Дəріс
бойынша сұрақтар:
1.
Эмоция мен сезімнің жалпы сипаттамасы қандай?
2.
Сезім
мен
эмоцияның
бір-бірінен
нендей
айырмашылықтары бар?
3.
Адам эмоцияларының жануарлар эмоциясынан
айырмашылығы неде?
4.
Күрделі эмоциялардың қандай түрлері бар?
5.
Адамның жоғары сезімдерінің сипаты қандай?
6.
Адамның жоғары сезімдерінің сипаты қандай?
7.
Балаларда эмоция мен сезімдер қалайша дамып
отырады?
8.
Эмоциялар мен сезімдерді қандай жолдармен
тəрбиелеуге болады?
11-дəріс
Ерік
.
Жоспар:
1.
Ерік жөнінде түсінік.
2.
Ерік теориялары.
3.
Еріктің физиологиялық негіздері.
4.
Ерік құрылымы.
5.
Ерік сапалары.
6.
Жеке адам жəне ерік тəрбиесі
45
1. Ерік жөнінде түсінік.
Қандай да іс-əрекеттің қажеттігін білумен, адам соған
орай керекті шешім қабылдайды, бірақ оны орындау үшін кейде
ешбір қимыл жасай алмайды. Мұны орынды сеп-түрткілердің
(мотивы) кемдігімен ғана түсіндіріп болмайды. Кейде адам тіпті
өз өмірі үшін қажетті болған жұмыстарды да аяқсыз қалдырады.
Теңдей білік пен білімге, ортақ көзқарас пен сенімге ие
бола тұра, адамдар өз алдарында тұрған міндеттерді бірі
сылбыр, бірі шапшаң, əртүрлі қарқынмен орындайды, немесе
кей адам іске байланысты қандай да қиыншылық кездесе қалса,
жұмысын қоя салады, ал екіншісі мұндай кезде қуатына қуат
қосып,
өршелене
əрекетке
кіріседі.
Адамдағы
бұл
құбылыстардың
бəрін
психология
ерік
көрінісімен
байланыстырады.
Ерік - бұл адамның мақсатты жұмыс орындау барысында
кезіккен сыртқы жəне ішкі кедергілерді жеңуімен байланысты
өз қылық əрекеттерін қолдап, реттей білу қасиеті. Ерік өмірдің
ауыртпалық түскен жағдайларында белсенділік көтеріп, өзін-өзі
реттеудің (саморегуляция) көзі болумен түгелдей сана
басқарымында болады. Адамның өз əрекет-қылығын реттестіре
алу
қабілетінің
негізінде
жүйке
жүйесі
мен
тежелу
байланыстары жатыр. Осы принциптерге сай ерік саналы өзіндік
басқарумен бірге белсенділік манырату, немесе ашуландыру
жəне реттеу қызметтерін де атқарады.
Ерік, яғни ырықты əрекеттер - ырықсыз қимыл -
қозғалыстар негізінде пайда болады. Қарапайым ырықсыз
қимылдар қатарына жататындар, мысалы, көз
қарашығының тартылуы мен жайылуы, жыпылықтау, жұтыну,
түшкіру т.б. сияқты рефлексті əрекеттер. Ыстықтан қолды
тартып алу, шу шыққан тарапқа бас бұру ж.т.б. сияқты
қозғалыстар да осы топтан. Біздің сезімдік, көңіл-күй таныту
əрекеттеріміз де ырықсыз сипатқа ие, мысалы, таңдансақ
қасымызды көтереміз не ауызымыз ашылып қалады; қуана, күле
шырай білдіріп, ашуда қабағымызды түкситіп, тісімізді
қайраймыз т. с. с.
Сонымен бірге, əрекетіміздің жалпы мақсатынан тыс,
ниеттенбеген импульстік қозғалыстар да осы ырықсыз
46
қимылдар тобына кіреді, мысалы, сырттағы шуға мойын бұру,
қандай да затқа бір көргеннен əуестену ж.т.б. Еріктік қылықтың
ерекшелігі оның «мен қалаймын емес», «мен міндеттімін»
толғанысының жетегінде болуы. Дегенмен, кейде адам өзінің
еріктік бағдары мен тума (импульс) қылықтарын біріктіре
алады, мысалы, "Мен өз борышымды орындауды қалаймын"-
"борыш"- еріктік- "қалаймын" - импульстік. Осыдан, біздің
барша өміріміз ұдайы еріктік əрекеттер мен əдеттегі
қылықтарымыздың өзара байланысты қатынасына тұрады.
Ырықсыз қозғалыстарға қарсы қойылатын саналы əрекеттер
адамға
тəн
бола
келіп
ниеттелген
мақсатқа
жетуге
бағдарланады. Еріктік қылықтың басты көрсеткіші де осы нақ
мақсатқа бағытталған саналы əрекет. Бірақ əрқандай ниет өзінің
құрылымдық күрделілігінен көздеген мезетте іске аса бермейді.
Осыдан еріктік əрекетке өз ішіне жеке бірліктер ретінде көп
қайталанудан бастапқы саналық сипатын жойып, автоматтасқан
қимыл-қозғалыстарды қамтуы мүмкін.
Кейбір еріктік əрекеттер күрделі сипатта болуынан,
оның орындалуы ұзақ мерзімге созылуы мүмкін, мысалы, тау
шыңын өрттеп мінем деген альпинист, көрмеге дайындалған
оқушы ж.т.с. өз ойларын ақтауы үшін талай жұмыстарға маңдай
терін төге, ерік күшін сарп етуі керек. Психиологиялық
қорғаныс механизмдерін пайдаланып, кейбір ұнамсыз қылықтар
төркінін басқаларға білдірмеу мақсатымен адам өзінің ішкі
кедергілерін сырт, обьектив етіп көрсетуге тырысады. Мысалы,
сабаққа кешіккенін оқушы үйқысырап қалғаны (субъектив
кедергі) мен жауапкерсіздіктен емес, мыңсан жалған объектив
кедергілермен байланыстыра салуы мүмкін: əжем ауырып
қалды, дəрігер шақырдым; автобус уақытында келмей қалды,
асығудан жығылып, үстімді бүлдіріп, үйге барып, қайта киіндім
т.с.с. Əрқандай ниеттелген мақсаттың орындалуында түрлі
объектив сипатқа ие сыртқы кедергілер кездеседі. Бірақ
кедергіні жеңуге бағытталган көрінген əрекет еріктік бола
бермейді. Мысалы, иттен қорқа қашқан бала, кейін өзі таң
қалғандай, былайғы күнде қолынан келмес əрекеттерді
жасайды: биік дуалдан секіріп өткен, жалаң аяқ жантақты
жерден жүгірген, сулы кең арықтан секіріп өткен т.с.с.
47
Мақсатқа жетуде қандай да қиыншылықтарды жеңу сол
мақсаттың мəн-мағынасын терең түсіне білуге жəне адамның өз
борышын саналы байыптауына тəуелді. Мақсат неғұрлым
маңызды болса, адам соғұрлым қандай да кедергіден
қаймықпайды. Кей жағдайларда мақсаттың өмірден де қадірлі
болуынан, адам ол үшін жан пидалыққа барады. Аяулы ару
батырларымыз Мəншүк пен Əлияны еске түсіріңіз.
2. Ерік теориялары.
Еріктік əрекеттер табиғатын түсіну үшін бұл жөніндегі
ғылыми көзқарастар өрісіне зер салған жөн. Ерік ұғым ретінде
де, нақты болмыстық құбылыс ретінде де тарихи сипатқа ие.
Ежелгі жəне орта ғасырлық дүние ерік құбылысын бүгінгі біздің
түсінігіміздей танып білмеген (Г.Л.Тульчинский). Мысалы,
ежелгі қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған, оның
орнына «даналық мұратын» үғымын қолданған. Адамның
қылық-əрекеттері табиғат пен өмірдің ақыл бастауларына жəне
логика
қағидаларына
бағынады
деп
түсінген.
Осыдан
Аристотельдің пайымдауынша, əрқандай əрекет логикалық
қорытындылардан туындайды. Ал өзінің "Никомахов этикасы"
еңбегінде: "дəмдінің бəрін жеу керек" жəне "бұл алма дəмді"
деген пікірлер санада "Бұл алманы жеу керек" деген қорытынды
ой пайда етпейді, адамды бірден сол алманы жеп қою əрекетіне
келтіреді" - деп жазған. Ерік табиғатына болған мұндай көзкарас
қазіргі күнде де жоқ емес. Ш.Н. Чхарташвили мақсат пен саналы
тану (осознание) интеллектуалды əрекеттер категориясынан
туындаған деумен, еріктің өзіндік сипаты барлығына шек қояды,
сондықтан ғылымға жаңа бір "ерік" терминін ендірудіц қажеті
жоқ екенін дəлелдеуге тырысады
Жеке адам қасиеті сипатында ерік ортағасырлықтарға да
таныс болмаған. Мұны сол уақытта қоғамда орын алған экзорис
- жыншаитан қуу үрдісінен аңдауға болады, Бұл үрдісте адам
ылғи да енжар (пассив) бастама күйінде танылып, сыртқы
əсерлер жинайтын ұяң ретінде бағаланған. Ол заманда ерік
дербес жасайтын, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер
түріне енген құбылыс деп есептелген. Бұл тылсым күштер
қандай да мақсаттар белгілеуші ақылга ие деп түсінілген. Осы
48
күштерді (тіпті нақты періште мен шайтан есімін білуге дейін)
танудан адамның "шын" қылық-əрекетінің мəнін түсінуге
болады.
Ерік табиғатын бұлай түсіндірудің себебі - сол заманда
қалыптасқан қоғамның адам əрекет-қылығының негізі оның
өзінде екенін мойындамаудан. Əр адам бабалардан жеткен
нəсілдіктің ізі ғана деп қабылданған. Мұндай сипаттан
қауымның кейбір мүшелерінің ғана ажыралуға құқы болған,
мысалы, бабалар аруағы жəнс ол дүниемен тілдесетін -
бақсыбалгер (шаман), от пен металды бағындырған - темірші,
өзін қоғамға қарсы қойған қарақшы - қанішер ж.т.б.
Мүмкін, өрік түсінігінің жаңа "Қайта тіктелу" (воз-
врождение) заманында жеке адам проблемасымен бірге ғылым
аренасына келуі осы адамның қалыпты жағдайдан ауытқуларын
мойындаудан болар. Осыдан адам шығармашылыққа қабілетті,
"тіпті қателер жіберуге де бейім " дегендей түжырымдар жоққа
шығарылмады. Қалыптан шығып, тек (род) ортасынан
бөлінумен адам жеке адамдық (кісілік) кемелденуге жетіседі.
Мұндай тұлға үшін ең мəнді нəрсе - ерік бостандығы.
Ерік бостандығын бір жақты асыра дəріптеу
(абсолютизация) нəтижесінде экзистенциализм немесе "тіршілік
философиясы" пайда болды. Экзистенциализм (М.Хайдегтер,
К.Ясперс, Ж.П.Сартр, А.Камю ж.б.) ерікті тəуелсі тысқы
əлеуметтік əсерлерге қатысы жоқ құбылыс деп таниды. Мұндай
пайымның негізі-қоғамдық байланыстар мен қатынастардан,
əлеуметтік-мəдени ортадан бəлек, дерексізденген (абстрактный)
адам. "Дүниеге қандай да бір күшпен келіп қалған" бұл адамның
өмірі мағынасыз "қым-қигаш оқиғалар" жиынтығы да, адамның
өзі - "пайдасыз құмарлық". Мұндай адамның қоғам алдында
ешқандай инабаттық міндеттері мен жауапкершілігі жоқ.
Осыдан да ол адамгершіліктен жұрдай, намыссыз, өз бөтімен
кеткен, тартыну дегенді білмейді. Қандай да қалып-тəртіп
(норма) ол үшін жойылу басыбайлыққа түсу көзі. Ж.П.Сартр
пікірінше, нағыз адамгершілік - бір ғана рет көрінетін,
реттестірілмеген, қандай да қоғамдық мекемелер талаптарының
шеңберімен
оқшауланбаған,
өздігінен
(спонтанный)
туындайтын, себепсіз, "əлеуметтенуге" қарсылық əрекеті. Ерік
49
бостандғгын асыра мадақтаудан экзистенциалистер адам
болмысының жалпы негіздері жөніндегі ойларына дəлел айта
алмай,
адамды
өз
өмірінің
мəні,
мақсаты
жəне
жауапкершілігінен айыратын, қоғам, тарих, мəдениетке қайшы
келетін кездойсоқ, жауыздық, ақылдан аулақ бастаулар
тұңғиығына бір-ақ түсірді.
Қылық иесі-адам қалыптасқан тағылым-талаптарды
жоққа шығара отырып, міндетті түрде қандай да басқа, өзіне
ұнаған құндылықтарға ауысады. Егер адам бір мəдени қалыпты
мойындағысы келмесе, онда оның бұл əрекеті екінші бір,
қырсырлары танылып болмаған қажеттікті көздегені. Осыдан
ежелден бүгінге дейін баршамыз қоғамға жат деп есептейтін
арақ қорлық пен нашақорлықтың бір жағы мəдениеттіліктен
шыққандығы ғажап нəрсе. Бұл қоғамға ерсі болып көрінген
қылықтардың өздері де қандай да ұйымдасу негізіне ие, өздеріне
сай талап, ережелері, мақтан тұтатын қырлары мен ғұрыптары
баршылық.
Осыған байланысты түсініктеме берген И.П.Павлов
ерікті - адам белсенділігіне байлау болатын кедергілерді жеңуде
көрінетін əрекетшендік - "өркіндік инстинюі (рефлексі)" деп
қарастырады. "Еркіндік инстинкгі ретінде ерік аштық пен қауіп-
қатерден де мəнділеу. Егер осы қасиеті болмаса, - деп жазды
И.П.Павлов, - жануар алдынан шыққан елеусіз-ақ кедергіден өте
алмай, өлімге душар болар еді". Ал адам үшін мұндай
кедергілер қатарына əрекетке матау болатын сыртқы əсерлер
ғана емес, өз қызығулары мен қажеттіктерін бақылауға алатын
өзіндік сана мазмұны да болуы мүмкін. Бұл тұрғыдан ерікіндік
инстинкті болган ерік, Г.Л.Тульчинскийдің пікірінше, жеке
адамның психологиялық болмысының барша деңгейлерінде
көрінеді, бір қажеттіктерді басып, екіншісіне ынталандырады, өз
міндетін танытып, жеке адамдық қадірін қорғау мен өз мұраты
үшін жан пидалыққа дейін апарады.
З.Фрейд
пен
Э.
Фроммның
психоаналитикалық
зерттеулерінің нəтижесінде "ерік адам қылықтарына дем беруші
ерекше қуат (энергия)" деген түсінік ғылымға енді. Бұл
ғалымдардың
болжамынша,
адам
қылықтарының
көзі-
психикалық формаға келтірілген жанды ағзаның қандай да
50
биологиялық қуаты. Ал бұл қуат, З.Фрейдше, санадан тыс,
ақылдан алшақ "либидо" (махаббат) - жыныстық құмарлықтың
психосексуалды энергиясы. Мұндай тұжырымдаумен З.Фрейд
адам қылығын осы тіршілік жалғастырушы, яғни "либидоның"
"мəдениеттестірілген" алғашқы көрінісі (эрос) деп, ал кейін бұл
қылық адамның арғы дүниеге (өлімге) ұмтылысының белгісі
(танатос) екенін түсіндіріп бақты.
З.Фрейд болжамдары оның шəкірттерінің еңбектерінде
қызықты эволюциялық жалғасын тапты. Солардың бірі
К.Лоренц ерік энергиясы адамның əу бастан жыртқыш
(агрессив) болуынан дегенді алға тартты. Егер осы жыртқыштық
қасиет қоғам рұқсат еткен белсенділіктер түрінде жүзеге асып
тұрмаса, ол əлеуметтік қатерге айналып, ырыққа келмейтін
қарақшылық əрекеттермен ұштасуы мүмкін. А.Адлер, К.Г.Юнг,
К.Хорни, Э.Фромм ерік көріністерін əлеуметтік жағдайлармен
байланыстырады. К.Г.Юнг үшін бұл əр мəдени қауымда
ежелден қалыптасқан əмбебап қылық жəне ойлау түрлері,
А.Адлер-əкімшілік пен əлеуметтік билікке талпыныс; ал
К.Хорни мен Э.Фромм ерікті мəдени ортада өз мүмкіндіктерін
іске асыра білудің шарты деп біледі.
Шынына келгенде, психоанализ бағыты өкілдерінің
(З.Фрейд жəне шəкірттері) қай-қайсысы да қорытынды
пікірлерін - адам əрекеттерінің кезі - қажеттіктердің мəнді, бірақ
тұтастай емес, бір тарапын ғана асыра дəріптеуге бағыттаған.
Пікір қарсылығын тудыратын тек бұл əсіре ғана емес, адамныц
өз "тіршілігін сақтау" мен "тұтастығын қолдауды" қамтамасыз
ететін ықпалдарды түсіндіруі де ғылымдың көзқарасқа сай
келмейді. Адам өзінің биологиялық болмысы, яғни тіршілігіне
қарсы қатерге де баруы тұрмыстан белгілі: соғыстағы ерлік,
қауіп-қатерде батылдық ж.т.б., бірақ фрейдшілер бұл жағдайды
ескермейді.
Еріктік əрекет себептері адамның сыртқы ортамен
белсенді қарым-қатынасқа келуінен туындайды. Еріктің себепті
болуы (детерминированностъ) адамды қандай да қылыққа
мəжбүрлеп, көндіруді білдірмейді. Адам табиғатынан қоршаған
орта жағдайлары болмай, өз өмірін қолдай да, жалғастыра да
алмайды. Ерік бостандығы - табиғат пен қоғамның жалпыланған
51
заңдылықтарын терістеу емес, керісінше, адамның оларды жете
танып, өз əрекетін соларға сай реттестіре білуі.
3. Еріктің физиологиялық негіздері.
Психиканың басқа да көріністері сияқты ерікте мидің
жүйкелік процестеріне негізделген заттасқан құбылыс.
Ырықты əрекеттердің негізі алдыңғы орталық жүйке
сайларындағы (извилины) ми қабықтарынық бірінде орналасқан
аумақты пирамидалы жасушалар (клеткалар) қызметінде
көрінеді. Əрекетке келтіретін импулъстер осы жасушаларда
пайда болады, осы арадан түйдектелген; жүйке талшықтары
бастауын алып, миға тереңдейді, одан төмен түсіп, жұлынды
(арқа ми) бойлай отырып, дененің қарсы тарапындағы бұлшық
еттерге
жетеді,
яғни
пирамидалы
жол
жүреді.
Осы
жасушалардың қай бірі жарақаттанса, адамның оларға сəйкес
бір қозғалыс мүшесі істен шығады (паралич).
Алайда, ырықты əрекеттер бір-біріне байланысты өзара
ықпалды əрі ниеттелген қимылдардың күрделі жүйесінде пайда
болады. Бұл прогресте қозғалыс түйсіктерінің маңызы үлкен.
Егер алдыңғы орталық жүйке сайларының артына жайғасқан
бөліктердің бірі зақым алса, адам өз əрекеттерін сезбей,
қарапайым қимылдардан қалады, қалаған қозғалысын таңдап,
реттей алмайды. Əрекеттердің бір ізділігі мен байыптылығы
алдыңғы орталық жүйке сайларының қызметімен басқарылады.
Бұл ми қабығы бөлігінің зақымдануы қозғалыс икемсіздігіне
соқтырып, бұрыннан қалыптасқан дағдыларды жояды.
Аталған ми аймақтарынан басқа, еріктік əрекеттердің
бағыты мен қуатын қолдап барушы құрылымдарды да ескерген
жөн. Мидың маңдай профронталъ бөлігі істен шығуынан
қимыл-əрекеттер
ырықты
реттелуден
ауып,
қажетті
бағдарламаға көнбей, ерік жоспарына икемдесуден қалады.
Мұндай
аппраксия
жағдайында
адам
қандай
да
ісін
бастағанымен, аяқтай алмайды, бастамай жатып, доғарып та
қоюы мүмкін немесе еленбес себептерден-ақ жұмысын басқа
арнаға бұрып жібереді. Клинникалық тəжірибеде кездескен
жағдай: аппраксияға ұшыраған бір науқас ашық тұрған
шкафтың жанынан өте бере, ішіне кіріп алыпты да, енді не
52
істерін білмей, жан-жағына алақтап тұрған құсайды. Мұндай
сырқатты адамның əрекет-қимылының басы бірікпей, басқаруға
келмейді.
Ми сырқаты негізінде адам абулия (зақымды еріксіздік)
ауруына ұшырайды. Мұндайда əрекет иесі өз қадамының
қажеттігін біле тұра, оны іске асыруға ерік күші жетпей, керекті
шешім мен əрекетке келе алмай, жан күйзелісіне түседі. Абулия
ми қабығындағы шектен тыс (зақымды) тежелу мен мидан
берілетін
импулъстік
ықпалдардың
қажетті
деңгейінің
бəсеңдеуінен болады. Осыдан сырқат адам көбіне ырықсыз
қылықтар шырмауынан шыға алмай, қиналады.
Ерік əрекеттерін орындауда адамның саналы əрі
мақсатты қимыл-қозғалыстарын реттеуші екінші сигналдық
жүйенің маңызы орасан. Екінші сигналдық жүйе адамның
қозғалыс
(моторная)
қуатын
арттырумен
бірге,
барша
психикалық процестерінің: ойлау, қиял, ес, зейін, сезім - бастау
көзі. Осыдан, ырықты əрекет бас миі қабығының барша
бөліктерінің біргелкі қызметінің нəтижесі ретінде көрінеді
(И.П.Павлов).
Тұтастай алғанда ерік шартты рефлекстік сипатқа ие.
Уақытша
жүйке
байланыстарының
негізінде
əрқилы
ассоциациялар жинақталып, бекиді. Енді келіп түскен ақпарат
бұрыннан бар біліктермен салыстырылады. Егер келіп түскен
хабар ми қабығында бұдан алдын түзілген бағдарламамен
сəйкес келмесе, не əрекет өзгереді, не жоспар қайта жасалады.
Ерікті реттестірудің рефлекторлың негізі бас миындғы қажетті
қозу ошағының пайда болуына тəуелді. Бұл жүйкелік қозу
ұдайы энергиялық қуатты керек етеді. Мұндай ми қажетін
ерекше аккумлятор сипатты ретикулярлы формация қамтамасыз
етеді. Осы ретикулярлы формация қажетті қозу ошағының
қуатын қолдауынан, адам қандай да жұмыс орындауда үлкен
жігерлілік танытып, көздеген мақсатына жетуге батыл қадам
жасайды.
4. Ерік құрылымы.
Əрқандай ерік əрекеті өзінің күрделігімен ерекшеленеді.
Ниеттелген мақсат анық болып, орындалу жағдайларына сəйкес
53
əрі тікелей іс-əрекетке өтетін болса, əңгіме қарапайым ерік
əрекеті жөнінде болған.. Ал күрделі ерік əрекетінде ықпал
жасаушы импульстер мен нақты əрекеттер арасына қосымша
ерік бірліктері енеді. Ерік процесініц мəнді кезеңдері мен
бөліктерініц құрамы келесідей:
1) ниеттің туындауы мен мақсат белгілеу:
2) талдау, талқылау кезеңі мен септүрткілер (мотивы)
таласы;
3) шешім қабылдау;
4) орындау.
Еріктік əрекет желісінің бастапқы басқышының негізгі
мазмұны - ниет белгілеу мен мақсат қою. Ниеттің бəрі бірдей
саналы болып келе бермейді. Қандай да қажеттік өз түсінім
деңгейіне орай құмарлық (влечение) немесе тілек сипатын
алады. Егер тұлға өз жағдайына қанағаттанбаса, сонымен бірге,
осыған байланысты қажеттік толығымен өзіне əлі түссіз болса,
оның мақсатқа жету жолы мен шараларыный күңгірт болғаны.
Бұл жағдайда оны іске итермелейтін əшиін құмарлық, көрсе
қызарлық. Құмарлықта адам өзіне бірдеңенің керектігін сезінеді,
бірақ сол нəрсенің не екеніне көзі анық жетпейді, қажеттігін
нақты түсінбейді. Мұндайда "не керегін, əзі де білмейді" дейміз.
Байыпталмағандығынан құмарлық іс-əрекетке бастау бола
алмайды. Сондықтан да ол ауыспалы құбылыс, ондағы қажеттік
бірде сенеді, ал кейде анық-қанығы ашылып, нақты тілек, ниет,
арманға айналады.
Бірақ тілек ету де əлі əрекетке келу деген емес. Қажеттік
мəнін бейнелегенімен тілекте белсенділік болмайды. Тілеу - бұл
алдымен əрекетке келтіруші себепті түсіну кезеңі. Əрқандай
қылықтың септүрткісіне, кейін мақсатына айналудан бұрын
тілік сарапталып, бағаланады; оның орындалуына кедергі не
қолдау беретін шарттар өлмес-тіріледі. Тілек іс-əрекет сеп-
түрткісі сияқты өзінің туындауына себепші болған қажеттіктің
айқындығымен
ерекшеленеді.
Ынталандырушы
күшке
негізделген тілек адам санасын болашақ мақсатқа ойыстырып,
жоспар түздіреді, сонымен бірге ол мақсаттың орындалу
жолдары мен құрал-жабдықтарын ақылға сай нақтылайды.
54
Көрінген тілектің бəрі іске аса бермейді. Адамда бір
уақытта əртүрлі, тіпті біріне-бірі қайшы келген тілектер
туындап, осыдан қайсысына орай əрекет істеуін білмей, ол
күйзеліске келеді. Мектепті бітіріп, қай жоғары оқу орынын
таңдайтынын біле алмай., дағдарысқа түскен кешегі оқушы
осының мысалы.
Əрқилы қажеттіктер маңызының өзгеріске келуінен
адамда
сеп-түрткілер
(мотивы)
күресі
басталады.
Бұл
таластартыстың мəні: əлі бастамаған əртүрлі əрекеттердің оң не
теріс тараптарын, қай жағдайда қандай əрекетке кірісу қажеттін
таңдауға бағышталған адамның талқылау ісінің жүруі. Сеп-
түрткілер таласы жағдайында адам үлкен толғанысқа келіп, өз
санасы мен сезімінің, қара басы мен қоғам мүдделері
арасындағы қарама-қарсылықтарды жеңе алмай, өз "қалауы "
мен сырттан қойылған міндет "талауына" түседі.
Сеп-түрткілер тартысының қорытынды сатысы-шет шім
қазылдау; бір сеп-түрткіні қалаумен нақты мақсатқа жүгіну-
шешім қабылдай отырып, адам бұдан былайғы əрекеттің бəрі
оның өзіне тəуелді екенін сезеді, бұл өз кезегінде онда еріктік
əрекеттің ерекше сипаты-жауапкершілік сезімін оятады. Батыл
шешімге
(решимость)
келудің
бірнеше
жолы
белгілі
(У.Джеймс):
1. Саналы шешім - сеп-түрткілер қарсыластығы бірте-
бірте сеніп, арасындағы бір мəнділеу баламаға аса зорлықсызақ
жол беруден пайда болады. Көзделген əрекет жайбарақат, өзінен
- өзі басталғандай сезіледі.
2. Таңдау толғанысы мен батылсыздық ұзаққа созылып
тереңдей түссе, адам дағдарысқа келіп, ештеңеге кіріспегеннен
гөрі, бірін бастай салайын деп, қателікке ұрынуы мүмкін,
Мұндайда қандай да бір кездейсоқ əсердің ықпалында қалып,
"не болса, сол болсын" деумен, адам өз басын "тағдырдың
жазғанына" көндіреді.
3. Ықпалды-ынталандырушы күштердің жоқтығынан, өз
батылсыздығынан іштей күйініп, адам қалай болса, солай,
ойланбай, іске құлайды, тап осы мезетте істің ақыры не
болатыны оны қызықтырмайды. Мұндай көзсіз батылдық ете
əрекеттен, күшті эмоционалды темперамент иелерінде болады.
55
4. Ішкі толғаныстардың байыпқа келуі - алғашқы сеп-
түрткілер құндылығының өзгеріске келуіне де байланысты.
Мұндайда шешім адамгершілік көзқарас, намыс араласумен
қабылданады. Адам "маған осы не болды" деумен, өзін
жинақтап, қажетті бағыттағы əрекетке батыл кіріседі.
5. Кейде өз қалауын қонымды ақылға сыйғыза алмай,
адам белгілі бір əрекет түрін таңдайды, яғни ерік күшімен өз
көңілінде бұрын иленбей келген бір сеп-түрткіге қуат береді,
осыдан жаңағы сеп-түрткі басқаларын басып, əрекет кезіне
айналады. Қазақтың "Көз қорқақ, қол батыр" мəтелі осының
айғағы.
Шешім қабылдау біршама күрделі процесс, оның
жүрісіде ішкі толғаныстың үдемелі қозғалысын тудырады. Ал
шешімге келуден, адам жеңілденіп, қанағаттану сезіміне
бөленеді.
Бірақ шешімге келу əлі жұмыстың орындалуын
қамтамасыз ете алмайды. Кейде ниеттелген əрекет те іске
аспайды, бастама аяқсыз қалады. Еріктік əрекеттің мəнділігі
сеп-түрткілердің тайталасы мен шешімнің қабылдануында емес,
жұмыстың белгілі нəтижеге келуінен. Қабылдаған шешімін
нəтижелі істе көрсете алған адамғана ерік күшіне ие деп
бағаланады.
Еріктік əрекеттің орындалу кезеңі өзінің күрделі
құрылымына ие. Шешімнің орындалуы қандай да мерзіммен
байланысты. Егер шешімнің орындалуы ұзақ мерзімге кейін
қалдырылса, онда ол ниет қана. Ниет соңға ысырылған əрекетке
дайындық ретінде танылып, шешімге байланысты көзделген
мақсатты білдіреді. Мысалы, оқушы келесі жылдан бастап
«беске оқуды жоспарлайды, яғни ниет қояды». Мұндай ниет
ерікті əрекет жасауға жеткіліксіз. Бұл əрекетте мақсатқа жетудің
жоспарлау сатысын ғана байқаймыз. Жоспарлау - күрделі ой
əрекетімен ұштасқан, қабылданған шешімнің тиімді əдістері мен
құрал-жабдығын іздестіру кезеңі.
Жоспар əрқилы деңгейде, сапада болуы мүмкін. Кей
адамдар бəрін өлшестіріп, пайымдаса, екіншілер жалпы, үстірт
жоспармен шектеледі. Жақын уақытта орындалатын əрекеттер
нақты, айқын қарастырылса, уақыт өтумен жүзеге келетін істер
56
күңгірттеу болады. Жоспарланған əрекет өздігінен бола
қалмайды, ол үшін ерік күші араласуы қажет. Ерік күші - бұл
адамның қажыр-жігерін жинақтап, мақсатқа жетуге керек
болған қосымша қуат, сеп -түрткілердің көзін ашатын, мақсатты
белгілеу мен істің орындалуына дейінгі ерік процесініц барша
бөліктеріне ықпалды фактор. Орындау барысында адам өзінің
ішкі кедергілерін ғана емес, сыртқы қиыншылықтарды да ерік
күшімен жеңетінін нақты байқай аламыз.
Ерік күші бұлшық еттердің күш салуынан сапалық
өзгешелікке ие. Ерік күшінде дене қозғалысы тіпті мардымсыз,
ал оған байланысты ішкі жан толғанысы шектен тыс деңгейге
жетіп, кейде адамның тірлік қалпына зақым келтіруі мүмкін.
Ерік күшінің қарқындылығы (интенсивностъ) төмендегі
жағдайларға тəуелді:
1.Жеке адамның көзқарасы (жапон самурайы, жахид
жариялаған мұсылман).
2.Моральдық тұрақтылық (жауапкерлік, немқұрайлық).
3.Қоғамдық мəнді мақсаттар.
4.Іс-əрекетке
деген
көрсетпе
талап
(установка)
(мұғалімнің оқушыға тапсырмасы: "тек оқып кел", "бірін
қалдырмай көшіріп ал" - əрқайсысы əртүрлі ерік күшін керек
етеді).
5.Жеке адамның өз басын жұмысқа бұрып, басқара алуы.
(Өзін жетілдіре алмаған адам, қиыншылықтарға төзімсіз келеді),
Адам орындалатын істің маңызын, оның моральдық
талаптарға қайшы еместігін де түсінуі мүмкін, алайда бұл оған
іс барысындағы кедергі, қиыншылықтарға қарсы тұруға демеу
бола алмайды. Түсінуден көптеген басқа ниет, тілектерді баса
отырып, қажетті ұмтылысты пайда етуі үшін, адам «осылай
болуы тиістің дегендей үлкен жан қалауы - борыш сезіміне
бөленуі тиіс». Борыш сезімі -моральдық талаптардың адамның
ішкі жан дүниелік қасиетіне айналып (интериоризование),
"мендік" пен қоғамдық мүдделер тоғысында таңдалатын тиімді
əрекет-қылықтың жол көрсеткіші.
Көп жағдайда адам ерік күшімен өзінің мінез-
қылығындағы ырықсыз белсенділігін ноқталап, тоқтамға
57
келтіруіне тура келеді. бұрыннан бекіген əдеттері, бойға сіңген
келеңсіз қылықтарына қарсы шайқасқа түседі.
Бірақ мұнысымен адам ырықсыз белсенділікті түбегейлі
шектей алмайды, тек түрін өзгертіп, не тысқы көріністерін
басуы мүмкін. Сондықтан да, ерік - адамның өз болмысын билей
алу қабілеті, өз ұмтылыстары, сезімдері мен құмарлықтарына
тоқтам беру қасиеті.
Ерік əрекеттерін іске асыру барысында, əсіресе
орындаудан соң бағалау кезеңі келеді. Баға түрлі
əлеуметтік-саяси, моральдық, эстетикалық ж.т.б. бағыттардан
беріледі, ал кей жағдайда атаған талғамдардың басы бірігіп, бір
бағаға арқау болуы ықтимал. Баға тек жеке адамның өлшемінен
емес, іске қатысы бар көпшіліктің пікіріне де телінуі мүмкін.
Осыдан, ұжымдық баға əрбір дара тұлға əрекет-қылығының
шын өлшемі бола алады. Орындалған іс-əрекеттің бағамы
қабылданған шешімдер мен іс əдістерін қолдау, ақтау не
кінəлау сипатта көрінеді. Əрқандай баға көңіл-күй
толғанысын тудырып, іс нəтижесінен қанағаттану не
қанағаттанбау
сезіміне
бөлейді.
Орындалған
əрекеттің
болымсыздығынан адам опық жейді, ұят қысылысына түседі.
Баға жұмыстың ендіден былай жалғасуына, өзгеруіне не
доғарылуына сеп-түрткі (мотив) болады.
Достарыңызбен бөлісу: |