегінің негізінде жоғарылау; ұйым мүшелерінің белгіленген жалақылары;

  1. жеке және ресми кірістерді бөліну;

  1. әрбір қызметкердің ұйымға қатысты ниетінің түзулігі және белгіленген ережелерден жалтармай, оларды бұлжытпай орындауға ұмтылу (ал мұның басшыға немесе басқа кез келген қызметкерге жеке берілгендікке ұласуға тиіс болуы міндетті емес).

Бұл сипаттамалардың барлығы бірге алғанда қызметкерлер мен ресми ұйымның мінез-құлықтарын алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Мұндай жүйе қызметінің түпкі нәтижелері иесіздік.
Сонымен, адамдарды ұйымдарға біріктірудің негізгі факторы ең алдымен оларға қатысушыларды осындай бірігудің нәтижесінде өзара күшейтуде тұр. Бұл осынау адамдар жиынтығы қызметінің энергиясы мен жалпы тиімділігінің қосымша көзі болады. Бұл қоғам алдында тұрған қайсыбір проблемаларды шешу үшін арнайы ерекше құрал ретіндегі ұйымдар құруға түрткі болады. Ұйымдар құру “қоғам” атты жүйенің атқаратын қызметінің бірі болып табылады деуге болады. Сондықтан ұйым өзі жүйелік құрылым бола отырып, белгілі бір дәрежеде үлкен әлеуметтік жүйе ретінде қоғамның жүйелік қасиеттерін қайталайды, көрсетеді.
Сонымен қатар ұйымдардың қоғамдық мақсаттар үшін ғана құрылмайтынын естен шығармаған жөн. Егер де бұл мақсаттар адамдардың мақсаттарына түбірімен қарама-қайшы келсе, онда олар ұйымдарға онша кіріге қоймас еді. Сондықтан да ұйымдарға біріктірудің тиімді тетігі бір мақсаттарға қол жеткізу басқа мақсаттарды жүзеге асыру арқылы ғана мүмкін болатындай болуға тиіс. Ұйымға қатысушы өз мақсаттарына ұйымға бар күшін салып жұмыс істегенде ғана қол жеткізе алады; және керісінше - ұйым өзінің алдында тұрған міндеттерін қаншалықты жылдам және табысты шешетін болса, өз қатысушыларының қажеттілік-терін де соншалықты толығырақ қамтамасыз ететін болады. Демек, ұйымдар мақсаткерлікті ғана емес, сонымен бірге, шын мәніне келгенде, көп мақсатты жүйені де білдіреді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет