Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата19.01.2017
өлшемі1,27 Mb.
#2265
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

Дəріс
 бойынша сұрақтар: 
 
1.
 
Ойлау дегеніміз не? Оның қандай жалпы сипаттамасы 
бар? 
2.
 
Ой операциялары дегеніміз не? 
3.
 
Ойлаудағы анализ бен синтездің алатын орны қандай? 
4.
 
Салыстыру, абстракция, нақтылау, жалпылау, жүйелеу 
тəсілдеріне жеке сипаттама беріңіз. 
5.
 
Ұғым дегеніміз не?  
6.
 
Пікір, ой қорытындылары жайлы айтып беріңіз. 
Бұлардың бір-бірінен айырмашылықтары қандай?  
7.
 
Түсіну дегеніміз не? 
8.
 
Сөйлеудің жалпы сипаттамасы қандай? 

 
21
9.
 
Сөйлеудің мазмұнлылығы жəне мəнерлілігі дегеніміз не?  
10.
 
 Сөздің анатомиялық-физиологиялық негіздері қандай? 
11.
 
 Сөйлеудің қандай түрлері болады? Диалог, монолог 
сөздердің айырмашылықтары неде? 
12.
 
 Жазбаша сөйлеу дегеніміз не? 
13.
 
 Ішкі сөйлеу дегенді қалай түсінуге болады? 
14.
 
 Сөйлеу мəдениетіне төселдіруде қандай жұмыстар 
жүргізілуі тиіс? 
 
 
9-дəріс 
Қиял

 
Жоспар: 
1.
 
Қиял туралы жалпы ұғым. 
2.
 
Қиял түрлері. 
3.
 
Қиял бейнелерінің жасалу жолдары. 
4.
 
Қиялдағы дара айырмашылықтар. 
5.
 
Қиялды дамыту жолдары. 
1. Қиял туралы жалпы ұғым. 
Қиял  дегеніміз  -  сыртқы  дүние  заттары  мен 
құбылыстарының 
субъективтік 
образдарын 
қайтадан 
жаңартып,  өңдеп,  бейнелеуде  көрінетін,  тек  адамға  ғана 
тəн  психикалық  процесс:  «...барлық  жан  қуаттарын 
(рухани  күштерді)  тек  қиял  ғана  өзіндік  сақталатын 
сөзімдік  заттарды  модельдендіре  алады»  (əл-Фараби). 
Адамда  қиял  пайда  болған  кезде  ми  қабығында  бұрын 
жасалған  уақытша  байланыстар  түрлі  комбинацияларға 
түседі  де,  жаңа  нəрселердің  бейнесі  туып  отырады. 
Уақытша  байланыстарды  қайта  жасап,  өңдеу  процесінде 
екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. 
        Адамдардың  қиялына  тəн  кейбір  ерекшеліктерді 
төмендегіше топтастыруға болады: 

 
22
1)  əр  адамның  қиял  ерекшеліктері  оның  жеке 
қызығулары  мен  қасиеттеріне,  алдына  қойған  мақсатына 
байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген 
жолаушының  қиялы  мен  екі-үш  күннен  кейін  емтихан 
тапсыратын  студенттің  машинасының  тетігін  жетілдіруді 
ойлап  жүрген  инженердің  қиялын  салыстырып  көруге 
болады; 
2)    қиялдың  мазмұны  мен  формасы  адамның  жас 
жəне  дара  ерекшеліктеріне  де,  білім  тəжірибесіне  де 
байланысты.  Мəселен,  көргені  де,  түйгені  де  көп,  өмір 
тəжірибесі  мол,  əр  тарапты  білімі  бар  ересек  адамның 
қиялы  мен  енді  ғана  өмірге  аяқ  басайын  деп  тұрған 
жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды; 
3)    қиял  адамның        өскен        ортасына,  этностық 
ерекшелігіне,  табиғат,  жер-су  қоршауына  байланысты  да 
көрініп отырады. «Жаратылыстың құшағында,- деп жазады 
М.  Жұмабаев,  -  меруерт  себілген  көк  шатырдың  астында, 
хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен 
бірге  түнеп,  желмен  бірге  жүгіріп,  алдындағы  малымен 
бірге  өріп,  сары  сайран  далада  тұрып  өсетін  қазақ 
баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». 
4) 
қиял 
адамның 
барлық 
психикалық 
құбылыстарымен  ұштасып  жататын  процесс.  Мəселен, 
алға  қойған  мақсатты  жоспарлап,  жүзеге  асырудың 
жолдарын  іздестіру  қиялсыз  мүмкін  емес.  Бұл  -  қиялдың 
ерікпен  байланысына  жақсы  мысал.  Қиялдың  ойлау 
процесінде 
алатын 
орны 
ерекше. 
Өйткені 
ойлау 
белсенділігі  адамды  шығармашылық  əрекетке  жетелейді. 
Ал  ондай  əрекет  қиялдың  өте  күшті  дамуын  қажет  етеді. 
Ойлау  мен  қиял  бір-бірімен  тығыз  байланысты.  Жан 
қуаттарының осы екеуі де мəселені шешуге, сұраққа жауап 
беруге  қатысады.    Бірақ  қиялда  мəселені  шешудің  өзіндік 
ерекшелігі  болады.  Қиял  -  мəселені  суреттеу,  жанды 

 
23
көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, 
ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді; 
5)    адам  қиялы  еңбек  процесінде,  іс-əрекет  үстінде 
жарыққа шығып, дамып отырады.  Мұндағы негізгі  шарт: 
саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін 
еңбектің нəтижесін күні бұрын көре білу, яғни оны өңдеп, 
өзгертіп, елестете алу - адам қиялына тəн негізгі белгілер. 
Қиялда  адамның  дүние  жөніндегі  əр  түрлі  таным-түсінігі 
əртүрлі  формада  қиюласып,  жаңа  сапаға  ие  болады.  Қиял 
бейнелері  адам  қажеттігінен  тəуелді  бола  тұрып,  оны 
белсенді кызметке итермелейді, шығармашылық ісіне күш-
жігер  қосады.  Қиял  тек  теориялық  жəне  практикалық 
қызметте  ғана  емес  ол  адамның  бүкіл  рухани  өмір 
жүйесінде  елеулі  орын  алады.  Кісінің  өмір  жолы,  жеке 
басының  ойдағыдай  дамуы,  даралық  қасиеттері,  іс-
əрекетінің  құрылымы,  өмір  салтының  қалыптасуы  мұнсыз 
мүмкін  емес.  Адам  санасының  жануар  психикасынан 
басты  айырмашылығы  адамда  ойлаумен  қатар  қиял   
əрекетінің   болғандығында. 
Айдаһардың  бейнесін  Италияның  атақты  суретшісі 
Леонардо  да  Винчи  қиял  арқылы  былайша  суреттейді: 
«Көкжал аңшы иттің не жай иттің басын алады , оған басқа 
мысықтың  көзін  саламыз,  құлағы  үкінікі  болады,  мұрыны 
тазынікі  секілді,  қасы  арыстандікі,  самайы  -  əтештікі, 
мойны суда жүзетін тасбақанікі сияқты». Осы бейненің өзі 
шындықта  бар  нəрселерді  топтастыру  арқылы  туып  отыр. 
Бірақ  осы  топтастыру  нəтижесінде  келіп  шыққан  тұтас 
образдың өзін көре білу үшін адамға ең күшті, өрен жүйрік 
қиял қажет. 
Қиял  процесінің  адам  əрекетінің  қандай  саласында 
болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы əрекет арқылы 
өзгеріп, дамып отырады. 
Тіпті  бала  қиялындағы  фантастикалық  образдардың 
өзі  де  оның  танымын  кеңейтетіндігі,  қоғамдық  тəжірибені 

 
24
меңгеруге  жағдай  жасайтыны,  мұның  өзі  баланың 
психологиясына қатты əсер ететіні байқалады. А. П. Чехов 
«Үйде» деген əңгімесінде осы жайлы өте жақсы көрсеткен.  
Шылым  шегіп  əдеттенген  жеті  жасар  балаға  ешбір 
сөз əсер етпей қойған. Бірде əкесі оның қиялына əсер етуді 
ойлайды.  Ол  баласына  мынадай  əңгіме  айтады:  «Кəрі 
патшаның  патшалыққа  мұрагер  болатын  жалғыз  ғана  ұлы 
болыпты,  -  өзі  дəл  сол  сияқты  кішкентай  бала  екен.  Өзі 
жақсы  бала  екен.  Еш  уақытта  өкпелемейді,  ерте  жатады, 
үстелдегі нəрселерге тимейді екен... өзі ақылды болыпты... 
Оның  бір  ғана  кемшілігі  -  шылым  тартады  екен... 
Патшаның баласы шылымнан көкірек ауру болып жиырма 
жасында  өліпті.  Қаусаған  ауру  шал  ешбір  қолғанатсыз 
қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім 
болмапты.  Жау  келіп,  шалды  өлтіріп,  сарайды  қиратып 
тастапты,  сонымен,  енді  бақша  да,  шие  де,  құстар  да, 
қоқыраулар  да  қалмаған...».  Эмоциялы  əсерге  толы  осы 
əрекеттің  оған  күшті  əсер  еткендігі  сонша,  бала  «қараңғы 
терезеге ойланып сəл қарап отырып, селк етті де, мұңайған 
дауыспен: - Мен енді шылым тартпаймын...- деді»
 
... 
Қиялдың  адам  қажетіне  асуы,  оның  шындықпен 
байланысты болып келуі адамға ерекше қанат бітіріп, оның 
ілгері  өрлеуіне  себепші  болады.  Халық  «Қыран  жетпеген 
жерге қиял жетеді» деп өте тауып айтқан.  
Бір  кезде  талантты  орыс  ғалымы  Қ.Э.Циолковский 
(1857-1935)  космосқа  ұшуды  армандап  еді.  Космос 
кемесімен    аспан  əлеміне  тұңғыш  жол  салған  Ю.  Гагарин 
мен 
қазақ 
ғарышкері 
Тоқтар 
Əубəкіровтің 
жəне 
басқаларының  ерліктері  осындай  шындықпен  тығыз 
байланысты қиялдың іске асуы болып табылады. 
1. Қиял  түрлері. 
Қиял  актив,  пассив  болып  екіге  бөлінеді.  Қиялдың 
бүтіндей  пассивтік  түрінің  шегі  -  түс  көру.  Түс  көрудің 

 
25
физиологиялығын  жан-жақты  түсіндіріп  берген  И.  П. 
Павлов болды. 
Ұйқы  кезінде  ми  клеткаларының  бəрі  тежелмейді, 
кейбір  бөлімдері  қозу  жағдайында  болып  жұмыс  істей 
береді.  Мидың  мұндай  бөліктерін  «күзетші  пункт»  деп 
атайды. 
Осы 
«күзетші 
пункттердең 
біздің 
бұрын 
қабылдаған,  көрген,  естіген,  қолға  ұстап,  дəмін  татқан 
заттарымыздың бейнелері мида қайтадан  «тіріледі». Түсте 
небір  ақылға  сыйымсыз  образдардың  жасалатыны  белгілі. 
Өйткені бұл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы 
байланыс əлсірейді, мұнда негізінен бірінші сигнал жүйесі 
ғана  қызмет  істейді.  Екінші  сигнал  жүйесінің  қызметі 
толық  тежелуге  ұшырайтындықтан,  адамның  ойлау 
қабілеті  өте  төмен  болады.  Сөздік  сигналдардың  əсер 
етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай 
жасайды 
да, 
соның 
нəтижесінде 
түске 
қайдағы 
«кереметтер»  кіреді.  И.  М.  Сеченов  осындай  түстерді 
«болған  əсерлердің  болып  көрмеген  қиысулары»  деп 
сипаттаған.  Түсте  реалдық  образдар  мен  нəрселердің 
фантастикалық  түрде  қосылуынан  ғажайып  образдар 
жасалады.   
Ұйқы кезіндегі осындай ғажап фантазиялық бейнелер 
де  өмірде  бар  нəрселердің  жиынтығынан  құралған. 
Бұлардың  негізі  -  адамның  ояу  кезіндегі  басынан  кешкен 
оқиғалары,  ойы  мен  мақсаты,  тілегі  мен  арманы,  естіген-
көргендері,  істеп  жүрген  қызметі,  басқалармен  қарым-
қатынасы  т.  б.  ұйқыдағы  адамның  түс  көруіне  себепші 
болатын фактілердің есебі жоқ. Мəселен, ми клеткаларына 
көшедегі  транспорттың  тарсылы  да,  ағаш  жапырағының 
сылдыры  да,  иттің  шəуілдеп  үргені  де,  есіктің  ашылып-
жабылуы  да  əсер  етіп  отырады.  Тіпті  организмнің  ішкі 
мүшелерінің  (жүрек,  өкпе,  асқазан  т.  б.)  жұмысына  бір 
жайсыздық  түссе,  бұл  да  адамның  түсіне  қай-қайдағы 
бірдеңелерді  кіргізеді.  Мəселен,  ұйқыдағы  адамның 

 
26
жүрегіне  бір  салмақ  түссе,  оның  жүрегі  қатты  соға 
бастайды.  Осыған  орай  адам  мынадай  түс  көреді.  Өзін 
қуған біреуден қашады, бұдан ол ентігіп, булығады да. 
Түс көрудің мазмұны адамның, көбінесе, қызығуына, 
талғамына  орайлас  келіп  отыратындығы  да  шындықпен 
жанасымды  факт.  «Егер  иттің  түсіне  сүйек  кірсе, 
саудагердің  түсіне  ақша  кіреді»  деген  мақал  да  біздің  осы 
пікірімізді  қуаттайды.  Өмірде  ешбір  естімеген,  көрмеген 
нəрселер  түске  кірмейтіндігін  ғылым  дəлелдеп  отыр. 
Мəселен,  іштен  соқыр  болып  туған  адамның  түсіне  көзге 
көрінетін  «бейнелер  кірмейді,  оның  басқа  сезім  мүшелері 
арқылы  (иіс,  дəм,  есту  т.  б.)  қабылдаған  нəрселері  еніп 
отырады.  Егер  соқырлық  кейінірек  пайда  болса,  онда  сол 
адамның  түсіне  бұрын  көзімен  көрген  заттарының 
бейнелері  кіре  береді.  «Барлық  адамдардың  түсі,  -  деп 
жазды  И.  П.  Павлов,  -  бірінші  сигналдардың  бейнелі, 
нақты жəне эмоциялық түрде жандануы».   
 
Шығармашылық  қиял  деп  өзіндік  жаңа  образдар 
жасау  арқылы  өрекетте,  жаңа  нəтижелер  беруде  көрінетін 
қиялды  айтады.  Жазушының,  суретшінің,  ғалымның, 
композитордың  т.  б.  қиялы  шығармашылық    қиялға 
жатады.  Шығармашылық  қиял  -  қайта  жасау  қиялына 
қарағанда,  əрі  күрделі,  əрі  қиын.  Абай  мен  Құнанбайдың 
образдарын  жасау,  оларды  сипаттап  жазған  шығарманы 
оқып, елестетуден əлдеқайда ауыр. Шығармашылық  қиял 
ақын-жазушылардың,  суретшілердің,  əртістердің  т.  б.  осы 
секілді өнер қайраткерлерінің іс-əрекеттерінде үлкен орын 
алады. Өнер қайраткерлері өздерінің идеясын көркем образ 
арқылы береді. К. С. Станиславский: «Əртістің көкірегінде 
өзі  бейнелеп  түрған  адамның  ой-толғаныстары  туғанда 
ғана  шынайы  өнер  туады,  нағыз  жанды  сезім  еш  уақытта 
зорлағаннан,  қолдан  жасағаннан  келмейді»,—  дейді. 
Мəселен,  Чехов  спектакліндегі  Раневскаяның  рөлін 
орындаушы Ольга Книппер - Чехова шие бағын сатады деп 

 
27
хабарлағанда  шын  көңілімен  көзіне  жас  алады  екен. 
Мұндайда  актер  сахнада  ойдан  шығарылған  нəрсеге 
шындықтың  өзіндегідей  көзқараспен  қарайды.  Бұл  - 
шығармашылық  қиялы  өте  бай  адамның  қолынан  келетін 
қасиет. 
Ақын-жазушылар  қиялы  арқылы  өзінің  келешек 
кейіпкерлерін  «көреді»,  олардың  мінез-құлықтарын  «елес 
етеді», сөзін «естиді». Сонымен қатар, ақын-жазушылар өз 
геройларымен  бірге  өмір  сүреді,  олардың  ойын,  көңіл-
күйін  «сезіп»,  қоян-қолтық  араласып  жүргендей  болады. 
Мəселен, француз жазушысы О. Бальзак егер жеңі жыртық 
біреудің  көшеде  кетіп  бара  жатқанын  көрсе,  өзін  сол 
адамға  ұқсататындығы  соншалық,  -  өз  жеңім  де  жыртық 
емес пе екен деп, еріксіз өз қарына қолын жүгіртіп, тесікті 
жаппақшы болады екен. 
Бақылағыштық,  жеке  өмірінің  эмоциялық  байлығы, 
алдын-ала  орасан  зор  жұмыстар  істей  білуге  қабілеттілік 
(мəселен,  Л.  Толстойдың  айтуынша,  «Соғыс  жəне 
бейбітшілік»  романын  жазу  үшін  жинаған  материалдары 
«бүкіл  бір  кітапхана»  болған)  адамның  шығармашылық 
қиялының  самғауына  күшті  əсер  етеді.  Өмірден  түйгені 
шамалы,  шығармашылық  қиялы  жетілмеген  адамнан 
жақсы  ақын  шығуы  мүмкін  емес.  Абай  мұны  өте  дұрыс 
көре білген. 
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, 
Қиыннан қиыстырар ер данасы. 
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, 
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. 
Өлеңге əркімнің-ақ бар таласы, 
Сонда да солардың бар таңдамасы. 
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын  
Қазақтың келістірер қай баласы?
  
Бұл  өлеңіне  Абай  «қиыннан  қиыстырар»,  «тілге 
жеңіл,  жүрекке  жылы  тиіп»,  «іші  алтын,  сырты  күміс  сөз 

 
28
жақсысын»  секілді  сөз  тіркестері  арқылы  өздігінен  жаңа 
туындылар  бере  алатын  нағыз  майталман  ақындардың 
психологиясын,  олардың  шығармашылық  қиялындағы 
ерекшеліктерді көрсетіп отыр. 
Ғалым  үшін  де  шығармашылық  қиял  аса  қажет. 
Шығармашылық    қиял  ғалымның  шығармашылық  ойына 
аса  қажетті  материал  береді.  Мəселен,  ғылыми  жорамал 
жасағанда,  эксперимент  жұмысын  ұйымдастырғанда, 
тапқан жаңалықтарды тексеріп сынауда ғалым өз қиялына 
үнемі  сүйеніп  отырады.  Бірақ  нағыз  ғылыми  жұмыс  көп 
еңбектенуді  қажет  етеді,  ол  еріккеннің  ермегі  емес,  ғы-
лымның жолы ауыр. Қажымай, өнімді еңбек ете білушілік, 
шыдамдылық,  іске  мейлінше  берілушілік  -  нағыз  ғалымға 
тəн  қасиеттер.  К.  Маркс  айтқандай,  ғылымның  «сəулетті 
шыңына  шаршап-шалдығудан  қорықпайтын,  оның  тасты 
соқпақтарымен  тырмысып  өрлей  беретін  адам  ғана  шыға 
алады». 
Шығармашылық 
 
қиял 
əрекеттің 
кез-келген 
саласында  орын  алып  отырады.  Қоғамға  пайда  келтіретін 
нəтижелі  еңбекте  шығармашылық  қиялдың  болмауы 
мүмкін  емес.  Қиялдың  бұл  түрі,  əсіресе,  мғғалімдік 
қызметте ерекше орын алады. А. С. Макаренко айтқандай: 
«жеке 
адамның 
келешегін 
жобалауда» 
мұғалім 
шығармашылық  қиялсыз  əрекет  етсе,  жақсы  нəтижеге  ие 
бола алмас еді. 
Актив  қиялдың  ерекше  бір  түрі  -  арман.  Арман 
дегеніміз  өз  қалауымызша  жаңа  образдар  жасау.  Мұның 
шығармашылық  қиялдан  ерекшелігі  мынада:  арман 
өзіміздің  тілеген  келешекке  бағытталған  қиял  процесі. 
Арман  шығармашылық  əрекетпен  тікелей  байланысты 
емес,  ол  шығармашылық  қиялдың  бірінші  дайындық 
сатысы. 
Арманды  бағалауда  оның  əрекетке  қандай  қатынасы 
бар екендігі қатты ескерілуі қажет. 

 
29
Орыстың  белгілі  демократ,  публицисі  Д.  И.  Писарев 
(1840-1868)  шындық  пен  оптимизмге  толы  арман  туралы 
көп толғанған адам, оның «арманның іске талпындыратын 
пайдасы»  туралы  пікірі  жастар  үшін  ерекше  маңызды. 
Өйткені адам əрекет етудің орнына бос қиялға сүңгісе, бұл 
келешектің қиялы болмай, бос лағу, құрғақ қиял болар еді. 
Мəселен,  А.  И.  Куприннің  «Жекпе-жек»  повесіндегі 
подполковник  Ромашовтың  қиялы  дəл  осындай,  сүреңсіз, 
құрғақ  қиял:  «Ромашов  өзінің  бұл  дүниеде  өмір  сүргеніне 
қапаланатын.  Ол  офицерлердің  өктемдігінен  қорланатын, 
солдаттардың 
қорғалақтаған 
кейпін, 
бастықтардың 
ақырып-жекірген  жүзін  көргенде,  жаны  түршігетін.  Тек 
қайдағы  бір  жоқ  қиял  басын  айналдыратын  кезде  ғана 
оның  жаны  біраз  тыншитын.  «Түк  те  емес!  Өмір  əлі 
алдымда!»  деді  ішінен  Ромашов,  сүйтті  де  өз  ойына 
масаттанған  ол  аяғын  нығырақ  басып,  кеудесін  кере  дем 
алып,  ілгері  қарай  жүріп  кетті.  Ерегістіргенде  ертеңнен 
бастап  кітапқа  отырамын  да,  дайындалып  академияға 
түсемін.  Еңбек!  О,  еңбек  етсең  ойың  алғаныңа  қолың 
жетеді,  тек  өзіңе-өзің  берік  болсаң  болғаны.  Күні-түні 
жаттаймын  демей,  жынданған  адамша  жаттаймын.  Жұрт 
ойламаған  жерден  емтиханды  үздік  тапсырамын.  Сонда 
жұрттың  бəрі-  ақ:  «таң  қалатын  несі  бар  бұған?  Мұның 
өнері  осындай  болатынын  күні  бұрын-ақ  білгеміз.  Өте 
қабілетті, сүйкімді, өнерлі жас жігіт емес пе?» -  дер. Ромашов 
қолма-қол  өзін  бас  штабтың  келешегі  мол,  оқымысты 
офицерімін  деп  санады,  оның  аты  академиядағы  алтын 
тақтаға  жазылған.  Профессорлар  оның  келешегі    зор  деп 
үміттенеді,  академияда  қалуды  ұсынады,  жоқ,  ол  қалғысы 
келмейді, ол стройға бармақшы. Ротаға командашы болу мерзімін 
бітіруі керек, əрине, өз полкына баратынына да сөз жоқ. Міне, 
ол  полкқа  келді  -  тамаша,  кішіпейіл,  ақ  жарқьн,  сүйкімді, 
əдепті,  өткен  жылдағы  маневрде  бас  штабтан  келген,  болмаса 
суреттен көрген офицерлерге ұқсайды... 

 
30
Бас  штабтың  жанып  тұрған  офицері  Ромашов  қызмет 
бабымен  біртіндеп  өрлей  береді.  Подпоручикгің  қиялында 
маневрлер  көрінеді,  ереуілдерді  басуға  қатысады,  соғыстағы 
ерлік  істері  елестейді...  «үйіне  қалай  келіп  қалғанын  өзі  де 
сезбей  қалды,  қызу  қиялдан  есін  жинап  алып,  өзіне  таныс 
қақпаға,  сиректеу  өскен  жеміс  бақшасына,  оның  ар  жағыңда, 
бақшаның түкпіріңде тұрған кішкене ақ үйге таң қала қарады: 
- Адамның басына неше түрлі ой келе береді екен-ау!— 
деді  ол,  өзіне-өзі  ұялғандай  сыбырлап.  Мойнын  созып, 
кеудесін  керіп,  иығын  көтеріп  келе  жатқан  бетте,  басын 
мойнына тыға қойды»
 

Осы үзіндіде енжар селсоқ адамның психологиясы өте 
шебер  суреттелгең.  Мұндай  адам  жарқын  болашақ  үшін 
күреспейді,  тек  мойнына  су  кеткен  кісідей  мүлгіп  отырады 
да  кояды.  Қиыны  да,  қызығы  да  мол  өмір  ондайларды 
қызықтырмайды,  олар  күрес  ауыртпалықтарын,  қайғы-
қасірет 
дегендерді 
білмейді, 
қиялдағысын 
тілегі 
орындалғанға  ұқсатып  жүре  береді.  Ромашов  секілді 
адамдарды «құрғақ қиялдаушылар» деп атайды. 
Əрбір  адамға  алдындағы  жарқын  болашағына 
байланысты  армандай  білу  қажет.  Мақсатқа  сай  дұрыс 
армандай  алу  адамға  зор  қуат  беріп,  іске  талпындырады. 
Сондықтан  да  халық:  «Арманы  жоқ  жігіттің  дəрмені  жоқ» 
деп өте тауып айтқан.   
3. Қиял бейнелерінің жасалу жолдары. 
      Қиял  түрлі  елестеулердің  өзгеріп,  өңделуінің  арқасында 
жасалып  отырады.  Қиялда  анализ,  синтез  əдістері, 
агглютинация, 
схематизация 
түрлі 
схемалар 
мен 
суреттердің акцентировка (образдың типтік басты белгілерін 
жасау)  тəсілдері  жиі  кодданылады.  Қиялдағы  елестерді 
топтастырудың  қарапайым  түрі  агглютинация  деп  аталады. 
Осы əдіс арқылы мифологиялық бейнелер (кентавр, сфинкс, 
жезтырнақ)  мен  түрлі  механизмдердің,  машиналардың 

 
31
конструкциялары  (амфибия  -  танк,  судан  өте  алатын  жеңіл 
танк,  аэрошана  -  суға  қонып,  ұша  алатын  самолет) 
құрастырылады. 
Агглютинация  əдісі  ежелгі  Мысыр  елінде,  сондай-ақ, 
Солтүстік  Америка  индеецтерінің  өнер  ескерткіштерінен 
үлкен орын алған.  
Қиял  бейнелерін  жасауға  қатысатын  əдістердің  бірі  – 
гипербола.
 
  
Гипербола  деп  нəрсенің  жеке  сипаттары,  белгілері 
үлкейтіліп көрсетілуін айтады. Сөйткенде образ ашық, мəнерлі 
болып  шығады,  гиперболада  белгілі  бір  бейнелердің  алға 
шығып  айқын  байқалуына  жағдай  жасалады.  Ертегілерді, 
қиял-ғажайып 
бейнелерді 
жасауда 
гипербола 
көп 
колданылады. 
Мəселен, 
Д. 
Свифтің 
«Гулливердің 
саяхатындағы» 
ергежейлілердің, 
В. 
Маяковскийдің 
«150000000»  поэмасындағы  капиталистердің  көсемі  В. 
Вильсонның бейнелері гипербола əдісімен жасалған. Мұнда, 
сондай-ақ, тұтас заттың жеке бөліктерінің саны өзгертіледі, 
олардың 
орны 
ауыстырылады. 
Мəселен, 
үнді 
мифологиясындағы  көп  қолды  құдайлар  мен  жеті  басты 
айдаһардың  бейнелері  осылайша  құрастырылған.  Қиял 
бейнелерін  жасаудың  енді  бір  əдісі  нəрсенің  бір  жағын 
ерекше əсерлей көрсету. Карикатуралар мен достық əзілдер 
осылайша 
жасалынады. 
Егер 
заттардың 
айырмашылықтарын 
ескермей, 
оның 
ұқсастықтарына 
көбірек 
көңіл 
бөлінетін 
болса, 
схематизация 
əдісі 
қолданылады.  Сурет  өсімдіктер  дүниесінің  элементтерінен 
ою қиыстыруы осыған мысал бола алады. 
Қиял  образдарының  күрделі  түрі  -  типтік  образдар 
жасау.  Типтік  образдар  жасауда  бірінші  орында  нақты 
адамның ортақ бейнелері көзге түседі: «Бір жұмысшының, 
поптың, дүкенші саудагердің портретін дұрыс суреттеп жазу 
үш  жүз,  екі  жүз  шамалы  поп,  жұмысшы,  саудагерлерді 
қадағалап  қарауымыз  керек»,  -  дейді  М.  Горький.  Типтік 

 
32
образдар  жасау  дегеніміз  тұтас  бірқатар  объектілердің 
барлығына  бірдей,  ортақ  белгілері  бар  бір  образ  жасап, 
жанастыру.  Жазушының  осылайша  жасаған  типтік  образы 
бір  жағынан  жеке  адамның  даралық  ерекшеліктерін 
білдіретін  образ  болып  та  есептелінеді.  Мəселен,  «Абай» 
романындағы  Құнанбай  образы  сол  кездегі  үстем  тап 
өкілдерінің  жай  ғана  жиынтығы  емес,  сонымен  қатар,  ол 
өзіндік  психологиялық  қасиеттері  бар  жеке  адамның  да 
образы.  Осы  əдістер  арқылы  айтарлықтай  маңызды 
шығармашылық  қиял  образдарын  үнемі  туғызу  қиын. 
Мəселең, 
агглютинацияда 
жеке 
фактілерді 
зерттеу,  
жинақтау,  мəселелердің  түпкі  ниетін  көздеу  дегендер 
жетіспей 
жатады. 
Сондықтан 
да 
шығармашылық 
қиялдың  жоғары  формаларында  ғылыми-техникалық 
көркем  əдебиет  т.  б.  онша  көп  қолданылмайды. 
Шығармашылық    əрекетте  адамдар  көбінесе  интуицияға 
жүгініп отырады.   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет