- психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсынысымен.
14
ынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шеңберінде
оқыту" болып табылады.
Дегенімен, мектеп кеңесінің шешімімен қысқартылған бағдарлама
бойынша оқыту тек белгілі бір кезеңге (2-3 оқу тоқсанынан артық емес)
қолданылатын уақытша шара болып табылатынын атап өткен жөн. Осы
кезең ішінде мұғалім және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі
қажетті көмек көрсетеді, оның түпкі мақсаты оқушыларды әдеттегі
бағдарлама бойынша оқуға көшіру болып табылады. егер белгіленген
мерзім барысында балада оқу бағдарламасын одан әрі қысқартуды талап
ететін оқытудың тұрақты қиындықтары сақталса, онда мұндай оқушыны
пмпк-ке тексеруге жіберу қажет. балаларды жеке бағдарлама (жмбс
бағдарланбай) бойынша оқыту пмпк-тің ұсынысы негізінде ғана іске
асады. себебі, мұндай бағдарламамен оқытуға баланың ақыл-ойындағы
ауытқушылықты анықтаған жағдайда ғана рұқсат беріледі. ақыл-ойы кем
балаларды жалпы сыныпқа қосу мен оқыту үшін ақыл-ойы кем балаларға
арналған арнайы типтік бағдарламасы бойынша және баланың мүмкіндігі
негізінде жеке оқу бағдарламасы құрастырылады.
психикалық және дене дамуының бұзылымы бар баланы арнайы сы-
ныпта оқыту үшін бұзылым түрі бойынша ҚР «білім беру» заңына [5, б.
19, 3т.], пмпк-нің тұжырымдамасына, ата-анасының (заңды өкілдерінің )
келісіміне сәйкес арнайы оқу жоспары мен бағдарламасы негізінде жүзеге
асырылады.
2. Оқытудың нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың
оқу үлгерімін). Оқушылардың оқу үлгерімін бағалау әдістерін төмендегі
көрсетілген жағдайларда өзгерту қажет:
- оқушы арнайы, қысқартылған немесе жеке бағдарламамен оқытылған
кезде;
- оқушыларды оқытуда альтернативті әдісті қолданғанда.
мұндай ерекше білім беру қажеттілігін қанағаттандыру пмпк
ұсынысы негізінде жүзеге асырылады: «жеке амал және баланың оқу
үлгерімін бағалаудың вариативтілігі». егер оқушылар (ебҚ 2 және3 топ ба-
лалары) үшін мектеп өз бетінше оқу бағдарламасын уақытша қысқарту ту-
ралы шешім қабылдаса, онда дәл сол мектеп кеңесі баланың оқу үлгерімін
бағалаудың нұсқауларын және жеке тәсілдерін ұсынады.
ақыл-ойы бұзылған балаларды оқыту кезінде кез келген нәтиже оң бо-
лып саналады. Оқушының жетістіктерін бағалау акценті жеке бағдарлама
шеңберінде қойылады.
бағалау тәсілдері (рәсімдері) мен бақылау материалдарын өзгерту
ықтималдылығы 2-кестеде көрсетілген.