Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет224/263
Дата21.05.2022
өлшемі3,91 Mb.
#35213
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   263
Байланысты:
Ыбырай А ӘНХ

3.6 Жазғы мектеп
Пандемияның салдары және шұғыл шаралар қабылдау неліктен маңызды 
ЭЫДҰ срапшыларының пікірінше, мәжбүрлі әлеуметтік қашықтық 
кезеңіндегі елдердің білім беру стратегиясы білімді жоғалтудың алдын алуы тиіс, 
ол академиялық оқудың кем дегенде үш айына не одан да көп айға барабар болуы 
ықтимал.
3
Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша мектептер қысқа мерзімге 
жабылғаннан кейін ғана табысы неғұрлым жоғары отбасылардан шыққан балалар 
мен кедей отбасылардан шыққан балалар арасындағы оқу үлгерімінің алшақтығы 
18%-ға, PISA-ның 45-тен 53 балына дейін артады.
«Балаларды сақтау» қорының мәліметі бойынша әр төртінші оқушыға 
депрессия немесе әлеуметтік оқшаулануға байланысты күйзеліс әсер етті.
4
Мектептерде маңызды іс-шаралар, соның ішінде бітіру рәсімдері, спорттық және 
басқа да сыныптан тыс жұмыстар тоқтатылды. Мұның бәрі академиялық 
уәждемеге 
және 
үлгерімге, 
сондай-ақ 
балалардың 
оқу 
процесіне 
қызығушылығының жалпы деңгейіне әсер етеді. 
Әлемдік тәжірибе Ұлттық білім беру жүйесін қалпына келтіру үшін жауапты 
шаралар қабылдаудың маңыздылығын көрсетті. Әлеуметтік жағдайы төмен 
отбасылардан шыққан балалар ерекше назар аударуды талап етеді. Мектептегі 
білім беру жүйесіндегі білім олқылықтарын қалпына келтіру бойынша уақытылы 
шаралардың болмауы басқа деңгейлерде үлгерімі төмен білім алушылар үлесінің 
өсуіне немесе NEET жастары санының өсуіне әкеледі. 
ЮНЕСКО-ның деректері бойынша білім алушыларды академиялық және 
оқу талаптарына жұмылдыруға және олардың жүктемесін шамадан тыс 
арттырмауға қажетті базалық дағдылар мен білімді анықтау білім алушылардың
оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың оқудағы олқылықтарын қалпына 
келтіруге кепілдік береді.
5
Білім беру ұйымдары білім алушыларға келесі сыныпқа көшер алдында 
олардың жазғы мектептерге қатысуын ұйымдастырады. Нью-Йорк қаласында 
қашықтағы жазғы мектептер тәжірибесі пандемияға дейін болған.
2020 жылы 177,7 мың білім алушы үшін қашықтағы жазғы мектеп ұйымдастырылды, 
бұл – 2019 жылмен салыстырғанда 4 есеге жоғары көрсеткіш.
6
Педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері 
шағын топтарда білім алушылардың білімін толықтыру үшін мектептерге үлкен 
қолдау көрсете алады. Мысалы, АҚШ-тағы Теннесси Штаты COVID-19

кезінде 
білімі жағынан артта қалған балаларды оқыту үшін 1000 студент жинаған.  
3
European 
data 
portal 
(2020, 
june 
22). 
Education 
during 
covid-19; 
moving 
towards 

-learning. 
https://www.europeandataportal.eu/en/impact-studies/covid-19/education-during-covid-19-moving-towards-e-learning
4
Euronews (2020). Білім пандемияның жаңа құрбаны болды 
5
UNESCO et al. (2020) Framework for Reopening Schools 


321 
Жазғы мектептің Қазақстанда ұйымдастырылуы
2021 жылғы 26 мамыр мен 19 маусым аралығында орта білім беру 
ұйымдарында ата-аналарының/заңды өкілдерінің өтініштері негізінде білім 
алушылар үшін шектеу шаралары кезінде жіберілген біліміндегі олқылықтардың 
орнын толықтыру мақсатында Жазғы мектеп жұмыс жасады. Мұндай жұмыс жыл 
сайын өткізілетін болады.
Жазғы мектепті ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, сондай-ақ 
сыныптар бойынша оқу пәндерінен күрделі деген тақырыптардың үлгі ретіндегі 
тізбесі Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында орналастырылған (www.nao.kz). 
Жазғы мектептің ұйымдастырылу тәртібі
Ең алдымен облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының 
білім басқармалары барлық орта білім беру ұйымдарында жазғы мектеп 
ұйымдастыру туралы бұйрық шығарады. Білім беру ұйымдарының басшылары өз 
кезегінде Жазғы мектептің сабақ кестесі мен жұмыс жоспарын бекітеді және 
жалпы жауапкершілікте болады. 
Сабақтардың кестесі педагогтердің оқу жылы ішінде анықтаған оқу 
жетістіктерін талдау және білім алушылардың пәндік білім деңгейлерін 
диагностикалау нәтижелері негізінде құрылған топтарды/сыныптарды ескере 
отырып жасалады. 
Педагогтер диагностика нәтижелері негізінде меңгеруге күрделі деген 
тақырыптарды, бөлімдерді, бөлімшелерді, оқыту мақсаттарын зерделеп, 
тақырыптық жоспарлар әзірлейді. 
Жұмыстың тәсілдері мен әдістерін, оқыту технологияларын педагогтер білім 
алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес дербес айқындайды.
Жазғы мектепте оқушылардың оқу жетістіктеріне бағалау жүргізілмейді. 
Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді. Білім алушылардың мектеп 
кітапханасына, қолда бар цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділігі 
қамтамасыз етіледі.
Сабаққа дайындық кезінде мұғалімге жазғы сабақты ұйымдастыру 
жоспарын жасау, білім алушылардың оқу пәндері бойынша біліміндегі 
олқылықтарын толықтыру қажеттіліктерін ескере отырып, оқу материалдарын 
мұқият таңдау ұсынылады. Үлгерімі төмен білім алушыларға ерекше назар аудару 
керек. Қажет болған жағдайда жеке, сараланған тапсырмаларды әзірлеу, жеке 
консультациялар жүргізу қажет.
Жазғы мектепте білім алушыларға еркін киім киюге рұқсат етіледі. 
Топтардағы толымдылығы 25 адамнан артық болмауы керек. Сабақтың ұзақтығы – 
40 минут, бір күнде 3-4 сабақ өткізіледі.
 
 Жазғы мектепте оқушылардың оқу жетістіктеріне бағалау жүргізілмейді.
 Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді.
 
Жазғы мектепте білім алушылар үшін еркін киім киюге рұқсат етіледі.


322 
Әр күннің жұмыс жоспарын құру кезінде жазғы сабақтардың кестесін жазғы 
лагерьдің сауықтыру іс-шараларымен біріктіре отырып құрастыру ұсынылады. 
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды қамтамасыз ету
Жазғы мектепте сабақтарды ұйымдастыру кезінде барлық қажетті 
санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды қамтамасыз ету қажет (медицина 
қызметкерлерінің сабақ алдында білім беру процесіне қатысушылардың 
температурасын күн сайын өлшеуі; дәліздерде, рекреацияларда, холлдарда және 
басқа да үй-жайларда ауысымдар арасында ылғалды жинау жүргізу; бетперде кию 
және басқалар).
Жазғы мектепте тамақтану қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға 
байланысты ұйымдастырылады. Асханалардың жұмысы санитарлық ережелер мен 
нормалардың талаптарын сақтай отырып, кесте бойынша ұйымдастырылады.
Білім беру процесіне қатысушылардың функциялары 
Жазғы мектептің қызметін тиімді ұйымдастыру үшін білім беру процесінің 
барлық қатысушыларының (басшы, басшының орынбасары, педагогтер, 
психологтар, медицина қызметкерлері және т.б.) жауапты жұмыстарын нақты бөлу 
қажет. 
Білім беру ұйымының басшысы жазғы мектептің қызметін үйлестіруге, 
бақылауға, әкімшілік және педагогикалық құраммен және басқа да 
қызметкерлермен оқыту процесін ұйымдастыру және санитарлық қағидалар мен 
нормаларды сақтау бойынша нұсқама беруге жауапты болады.
Білім беру ұйымы басшысының орынбасары білім алушылардың ата-
аналарынан/заңды өкілдерінен өтініштер қабылдайды; оқу жетістіктерін бағалауды 
талдау және білім алушылардың пәндік білім деңгейін диагностикалау 
қорытындылары бойынша білім алушылардың сараланған топтарын құрады; 
педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінде пәндер бойынша неғұрлым күрделі 
тақырыптарды таңдау және олардың санын талқылауды және т.б. ұйымдастырады.
Мектеп психологтары білім алушыларға психологиялық қолдауды 
қамтамасыз етеді; білім алушылар мен олардың ата-аналары/заңды өкілдері үшін 
консультациялар өткізеді. 
Жазғы мектепті тиімді ұйымдастыру пандемия салдарынан білім сапасының 
төмендеуін қалпына келтірудің бірі жолы болуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   263




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет