Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата19.01.2017
өлшемі1,27 Mb.
#2265
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

IX. 
Спорт
 
психологиясы
 
спортшылардың 
іс-
əрекетіндегі  психологиялық  ерекшеліктерін  қарастырады. 
Спорт  жетекшілері  мен  бағынушылардың  өзара  қарым-
қатынасын, 
оларды 
даярлаудың 
жағдайын, 
құрал-
жабдықтармен 
қамтамасыз 
етілуін, 
психологиялық 
даярлықтарын  іздестіре  келе,  оларды  жаттықтыру  жəне  күш 
қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу 
мəселелерінің  психологиялық  факторларын  зерттейді.  Əрбір 
ел  мен  халықтың  спорт  өнеріндегі  ерекшеліктерін  ескере 
отырып, оларды жаттықтыру міндеттерін қарастырады.  
X.  Сауда  психологиясы  -  қазіргі  заманда  кеңінен 
дамып  отырған  сала.  Бұл  сала  бойынша  əрбір  елдің  саяси-
экономикалық  жəне  мəдени-материалдық  қажеттіліктерін 
өтеу  мақсаттарына  қарай  дамыту  шаралары  белгіленеді. 
Сонымен  қатар  ,  əсіресе  ,  жарнамалардың  психологиялық 
ықпалы,  елдегі  адамдардың  жас  ерекшеліктері  ,  сатып 
алушылардың  мұқтаждығы,  оларға  қызмет  көрсетудің 
факторлары қарастырылады. 
XI. 
Ғылыми
-шығармашылық 
(творчество) 
психологиясы
  -  соңғы  кездерде  зерттеле  бастаған  сала.  Бұл 

салада  шығармашылық  адамның  жасампаздық  қызметі, 
өзіндік  ерекшеліктері,  белсенділігі  айқын  көрініп,  ғылыми 
жаңалықтарды  ашудағы  интуициясы,сезімдік  рөлі  т.б. 
сипаттары  зерттеледі.  Осы  бағыттағы  ерекше  маңызды 
заңдылық – эвристика тəсілі.  
ХІ
I.  Көркемөнер,  əдебиет  пен  шығармашылыққа 
қатысты
  психология.  Бұл  сала  бойынша  қарастырылатын 
мəселелер - əсемдікті қабылдау жəне оның адам жан дүниесін 
байытуға  ықпал  ету  факторлары.  Бұл  саланың  өзекті 
мəселелері  əлі  күнге  дейін  жүйелі  түрде  өз    дəрежесінде 
зерттеле қойған жоқ. 
ХІІ
I. 
Салыстырмалы
 
психология
 
психиканың 
филогенетикалық  түрлерін  қарастырады.  Мұнда  адам  мен 
хайуанаттар  психикасын  салыстыра  отырып  зерттейді. 
Олардың 
психикасындағы 
айырмашылықтары 
мен 
ерекшеліктері 
ажыратылады. 
Бұл 
саланың 
жануарлар 
психологиясын  зерттейтін  тармағы  əрбір  түр  пен  тектің, 
олардың  тобындағы  жан-жануар,  жəндіктердің  құлқын, 
əрқилы  механизмдерін  қарастырады.  Мысалы,  өрмекші, 
құмырсқа,  ара,  ит,  құс,  жылқы  жəне  маймылдың  психикасы 
едəуір  деңгейде  зерттелген.  Қазіргі  кезде  бұл  тармаққа 
биология мен психологияның тоғысқан жерінде этология деп 
аталатын  тармақ  қосылып  отыр.  Бұл  орайда,  киттер  сияқты 
дельфиндердің 
де 
қылықтары 
бақылауға 
алынып, 
хайуанаттар  құлқындағы  туа  пайда  болатын  механизмдер 
зерттелуде. 
ХІ
V.  Заң психологиясы құқыққа қатысты мəселелерді  
реттеу 
жəне 
оларды 
тəжірибе 
жүзінде 
қолданудың 
психологиялық 
мəселелерін 
зерттейді. 
Бұл 
сала 
сот 
психологиясы  ,  қылмыс  психологиясы,  еңбекпен  түзету 
психологиясы  деп  аталатын  тармақтардан  тұрады.  Сот 
психологиясы  сот  ,  айыптаушылар,  куəлар,  сот  тергеуін 
жүргізу,  олардан  жауап  алу  тəрізді  т.б.  жайттардың 
психологиялық астарын қарастырады. Қылмыс психологиясы 
қылмыскердің  жеке  басы  мен  оның  зиянды  əрекеттерінің 
сырын  ашады.  Еңбекпен  түзету  психологиясы  тұтқындағы 
адамдарды  сендіру  не  күшпен  істету  арқылы  қайта 
тəрбиелеудің жолдарын іздестіреді. 
 
 

 
Психологияның_зерттеу_əдістері'>4. Психологияның зерттеу əдістері
        Психологиялық  зерттеулердің  мақсаты  бойынша,  əрбір 
психикалық  құбылыс  өзара  байланысты  жəне  ол  үнемі 
дамуда  болады.  Ал  психологияның  зерттеу  əдістері  тарихи 
даму тұрғысынан қарастырылады. 
Психологияны
 
зерттеу
 
əдістерінің
 
объективтік
 
сипаты
.  Ұзақ  жылдар  бойы  шетелдік  психологияда  Адам 
жанының сырын өзін-өзі бақылау əдісі арқылы білуге болады 
деп  санап  келді.  Бұл  əдіс  Адам  «Жаны»  ерекше,  ол  өзінше 
өмір  сүреді  деген  көзқарасқа  негізделеді.  АҚШ  психологі 
Э.Титченер  Адам  өзін  хайуанаттар  орнына  қойып,  сондай 
ортада  болса,  солардың  қылығын  жасар  еді,  содан  кейін  ол 
адамға тəн саналы əрекет арқылы адамдық қасиеттерді туғыза 
алар еді дейді. Бұл - əрине, сыңаржақты субъективті көзқарас. 
Ал  психиканы  зерттеудің  объективті  əдісі  адам  санасы  мен 
əрекетін  бірлікте  іздестіре  отырып,  адамның  өзін-өзі 
басқаруының  ісі  мен  қылығына  есеп  беруін  жоққа  шығара 
алмайды. 
Генетикалық
 
принцип
 
– 
қазіргі 
ғылыми 
психологиядағы  талап.  Бұл  принцип  бойынша  психикалық 
фактілер мен құбылыстар, адам психикасының дамуы тарихи 
негізде,  яғни  басынан  аяғына  дейін  үнемі  дамып  жетілу 
тұрғысынан  қарастырылады.  Даму  сатыларының  бір-бірін 
қалай  алмастыратындығы,  адамның  өсуі  мен  даму  кезеңдері 
белгілі  сатылар  бойынша  зерттеліп,  əр  кезеңдегі  баланың 
дамуы  жас  ерекшеліктерімен  өзара  салыстыра  отырып 
қарастырылады. 
Зерттеу
 əдістерінің түрлері. Бақылау жəне тəжірибелік 
əдістерді    қолдану  тəсілдері  əр  қилы.  Бақылау  арқылы 
байқалған 
фактілер 
мен 
құбылыстардың 
табиғаты 
психологиялық тұрғыдан түсіндіріледі. 
Өмір  тəжірибесінде  əдеттегі  бақылаудан  ғылыми 
бақылаудың  негізгі  айырмашылығы  құбылыстардың  себеп-
салдар  принципі  бойынша  əрбір  нəрсенің  сыры  ашып 
көрсетіледі. Ғылыми бақылау мынадай сатылардан тұрады: а) 
сырттай  бақылаған  мінез    көріністері  мен  əрекеттерді 
түсіндіру;  ə)  оның ішкі психологиялық мəнін ашып көрсету;  
б)  жорамал жасап, анықтығын танып білу. 

Эксперимент
  –  психологиядағы  негізгі  зерттеу  əдісі. 
Эксперименттің  (  тəжірибенің  )  қолданыла  бастағанына  бір 
ғасырдан  астам  уақыт  өтті.  Эксперименттің  лабораториялық 
эксперимент  жəне  табиғи  эксперимент  дейтін  екі  түрі  бар. 
Табиғи  экспериментті  психологияға  1910  жылы  орыс 
оқымыстысы          А.Ф.  Лазурский  енгізді.  Бұл  əдіс 
психологиялық  жəне  педагогикалық  эксперимент  деп  те 
аталады.  Мұның  ролі  ерекше.  Табиғи  эксперимент  бойынша 
психологиялық 
зерттеулер 
адамның 
өмір-тіршілігіндегі 
үйреншікті  жағдайына 
сəйкес  жүргізіледі. 
Сондай-ақ, 
психологиялық-педагогикалық зерттеу бойынша əр түрлі жас 
кезеңдерінде 
адамның 
(оқушының) 
қалыптасуы 
қарастырылады.  Əр  түрлі  кезеңдерге  сəйкес  зерттеу  арқылы 
түрлі  жастағылардың  айырмашылықтары  шартты  түрде 
алынған 
белгілерге 
негізделеді. 
Лабораториялық 
эксперимент,  мысалы,  балалардың  сезгіштік  қасиеттерін, 
ақыл-ойының даму деңгейін, белгілі мамандыққа икемділігін 
анықтау  құрал-жабдықтарды  қолдана  отырып,  белгілі 
орында, арнайы жабдықталған лабораторияларда жүргізіледі. 
Сынау
    (  тест  )    əдісі  –  адамның  бойындағы  түрлі 
сапалар  мен  олардың  механизмдерін  ашып  көрсетуді  негізгі 
мақсат  етіп  қояды.  Психологиялық  əдістер  тек  ғылыми 
зерттеу  жұмысы  ғана  емес,  сонымен бірге  сынау  мақсаттары 
үшін де қолданылады. Мысалы, психолог сынау əдісі арқылы 
адамның  бойындағы  ерекше  қасиеттерді  ажыратып,  оның 
ұшқыш не астроном, не өзге де мамандықтарды игеруге деген 
бейімділік  қабілетінің  қаншалықты  екендігін  анықтайды. 
Жете  тексерілмеген  сынау  əдісімен    жасалған  кейбір 
қорытындыларда қателіктер де кетуі мүмкін. Мұндай қателер 
көбінесе  кейбір  балалардың  бойындағы  психологиялық 
процестер  мен  ерекшеліктердің  кешігіп  барып  оянатынына  
жете мəн бермей, асығыс қорытынды жасауға байланысты. 
Психологиялық  зерттеу  əдістерін  нақты  психикалық 
процестер мен психологиялық қасиеттерді анықтауға қолдану 
сипаттарына  орай,  негізгі  əдістер  жəне  көмекші  не  қосалқы 
əдістер  деп  екі  топқа  бөліп  қарастырамыз.  Мысалы,  анықтау 
үшін сынау (тест) негізгі əдіс деп саналса, ал сол оқушының 
өз  қолымен  жасап  шығарған  затын  не  оқу  құралдарын 
көмекші əдіс деп атаймыз.    

 Кейбір  жағдайда  көмекші  əдістер  негізгі  əдіске 
айналып  отыруы  да  мүмкін.  Мəселен,  оқушының  орындаған 
жазба              (бақылау)  жұмысы  оның  белгілі  пəнді  меңгеруін 
анықтаудың негізгі əдісі болып саналады. 
Психологиялық зерттеудегі нақты əдістер  мен тəсілдер. 
Мұндай зерттеу əдістері нақты мəселені шешуде арнайы əдіс 
ретінде  қолданылады.      Психологияда  зерттеу  əдістерінің 
мүмкіншіліктері  зор.  Сондай      нақты  зерттеу  əдістерінің 
бəріне  ортақ  жалпы  сипаттама  бар.  Мəселен,  қалыпты 
дамыған  балалар  мен  ақыл-ойы  кем  түрлі  жастағы  балалар 
зейінін      зерттеу  мақсатымен  жүргізілетін  тəжірибе  бірнеше 
сатыдан        тұрады:      1-саты  —  даярлық  сатысында  бақылау 
жүргізіледі.  2-сатыда  қалыпты  дамыған  балалар  мен  кеміс 
балалар  екі  топқа  бөлініп,  бе-рілген  тапсырма  зерттеледі. 
Мысалы,  «с»,  «в»  əріптерін  мəтіннен  сызып  отыру  сияқты 
тапсырманы 
орындау 
ұсынылады. 
3-сатыда 
тəжірибе 
нəтижелері      математикалық  құрал  арқылы  зерттеледі. 
Алынған  нəтижелер  тиісті  жорамал  бойынша      тексеріледі.   
Психологиядағы      мұндай  зерттеу  əдістері  анықталуға  тиісті 
мəселенің 
шындығын 
көрсетіп, 
айқындап, 
түрлі 
психологиялық   зерттеулерде кеңінен қолданылады. 
Қазақ  жұртының  сана-сезімі  мен  салт-дəстүрінде,  тір-
шілігінде  талас-тартысты,  дау-дамайлы    істердің  анықтығын 
айқындап    отыру    үшін ел-жұртына    беделді адамдар — 
билер мен сыншылар, шешендер мен көреген кісілер əр алуан 
тəжірибелер  жасаған.  Қазақ  этносының  өмірінде  мұндай 
тəжірибелік  əдістер  даулы        істердің  түйінін  шешуге 
колданылып  отырғандығы  жайында  нақты  деректер  мен 
аңыз-əңгімелер  өте  көп.  Атақты  Төле  бидің  бала  кезінде  екі 
əйелдің  бір  балаға  қатысты  дауын  шешуі,  қазақ  билерінің 
жоғалған  мал-мүліктердің  ізін  анықтап,  иесіне      қайтару 
жөніндегі  шешімдері  халқымыздың  ақыл-ойы  мен  өмір 
тəжірибесінен  жинақтаған  білім  қорын,  сана-сезімінің  даму 
деңгейін 
көрсететін 
психологиялық 
қасиеттер 
екенін 
дəйектейді. 
 
 
 
 

 
Дəріс
 бойынша сұрақтар: 
 
1.
 
Психология ғылымы нені зерттейді? 
2.
 
Психиканы 
материалистік 
жəне 
идеалистік 
жолмен ұғынудың айырмашылығы неде? 
3.
 
Психикалық 
құбылыстардың 
топтасуына 
тоқталыңыз. 
4.
 
Психологиядағы  экперимент  əдістері  жайлы 
айтыңыз? 
5.
 
Бақылау əдісіне қандай талаптар қойылады? 
6.
 
Психологияны  оқып-үйренудің  қандай  маңызы 
бар? 
7.
 
Психологияның  қандай  салалары  бар?  Олардың 
алдына қандай міндеттер қойылады? 
 
 
2-дəріс 
Ми
 жəне психика. Психика мен сананың пайда 
болуы
, дамуы. 
 
Жоспар:
 
1. Психиканың даму сатылары. 
2. Психика жəне жануарлар мен адамның  бейнелеу 
ерекшеліктері. 
3. Сана – психика дамуының жоғары сатысы. 
 
1.
 
Психиканың
 даму сатылары.   
    Психика  –  тіршілік  дамуының  белгілі  бір  сатысында  тірі 
организм  мен  сыртқы  ортаның  өзара  қатынасын  білдіретін 
бейнелеудің  айрықша  түрі.  Психиканың  алғашқы  ең 
қарапайым  түрі  жəндіктерге  тəн.  Ал  психиканың  ең  жоғары 
формасы – адамның санасы. Сана – адамның қоамдық тарихи 
дамуының  жемісі.  Ол  əлеуметтік  даму  заңына  сəйкес  үнемі 
жетіліп, күрделеніп отырады. 
     Адам психикасының ерекшеліктері біздің санамыздан тыс 
өмір  сүретін  заттар  мен  құбылыстарды,  əр  алуан  нəрселерді 
түйсіну,  қабылдау,  елестету  арқылы  көрінеді.  Олардың 

адамның  сезім  мүшелері  арқылы  тікелей  көріп  білуге,  ұстап 
көруге  болмайтын  қасиеттері  мен  белгілері,  өзара  шартты 
байланыстары  адамның  абстрактылы  ойлау  формалары 
болып  саналатын  ұғым,  пікір,  ой  қортындылары  арқылы 
танылып,  жанама  жолмен  бейнеленеді.  Соның  нəтижесінде 
біздің 
айналамыздағы 
заттар 
мен 
құбылыстардың 
заңдылықтары, олардың пайда болып туындауы жəне өрістеп 
дамуы  адамның  дүниені  танып  білуі  мен  бейнелеуін 
көрсетеді.  
     Жəндіктер  мен  хайуанаттар  тіршілік  ететін  ортасына 
қаншалықты  бейімделгенімен,  оны  өзгертіп,  қайта  жасай 
алмайды.  Ал  адам  оны  өзінің  мақсат  –  мүддесіне  сəйкес 
жоспарлы  түрде  өзгнртуге  шамасы  келетінін  нақты  іс-
əрекетімен  дəлелдейді.  Ол  –  табиғат  қожасы.  Осы  орайда  
В.И.Ленин  “Философиялық  дəптерлерінде”:    “Адамның 
санасы  объективтік  дүниені  бейнелеп  қана  қоймайды, 
сонымен қатар оны жасайды”, дейді. 
     Адамның  табиғат  пен  қоғам  дамуында  алатын  орнын, 
қызметін  ғылыми  тіректерге  сүйене  отырып  баяндап,  оның 
мəнін  терең  түсінуге  болады.  Біз  тіршілік  етіп  отырған  Жер 
шары  бұдан  төрт  жарым  миллиард  жыл  бұрын  шамасында 
пайда  болды  деген  жорамал  бар.  Бұдан  екі  жарым-үш 
миллиард  жыл  бұрын  оның  бетінде  ешқандай  психикалық 
құбылыс  болмаған.  Ұзақ  дəуірлерге  созылған  эволюциялық 
даму  нəтижесінде  Жер  бетінде  тіршілік  пайда  болды.  Соның 
арқасында тірі организмнің сыртқы ортаның əсеріне тітіркену 
қасиеті  оянды.  Мұндай  қасиет  бертін  келе  тірі  жəндіктерге 
тəн күрделі құбылыс – психиканы тудырады.  
  
2. Психика жəне жануарлар мен адамның бейнелеу 
ерекшеліктері

   Психика  сезім  мүшелерінің  бізді  қоршаған  сыртқы  заттар 
мен  құбылыстарға  əсерленіп,  тітіркенуінен  пайда  болмады. 
Мұндай  жайт  психиканың  сыртқы  орта  мен  объективтік 
шындықтың  өзара  шартты  байланыста  екенін  көрсетеді. 
Сыртқы  нəрселердің  адам  миына  əсер  етуі  салдарынан 
түйсінулер  мен  қабылдаулар,  елестер  мен  сезімдер,  тағы 
басқа  да  психикалық  процесстер  пайда  болады.  Сонымен, 
психика  дегеніміз  –  үнемі  болып  отыратын  қозу  мен  тежелу 
сияқты 
физиологиялық 
процесстердің 
ми 
қабығында 

жасалуы.  Сыртқы  заттар  мен  құбылыстардың  əсері  мида 
түйсіну,  қабылдау,  елес  тудырып,  олар  адамның  алуан-алуан 
ойлау  əрекеттері  арқылы  қорытылады.  Адам  өзінің  мақсат  – 
мүдделеріне орай оларға тітіркеніп икемделеді. Осы жайттар 
психика  адамның  өзін  қоршаған  сыртқы  ортамен  қарым-
қатынасынан  пайда  болып  отыратын  күрделі  бейнелеу 
процессі екенін көрсетеді. 
    Адам  психикасының  пайда  болуы,  дамып  жетілуі  тарихи 
процесс.  Ол  адамның  қоғамдық  еңбегі,  дыбысты  тілі  жəне 
сөйлеуінің  даму  ерекшеліктерімен  тығыз  байланысты.  Бұл 
психика  дамуында  айрықша  мəнді  физиологиялық  құбылыс 
жəне  адам  тіршілігі  үшін  де  маңызды.  Психикалық 
бейнелеудің  өзіндік  сипаты,  ең  алдымен,  жүйке  жүйесінің 
қызметімен  байланысты  болса,  екіншіден  мұндай  бейнелеу 
адам санасында өз таңбасын, ізін қалдырып отырады да, жан 
дүниесінің сырына айналады. Психика идея да, материалдық 
сипаты  бар  зат  емес.  Ол  –  адамның  миында  бейнеленетін 
таңба,  əсер.  Адам  күнделікті  іс-əрекетінде  мақсатты  істерін 
жүзеге  асыру  үшін  сыртқы  ортаның  жағдайына  бейімделіп 
табиғатқа  ықпал  етеді,  оны  мақсат-мүдделеріне  лайықтап 
қайта  жасайды.  Адамның  мұндай  белсенді  əрекеттері, 
еңбектенуі  оның  өз  табиғатына,  психикасын  дамытуға 
қолайлы жағдай тудырады. 
   Адамдар 
психикасын 
жануарлар 
психикасымен 
салыстырғанда,  адам  өзі  өмір  сүрген  ортамен  тығыз 
байланыста  болып,  белгілі  заңдылықтар  бойынша  дамиды, 
сыртқы  жағдайлардың  əсеріне  бейімделіп  қана  қоймай,  оны 
саналы  түрде  өзгертеді.  Сөйтіп  өз  ықпалына  бағындырады, 
сырттан 
алынатын 
сан 
алуан 
хабарларды 
бұрыннан 
қалыптасқан  іс-тəжірбиесімен  салыстырады.  Ненің  пайдалы, 
ненің  зиянды  екені  ой  жүгіртіп,  сарапқа  салады.  Адам 
психикасының  дамуы  болмыс  пен  дүниенің  шындығын  айна 
тəрізді  бейнелеумен  ғана  шектелмей,  оны  ақыл  –  оймен 
саналы  түрде  қорытады.  Мұндай  əрекет  адам  психикасының 
терең  сырларын,  өзіндік  ерекшеліктерін  айқындай  түседі. 
Адам психикасының терең сырларын, өзіндік ерекшеліктерін 
айқындай  түседі.  Адам  психикасының  дербестік  сипаты 
сыртқы  ортамен  қатынаста  болып,  объективтік  дүние  мəн-
мазмұнының  субъективтік  түрде  бейнеленуі  үнемі  бірлікте 
болып  отыратындығын  көрсетеді.  Адамның  психикалық 

құбылыстарды  бейнелеуінің  тағы  бір  ерекшелігі  –  сыртқы 
дүние  мен  болмыстың  адам  миында  қалай  бейнеленуіне 
байланысты.  Əркімнің  өмір  тəжірбиесіне,  білім  дəрежесіне 
сəйкес  бұл  ерекшелік  түрліше  болып  отырады.  Болмыс  пен 
шындықтың  қаншалықты  дұрыс  бейнелендігі  адамның 
қоғамдық-тарихи  тəжірбиесімен  салыстырылады.  Мұндай 
жайт адамның өмір тəжірбиесіне сүйене отырып бейнеленген 
ұғымдарын,  ғылыми  мағлұматтарын,  мүдделерін  шындыққа 
жанастыруда, олардың ақиқаттығын дəйектеуде елеулі қадам 
жасайтындығын көрсетеді. 
   Табиғат  пен  қоғамның  барлық  құбылыстары  сияқты 
психика  да  үнемі  даму  үстінде  болады.  Бұл  –  табиғат 
заңдылығы. Психиканың пайда болуы ғылыми көзқарастарға 
сəйкес  материяның  ұзақ  дəуірлер  бойғы  эволюциялық 
дамуымен  бірлікте  қарастырылады.  Материя  табиғатын 
зерттеу  əр  қилы  қозғалыс  түрлерімен  ұштастырылады. 
Қозғалыс – материяның өмір сүру тəсілі, оның негізгі қасиеті. 
Материя ішінде де қозғалыс, даму процесстері жүріп жатады. 
Қозғалыссыз материя жоқ. Бүкіл əлем заттары, əлемнің өзі де 
мəңгілік қозғалыста болып, үнемі өзгеріп, дамып отырады. 
   Барлық  материяға  –  жансыз  заттардан  бастап  ең  жоғары 
дəрежеде  дамыған  күрделі  материя  –  адам  миына  да  тəн 
қасиет,  олардың  бейнелеу  ерекшелігі  –  материяның  сыртқы 
əсерге жауап беруі. Жансыз заттың жанды материяға ауысуы 
да, оның қозғалыс түрі де өзгерістерге ұшырайды. Материяға 
тəн  жалпы  қасиет  –  биологиялық бейнелеу  формасы.  Жанды 
материяның  белгілі  бір  даму  сатысында  психика  пайда 
болады. 
   Бейнелеудің 
жаңаша 
түрі 
туады. 
Ал 
материяның 
биологиялық дамуы тіршіліктің пайда болуымен байланысты. 
Бұл 
– 
сан 
жөнінен 
табиғат 
дамуындағы 
жаңа 
басқыш.Эволюциялық  даму  нəтижесінде  тірі  организмдер 
сыртқы  жағдайлардың  əсеріне  тітіркеніп,  бейнелеудің 
көптеген  түрлері  келіп  шығады.  Организмнің  мұндай 
бейнелеу 
қасиетіне 
орай, 
əлсіз 
тітіркенуден 
бастап 
бейнелеудің  күрделі  түрлері  болып  саналатын  түйсіну, 
қабылдау,  ес,  ойлау  сияқты  формалары  пайда  болды.  Сөйтіп 
психикалық тіршілік əр түрлі салаға жіктеледі.  
    Барлық 
өсімдіктер 
мен 
жəндіктер 
дүниесінге 
тəн 
биологиялық  бейнелеу  қасиеті  -  тітіркенгіштік.  Тітіркену  – 

тірі организмдегі биологиялық мəні бар сыртқы əсерге жауап 
беретін  биотоктік  қасиет.  Мұндай  қасиет  өте  қарапайым  бір 
клеткалы тірі организмдерде, мысалы амебаларда да болады. 
Ал  сол  қарапайым,  көзге  көрінбейтін  организмдердің 
биотоктік  əсерлерге  қозғалып,  тітіркенуі  тропизмдер  не 
таксистер  деп  аталады.  (Бұл  мəселе  үшінші  тарауда  толық 
баяндалған). 
    Жəндіктер дүниесінде кездесетін тітіркенудің жаңа бір түрі 
–  сезімталдық  –  тірі  организмнің  сыртқы  ортаның  əсеріне 
тітіркеніп,  тіршілік  етуге  бейімделуі.  Мұндай  сезімталдық 
сигнал  (белгі)  қызметін  атқарады.  Тірі  организмдердің 
эволюциялық  даму  барысы  мен  тітіркену  қасиетінің 
сезімталдық  қасиетке  өту  жолында  олардың  тіршілік 
бейнесіне  орай  əр  түрлі  сезім  мүшелері  қалыптасады. 
Организмнің  сыртқы  жағдайдың  əсеріне  тітіркенуі  мен 
бейімделуі жіктеліп, бөліне бастайды. Əрбір мүше өз алдына 
арнайы қызмет атқаратын дəрежеге жетеді. 
    Жануарлар  психикасының  бұдан  кейінгі  эволюциялық 
дамуында  инстинкттік  (соқыр  сезімдік)  əрекеттер  мен 
дағдылар қалыптасады. 
   Егер  инстинкт  жануарлардың  əрекеті  мен  қылығындағы 
бейімделу  қасиеті  болса,  ал  олардың  дағдылары  əрбір 
жəндіктің 
дара 
тіршілік 
əрекеті 
болып 
саналады. 
Жануарлардың  психикасы  дамып,  жоғары  басқышы  – 
интеллекттік мінез пайда болады. 
    Жануарлардың  интеллектті  мінезі    олардың  заттар 
арасындағы байланыстар мен қатынастарды бейнелеу үстінде 
бұрын  кездестірмеген  жаңа  міндеттерді  шеше  бастауы. 
Интеллекттік 
мінез 
– 
жануарлардың 
сыртқы 
ортаға 
бейімделуі  ғана  емес,  олардың  сол  орта  əсерін  қабылдап,  əр 
қилы  əрекет-қылық  көрсетуі.  Ал  адам  баласы  өзінің  саналы 
əрекеті  арқылы  өмір  сүрген  ортасына  бейімделіп  қана 
қоймай, оны жоспарлы түрде өзгертеді. 
 
 
 
3. Сана – психика дамуының жоғары сатысы. 
    Сана  –  адамның  материя  дамуының  белгілі  бір  сатысында 
пайда  болған  қасиеті.  Ол  –  ең  көлемді  қалыпқа  келген  жəне 

жоғары  деңгейде  кемелденіп  жетілген  мидың  қызметі, 
материалдық дүниенің жетілген бейнесі. 
    Ф.Энгельстің 
анықтауынша, 
адамның 
жануарлар 
дүниесінен бөлініп шығуына əсер еткен шешуші факторлар – 
дыбысты тіл мен еңбек. 
    Дүниетану  теориясының  даму  жолдарын    В.И.Ленин 
“Философиялық 
дəптерлерінде” 
баланың 
есеюі, 
жануарлардың  жетілуі,  тілдің  даму  тарихы  (“мұны  айрықша 
ескеру керек” дейді де) бұл салалар бойынша психология мен 
сезім  мүшелерінің  физиологиясын  қоса  зерттеу  қажет  деген 
міндеттерді қосу белгісімен арнайы атап көрсетеді. Сондай – 
ақ, ол еңбегінде бұл сапалардың бүкіл білім саласын қамтып, 
оның  таным  теориясы  мен  диалектикалық  қалыптасуына 
негіз болатындығын да жазған. 
    Жоғарыда  айтылған  мазмұндар  мен  келтірілген  дəйектер 
психиканың  дамуы  мен  адам  санасының  қоғамда  тарихи 
сипатта  болатынын  түсініп,  оның  мəнін  жете-игеруді  қажет 
етеді.  Бейнелеу  теориясы  негізінде  адам  дүниетанымының 
пайымдау  мен  сезіп-білуден  абстрактылы  ойылауға,  одан 
тəжірибеге  көшіп  отыруы-ақиқатты,  объективтік  шындықты 
танып 
білудің 
үнемі 
дамып 
күрделеніп 
отыратын 
диалектикалық  жолы.  Бір  сөзбен  қорыта  айтқанда,  бейнелеу 
теориясы  ғылыми  психологияның  гносиологиялық  негізі 
болып саналады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет