Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет16/17
Дата19.01.2017
өлшемі1,27 Mb.
#2265
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

2.Ұстазға  қажет  сапалар
Мұғалім    этикасын    құрайтын    компоненттер    көп.  
Олардың    бастылары:    педагогикалық    ...                            , 
байқағыштық 
 
пен 
 
психологиялық 
 
қарағылық,   
педагогикалық      оптимизм,  əділдік,    күшті    ерік-жігер, 
сөйлеу    мен    сезім    мəдениеттілігі,    қылық    сұлулығы    т.б.  
Енді  осылардың  кейбіріне  тоқталып  өтейік. 
Мұғалімнің    жоғары    идеялылығы    мен    сенімі    оған  
ауадай    аса    қажетті.  Өзінің    барлық    іс-əрекетін,  мораль  
принциптеріне    бағындырып    отыру    көзқарасымен    сенім  
жолында    білу. 
Тəрбиешіге  қажетті  келесі  бір  басты  сипат - ұстаздың  
қиялы.  Бұл    оқушының    даму    жолында    перспективасын  
болжау    үшін    қажет.  Баланың    өткен    өмірі    мен    қазіргі  
жағдайын    терең    білген    оқытушы    ғана    оқушының  
келешекте    қандай    адам  болып    шығатынын    топшылай  
алады. А.К.Макаренко  адамның  келешегін  болжау  дейтін  
принцип 
ұсынған 
еді. 
Логикалық 
 
ой 
мен                     
творчества,    қиял    ғана      ұстаздың    талапына    тəн  
оқытушылық  тапшылықты  қалыптастырады. 

 
105
Талапты  оқытушы-  .....                . Ол  өткен  тəжірибені, 
түрлі    педагогикалық    құбылыстарды    мұқият    талдайды  
жəне  жұмыста  жоғары  нəтиже  беретін  оқушымен  дұрыс  
қарым-  қатынас      жасау    үшін    қажетті    əдістер    мен  
жолдарды, тəсілдерді  іздеу  үстінде  болады. 
Ұстазға 
 
қажетті 
 
жақсы 
 
сипаттың 
 
бірі  
ұйымдастырушылық  қабілеті. 
Оқытушы    мамандығына    қарай      тарихшы,  математик, 
физик    жəне    т.б.      бұдан    басқа    да    арнаулы    қабілеттер  
қажет    болады.  Мəселен:  əдебиет    пəнінің    оқытушысы  
көркемдік  талғамына  қоса  əдеби  творчестволық  қабілетке  
ие  болса  нұр. Оқытушы  қызметінің  өзіндік  ерекшеліктері  
туралы    сөз    қозғағанда    осы    мамандық    иесінің    сөйлеу  
шеберлігі    мен    тіл    мəдениетіне    қойылатын    талаптар  
туралы  айтпай  кетуге  болмайды. Сөз  ақыл- ойдың  жемісі.  
Оқытушыларды    сөйлеу    мəдениетіне    тəрбиелеу  -  барлық  
пəн    оқытушыларымен    қатар    тəрбиешілердің    де  
міндеттерінің  бірі............. 
 
 
Дəріс
 бойынша сұрақтар:  
 
1.
 
Жас ұрпақты тəрбиелеу мен оқытуда, оның жеке мəнін 
қалыптастырудағы оқытушының ролі қандай? 
2.
 
Ұстаз адамның өнегелі озық бейнесін жеріне жеткізіп 
суреттеген ойшыл? 
3.
 
Қазақ топырағында оқытушы жайлы пікір айтушы 
ғұламалардың бірі? 
4.
 
Ұстазға қойылатын талаптар? 
 
VI-бөлім. Əлеуметтік психология негіздері. 
25-дəріс 
Əлеуметтік
 психология пəні. 
 

 
106
Жоспар:  
1. Əлеуметтік психологияға кіріспе. 
2. 
Əлеуметтік-психологиялық 
ойлардың 
қалыптасуының 
тарихы. 
3. Əлеуметтік психологияның зерттеу əдістері. 
4.  Əлуметтік-психологиялық  қарым-қатынас  заңдылықтары 
жəне адамдардың қатысы. 
 
1.
 
Əлеуметтік
 психологияға кіріспе. 
        Адамның 
тіршілік 
əрекетіндегі 
маңызды 
мінездері 
əлеуметтік  өзара  іс-əрекет  түрінде  жүріп  отырады.  Адамның 
əлеуметтік өзара іс-əрекеті индивидуалдық, топтық жəне ортаға 
деген қажеттіліктен туындап отырады. Бұл қажеттіліктер негізгі 
өзара  іс-əрекет  түрінде  қанағаттандырылып  отырады,  қарым-
қатынастың арқасында жəне күнделікті өмірде дамып жəне өмір 
жағдайы жаңарып жəне индивидти өзі де өзгеріп олардың бірін-
бірі  түсінуін  қамтамасыз  етіп  жəне  іс-əрекетте  келісімге  келуі 
кезінде, кіші жəне үлкен əлеуметтік топ қалыптысады. Өзара іс-
əрекеттің  ең  күрделісі  қарсылық  білдіру,  күрес,  əлеуметтік  
конфликт.  Əлеуметтік    психология  -  психологияның    саласы, 
əлеуметтік  психологияның    құбылыстардың  заңдылықтарын  
зерттейді,  яғни    психикалық  мінез-құлықтың  ерекшеліктерін,  
қарым-қатынас  жəне  адамдардың  іс-əрекеті,  жеке  адамның 
үлкен  немесе    кіші    топқа    кіруіне  байланысты.  Əлеуметтік  
психологияның 
 
негізгі 
міндеттері, 
құрылымдары, 
механизмдері,  заңдылықтары  жəне    əлеуметтік-  психологиялық  
құбылыстардың    ерекшеліктерін:  байланыс  жəне  адамдардың 
өзара 
іс-əрекеті, 
əлеуметтік 
топтардың 
психологиялық 
міндеттерін,  жеке  адамның    психологиясын  (əлеуметтік 
құрылымның  мəселелері,  əлеуметтану  т.б.)  зерттеу,  əлеуметтік 
психологиялық    дамушы  факторлардың  көрінуі    жəне  осындай  
мінездеме    беру.  Əлеуметтік  психологиялық    іс-əрекеттің  
əдістері  адамдардың  əлеуметтік психологиялық  жетістіктеріне 
жəне əлеуметтік  мəселелерді шешуіне  бағытталған. 
 
 
2.
 
Əлеуметтік
-психологиялық 
ойлардың
 
қалыптасуының
 тарихы. 

 
107
      Əлеуметтік  психологияның    тарихы,  тарихтағы  ең  жас  сала 
«əлеуметтік  психологиялық    ойлау»  түрінде  келеді.  Тарихтағы 
ең  алғашқы  қарым-қатынас  кезінде-ақ    адамдар  əлеуметтік-
психолологиялық    құбылыстармен  қақтығысқан  жəне  оған  
түсінік  бергісі    келген.  Мысалы,  ертедегі  əдет-ғұрыптарда 
əртүрлі  жүйеде  көңіл-күйдің  көптеген  түрлері  қолданылған. 
Əдет-ғұрыптардың 
ұрпақтан-ұрпаққа 
берілуінен 
адамдар 
арасындағы  қарым-қатынас  қалыптасып  отырады.  Көпшілікке  
əсер  қалдыру  ертедегі    сөз  шешендерінен-ақ  белгілі. 
Əлеуметтік-психологиялық    дамуының    басқа  ғылыми 
салалардан айырмашылығы, ол ең алғаш рет философия түрінде 
пайда болып, біртіндеп бөліне бастады. Бұл ғылым өмірдегі екі 
саланың  бірігуінен  қалыптасты,  психология  жəне  əлеуметтану. 
Ерте  кездегі  жəне  қазіргі  кездегі  философияның  концепция 
түрінде 
əлеуметтік 
психология 
білімін 
зерттеушілер 
элементтерін  белгілеп  отырған.  Мысалы,  (Платон,  Аристотель) 
ертедегі, қазіргі кездегі (Гоббс, Локк, Гельвеций, Руссо, Гегель) 
        1.    Суреттеу  сатысы  (VI  ғ  бастап  ХIХ  ғ    ортасына  дейін). 
Бұл  сатыда  адамдардың  мінез-құлықтарын  жəне  жеке  адамның 
ортада дамуын философиялық түрде қарастырады.  
       2.  Əлеуметтік-психологиялық  білімнің  қалыптаса  бастау 
сатысы  (ХIХ  ғ  60  ж-ХХғ  20  ж).  Бұл  сатысы  ең  алғашқы  
əлеуметтік-  психологиялық  теорияларды  М.  Лацарустың,  Г. 
Штейнтальдің      «халықтар    психологиясы»,  У.  Магдаугалдың  
«əлеуметтік  қылықтардың  инстинкті»  сипаттайды.  Осыдан 
кейін  əлеуметтік-  психологиялық  білімнің  дамуында  2  себепті 
көрсетуге 
болады; 
а) 
қоғамның 
 
дамуы 
(саясаттану, 
экономикалық,  əлеуметтік,  рухани  ортада)    б)  ғылымның  даму 
логикасы. Ең алғашқы əлеуметтік- психологиялық теория негізгі 
3-ке бөлінеді;  
-халықтар психологиясы ;  
-қауым психологиясы;  
-мінез-құлық инстинктінің  теориясы.  
 
3. Əлеуметтік психологияның зерттеу əдістері. 
      Əлеуметтік 
психологияның 
 
негізгі 
əдісі; 
бақылау, 
құжаттарды зерттеу (анализ), сұрақтар жеке адамға топтық баға 

 
108
беру, 
социометрия, 
тесттер, 
əлеуметтік-психологиялық  
зерттеулер, эксперимент. Əлеуметтік психологиялық зерттеулер 
кезінде жұмыс жоспарын қоса алғандағы  бағдарламадан бастау 
керек.  Ең  алғашқы  қадам,  ол  тақырыпты  таңдау.  Зерттеу 
жұмысының  келесі  сатысы  ғылыми  əдебиеттерге  жəне  оның 
қорытындысына  қатысты  ізденістер.  Ол  мəселелерді  қарастыру 
кезінде  зерттеулер  туралы    немесе  ғылыми  жұмыстар    туралы 
мəліметтер  алуға  қажет.  Келесі  сатысы  зерттелу  ұжымының 
сипаттамасымен 
ажыратылады. 
Əлеуметтік 
психологияда 
бақылау əдісі ертеден-ақ  адамның мінез-құлқын, сонымен бірге 
топты қоса алғанда зерттеуге алынған əдіс. Мұнда бақылау əдісі 
лабораторияда 
жəне 
 
əлеуметтік 
ортада 
қолданылады. 
Əлеуметтік  психологияның  зерттеулер  негізінде  сұрақтар 
жүргізу,  ол  зерттеуші  туралы  көп-мəліметтер  алуға  мүмкіндік 
береді. Сұрақ қою əдісі 2 түрге бөлінеді: 1.Сырттай сұрақ-анкета 
2.  Сұрақ  бетпе-бет    тікелей    эфир.  Іс  қағаз  қорытындысы  
əлеуметтік зерттеулер негізінде кеңінен қолданылатын əдіс.  
 
   4. 
Əлуметтік
-психологиялық 
қарым
-қатынас 
заңдылықтары
 жəне адамдардың қатысы. 
       Тұлға  аралық  қарым-қатынас  жалпы  жүйені  құрайды,  яғни 
қоғамдық    қарым-қатынас  жүйесі.  Психологиядағы  қарым-
қатынас  бірнеше    субьектінің    əсерінен    туындап  отыратын  
субьективті    байланыс.  Ең  бірінші    тұлғалардың    орналасу 
жүйесін,  яғни  бейімделу,  күту,  ол  өмір  сүру  кезінде  жəне  іс-
əрекетінде  анықталып    отырады.  Қоғамдық  қарым-қатынастың 
құрылымын  əлеуметтану    зерттейді.  Əлеуметтік  теорияда 
қоғамдық  қарым-қатынастың    бірнеше  түрі  бар:  экономикалық, 
əлеуметтік,  саясаттық,  идеологиялық  т.б.  Ерекшеліктері: 
қоғамдық  топтардың  өкілдері  ретінде  бір-бірімен  қарым-
қатынаста  болады.  Мұндай  қарым-қатыныс  қызығушылықтан 
пайда 
болмайды, 
қоғамдық 
ортадағы 
белгілі 
жағдайға 
байланысты.  Сондықтан  қарым-қатынас  обьективті.  Оның  мəні 
жеке  адам  нақты  іс-əрекетінде  емес,  əлеуметтік  рольдің  нақты 
өзара  қарым-қатынасы.  Əлеуметтік    роль  белгілі  жағдайды 
бекіту,  қоғамдық    қарым-қатынас  кезінде    индивидти  орын  
алып  отыруы.  Өзара  іс-əрекет  жасаушы  тұлғалардың  өзара 

 
109
байланыс деңгейіне байланысты  тұлға аралық қарым-қатынас 3 
компонентке  сұрыпталады:   
-адамдардың бірін-бірі қабылдауы  жəне  түсінуі;   
-тұлға аралық тартымдылық;  
-өзара əсер ету жəне  мінез-құлық.   
      Негізінде  тұлға  аралық    қарым-қатынастың    ең  үлкен    түрі  
танысу    болып    табылады.  Олар  негізгі    3  мінездемені    береді: 
«түрін  білсең  танисың»  (танысудың    ең  үлкен    түрі),  
«сəлемдесу»  (тек    қана  өзара  танысу)    «сəлемдесесің    жəне 
жалпы    тақырып    бойынша    сөйлесесің».    Шынайы  жəне  
тілемені  немесе    өзара  іс-əрекеттің    шынайы    түрінде    көрініп  
отыратын    қарым-қатынас  бір-біріне    айналып  отырады, 
əріптестер    сезімдерімен,    іс-əрекетімен,    ойларымен      ауысып  
отырады. 
 
 
Дəріс
 бойынша сұрақтар:  
 
1.
 
Əлеуметтік психология нені зерттейді? 
2.
 
Адамның əлеуметтік өзара іс-əрекеті қандай 
қажеттіліктен туындайды? 
3.
 
Əлеуметтік психологияның тарихы? 
4.
 
Ең алғашқы əлеуметтік-психологиялық теориялар 
нешеге бөлінеді? 
5.
 
Əлеуметтік психологияның негізгі əдістері қандай? 
6.
 
Тұлғааралық қарым-қатынастың ең үлкен түрі 
қандай? 
26-дəріс 
Отбасы
 қарым-қатынасының əлеуметтік психологиясы. 
 
Жоспар:  
 
 
Дəріс
 бойынша сұрақтар:  
 

 
110
27-дəріс 
Педагог
 пен оқушы қарым-қатынасының психологиясы. 
 
Жоспар:  
 
Дəріс
 бойынша сұрақтар:  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Практикалық
 тапсырмалар 
 
     1.  Мектептегі  практика  кезінде  бір  оқушының  сабаққа 
қалайша  зейін  қоятынын  төмендегі  сұрақтар  бойынша 
байқап көріңіздер: 
  А)  Сабаққа  зейінді  көбірек  тұрақтата  алу  неге 
байланысты? 
  Ə)  Бала  зейінінің  ауып  кетушілігі  қандай  жағдайлардан 
туып отырады екен? 
  Б)  Баланың  зейіні  оның  сырт  келбетінен  (бет-пішіні,  көз 
жанары, т.б.) қалай байқалады? 
  В)  Онда үйреншікті зейіннің көріністері байқала ма? 
   Осы  сұрақ  бойынша  жүргізілген  бақылаудың  нəтижесін 
жазып беріңіздер. 
    2.  Н.В.  Гогольдің  «Шинель»  атты  əңгімесінен  алынған 
төмендегі  үзіндіде  зейіннің  қандай  қасиеті  сөз  болып 
отыр? 
     «... Акакий Акакиевичтің есіл-дерті, бар арманы тек бір 
ғана  нəрсе  –  сұлулап  қағаз  көшіріп  жазу...  көшеде 

 
111
жүргенінде  бүкіл  өмір  бойына  бір  рет  жоғары  қарап, 
айналасына  көз  салған  емес...  бірақ  ол  көзі  бір  нəрсені 
шалса,  оның  көз  алдына  бірыңғай  теп-тегіс  болып  түскен 
өзінің  жазуы  елестейді,  оқта-текте  миығына  оттың 
тұмсығы  кеп  тіреліп,  оның  лебі  бетіне  соққанда  ғана 
сескеніп,  жазғанын  қоя  салып,  көшенің  ортасында 
тұрғанын аңғарады... ». 
     3. Вагонға екі адам келіп кірді. Біреуінің қолында ауыр 
шабадан,  екіншісінде  кішкене  корзинка  бар.  Купеге  кіріп, 
заттарын  жайғастырды  да,  олар  жүктерінің  ішінен 
қалыңдығы  бірдей  екі  кітап  алып,  оқуға  кірісті.  Біраздан 
кейін оқып отырған кітаптары жайына қалып, өздері қалғи 
бастады.  Поезд  бір  станцияға  келгенде,  екеудің  біреуі 
ұшып  тұрып:  «Ойбай,  келдік  тез  шық»  деп  айқай  салды. 
Алас-қапас заттарын алып, олар поездан жүгіре түсті. Біраз 
жүрген соң корзинкалы адам қолындағы затының жеңілдеп 
қалғанын  байқады.  Ашып  қарап  еді,  ішіндегі  кітабы  жоқ 
екен.  Қасындағы  жолдасы:  «Кітап  мүмкін  чемоданға 
салынған шығар» - деп оның ішіндегі заттарды олай-былай 
ақтарып көріп еді, одан жолдасынікі түгіл, өзінің кітабы да 
көрінбейді.  
     Корзинкалы  адам  жоғалған  нəрсесін  неліктен  тез  сезе 
қойды,  ал  чемоданды  адамның  мұны  не  себептен  байқай 
алмағанын түсіндіріп беріңдер. 
5.
 
Н.В.  Гогольдің  «Өлі  жандар»  романында  қалаға 
жаңадан  келген  Чичиков  туралы  жұрт  əр  саққа  жүгіртіп, 
түрліше  пікір  айтқан.  Мəселен,  өз  шаруашылығындағы 
құстың  мамығын,  еті  мен  майын  өткізуді  ылғи  да  ойлап 
жүретін  Корбочка  Чичиковты  нəрселерді  сатып  алуға 
келген  саудагер  деп  жорыса,  дəрігерлік  басқарманың 
инспекторы  өлген  адамдарды  тексере  келген  тергеуші 
шығар деп ойлайды. Ұсақ-түйек бос əңгімеге үйір адамдар 
оны  губернатордың  қызына  үйленуге  келген  адам  десе, 
енді  біреулері,  бұл  Чичиков  емес,  киімін  өзгертіп  киіп, 

 
112
жасырынып  жүрген  Наполеон  болар  дейді.  Осы  үзінді 
қабылдаудың  қандай  заңдылығына  жақсы  мысал  бола 
алатындарын дəлелді етіп, түсіндіріп беріңдер.  
6.
 
Төртінші  сынып  оқушыларының  екі  тобына жаттау 
үшін  он  сын  есім  (жеке  сөздер)  берілген.  Бірінші  топтағы 
балаларға  осыған  қосымша  тағы  да  (алғашқысын  жаттап 
болғаннан кейін) он зат есім, ал  екінші топтағы балаларға 
он  сан  есім  (цифр)  беріледі.  Қай  топтың  балалары  сын 
есімдерді жақсы жаттайды? Неліктен? 
7.
 
Оқушы  алгебра,  тарих,  əдебиет  сабақтарынан  үй 
тапсырмасын  орындағанда,  оларды  қандай  тəртіпте 
оқығаны өнімдірек болады. Мұның себебі неде? 
8.
 
Мектептегі  практика  кезінде  бір  жақсы,  бір  нашар 
оқитын  екі  оқушының  ес  ерекшеліктерін  салыстырып 
байқаңыз.  Нашар  үлгеретін  оқушыға  есте  қалдырудың 
арнаулы əдістерін үйретіңіз.  
9.
 
Мына 
ұғымдардың 
мəнді 
белгілерін 
айтып 
беріңіздер. «Театр», «құл», «мектеп». 
10.
 
Бесінші  сынып  оқушысы  «құл»  деген  ұғымға 
былайша  анықтама  береді:  «Құл  біреуге  қызмет  істейтін, 
өте  ауыр  жұмыстарды  орындайтын  басыбайлы  адам». 
Оқушының құл жөніндегі ұғымы дұрыс па? Ол не себептен 
қолдың  еңбегін  сипаттайтын  белгілерді  алдымен  айтып 
отыр? 
11.
 
 Мектептегі  практика  кезінде  бірінші,  екінші  не 
үшінші,  төртінші  сынып  оқушыларының  ойлауындағы 
жалпылау процесін бақылап көріңіздер. 
12.
 
 Əр  сынып  оқушыларының,  мақал-мəтелдерінің 
нақтылы  мағынасын  («Денсаулық  –  зор  байлық», 
«Өнерліге  өлім  жоқ»,  «Олақтан  салақ  жаман»,  «Ұстаздан 
шəкірт  озар»,  т.б.)  қалайша  ұғына  алатынын  тəжірибе 
арқылы байқап көріңіздер. 
13.
 
 Қазыбек  биге  Əнет  баба  «əкім»  деген  сөздің 
мағынасын қалай түсінесің, деп сұрақ қояды. Сонда атақты 

 
113
би  осы  сөздегі  əрбір  əріптің  мəнін  «Ə»  -  дегені  əділ  бол, 
«К»  -  дегені  күншіл  болма,  көпшіл  бол,  «I»  -  дегені 
ілтипатты  бол,  «М»  дегені  –  менмен  болма,  мейірман  бол 
деп  шешіпті.  Осы  келтірілген  түйіндер  ақылдың  қандай 
сапасын сипаттайды? 
14.
 
 Сырым  Датұлы  Үргеніштің  ханына  барып,  жүз 
көріс  қылған.  Сырымды  сырттай:  «Қазақтың  əрі  шешен, 
əрі батыр кісісі», деп естиді екен. Хан Үргеніш шешені мен 
Сырымды айтыстырыпты:  
Үргеніш шешені:  
- Сөз анасы не? 
- Су анасы не? 
- Жол анасы не? – деп сұрайды.  
Сендер  Сырым  батырдың  бұл  сауалға  қалайша  жауап 
қайтарғанын оның өз сөзімен айтып беріңдер.   
15.
 
Бірінші  сынып  оқушыларының  кітап  оқыған  кезде 
жіберетін қателерін бақылаңыздар?  
16.
 
Əр  сыныптағы  оқушылардың  жазу  дəптерлерін 
қарап,  қандай  орфографиялық  қателіктерді  көбірек 
жіберетінін көріңіздер. 
17.
 
Бірінші,  екінші  сынып  оқушыларының  ауызша 
сөйлеуінде  кездесетін  кемістіктерді  (тіл  кемістіктері) 
бақылаңыздар. 
18.
 
Ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский (1824-1870) ана 
тілі  жайындағы  мына  төмендегі  түйіндеріне  («ана  тілі... 
адамның  кір  жуып,  кіндік  кескен  жерінің  тауы  мен  тасы, 
орманы мен өзені, дауылы мен найзағайы... одан, сонымен 
қатар,  халықтың  рухани  өмірінің  бүткіл  тарихы  да 
көрінеді») психологиялық талдау жасаңдар.  
19.
 
Қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан қиял 
түрлерін  (қайта  жасау,  шығармашылық  қиял,  арман) 
көрсететін нақтылы мысалдар тауып алыңдар.  
20.
 
Мектептегі  практика  кезінде  екі  оқушының  қиял 
ерекшелігіне  байқау  жүргізіп,  оның  нəтижесін  толық  етіп 

 
114
жазып  келіңіздер.  Бұл  үшін  олардан  мына  төмендегілерді 
орындауды талап етіңіздер:  
а) мəтіндегі əңгіменің мазмұнына қарай сурет салу; 
ə) географиялық карта бойынша сөйлеу; 
б) суретке қарап сөйлеу; 
в) бір тақырыпқа шығарма жазу не оның суретін салу.  
21.
 
Мектептегі  практика  кезінде  оқушылардың  эмоция 
мен  сезім  ерекшеліктерін  байқаңдар  да,  олардың  ішінен 
біреуін  (мұғалімге  байқалғанын)  мұғалімге  толық  етіп 
жазып беріңдер.  
22.
 
Мына  төмендегі  үзіндіде  А.С.  Пушкин  адамның 
қандай эмоциясы туралы айтып отыр: 
Күз жетті-ақ, қайта жасап гүлденемін, 
Салқындап денем ширап тербелемін. 
Жүректе қалқып жүрген қаным толқып, 
Талап өршіп, жастыққа бөленемін.  
23.
 
Көркем  əдебиеттен  не  мазмұнды  суреттерден  адам 
аффектерін  бейнелейтін  иллюстрациялық  материал  таып 
əкеліңдер.  
24.
 
Тəртіпсіздік жасаған оқушыға мұғалім:  «Ал,  Хасен, 
сен не үшін Оспанды жылатып қойдың, соныңды айтшы?» 
-  деді.  Хасен  үндемей,  төмен  қарап  тұра  берді.  «Неге 
үндемейсің,  тілің  жоқ  па?    Сенімен  салғыласын  тұруға 
уақыт  жоқ,  не  үшін  ұрдың,  айт  деймін»,  -  деді  мұғалім 
тағы  да.  «Ол  мені  оқжылан  деп  мазақтады.  Мен  оған  əлі 
көрсетемін»,  -  деді  біраздан  соң  ызалы  Хасен.  Мұғалім 
даусын  шығарып:  «Бұл  не  нəрсе?  Оқушылар  өздерін 
осылай  ұстаушы  ма  еді?  Тіл  тигізіп  төбелескенше,  маған 
неге  айтпайсың...  екінші  рет,  мен  мұндайынды  естімейін. 
Бара бер! Ал, Оспанмен өзім сөйлесемін», - деді. 
        Мұғалімнің осы əңгімесінен кейін Хасен ендігі жерде 
тəртіп  бұзбайды  деп  айта  аламыз  ба?  Мұғалім  Хасеннің 
еркіндегі  ұстамсыздықты  тежеу  үшін  бұдан  басқа  қандай 
шаралар қолануы керек?  

 
115
25.
 
 Алты-жеті  жастағы  балалардың  арасында  мынадай 
«мінезі» барлар да кездеседі: тамақ ішем деп ыдысқа сорпа 
құйдырып алады да, оны еденге төгеді. Өзіне тамақ берсе, 
«ішпеймін» дейді де, осы тамақты ішіп жатқан басқаларды 
көрсе,  «алып  кел,  ішемін»  деп  қайта  сұрап  алады.  Егер 
шешесі бір жаққа баратын болып: «киін, жүр кеттік» десе, 
ол  бірде  «бармаймын»  дейді,  ал  шешесінің  кетіп  бара 
жатқанын  көрсе,  «барамын»  деп  соңынан  қайтадан  тұра 
жүгіреді.  Енді  жүрер  деп  шешесі  қарайлап  тұрса,  ол  тағы 
да  «бармаймын»  деп  отырып  алады.  Осындай  көріністер 
онда  жиі  қайталана  береді,  оның  бəрін  ол  жылаусыз 
өткізбейді. 
      Осы  фактілер  бала  еркіндегі  қандай  кемістікке  мысал 
бола алады? Оларды жою үшін қандай шаралар қолдануға 
болады?   
26.
 
 Мектепте 
тəжірибе 
кезінде 
екі 
оқушының 
психикалық  өміріне  бақылау  жүргізіңдер  де,  олардың 
темперамент ерекшеліктерін сипаттап жазып беріңдер.  
27.
 
 «Шоқан  үйіне  келген  адамдардың  (ол  үйге,  əрине, 
сұлтандар,  билер  сияқты  «ірі»  адамдар  ғана  келеді  ғой) 
байлаулы  аттарын  шешіп  жіберіп,  тұсаулы  аттарын 
ағытып  жіберіп,  ерттеулі  аттардың  айыл-тартпасын, 
үзеңгісін  босатып  қойып,  өздерін  мазақтап...  дегендей, 
дамыл-тыныштық  бермеген.  Онымен  де  қоймай,  бірге 
ойнайтын  балаларды  ұйымдастыру  арқылы...  бірнеше 
қозының  тірідей  асықтарын  алған...  əкесінің  «оқуға 
апарамын»  дегенін  естіген  соң,  Шоқан  қашып,  құсмқрын 
дөңінің  үшбұлақ  аталатын  сайларында  қалың  боп  өсетін 
қайыңдар  мен  талдардың  арасына  тығылып...  бірер  күнде 
əрең табылған...». 
Бала  Шоқанның  басынан  қандай  темпераменттердің 
көрінісін байқауға болады? Мұны тиісті дəлелдер келтіріп 
айтып беріңіздер.  

 
116
28.
 
 «Сұлтанмахмұт  тарс-тұрс  ашулануды  білмейтін, 
жəбірге  көнбейтін  ақылды  бірбеткей  еді…  оның  осы 
мінезіне  қызығып,  біз  Сұлтанмахмұтқа  əдейі  ызаландыру 
үшін  жабылатынбыз.  Бірақ  ол  тірідей  ашуланбайтын. 
Біздер  онан  сайын  ерегісіп,  оны  түйебас  қылуға  шейін 
баратынбыз.  Кейде  Сұлтанмахмұт  бір  жерлері  ауырып  та 
қалатын. 
Біздің 
бетімізді 
қайтармақшы 
болған 
Сұлтанмахмұт бір күні əкесіне ақ шоқпар істетіп алады да, 
сабаққа келгенде бізге көрсетпей ала келіп қардың астына 
тығып  қояды.  Сабақ  біткен  соң,  біз  əдеттегідей  асыр 
салып,  Сұлтанмахмұтты  ортаға  ала  бастадық.  Сонда 
Сұлтанмахмұт  шнгіншектеп  барып,  қар  астына  жасырып 
қойған  əлгі  шоқпарын  суырып  алды,  бізге  қарсы  қасқая 
тұра қалып, сол арада қолма-қол мына өлеңді айтты: 
Кəнекей, енді бəлем тиші маған, 
Шоқпармен бір-ақ салып басың жарам. 
Бəріңді дүркіретіп қуып тастап, 
Үйіме батыр болып жалғыз барам.  
     Бұл өлеңді біздер сол арада жазып алдық та, шоқпарын 
тартып алып, сындырып тастадық. Ол еш ренжіген жоқ» . 
     Сұлтанмахмұтты  темпераменттің  қай  түріне  жатқызуға 
болады?  Мұны  қандай  ерекшеліктеріне  қарап  ажырата 
аласыздар? 
29.
 
 Бір 
оқушының 
мінез 
өзгешеліктеріне 
психологиялық  тұрғыдан  талдау  жасаңдар.  Егер  оның 
мінезінде  жағымсыз  көріністер  кездесетін  болса,  мұны 
қандай 
жолмен 
түзетуге 
болатындығы 
жайлы 
пікірлеріңізді жазып беріңіздер.  
30.
 
 Өз  мінездеріңізді  қалай  тəрбиелеп  жүргендеріңіз 
жөнінде  («Мен  өзімді  қалай  тəрбиелеп  жүрмін»  деген 
тақырып бойынша) жазып беріңіздер. 
31.
 
 А.С. 
Макаренко 
(1888-1939) 
колонияда 
тəрбиеленушілерінің  кенеттен  жарамсыз  қылық  істей 
қалғанда,  оны  ол  бірден  өзіне  шақырмай  белгілі  бір 

 
117
уақытта  маған  жолығып  кет  деп  арнайы  хат  жазып,  (ал 
мұндай  кездесулер  кейіннен  болмай  да  қалатын  еді)  не 
басқа  біреуден  беріп  жіберетін  болған.  Сонда  шақырған 
баланың  сағат  он  бірге  дейін  күтуге  шыдамы  жетпей 
(Макаренко  осындай  əңгімелесулерді  тек  түнгі  сағат  он 
бірге белгілейтін), кейде күндізгі сағат үште жетіп келеді: 
- Антон Семенович, сіз мені шақырдыңыз ба? 
- Жоқ, қазір емес, кешкі сағат он бірге шақырғам.  
Ол  отрядқа  қайтып  барады.  Ал  ондағылар  жабыла 
сұрайды:  
- Немене екен? Жазғыру ма? 
- Жазғыру. 
- Не үшін? 
       Кешкі сағат он бірге дейін отрядтағылар да оның жер-
жебіріне  жетіп  болады.  «Сағат  он  бірде,  күні  бойы  əбден 
қиналған ол өңі қашып, құп-қу болып маған келеді. 
Мен оған: 
- Сен түсіндің ғой? – деп сұраймын. 
- Түсіндім.  
- Бар, ендеше.  
Кейбір жағдайларда мен басқаша етемін 
-  Тоқтаусыз  келсін!  Дереу  жұмысын  тоқтатсын, 
т.б.» 
       Осы  үзіндіде  ұжым  мен  жеке  адам  жəне  ұстаз 
арасындағы  қарым-қатынастық  психологиясы  қандай 
деңгейде суреттелген?  
32.
 
 Психологиялық 
эксперименттердің 
бірінде 
мынадай  қызықты  факті  байқалған.  Бір  кісі  көптеген 
сөздермен  цифрларды  бір  естігеннен  кейін,  сол  айтылған 
тəртібінде  қайталап  айтып  берген.  Ол  мұны  кез-келген 
тілде  де  орындай  алған.  Кейін  одан:  «осынша  көп  сөз  бен 
сандарды бір көргенде, не естілген бойда қалай еске сақтап 
үлгересіз»,  -  дегенде,  ол:  «осы  сөздер  мен  сандарды 
айтарда  мен  оларды  көз  алдыма  елестетіп  тұрам»,  -  депті. 

 
118
Осының  сырына  қалай  түсінесіздер,  мұны  қабілеттің 
қандай түріне жатқызуға болады?  
33.
 
 Мұғалімнің  «қабілетсіз»  не  «қабілеті  төмен»  деген 
бір  оқушысына  бақылау  жүргізіңдер.  Осы  оқушының  не 
себептен сабақ үлгермейтінін жəне оның үлгерімін қандай 
жолмен  арттыруға  болатындығы  жайлы  пікірлеріңізді 
жазып беріңіздер.  
34.
 
 Біреулер  «жолай  кездесе  қалған  кісінің  əр  сөзіне 
қыстырылып,  өзі  бəрін  білетіндей,  жұрттың  бəрін  ақымақ 
санайды.  Ол  кісіні  мынадай  сөздермен  бөле  береді:  «... 
осыны  айтуды  ұмытпа»,  «Есіме  салғаның  жақсы  болды», 
«Мінекей,  əр  нəрсені  айтудың  пайдасы»,  «Мынау  есімнен 
шығып кетіпті-ау»,  «Сөз төркінінен түсіне қойдың», «Мен 
ойлаған қорытынды» келер ме деп баяғыда-ақ күткем». Ол 
осы  тектес  сөздермен  кісіге  тыным  бермейді...  Егер 
əңгімелесуші  үйге  қайтуға  асығыс  екенін  айтса,  ол  оның 
үйіне  дейін  еріп  баруға  əзір...  Ол  «тілде  сүйек  жоқ»  деп 
отырып, сөзден жалықпайды.  
Ежелгі  грек  ойшылы  Теофрастың  (б.з.д.  372-287) 
«Мінездер  трактатындағы»  осы  үзіндіде  қандай  мінез 
суреттелген? 
 
  
    
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет