Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет14/17
Дата19.01.2017
өлшемі1,27 Mb.
#2265
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Дəріс
 бойынша сұрақтар: 
 
1.
 
Мінез дегеніміз не? 
2.
 
Типтік мінез дегеніміз не? 
3.
 
Мінез бітістері қандай топтарға бөлінеді? 
4.
 
Қандай адамды толық мінезді дейміз? 
5.
 
Жағымсыз мінез неден болады? 
6.
 
Оны қайтадан тəрбиелеуге бола ма? 
7.
 
Мінез қалайша дамып отырады? 
8.
 
Мінезді тəрбиелеудің жолдары қандай? 
 
 
14-дəріс 
Қабілет

 
 
Жоспар:  
1. Қабілеттің туралы түсінік.
 
2. Қабілеттің құрылымы. 
3. Қабілет деңгейі жəне түрлері. 
4. Қабілеттер концепциялары. 
 
  1. Қабілет туралы түсінік. 

 
79
      Адамның  қабілеті  жайлы  сөз  болғанда  оның  іс-əрекеттің 
белгілі  бір  түрін  орындай  алу  мүмкіндіктері  есте  болады. 
Мұндай  мүмкіндіктер  іс-əрекеттерді  меңгеруде  айтарлықтай 
табысқа, еңбекте жоғары көрсеткішке жетуге əкеледі. 
      Біркелкі  тең  жағдайларда  (дайындық  деңгейі,  білім,  дағды, 
білік,  жұмсалған  уақыт,  ақыл-ой,  дене  күші)  қабілетті  кісі 
қабілеті төмендеу адамға қарағанда істе мейлінше жақсы нəтиже 
көрсетеді. 
      Қабілетті  адамның  жетістігі  -  оның  нервтік  психикалық 
қасиеттері комплексінің іс-əрекет талаптарымен сəйкес келуінің 
нəтижесі болып табылады. 
      Кез келген іс-əрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол 
адамның  психикалық  жəне  физикалық  қуатына  əр  түрлі  талап 
қояды.  Егер  жеке  адамда  бар  қасиеттер  жүйесі  осы  талаптарға 
сай  болса,  онда  іс-əрекетті  табысты,  əрі  жоғары  дəрежеде 
орындай  алады.  Егер  осындай  сəйкестік  болмаса,  онда 
индивидте қабілет болмағаны. 
      Міне,  сондықтан  қабілетті  адамның  басқа  бір  қасиетімен 
(заттың  түстерін  жақсы  айыру,  пропорция  сезімі,  музыкалық 
есту т. б.) шатастыруға болмайды. Қабілет əр кезде де жəне адам 
қасиеттерінің синтезі. 
      Сөйтіп,  қабілетті  іс-əрекет  талабына  сай  жəне  онда  жоғары 
көрсеткішке  жетуді  қамтамасыз  ететін  жеке  адам  қасиеттерінің 
синтезі деп анықтауымызға болады. 
       Қабілет  қоғамдық  жəне  жеке  адамдық  зор  мəнге  ие. 
Экономика  мен  ғылымның,  өнердің  дамуында  əлеуметтік 
объективтік  жағдайлармен  қатар  адамдардың  қабілеттері  де 
маңызды  орын  алады.  Осы  айтылғандармен  қатар  қабілеттілік 
адамның дамуын жеделдетеді, еңбекте шығармащылық табысқа 
жеткізеді, оған материалдық жəне рухани лəззат береді. 
 
 2. Қабілеттің құрылымы. 
      Қабілеттің  əрқайсысының  құрылымы  бар,  ондағы  басты 
жəне  жетекші  қасиеттерді  айыруға  болады.  Мəселен,  сурет 
өнерінің  тірек  қасиеті  əрекет  үстінде  дамып  жетілетін  көру 
анализаторының  жаратылысынан  ритмді,  бояуды,  жарық  пен 
көлеңкені,  форманы,  пропорцияны,  сызықтарды  (линияларды) 

 
80
жоғары дəрежеде сезгіштігі. Тірек қасиеттерге суретші қолының 
сенсомоторлық  сапалары  да,  сондай-ақ  дамыған  бейнелік  ес  те 
жатады.  Жетекші  қасиеттерге  көркем  шығармашылық  қиялдау 
қасиеттері 
жатады. 
Солардың 
арқасында 
өмір 
құбылыстарындағы  негізгі,  елеулі  нəрселер  көзге  түседі, 
жалпылау  жəне  типтендіру  жүзеге  асады,  тың  композиция 
жасалады.  Белгілі  бір  эмоциялық  күй  жəне  қабылданатын, 
суреттелетін  құбылысқа  деген  эмоциялық  қатынас  осындай 
қабілетке қажетті фон міндетін атқарады. 
 
3. Қабілет деңгейі жəне түрлері. 
      Қабілеттердің  құрылымы  жеке  адамның  дамуына  тəуелді. 
Қабілеттердің  дамуын  репродуктивтік  жəне  шығармашылық  
деп  аталатын  екі  деңгейге  бөледі.  Қабілет  дамуының  бірінші 
деңгейіндегі  адам  білім  игеруде,  іс-əрекетті  меңгеруде,  оны 
белгілі  үлгіде  жүзеге  асыруда  жоғары  іскерлік  көрсетеді. 
Қабілеттің  дамуының  екінші  деңгейінде  адам  жаңа,  соңғы 
туынды жасай алады. 
      Əрине, бұл деңгейлерді метафизикалық тұрғыдан қарастыру 
дұрыс  емес.  Біріншіден,  репродуктивтік  əрекеттің  қандай 
түрінде 
де 
шығармашылықтың 
элементі 
болады, 
ал 
шығармашылық  əрекетке  репродуктивтік  енеді,  мұнысыз 
шығармашылық  болмайды.  Екіншіден,  қабілет  дамуының 
аталмыш  деңгейлері  өзгермейтін  қатып  қалған  нəрсе  емес. 
Білімді  жəне  іскерлікті  игеру  процесінде,  іс-əрекет  процесінде 
деңгейлердің  бірінішісінен  екіншісіне  «ауысып»  отырады, 
осыған  орай  оның  қабілетінің  құрылымы  да  өзгеріске  түседі. 
Тіпті  өте  дарынды  адамдардың  өздері  де  өмір  жолын  біреуге 
еліктеуден  бастағаны,  тек  тəжірибеге  ие  болғаннан  кейін  ғана 
шығармашылыққа ауысқаны белгілі. 
       Қабілеттің  дамуы  мен  көрінісінің  ең  жоғары  деңгейі 
«талант»,  «дана»  деген  терминдермен  аталады.  Талантты  жəне 
дана  адамдар  практикада,  өнерде,  ғылымда  зор  қоғамдық  мəні 
бар  нəтижелерге  жетеді.  Дана  адам  əдебиет,  өнер,  өндіріс, 
ғылым  саласында  бұрын-соңды  болмаған,  соны  жаңалықтар 
ашады.  Талантты  адам  да  жасампаз,  бірақ  өзіндік  жаңалықты 

 
81
белгілі  идеялар,  бағыттар,  зерттеу  тəсілдері  шеңберінде 
жасайды. 
      Таланттылық  даналықтың  қалыптасуына  аса  қолайлы 
жағдайлар  жеке  адамның  жан-жақты  дамыған  кезінде  туады. 
Мəселен, 
Леонардо 
да 
Винчи, 
Гете, 
Ломоносовтар 
шығармашылық  қызметтегі  даналықтың  жəне  адамның  жан-
жақты дамуының үлгісі болып табылады.                                     
       Қабілетті  осындай  деңгейлермен  қоса  оның  бағыт-
бағдарына,  мамандық  ерекшеліктеріне  қарай  түрлерге  бөлу 
қажет.  Əдетте,  психологияда  осы  бағытта жалпы жəне арнаулы 
қабілеттерді зерттейді. 
       Жалпы  қабілет  ретінде  жеке  адамның  білім  меңгерудің 
жеңіл  де  нəтижелілігін  салыстырмалы  түрде  қамтамасыз  ететін 
интеллектуалды 
қасиеттер 
жүйесі 
ұғынылады. 
Шетел 
психологиясында  қабілеттің  бұл  түрін  intelligens  деп  атайды, 
бұл «ақыл-ой қабілеті» деген сөздің мағынасын береді. 
       Арнаулы  қабілет  -    іс-əрекеттің,  мəселен,  əдебиет,  сурет 
өнері,  музыка,  сахна  өнері      т.  б.  арнаулы      салаларда,  жоғары 
нəтижеге жетуге жəрдемдесетін жеке адам қасиеттерінің жүйесі. 
       Қабілеттің  аталған  осы  екі  түрінен  басқа  практикалық  іс-
əрекетке  қабілеттілік  дейтін  үшінші  түрін  де  атауға  болады. 
Бұған 
конструктивті-техникалық, 
ұйымдастырғыштық, 
педагогтық 
қабілеттер 
кіреді. 
Қабілеттердің 
осындай 
жіктелуінің  негізінде  іс-əрекеттің  жекеленген  түрлерінің 
(ғылым, өнер, практика) адамға қоятын өзіндік талап, тілектерін 
ажырата білушілік жатады. 
      Буржуазиялық  психологияда  қабілеттің  осындай  негізгі 
түрлері  бір-біріне  қарама-қарсы,  тіпті,  бірі  екіншісін  жоққа 
шығарады  дейтін  теріс  түсінік  бар.  Мəселен,  практикалық 
қабілеттілік  қабілеттің  ең  төменгі  түрі,  ал  ақыл-ой  қабілеттері 
онын 
ең 
жоғары 
түрі 
ретінде 
қарастырылады. 
Бұл 
айтылғандардан  үстем  тап  өкілдерінің  еңбек  атаулыға, 
практикаға 
менсінбей 
қараушылығы 
байқалады. 
Өмір 
шындығының көрсетуі басқаша. 
       Біріншіден, 
арнаулы 
қабілеттер 
жалпы, 
ақыл-ой 
қабілеттерімен  табиғи  байланыста.      Адамның      жалпы 
қабілетінің  жақсы  жетілуі  оның  арнаулы  қабілетінің  өрістеуіне 

 
82
ішкі жағдай туғызады. Арнаулы қабілеттер өз тарапынан белгілі 
жағдайларда  ақыл-ойдың  (интеллект)  дамуына  жақсы  əсерін 
тигізеді. 
       Екіншіден,  əр  түрлі:  əдеби,  математикалық,  ғылыми, 
өнерлік  қабілеттері  жоғары  дəрежеде  дамыған  жеке  адамдар  аз 
кездеспейді. Бұл жайт қабілет түрлерін бір-біріне қарсы қоятын 
концепциясының жалған екендігін көрсетеді. 
       Үшіншіден, 
практикалық 
қабілеттер 
шығармашылық 
əрекетте  жоғары  деңгейде  дамыған  интеллектісіз  дамымайды 
жəне  іс  жүзіне  аспайды.  Мəселен,  адамның  конструктивтік-
техникалық 
қабілеті 
көбінде 
үлкен 
ғылыми 
дарынмен 
байланысты, дарынды өнертапқыш жиі-жиі өндіріске ғана емес, 
ғылымға  да  жаңалық  енгізеді.  Дарынды  ғалымда  үлкен 
конструкторлық  қабілет  те  болуы  мүмкін    (Жуковский, 
Циолковский,  Эдисон,  Фарадей  т.  б.).  Сөйтіп,  іс-əрекеттің  қай-
қайсысы  да  қабілеттің  жалпысына  да,  арнаулысына  да  белгілі 
бір  талап  қояды.  Адамды  тар  өрісті  мамандыққа  баулудың, 
қабілет  аясын  тарылтудың  дұрыс  емес  екені  осыдан  шығады. 
Тек жеке адамның жан-жақты дамуы ғана жалпы жəне арнаулы 
қабілеттің  көрініс  беруіне,  қалыптасуына  көмегін  тигізеді. 
Бұдан,  əрине,  адам  қабілеті  мен  бейімділігі  байқалған  салада 
маманданбауы керек деген қорытынды шықпайды. 
       Демек,  нұсқалып  отырған  жіктеудің  реалды  негізі  бола 
тұрса да, қабілеттердің нақты түрін талдайтын жеке жағдайдың 
əрқайсысында  жалпы  жəне  арнаулы  компоненттері  ескерілуі 
тиіс. 
 
   
 
  4. Қабілеттер концепциялары. 
       Психологияда  қабілеттердің үш концепциясы бар. Олардың 
бірі  -  қабілеттер  жеке  адамның  биологиялық  анықталған 
қасиеттері,  олардың  көрініс  беруі  жəне  дамуы  атадан  мұра 
болып  қалған  қорға  тəуелді  екенін  қолдайды.  Мұндай  пікірді 
буржуазиялық  маман  психологтар  ғана  емес,  сондай-ақ  ғылым 
мен  өнердің  (математиктер,  жазушылар,  суретшілер)  кейбір 
өкілдері  де  қуаттайды.  Мұның  біріншілері  өз  көзқарастарын 

 
83
нақты  зерттеулерден  алған  деректермен  дəлелдегісі  келеді. 
Мəселен  XIX  ғасырда  өмір  сүрген  Гальтон  таланттың  тұқым 
қуалаушылық  жолымен  болатынын  көрнекті  қайраткерлердің 
өмірбаяндарын  зерттеу  арқылы  дəлелдегісі  келген.  Гальтонның 
көзқарасын  ілгері  дамытқан  Котс  (XX  ғасыр)  адам  дарынының 
деңгейін  белгілі  адамдарға  энциклопедиялық  сөздікте  берілген 
орын  санымен  анықтаған.  Гальтон  мен  Котс  талант  тұқым 
қуалайды,  ал  қоғамның  айрықша  жағдайлы  топтарының 
өкілдерінде мұндай мұра ерекше мол деген тұжырымға келген. 
      Осы  ғалымдардың  зерттеу  методикасының  ғылыми  сынды 
көтере алмайтынын, ал тұжырымдарының бір жақтылығын айта 
кету  керек.  Кезінде  В.  Г.  Белинский  табиғат  адамдарды  түрлі 
топқа  (сословиеге)  ажыратып  жатпайды  деген  болатын.  Ал 
халықтан  шыққан  атақты  адамдар  есімінің  тарихта  аз  болу 
себебі  -  нағыз  талант  иелерінің,  тіпті  даналардың  аштықтан, 
əділетсіздікпен күрес жолында қажып қаза болуынан танылмай, 
қор болып өткендігінен деп түсіну қажет. 
       Қабілеттілік  адаммен  бірге  туады  дейтін  концепцияның 
соңғы  кездегі  өкілдері  өз  пікірлерін  бір  аналық  ұрықтан  пайда 
болған  егіздерді  зерттеу  арқылы  дəлелдеуге  тырысуда.  Зерттеу 
əсіресе  фашистік  Германияда  қарқынды  жүргізілді.  Егіздердің 
ақыл-ой  сапалары  мен  мінез-құлқының  кейбір  ұқсастық 
жақтары  негізінде  олар  қабілеттіліктің  түгелдей  туыстан 
екендігі 
туралы 
заңдылықты 
ұсынғысы 
келді. 
Тұқым 
қуалаушылықтағы  бірдейлік  қабілеттердің  де  бірдейлігіне 
əкеледі  деп  тұжырымдады  фашизм  идеологтары.  Бірақ, 
біріншіден,  аталмыш  зерттеулер  мұндай  нақты  тұжырым 
жасауға  жеткіліксіз  еді,  екіншіден,  кейбір  егіздердің  қабілеті 
мен 
мінез-құлқында 
байқалған 
айырмашылықтар 
бұл 
қорытындыға қайшы келіп жатты. 
        Қабілеттілік 
тұқым 
қуалайды 
дейтін 
көзқарастың 
шындықпен  сəйкес  еместігін  өмір  шындығы  көрсетіп  отыр. 
Мұнымен  бірге  атақты  адамдардың  өмірбаяндарын  объективті 
тұрғыдан  талдау  көп  жағдайда  көрнекті  адамдардың  ерекше 
дарыны  жоқ  отбасыдан  шыққандығын,  сондай-ақ  атақты 
адамдардың  балалары  мен  немере-шөберелері  дарындылық 

 
84
көрсетпегенін  дəлелдейді.  Бұған  бірнеше  музыкант  пен 
ғалымдар семьясы ғана жатпайды. 
      Қабілеттік  туыстан  дейтін  теория  капиталистік  елдерде 
еңбекшілерді  кемсіту  үшін  кеңінен  пайдаланылады.  Мəселен, 
батыс  Германия  теоретигі  Г.  Вальтер  өзінің  «Қабілетті 
балалардың  мектеп  қабырғасында  өту  жолының  əлеуметтік 
айырмашылықтары»  (1959)  дейтін  еңбегінде  қабілеттіліктің 
өскен  ортаға  тəуелділігі  шамалы,  ол  түгелдей  əуелден  орын 
тебетіндікке,  яғни,  тұқым  қуалаушылыққа  байланысты  деп 
жазды.  Сонымен  бірге  ол  үстем  тап  өкілдері  балаларының 
қабілеттілік 
мүмкіндігі 
жоғары, 
ал 
төменгі 
топқа 
жататындардың,  соның  ішінде  жұмысшылардың  балаларының 
мұндай  болмайтындығын  дəлелдегісі  келеді.  Г.  Вальтер  кəсіп 
иелері  мен  интеллигенцияның  белгілі  топтары  өкілдерінің 
балаларынан  94,6%-і  жоғары  оқу  орындарына  түсе  алады,  ал 
төменгі  топтағылардан  13,6%-қана  оқушы  оқуға  түсе  алады 
деген  цифрлық  дерекке  сүйенеді.  Қалғандарының  қабілеті  жоқ 
болғандықтан жоғары оқу орындарына түсе алмайды-мыс. Тіпті 
қоғамның  төменгі  сатысында  тұрғандардың  59%-нің  балалары 
элементарлық  мектеп  деңгейіне  де  көтеріле  алмайды,  бұлай 
болғанның  өзінде  оған  зорға  жетеді  дейді  автор.  Біле  тұра 
жасалынған  осы  секілді  жалған  теориямен  сөз  таластырып 
жатудың  ешбір  мəні  жоқ,  бұған  қарсы  мысал  ретінде  ГДР-дегі 
халық  ағарту  жүйесінің  ісін,  ондағы  еңбекші  халықтың 
балалары  орта  жəне  жоғары  мектептерде  білім  негіздерін 
қалайша табыспен меңгеріп жатқандарын айту да жеткілікті. 
       Сөйтіп, жеке адам қасиеттері тұқым қуалайды дейтін теория 
сымақ  даму  проблемасын  жоққа  шығарады,  буржуазияның 
реакциялық  мақсат-мүддесіне  қызмет  етеді.  Батыс  Европаның 
кейбір  прогресшіл  пиғылдағы  ғалымдарының  да  тұқым  қуалау 
теориясына  қарсы  екенін  атап  өткен  жөн.  Мəселен,  швейцария 
психологы  В.  Бобен  осы  жасанды  доктринаға  орай  тəрбие 
шараларынан  бас  тарту  қылмыс  болар  еді  деп  атап  айтқан. 
Алдыңғы  қатарлы  ағылшын  педагогі  Б.  Саймон  реакциялық 
теорияға  бұдан  да  батыл  жəне  принципиалдылықпен  қарсы 
тұрады.  «Көп  типті  мектепке  оқушыларды  іріктеп  алу  жүйесі 
негізінен  таптарға  бөлінген  қоғамға  қызмет  етеді,  онда  өзінің 

 
85
барлық  азаматтарының  қабілетін  пайдалануға  жағдай  жоқ, 
сондықтан  да  олардың  дамуына  шек  қойылады.  Қоғамның 
əлеуметтік  құрылымы  саудада,  өндірісте,  азаматтық  қызметте, 
армия  мен  юриспруденцияда  жоғары  қызметтердің  барлығы  да 
негізінен  адамдардың  шағын  тобының  еншісіне  тиетіндей 
болып құрылған».            
 
Дəріс__бойынша_сұрақтар:__16-дəріс_Нəрестелік__жəне_сəбилік_шақтағы_психикалық_даму.'>Дəріс__бойынша_сұрақтар'>Дəріс
 бойынша сұрақтар: 
 
1.
 
Қабілет дегеніміз не? 
2.
 
Қабілет қандай түрлерге бөлінеді? 
3.
 
Қабілеттің  дамуында  тарихи-əлеуметтік  жағдайлар 
қандай рөл атқарады? 
4.
 
Қабілеттің қандай концепциялары бар? 
5.
 
Бейімділік пен қабілеттің арасында қандай айырма бар? 
6.
 
Адам 
қабілетінің 
табиғатын 
идеалистер 
қалай 
түсіндіреді? 
7.
 
Қабілет саласындағы дара айырмашылықтар қандай?  
8.
 
Қабілетті қалыптастырудың жолдары қандай? 
 
 
IV – бөлім. 
Жас
 ерекшелігі психологиясы негіздері.
 
15-дəріс 
Жас
 ерекшелігі психологиясы пəні. 
 
Жоспар:  
 
Дəріс
 бойынша сұрақтар: 
 
16-дəріс 
Нəрестелік
 жəне сəбилік шақтағы  психикалық даму. 
 

 
86
Жоспар:  
 
Дəріс
 бойынша сұрақтар: 
 
17-дəріс 
Мектеп
 жасына дейінгі балалар психологиясы. 
 
Жоспар:  
1.
 
Мектепке 
дейінгі 
балалық 
шақтағы 
балалардың 
дамуының психологиялық ерекшеліктері. 
2.
 
Мектепке дейінгі балалық шақтағы сенсорлық даму.  
3.
 
Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  интеллектуалдық 
дамуы. 
 
1.
 
Мектепке
  дейінгі  балалық  шақтағы  балалардың 
дамуының
 психологиялық ерекшеліктері.  
        Мектепке  дейінгі  балалық  шақта  (3  тен  7  жасқа  дейін) 
организмнің  қарқынды  жетілуі  жалғаса  түседі.  Жалпы  өсумен 
қатар  тұқымдары  мен  мүшелердің  анатомиялық  қалыптауы 
жəне  функциялық  дамуы  жүріп  жатады.  Скелеттің  сүйектеніп, 
бұлшық  еттердің  сомдануының,  тыныс  алу,  қан  айналу 
мүшелерінің  дамуының  үлкен  маңызы  бар.  Ми  салмағы  1110 
грамнан  1350  грамға  дейін  өседі.  Үлкен  ми  сыңарлары 
қабықтарының  реттегіш  рөлі  мен  оның  ми  қабығы  астындағы 
орталықтарды  бақылауы  арта  түседі.  Шартты  рефлекстердің 
пайда болу жылдамдылығы артып, əсіресе екінші сигнал жүйесі 
қарқынды дамиды. 
        Мектепке  дейінгі  жас  бала  дамуының  жаңа  əлеуметтік 
ситуациясының  пайда  болуымен  сипатталады.  Мектеп  жасына 
дейінгі балалардың айналадағы адамдар арасынан алатын орнын 
ерте  сəбилік  шақтағы  балаға  қарағанда  елеулі  айырмашылығы 
болады.  Балаланың  қарапайым  міндеттер  өрісі  пайда  болады. 
Балалардың  үлкендерімен  байланысы жаңа  формаға  ие  болады, 
бірлескен  іс-əрекет  ересек  адамдардың  нұсқалардың  дербес 
орындауымен алмасады. 

 
87
        Мектепке  дейінгі  шақтардың  елеулі  ерекшелігі  болып 
баланың  құрдастарымен  жасайтын  өзара  қарым-қатынасының 
пайда  болу,  «балалар  қоғамының»  құрылуы  болып  табылады. 
Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  басқа  адамдарға  қатысты 
өзіндік  ішкі  позициясы  өз  «менін»  жəне  өз  қылықтарының 
маңызын аңғартудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, 
олардың  іс-əрекеттері  мен  өзара  қарым-қатынасына  ерекше 
қызығуымен сипатталады. 
        Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  дамуының  əлеуметтік 
ситуация  ерекшеліктері  оған  тəн  іс-əрекет  түрлерінен,  алдымен 
сюжеттік-рөльдік ойындардан көрініп отырады. 
        Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  дамуы  үшін  айрықша 
қолайлы  жағдайлар  мектепке  дейінгі  мекеме  мемлекеттерінің 
алғашқы  түрлері  қалыптасып,  қоғамдық  пікір  пайда  болады. 
Арнайы 
жүргізілген 
зерттеулердің 
нəтижесі 
 
көрсетіп 
отырғандай, психикалық дамудың жалпы дəрежесі мен мектепке 
оқуға  даярлықтың  барысы  жағынан  балабақшада  бақшаға 
бармағандардан жоғарырақ болады. 
 
 
 
2.
 
Мектепке
 дейінгі балалық шақтағы сенсорлық даму.  
      Мектепке  дейінгі  5  жасқа  дейінгі  көру,  есту,  тері-қимыл 
сезгіштігінің 
табалдырықтарының 
едəуір 
төмендейтіні 
байқалады.  Көздің  көргіштігі,  түстер  мен  олардың  реңктерін 
ажырату нəзіктігі артып, фонематикалық жəне жоғары дыбысты 
естуі дамиды, қол белсенді сезіну мүшесіне айналады. Бірақ бұл 
барлық  өзгерістер  өздігінен  бола  салмайды.  Олар  баланың 
болмыстағы  заттар  мен  құбылыстар  қасиеттерін  айқындау  мен 
ескеруді  талап  ететін  мазмұнды  іс-əрекет  түрлерін  игеруге 
байланысты  қалыптасады.  Форманы,  көлемді,  түсті  көру 
қабылдауын 
дамыту 
үшін 
аппликация, 
сурет 
салу, 
констрикциялау  сияқты  əрекеттің  жемісті  түрлерінің  айрықша 
маңызы бар. Сезініп қабылдау мүсіндеу, қол еңбегі процесінде, 
фонематикалық  есту  тілдік  қарым-қатынас  процесінде  жоғары 
дыбысты есту музыкалық сабақтарда дамытып жетіледі. 

 
88
      Мектепке  дейінгі  балалық  шақта  қабылдаудың  дамуы  үшін 
А.В.  Запарожец  пен  оның  қызметкерлерінің  еңбектерінде 
көрсетілгендей,  балалардың  сенсорлық  эталондар  жүйесін 
игеруінің  ерекше  маңызы  бар  (сенсорлық  эталондар-спектр 
түстері,  геометриялық  формалар,  музыкалық  дыбыстар,  тіл 
фонемалары т.б. жүйесі тəрізді адамзат белгілі бір жолмен бөліп 
алған  заттар  қасиетерінің  жіктелген  жəне  өзара  байланысқан 
үлгілері).  Сенсорлық  эталондар  балалар  қабылдау  əрекеттерін 
орындағанда 
қолданып, 
тексерілуге 
тиісті 
заттардың 
ерекшеліктерін  анықтауға  мүмкіндік  беретін  айрықша  өзінше 
бір өлшем қызметін атқарады. 
      Мектепке  дейінгі  балалық  щақтың  соңында  бала  көпшілік 
мақұлдаған эталондарды əлі игермейді. Оның қабылдау өлшемі 
нақтылы  жақсы  таныс  заттардың  қасиеттері  туралы  елестер 
болады.  Бұл  мəселен,  баланың  заттардың  қасиеттеріне  беретін 
сөздік  атауларынан  байқалады.  Мысалы,  үш  бұрышты  анықтай 
отырып, бала: «үй сияқты», «шатыр сияқты», шеңберді анықтай 
отырып:  «доп  тəрізді»,  сүйірді:  «қияр  тəрізді»,  қызыл  түс 
жайында: 
«шие 
сияқты» 
т.б. 
деп 
жауап 
қайырады. 
Эталондардың  жұрт  мақұлдаған  жүйесін  игеру  қабылдауды 
«жандандырып», 
баланың 
дүниені 
қоғамдық 
тəжірибе 
тұрғысынан  қабылдауына  мүмкіндік  береді.  Егер  баланы 
эталондар  жүйесімен  арнайы  таныстырмаса,  онда  бала  оларды 
біртіндеп  стихиялы  жолмен  түрлі,  əсіресе  жемісті  іс-əрекеттер 
орындау  үстінде  игереді.  Қоланылатын  материал  түстер  мен 
түрлердің  негізгі  үлгілерінен,  көлемдердің  серияларынан  (түсті 
қарындаштар,  бояулар,  мозайка,  құрлыс  текшелері)  тұрады. 
Бала үлгілерді қарай отыра тəн ерекшеліктерге сəйкес қиыстыра 
отырып  затты  бейнелейді,  оның  моделін  жасайды.  Мұндай 
практикалық  моделдеу-көру  тұрғысында  моделдеуге  ауысудың 
бастамасы. 
         Қабылдауды  дамытудың  айрықша  бір  саласы-көркем 
туындыларды 
(картиналарды, 
музыкалық 
пьесаларды) 
эстетикалық  қабылдауды  қалыптастыру.  Салынған  суретті 
дұрыс қабылдау үшін бала бейнелеу ерекшеліктерін ескере білуі 
тиіс.  Ол  қоғамда  қалыптасқан  графикалық  жəне  живопистік 
бейнелеу нормаларын игеруі тиіс. 

 
89
         Балалардың  муызканы  қабылдау  қабілеті  жəне  оған 
байланысты  эстетикалық  тебіренуі,  картиналарды  қабылдауға 
қарағанда 
азырақ 
зерттелген. 
Мектеп 
жасына 
дейінгі 
балалардың музыкалық шығармаларды эстетикалық қабылдауға 
қабілеттілігі  жəне  мұның  өзінде  муызкалық  тебіреністер, 
негізінен, 
шығармалардың 
тембрі 
жəне 
ырғағымен 
анықталатыны дəлелденген. 6-7 жасқа қарай балалар əуенді тəп-
тəуір қайта жаңғыртап жəне ең бастысы, оған эстетикалық баға 
«ұнайды»,  «ұнамайды»  бере  алады.  Музыканы  үнемі  тыңдауға, 
айналасындағылардан  оған  терең  эмоциялық  жауап  қайыруды 
үйренуге  мүмкіндік  бар  жерлерде  балалардың  музыкалық 
қабілеттері ерте оянады. 
           Қабылдаудың жетіле түсімен тығыз байланысты баланың 
ойлауы да дамып отырды. 
           Егер  сəбилік  шақта  ойлау  заттың  (атап  айтқанда, 
құралдық)  іс-əрекет  процессінеде  жүзеге  асса,  мектеп  жасына 
дейінгі  балада,  ол  практикалық  əрекеттің  алдына  алады.  Бұлай 
болу  себебі,  бала  бұрынғы  тəжірибеде  жасалған  əрекет  тəсілін 
басқа, 
бірақ 
алғашқыға 
дəлме-дəл 
келмейтін 
жағдайға 
ауыстыруды үйренеді. 
          Мектепке  дейінгі  шақта  бала  өмірлік  мəселерді  үш  түрлі: 
көрнекі  əсерлі,  көрнекі  бейнелі  жəне  ұғымдарға  сүйенген 
логикалық  пікірлесу,  тəсілдерімен  шешеді.  Бала  неғұрлым  жас 
болған  сайын,  ол  соғұрлым  практикалық  байқап  көрулерді  жиі 
қолданады,  есейген  сайын  ол  көрнекі  бейнелі  жəне  кейін 
логикалық тəсілдерге көбірек жүгінеді. 
       Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  ойлауын  дамыту  негізіне 
ақыл-ой  əрекеттерін  қалыптастыру  жатады.  Бұл  қалыптасудың 
басталар  жері-материалдық  заттармен  жасалатын  шынайы 
əрекеттер.  Мұндай  əрекеттерге  жəне  ақырында,  нақты  заттар 
елестермен  немесе  ұғымдармен  ауыстырылған,  бүтіндей  ішкі 
жағдайда  елестеткен  ішкі  ықшамдалған  əрекеттерге  жəне 
ақырында,  нақты  заттар  елестермен  немесе  ұғымдармен 
ауыстырылған,  бүтіндей  ішкі  жағдайда  жүзеге  асатын  іс-
əрекетке ауысады. 
       Мектепке  дейінгі  балалық  шақта  ойланудың  сөздік 
формаларын  дамуы  сөйлеу  мен  практикалық  іс-əрекетті  өзара 

 
90
қарым-қатынасының  өзгерімен  байланысты  болады.  Мектепке 
дейінгі  кішкентайлардың  практикалық  міндеттерді  шешу 
процесінде  пікір  айту  оларға  қртынды  жасауы  сияқты  тиісті 
əрекеттерден  тұрады.  Келесі  кезеңде  сөйлеу  əрекеттің  алдын 
орау,  жоспарлау  функциясын  атқарады.  Бұл  балаға  міндеттерін 
шешуде 
көз 
қырынан 
тысқары 
болатын 
мағыналы 
байланыстарды  қағып  алып,  пайдалануға  мүмкіндік  береді. 
Біртіндеп,  практикалық  тəжірибенің  молаюына  қарай,  бала 
сөздік жоспарлаудан нақтылы міндетті түсінгенде, өзіне белгілі 
фактірлерді  бақылауға  сүйенген  жағдайда,  оның  пікірлесуі 
толықтай бірізді жəне логикалық дұрыс болады. 
       Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  ойлауын  дамыту,  іс-
əрекеттің  алуан  түрлеріне  де  жүзеге  асады.  Ойын  ерекше 
маңызға ие болады. 
       Мектепке дейінгі балалардың ойын дамыту ойлау тəсілдерін 
жетілдіруімен,  ақыл-ой  əрекетінің  жаңа  типтерін  игерумен 
шектелмейді.  Балалар  шешетін  ойлау  міндеттерін  өзгерту  мен 
кеңейтудің  ойлау  мазмұнын  байыту  да  маңызы  аз  емес. 
Мектепке  дейінгі  бала  алдында  тұңғыш  рет  практикалық  ғана 
емес,  сонымен  қатар  бірге  білім  алуға  бағытталған  айрықша 
танымдық  міндеттер  де  пайда  бола  бастады.  Мұндай 
міндеттердің  үлес  салмағы  біртіндеп  артады.  Атап  айтқанда, 
танымдылық  белсенділік  шеңберінің  ақыл-ой  іс-əрекет  жоғары 
типтері қалыптасады. 
         Баланың  қиял  бейнелері  айқын,  көрнекі,  эмоциялық 
жағынан бай, бірақ басқарылуы жағынан əлсіздеу болып келеді. 
Қиялды дамытудың негізгі бағыты-оны біртіндеп саналы ниетке 
бағындырып,  белгілі  түпті  ойларды  жүзеге  асырудың  құралына 
айналдыру. 
         Мектепке  дейінгі  балалық  шақ  ырықсыз  зейін  мен  естің 
басым  болатын  шағы.  Бала  өзі  үшін  тікелей  қызықты  саналып, 
эмоциялар  қоздыратын  нəрсеге  зейінді  келеді  жəне  аударып, 
«өзі  есте  қалатынды»  есінде  сақтайды.  Сөздік  пікірлерден  гөрі 
көрнекі бейнелер əлдеқайда оңай есте қалады. 
          Таным  іс-əрекеттің  барлық  түрлерін  жетілдіру  баланың 
тілін дамытуға сүйенеді. Сөз балалар игеретін сенсорлық əрекет 
этондарды  бекітіп,  ұғымдар  мен  түсініктерді  тасушы  ретінде 

 
91
ойлау  процестеріне  еніп,  логикалық  пікірлесу  мүмкіндіктерін 
қамтамасыз 
етеді. 
Сөйлеу 
қиял 
қызметін 
бағыттайды, 
ырықтылық  əлементін  енгізе  отырып,  зейін  мен  ес  алдына 
міндеттер  қояды  есте  сақтауға  мəн  береді.  Сөйлеу  арқылы 
балаға  адамзат  тапқан,  жинақталған  тəжірибе,  атап  айтқанда, 
психикалық іс-əрекеттің өзініңтəжірибесі беріледі. 
          Мектепке  дейінгі  шақтық  аяғында  сөздік  қор  молайып, 
тілдің грамматикалық құрылысы одан əрі жетіле түседі.  
                 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет