7
|
Функцияның шегі және үзіліссіздігі
|
Функцияның нүктедегі және шексіздіктегі шегі. Сандар тізбегінің шегі.
Бірінші тамаша шек.
Функцияның нүктедегі және жиындағы үзіліссіздігі. Функция графигінің асимптоталары.
|
1) Функцияның нүктедегі және аралықтағы үзіліссіздігін анықтау.
|
1) Функцияның нүктедегі шегін және шексіздіктегі шегін есептейді;
2) Функцияның үзіліссіздігін дәлелдеуде функцияның үзіліссіздік қасиеттерін қолданады.
|
2) Функция графигіне жүргізілген асимптотаны сипаттау.
|
1) Функция графигіне асимптота жүргізеді;
2)Асимптоталардың теңдеулерін құрады.
|
3) Шектің мәнін табу.
|
1) Кесте түрінде ұсынылған шек мәнін сипаттайды;
2)Анықталмағандықты ашу тәсілдерін қолданады және түсіндіреді.
|
4) Бірінші тамаша шекті есептеу формуласын қолдану.
|
1) Бірінші тамаша шекті ажыратады;
2) Практикалық есептерді шешуде бірінші тамаша шекті қолданады.
|
8
|
Туынды және оның қолданылуы
|
Туындының анықтамасы. Туындыны табу ережелері. Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы.
Туындының физикалық және геометриялық мағынасы. Функция дифференциалы ұғымы.
Функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі.
Тригонометриялық функциялардың туындылары.
Күрделі функцияның және кері тригонометриялық функциялардың туындысы.
Көрсеткіштік және логарифмдік функцияның туындысы.
Екінші ретті туынды және оның физикалық мағынасы.
Функцияның өсу және кему белгілері. Функцияның кризистік нүктелері мен экстремумдары. Функция графигінің дөңестігі мен ойыстығы. Иілу нүктелері.
Туындының көмегімен функцияны зерттеу және оның графигін салу.
Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері.
|
1) Функцияның туындысын есептейді.
|
1) Анықтамасы бойынша функцияның туындысын табады;
2)Функцияны дифференциалдау ережелерін қолданады.
|
2) Туындының физикалық және геометриялық мағынасын түсіну.
|
1) Туындының физикалық және геометриялық мағынасын ашады;
2) Алгоритм бойынша функция графигіне жүргізілген жанама теңдеуін құрады;
3) Қозғалыстың жылдамдығын және үдеуін табады.
|
3) Күрделі функцияның туындысын табады.
|
1) Күрделі функцияны анықтайды және құрастырады;
2)Есептер шығаруда күрделі функцияның туындысын табу ережесін қолдану.
|
4) Функцияны бірсарындылыққа зерттеу.
|
1) Функцияның аралықта өсуінің (кемуінің) қажетті және жеткілікті шартын қолданады;
2) Туындының көмегімен функция қасиеттерін зерттейді және оның графигін салады.
|
5) Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндерін анықтауда есептің математикалық моделін құрастыру.
|
1) Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндерін табу алгоритмін қолданады;
2) Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табуға қатысты практикалық есептерді шығарады.
|
|