Холерик
.
Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен,
ұстамсыздығымен,
тым
қозғалғыштығымен
ерекшеленеді.
Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік
сондай адамдарға тəн. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен
кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен
қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті, шамданғыш болып
келеді. Сондықтан, холерик болған жерде ұрыстар жиі болады,
Холерик темпераментінің жағымды жағы – энергия, белсенділік,
құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы – ұстамсыздығы,
қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза. Мысалы, кіші холерик
оқушыда талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі. Тіпті
партада мұғалімді тыңдап отырған холерикті анық мимика мен
энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады. Тақтада
жауап бергенде, кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып
тұрады, өте жылдам жауап береді. Ондайлар тез істеуге, үлкен
өзгерістерге құлшынып тұрады. Міне, мұғалім кезекшіні бор
əкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы
орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы əр нəрсеге
құштар, істі бастағанда, оны өте тез жəне беріліп істейді де,
түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте
қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-пысады, мұғалімдер мен
ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден
қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді,
сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы
оған көп кедергі жасайды жəне ол үнемі достарымен ойын
үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады.
Меланхолик
.
Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу
жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ
жəне қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте
тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы, үйде
ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-əрекеттерді жақсы
орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен жəне
69
күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште
сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар
бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық, таныс
емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады.
Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу,
көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы
ұжым арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс
тəрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта
түседі.
Мысалға, мен 4-ші сынып оқушысын алайын. Ол тұйық,
ұялшақ жəне ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып
жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп уайымдайды.
Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса
да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін
жұмыспен
айналысса,
тез
шаршап
кетеді.
Достарына
көмектесуді
ұнатады.
Сонымен, адамның қай мазмұнда болмасын өз іс - əрекетін
жүзеге
келтіруі
тікелей
темпераментке
байланысты.
Темперамент психикалық процестердің желісінде көріне
отырып, еске түсіру, қабылдағанды бекіту жылдамдығына
ықпалын тигізеді, ой жүйріктігі мен зейін тұрақтылығын жəне
оның ауыспалығын айқындап береді.
Темперементтерді тəрбиелеуде баланың ерік – жігерін, мінез
бітістерін, сезім эмоцияларын тəрбиелеумен ұштастыруға
жүргізілген дұрыс. Адамның өзін - өзі ұстай алу қабілетінің
дамуы
темперамент
тəрбиесіне
жақсы
жəрдем
береді.
Дəріс
бойынша сұрақтар:
1.
Темперамент дегеніміз не?
2.
И.П. Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы ілімі
темпераменттердің табиғатын қалай түсіндіреді?
3.
Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы қандай?
70
4.
Төменгі
сынып
оқушыларының
темперамент
ерекшеліктерінің негізгі белгілері қандай?
5.
Темперамент адам психикасынан қандай орын алады?
6.
Темпераменттер қалай өзгереді жəне оларды қалай
тəрбиелеуге болады?
13-дəріс
Мінез
.
Жоспар:
1.
Мінез туралы жалпы ұғым.
2.
Мінез бітістері.
1.
Мінез
туралы жалпы ұғым.
Əр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз
ілінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап
реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас
жасайтының көрсетумен қатар, біотіндеп беки келе сол адамның
үйреншікті əдетіне, міңез-құлқының мəнеріне айналады. Сөйтіп,
əр адамда əр түрлі мінез бітестерінің болуы оның сыртқы
ортамен түрліше қарым-қатынас жасауының нəтижесі болып
табылады.
Адамның сыртқы ортамен байланысу үшін жасайтын
осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Адамның үйреншікті əдеті болып қалыптасқан мінез
бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі
қатынастарына сəйкес келмейтін кездері де болады.Мəселен,
біреудің қатал, не тамыр болуының негізінде адамды менсінбеу,
тəкəппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі
жатпай,
оның
темпераментінің
нерв
жүйесінің
тума
қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен əдеттерінің жатуы
ықтимал.
Мінез – адамның негізгі өмірлік беталысын жəне оның
өзіндік əрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы
өзгешелік.ол – көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің
71
қосындысы, сонымен қатар адамды əр қырынан көрсететін
қасиет мінез бітістері көп. Олардың бəрі де жеке адамның
қасиеттері болып табылғанмен, мұның кез келгендері мінездің
бітістері болып саналмайды.
Мінезді даралық өзгешіліктің өзегі, адамның негізгі
тіршілік бағытының өрнегі деуге болады. Мінезде адамның
сыртқы ортамен қарым – қатынасының тарихы бейнеленеді.
Мінез - кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып
жатады.
Мінездің
моральдік
жағынан
тəрбиелілігі,
бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындылығы,
салмақтылығы - оның негізгі сапалары болып есептеледі.
Моральдік жағынан тəрбиеленген мінез адамды мінез –
құлық түрғысынан да, оның айналасымен байланысы тұрғысына
да сипаттап отырады. Коллективизм, гуманизм, адамдарға
қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен
санаса білушілік, өзінің міндетін орындаудағы жауапкершілік
пен адалдық- мінездің осы сапасының негізгі компоненттері.
Рухани дүниесі бай қажеттері мен қызығулары, талғамы
мен ой – өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді.
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез
– құлыққа байланысты (Əл-Фараби). Мінез сапаларының бірі –
оның бірқалыптығы. Мұндай адам құйындай ұйтқып тұрмайды,
оның қастерлейтіні ылғи да сөз бен істің бірлігі. Кімнің мінезі
толық болса, соның мінезі бірқалыпты да келеді. Бұл екеуі
мінездің егіз қозыдай, бірінен екіншісі ешқашан ажырамайтын
қасиеттері. Мінездің тұрақтылығы адамның саяси моральдік
ұғымынан, түсініктерінен туындайды. Бұл қасиеттер адамның
өмір сүруің мəн –мағынасын, əрекеттің мазмұнын белгілейтін
мінездің сапасы.
Бірқалыптың, тұрақты мінезі бар адам басқалардың
жетегінде кетпейді, оның өзінің белгілі көзқарасы, принципі,
өзіндік мінез – құлқы, ол қауіп – қатерден бой тасаламайды,
керек жерінде батылдық көрсете біледі. Инциатива мен
белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық
осындай мінезді адамға тəн қасиеттер. Ал мінездің күшіне
мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуде
көрінетін адам ұстамдылығының мөлшері жатады. Соңғы сапа
72
болмаса да мінез өз мəнінде болмайды. «Бойда қайрат, ойда көз
болмаған соң айтпа сөз» деп Абай тегіннен-тегін айтпаған.
Жақсы мінезге тəн сапалардың біріне оның байсалдылығы
жатады. Мінез адамның дүниеге көзқарасы мен сеніміне
байланысып жатса ғана алдына айқын мақсат қоя алады.
Соңғысы берік сенімнен туады. Мұнсыз тиянақты əрекет ету
қиын. Қабілетсіз адам болмайтыны сияқты мінезсіз де адам
болмайды. Жаман болсын, жақсы болсын, əйтеуір адамда бір
мінез бітісі болады. Бірақ жоғарда айтқанда түрлі сапалары
қиысып келетін үлкен мінезді адамдар жиі кездесе бермейді.
Біреуде ол жағы, біреуде бұл жағы жетпей жатады. Адам сондай
– ақ түрлі жағдайда түрліше қылық көрсетуі де мүмкін. Осыған
қарап оның мінезі тұрақсыз екен деп бағалай салуға болмайды.
Өйткені ол əншейінде батыл жігерлі болмағанымен, бірде
осындай қасиеттерімен көзге түсуі мүмкін, мінез үшін тұрақты
қасиеттердің мəні өте зор. Мəселен, барлық жерде де адам
тəртіп сақтай алатын болса, тек сонда ғана тəртіптілікті сол
кісінің мінез бітісі деп санауға болады.
Мінез адамның басқа психикалық қасиеттерімен, атап
айтқанда, қабілет, темпераментімен тығыз байланысты. Адамда
қабілеттіліктің дамуы кейбір тиісті мінез бітістерінің болуын
қажет етеді. Мəселен, табандылық, уақытша сəтсіздікке
мойымау, еңбек сүйгіштік, энтузиазм сияқты мінез бітістерінің
қабілеттер үшін ерекше маңызды екендігі түсінікті. Ал
темперамент болса, мінез бітістеріне өзіндік бояу, реңк береді.
Жақсы мінездің ықпалымен темпераменттердің де кейбір нашар
жақтары өзгеріп отырады. Мінезді қалыптастыруға ерік-
жігердің қосар үлесі зор. Еркі күшті адамның мінезі де берік.
Жігерсіз адамның мінезі де бос, сылбыр келеді.
И. П. Павлов адамның мінез бітістердін жоғары нерв
қызметінің
тума
типтері
мен
өмір
сүру
барысында
қалыптасатын
уақытша
нерв
байланыстарының
өзіндік
«құйындысы» деп түсіндіреді. Бұл жөнінде ол былай деп
жазады «...адамның мінез-құлқының бейнесі нерв жүйесінің туа
біткен қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды, сонымен
бірге организмнің жеке өмір сүру барысында болатын
ықпалдарға да байланысты, демек кең мағынасында айтқанда,
73
үнемі тəрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты
болады».
Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен,
əлеуметтік ортамен (мектеп, балалар мекемелері, оқу, өндіріс
коллективі, қоғамдық ұйымдар т.б) тығыс байланысты. Осы
айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады.
Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады.
Мəселен, ешбір бала туысынан «еңбек сүйгіш не жалқау,
тəртіпті, не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі, ұзақ жылғы
өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тəрбие
процесінің ықпалымен қалыптасып отырады. Адамның сыртқы
ортамен жасайтын қарым-қатынасы белсенді қарым-қатынас.
«...Сөз жүзінде емес, мінез-құлықты іс жүзінде жүзеге асыруға
болады» (Əл-Фараби). Сондықтан да оны қоршаған ортасы ғана
өзгертпей, өзі де шама-шарқынша сол ортасына тиісті өзгерістер
енгізеді. Адамның нақтылығы іс-əрекеті де мінез бітістерінің
қалыптасуында шешуші роль атқарып отырады.
2.
Мінез
бітістері.
Адамдардың өмір жолы мен əрекетінің сипасы түрліше
болтындықтан,
оның
мінез
бітістерінде
басқа
біреуде
қайталанбайдын жеке ерекшелік көптен кездесіп отырады.
Сонымен қоса, адамдарда өзі өмір сүріп отырған қоғамның
ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан, көпшілікке ортақ
мінездері де болады. Сондықтан бір адамның мінезі жөнінде сөз
болғанда мінездің дара жəне типтік бітістердін қоса еске алып
отыру қажет. Типтік мінездер – белгілі тарихи-қоғамдық
жағдайлардын нəтижесі. Типтік мінезден əр адамның ұлттық,
кəсіптік жəне жас ерекшелігіне сəйкес өзгешеліктері де тиісінше
орын алып отырады. Мəселен, қарама-қарсы тап қайшылықтары
бар қоғамда (құлдық, феодалдық, капиталистік) мінездің таптық
өзгешелігі ерекше көзге түседі. Осындай қоғамда əрбір тап
өкілдерінің таптық мүдделері де дүниетанымдары да бөлек
болады. Мəселен, зауыт фабрикалардың қожасы болып
табылатын капиталистері жұмысшылардың еңбегі арқылы
баюға тырысса, жұмысшылар өздерінің тұрмыс жағдайы мен
құқықтарын
жақтартысуды
көздейді.
Осы
айтылғандар
74
адамдардын мінез бітестеріне, психологиясына ықпалын
тигізбей қоймайды.
«Егер дамның мінез-құлқын жағдайлар тудыратын
болса, демек, онда сол жағдайларды адамға тиімді етіп құру
керек» - деп жазды Маркс пен Энгельс.
Адамның сансыз мінез бітістерінің кейбірін белгілі
топтарға жинақтауға болады. Олар мына төмендегідей:
Адамның ұстаған бағытынан, яғни бүкіл психикалық
тұрпатынан байқалатын мінез бітістері əр түрлі жағдайда
көрініп отырады. Мұның біріншісіне адамның басқалармен
қатынасына
білдіретін
мінез
бітістері
кіреді.
Бұларға:
коллективизм, гуманизм, қайырымдылық, үйірсектік, адалдық
жəне осыларға қарама-қарсы жекешілдік, қатігездік, тұйықтық,
зымияндық т.б. бітістер жатады. Осы топқа сондай-ақ адамның
өз ісіне, еңбегіне қатынасын білдіретін мінез бітістері де
жатады. Бұларға еңбек сүйгіштік, құттылық, инициативалық,
салақтық, тиянақсыздық, кертартпалық т.б. бітістер жатады.
Адамның
өзіне-өзі
қатынасын
білдіретін
мінез
сипаттары да осы топтың негізгі бір жағы. Бұларға
кішіпейілділік, қарапайымдылық, өзіне-өзі сынай алу, талап қоя
білушілік
жəне
бұларға
қарам-қарсы
өр
көкіректік
мақтаншақтық, жасқаншақтық т.б. жатады.
Мінез бітірістердің келесі тобын адамның өзіне-өзі
меңгере алу қабілетіне орай қалыптасқан өзгешеліктері
құрайды. Бұл топты мінездің еріктік сапалары немесе мінездің
жотасы деп атайды. Бұларды да адамның жалпы ұстаған бағыты
мен дүниетанымына, жоғарыда көрсетілген мінез бітістерінің
мазмұнынан тыс қарауға болмайды. Сондықтан да сотқар
адамның жөнсіз батылдығы мен мемлекет мүлкін тонаушы
ұрының жылпос «пысықтығын» мінездің еріктік сапаларына
кіреді деп ойлау шындыққа сан келмейді.
Мінездің еріктік сапаларының өзі күшті жəне əлсіз,
яғни нашар мінез болып екіге бөлінеді. Күшті мінезге-мақсатқа
талпынғыштық, дербестік, тоқтамға келгіштік, батылдық,
шыдамшылық, тəртіптілік, жинақылық, ерлік т.б. кіреді. Мінез
сондай-ақ жеңілдік, мінезсіз, сотқар, тентек, бейбастақ, итмінез
т.б. түрлерге бөлінеді.
75
Типтік
мінез бітістері. Белгілі қоғам мүшелеріне ортақ
мінездердің
қатарына:
Отанға
берілгендік,
адалдық,
шыншылдық, еңбекке жəне қоғам мүлкіне дұрыс көзқарас,
ұжымшылыдық, гуманизм, борышын жəне жауапкершілігін
түсінуге, қиыншылықтарды жеңіп шығуға дайын болу,
кішіпейілділік, қарапайымдылық, сергектік, жолдастық т.б.
жатқызуға болады. Типтік мінездерді зерттеу психология
ғылымының алдындағы басты міндет. Дүниетанымы мен
сенімінің бірдейленген адамда дара мінез болмайды деген
қорытынды шықпайды. Адамда типтік ортақ мінездермен қатар
дара мінез бітістердің де сан алуан түрлері болатындығы өткен
параграфта айтылған. Гуманистік демократиялық қоғамда ғана
жеке адамның жан-жақты дамуына, оның дара мінездерінің,
талант қабілеттерінің дамуына өте қолайлы жағдай туады.
1. Отансүйгіштік-кісінің бойындағы күш-қуатын, білім мен
тəжірибиесін халық мүддесіне оның игілігіне яғни, адамның кір
жуып кіндік кескен жеріне білдіретін перзенттік борышы оның
кесілген танытатын ерекше асқақ сезім. Əр заман ғұламалары
адамның осынау қасиетін қастерлеп, сөздерінің небір дəмді, ой
түйіндерін осыған бағыштаған. Мəселен, М.Əуезов: «Алтын
Анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ»
десе, Сухомлинский: «отан өз бесігінің, өз үйің...өз бесігіңді
ұмыта көрме», Баубек Бұлқышев: «Адал адам Отанын сүйеді.
Адал ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның дегенін істеу-
қуаныш, мақтаныш» деген ғой. Тағы да бірнеше ақыл ой
заңғарларын тыңдап көрейікші: «Адам жүрексіз өмір сүре
алмайтын болса, Отансыз да өмір сүре алмайды.», «Отансыз
бақыт жоқ, кім-кімнің де тамыр жаяр топырағы туған жері».
Отан
, отаншылдық қасиет туралы тебіренгендегі
қаздауысты
Қазбек бидің: «Алтын ұяң Отан қымбат..туып
өскен елің қымбат, кіндік кескен жерің қымбат» деп келетін
аталы сөздерін де қалай еске алмассың! «Қазақстан-біреулердің
қазақтарға тартуы емес, олардың тарихи отаны» (Н.Назарбаев),
олай болса, осы жерді жан-тəнімен сүйетіндер де, оны көздің
қарашығынадай қорғап сақтайтын да алдымен қазақ халқы.
Біздің ата-бабаларымыз осынау Алтайдан Атырауға, Еділ мен
Жайыққа дейінгі ұланғайыр мол жерді талай ғасырлар бойына
76
басқыншы жаудан қалай қорғап, тəуелсіздігімен бостандық
жолында шабын жанын пида еткені белгілі. Сондықтан да
біздер халқымыздың хас батырлары Қабанбай мен Бөгенбайды,
Исатай мен Махамбетті, Кеңесары мен Наурызбайды, Қасымхан
мен Абылайханды қадір-тұтып қастерлейміз, олардың халқы
үшін қалтқысыз қызмет еткенін өнеге үлгі етіп, осындай ата-
бабаларымыздың болғанын мақтан етеміз. Туған жерді, ата
мекенді сүю жеткіліксіз, оны қажет болған жағдайда қорғай
білуіміз де қажет. Өйткені кез – келген егеменді мемлекет
сияқты, Қазақстан өзінің қорғаныс қабілетін сақтауды маңызды
мемлекеттік міндеттердің бірі жəне оның бүкіл халқының ісі деп
санайды. « ... Біздің басты мақсатымыз – Қазақстанның
егемендігі
мен
территориялық
тұтастығын
сақтау»
(Н.Назарбаев).
Өз
Қарулы
күшіміздің болуы оның алдыңғы санында ер азаматтардың
əсіресе қазақ жастарының тұруы, бір кісідей ынтымақтықпен
топтасуы – ата заңымызда көрсетілгендей қасиетті борыш,
перзенттік парыз екендігін ешуақытта да естен шығаруға
болмайды. Отаншылдық, ата мекенге деген сүйіспеншілікті
негізгі мазмұны да, имандылық пен кісіліктің басты белгісі,
басты өлшемі осы екендігі де хақ.
2. Мақсаткерлік ( мақсатқа талпынушылық) – бұл
адамның өз мінез – құлқын көздеген мақсатына алаңсыз
бағыштауы, мұны өзінің ұстаған бағыт – бағдар позициясына,
танымы мен сенімі, асыл – арманына бағындыра алуы. Алдағы
мақсатына ауытқу, бос белбеулікке салыну – ар – намыс пен
ожданға сиыспайтын қасиет. Мақсаткерлік – тек бір іспен
өнебойы шұғылдану, онымен ылғи да əуре болып жүру емес.
Бұл соны қайткенде де ол орындап шығуға мықтап берілуі, бір
істі нəтижелі етіп тындыру. Мұндай кісі өзіне жүктелген
тапсырманы да мүлтіксіз, сапалы етіпорындап шығуды жан –
жақты ойластырады осы жолда творчестволық белсенділік
көрсетеді, əрбір ісін түпкі көздеген мақсатымен байланыстырып
отырады.
Есте жоқ ерте замандарда–ақ адамзат мақсатсыз
жандарды кісі қатарына санамаған. « Мақсатсыз өмір сүрген
адам неткен бейшара», депті орыс жазушысы И. С. Тургенев. «
77
Адамдарды алдына қойған мақсатына қарай бағалау керек»
деген ғой белгілі саяхатшысы Миклухо – Маклай, «Күшіне
сенген адам ғана мақсатына жете алады», - дейді.
Мақсаткерлік асыл арман; зор үмітпен тығыз байланысты
арманмен ойнауға болмайды, ол күйресе бақытсыздыққа душар
етуі мүмкін. Үміті мен арманы шындыққа сəйкес келген адам
ғана келешектің құшағында өмір сүре алады. Арман мен үміт
жүректі қуанышқа толтырады. « Үміт өрге тартады, үмітсіздік
көрге тартады, үмітін жоғалтқан жан ешқашан үміттеніп
көрмеген жан», - дейді, батыр ағамыз Б. Момышұлы. Адамның
мақсаткерлік қуаты, үміт – арманы, алға қарай ілгерілеу талабы
неғұрлым биік болса, оның қабілет, таланты да тез, өміршең
болып келеді. Ақтамберді жырау айтқандай: « Əркім өзі
талпынбақ, басына бітер бағы үшін», өйткені тіршіліктегі ең
үлкен қасірет – мақсатсыз өмір сүру, осы жолда күресті тоқтату.
Мақсаткер адам ылғида жалындап жанады, бықсу дегенді
білмейді, ол жеңілу үшін емес, жеңу үшін күреседі. Өйткені
«өмір жолы қандай қызықты, қандай қиын, үңіле қараған
адамға оның қызығы да қиындығында емес пе?... өмір жолы
үлкен қозғалыс,ол қозғалыс əрқашанда алға, алысқа құлаш
сермейді,
талай
өркешті
толқындарды
да
кездестіреді
(М.Ғабдуллин).
3. Борыш пен жауапкершілік. Бұл адамның үй-іші, əке-
шеше, тума-туысқандарына қатысты перзенттік парызын
туындайтын қасиет. Мұның негізінде өзін əлпештеп, адам етіп
өсіргендердің алдындағы жауапкершілігін бар санасымен терең
аңғара алып, түсіну, сондай- ақ осы арадағы өз парызы мен
қарызын қалай ақтау жолын ойластыру. Бұл кісіліктің басты
белгісі, терең жəне күшті сана сезімді қажет ететін қасиет.
Борыш
пен
жауапкершілікті
түсіне
білуден
адамның
имандылығы мен адамгершілігінің дəрежесі байқалады, оның
қылықтарын жаман, жақсы, иманды, имансыз деп бағалау
туады. Борышты сезіну, оны орындау - ми мен жүректің
бірлескен жұмысын қажет етеді. Оны ақыл мен сезім
тұрғысынан жақсы жаман деп бағалау ақыл мен ұятқа келіп
тіреледі. Өз қылығының дұрыс-бұрыстығын түсіне білу – адамға
үлкен қуаныш, шабыт- жігер, қанағат əкеледі, кісінің өзіне
78
орынсыз тағылған жала, өсек - өтіріктің бекерлігіне қарсы
күресу
сезімі
артады.
Адам
өзінің
борышы
мен
жауапкершілігіне үйлеспейтін қолайсыз қылық көрсетсе,
мұнысы тəрбиелі кісіге мықтап батады, оның арына тиеді, тіпті
ой – санасынан кетпей қояды. Мұндайда ақыл мен арды ерекше
қастерлей білетін адам жіберген қателігін тез түзетуді
ойластырады, қашан ары тазарғанша дегбірсізденіп, жаны
тыным таппайды. Адамгершілігі жоқ, не төмен кісі жаман
қылығынан қайтпай, қатесін түзету былай тұрсын.
Достарыңызбен бөлісу: |