Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет45/80
Дата22.12.2016
өлшемі5,96 Mb.
#125
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80

 

ӘӚЖ. 347.785 

    

Мектептегі музыканы оқытуды ҧйымдастыру формалары 

 

Құрманалиева А.Е. 



«Сырдария» университетінің оқытушысы 

 

Мектептегі  оқытуды  ұйымдастыру  формалары  педагогика  тарихында 



ең  пікір  таласты  проблема  болып  келеді.  С.  И.  Ожеговтың  түсіндірме 

сҿздігінде «форма - белгілі бір мазмұнымен шарттасатын түр, ұйымдастыру, 

құру,  тип,  құрылым,  түзіліс»  деп  пайымдалса,  философиялық 

энциклопедияда  бұл  термин  «мазмұнның  іштей  ұйымдастырылуы»  -  деп 

айтылған. Осыдан кейін оқытуға келсек, форма - ол оқыту процесінің арнайы 

түзілімі.  Бұл  түзілім  оқу  процесінің  мазмұнына,  ҽдістеріне,  тҽсілдері  мен 

құралдарына, оқушылардың іс-ҽрекет етуіне байланысты сипат алады. Яки 

оқытудың  осындай  түзілімі  оқу  материалын  меңгеру  барысындағы  мұғалім 

мен  оқушының  ҿзара  ҽрекеттесуінде  кҿрінеді.  Олай  болса,  оқыту  формасы 

деп  -  белгілі  бір  оқу  материалын  жҽне  іс-ҽрекет  ету  амалдарын  меңгеруде 



437 

 

мұғалім  мен  оқушының  ҿзара  ҽрекет  етуінде  жүзеге  асырылатын  оқыту 



процесі бҿліктерінің түзілімі мен циклдарын айтамыз  

Оқытуды  ұйымдастыру  формалары  дидактика  саласында  түрлі 

ҿлшемдерге байланысты былайша жүйеге келтірілген: 

1. Оқушылардың саны; 

2. Оқу орны; 

3. Оқыту дҽрістерінің ұзақтығы. 

Оқушылардың  санына  байланысты  кҿпшілік,  ұжымдық,  топтық, 

микротоптық,  жеке  оқыту  формалары;  оқыту  орны  бойынша  мектептегі 

(сабақта,  шеберханада,  тҽжірибелік  учаскеде,  лабораторияларда  жҽне  т.б.), 

мектептен  тыс  (экскурсиялар,  мекемелердегі  сабақтар,  үйдегі  ҿздік 

жұмыстар  жҽне  т.б.);  ұзақтығына  байланысты  классикалық  сабақ  (45 

минут), қосарлы сабақ (90 минут); қысқартылған қосарлы сабақ (70 минут) 

жҽне бастауыш сыныптарда қолданылатын «қоңыраусыз» еркін созылатын 

сабақтар болып бҿлінеді [1, 56 –б.]. 

Педагогика  ғылымы  мен  практикасында  уақыт  талаптарына  сҽйкес   

сабақты      ҿткізудің    түрлі      жолдары      қарастырылып,      оны  жетілдіруде 

кҿптеген  ізденістер  жүзеге  асырылды.  Сабақты  ұйымдастыруда 

оқушылардың  танымдық  іс-ҽрекетін  белсендіру,  ақыл-ойын  дамыту, 

шығармашылықты  ҿздік  ізденіске  баулу  жҽне  т.б.  проблемалар  бойынша 

ғылыми ізденістер жүргізіліп жатыр екен.  

Ҽрбір  тарихи  кезеңде  қоғам  дамуының  ерекшеліктері  оқытуды 

ұйымдастыру  ісінде  ҿз  таңбасын  қалдырып  отырады  екен.  Сол  сияқты 

музыка  сабақтарында  белгілі  бір  оқу  міндеттерін  шешуге  байланысты  ҽр 

қилы ұсыныстар мен тҽжірибелер қолданысқа енгізіліп отырады. Мҽселен, 

Д.  Б.  Кабалевскийдің  бағдарламасы  пайда  болғанға  дейін  музыка  сабағы 

иегізгі  үш  бҿліктен:  ҽн  салу,  музыка  тыңдау,  музыка  сауатынан 

құрастырылатын. 

Музыка        сабақтарының        құрылымын        жасауға        үлкен        үлес 

қосқандардың  бірі  - Б. Л.  Яворский.  Ол   ізденіс  барысында  бір-бірінен 

ажырамас  бірлікте  жҽне  толықтырып  отыратын  музыкалық  іс-

ҽрекеттердің:  музыка  тыңдау, хормен ҽн салу, музыка  ырғағымен қозғалу 

сияқты  үш  түрін      қарастырды.  Б.  Яворскийдің  экспериментті    

жұмысының      тиімділігі        сонда,        ол  балалардың  шығармашылық   

бастауларының    кҿзін  ашу,  шығармашыл  іс-ҽрекеттердің      жаңа        түрін    

туындатуға      бағытталған        музыканы  қабылдауды      белсендірудің      сан   

түрлі      формаларын      іздестірді.  Б.Яворский  бала  психикасындағы 

табиғаттан берілген кҿру   жҽне   сенсо-моторлық   түйсік   ерекшеліктерін  

жан-жақты  ескеруді  ұсынды.  Сҿйтіп,  музыка  сабағының        құрылымына 

музыкалық сауат бҿлімін енгізеді. 

Музыка  сабағының  құрылымын  жетілдіруге  Н.Я.  Брюсова  жҽне              

В.Н.  Шацкая  ҿз  үлестерін  қосты.  Олар  хормен  ҽн  салу,  музыка  тындау, 

музыкалык  сауат  ашу  сияқты  музыкалық  іс-ҽрекеттердің  сабақ 

мазмұнында сақталуын қарастырды. 


438 

 

Ҽрине  ҽн-күй  сабақтарын  ұйымдастыру  жҿніндегі  теориялық 



кҿзқарастардың  мҽні  зор  болды.  Осы    кҿзқарастар  музыка  пҽнінің  жаңа 

бағдарламасында  қарастырылған  ҽн-күй  пҽнінің  тұтастығы  мен  оның  үш 

басты  іс-ҽрекеттерге  (музыка  тыңдау,  хормен  ҽн  салу,  музыкалық      сауат   

ашу)      бҿлініп      ұйымдастырылуы      apaсындағы  қарама-қайшылықтарды 

жеңуге жол сілтеді. 

 

Сонымен,  музыка  сабақтары  мектептегі  ҿзге  пҽндермен  ортақ 



белгілерін  сақтай  отырып,  ҿзіндік  ерекшеліктерін  сақтауы  тиіс  болды. 

Осындай 


ерекшелік, 

біріншіден, 

оқу 

материалы; 



екіншіден, 

оқушының  танымдық,  сондай-ақ  жалпы  жҽне  арнайы  қабілеттерінің  

дамуы;  үшіншіден,  оқыту  ҽдістері;  тҿртіншіден,  қолданылатын 

техникалық 

құралдар; 

бесіншіден, 

музыка 

пҽні 


мұғалімінің  

тұлғалық, кҽсіптік мүмкіндіктері арқылы кҿрініс табады.   

«Педагогикалық режиссура» - аяқталған дидактикалық циклдық иемесе 

қолданылатын  форманың  кҿлемінде  белгілі  бір  педагогикалық  процестің 

кҿркемдік  бірлігін  танытатын  үйлесімді    тұтастықты  жасау  ҿнері  ретінде 

түсіндіріледі (Н. А. Батышев) [2, 189-б ]. 

Музыка  сабағы  -  музыкалық  білім  беру  процесін  ұйымдастырудың 

негізгі  формасы  болды.  Оның  мақсаттары  мен  міндеттері,  мазмұны,  ҽдіс-

тҽсілдері  музыка  сабағының  типтері  мен  құрылымын  анықтауға  арқау 

болады. Басқа да оқу пҽндері сияқты музыка сабақтары мұғалімнің жоғары 

музыкалық-педагогикалық даярлығын,  оқушылардың 

педагогикалық-

психологиялық 

ерекшеліктерін 

білуді, 

музыка 


сабақтарын 

ұйымдастырудың  бұған  дейін  белгілі  болған  амал-жолдарын  біліп  қана 

қоймай, оның жаңа үлгілерін іздестіруді, сҿйтіп музыка сабақтарын оқыту 

тҽжірибесін үнемі байытып отыруын талап етеді. 

 Музыка  пҽні  мұғалімінің  сабақтарды  ҿткізуге  даярлығы  басты  екі 

кезеңнен,  яки  оқу  пҽнін  жүргізудегі  жалпы  жҽне  ҽрбір  жеке  сабақты 

ҿткізуге даярлығынан болады. 

Жалпы  даярлық  кезінде  мұғалім  оқушылардың  пҽнге  деген 

қызығушылығын,  қарым-қатынасын,  бейімділіктерін  жҽне  музыкалық 

даму  деңгейлерін  зерттейді.  Келесі  ретте  музыка  пҽнінің  оқу 

бағдарламасының, оқу материалының мазмұнын, пҽннің білімділік, тҽлім-

тҽрбиелік  маңызын  анықтайды.  Соның  негізінде  бағдарламадағы  оқу 

материалдарымен  жұмыстарды  жарты  жылдықтарға  топтастырып, 

күнтізбелік-тақырыптық  жоспар  құрады.      Ондай    жоспарды      құруда  

міндетті    түрде    оқу    процесін  ұйымдастыру  формалары  (экскурсия, 

семинарлар,  практикалық  сабақтар  жҽне  т.б.)  жҽне  білім,  іскерлік,  дағды 

қалыптастыру немесе бақылау, түзету жалпылау сиякты сабақ түрлері алдын 

ала  ескеріледі.  Сондай-ақ  оқу-техникалық  базасының  (оқу  кабинеті, 

кернекіліктер, кҿру-есту құралдары, музыкалық аспаптар жҽне т.б.) жағдайы 

да есепке алынады. 

Музыка  пҽні  мұғалімінің  ҽрбір  жеке  сабаққа  даярлығы  да  едҽуір 

ізденісті, шығармашылықты талап етеді. Бұл жұмыстың алғашқы кезеңінде 

оқу  материалының  мазмұны  ойластырылады.  Ҽрине,  мұғалім  тек 


439 

 

бағдарламада  қарастырылған  оқу  материалымен  шектелмей,  оқулықтарда, 



кҿмекші құралдарда берілген дидактикалық материалдарды мейлінше терең 

меңгеруі тиіс жҽне оқушылардың музыкалық тҽлім-тҽрбиесін жетілдірудің 

тиімді жолдарын таба білуі керек. 

Музыка сабақтарын жүргізу үшін типтік бағдарлама негізінде құрылған 

күнтізбелік-тақырыптық 

жоспарда 

бірізділікпен 

жоспарланған 

тақырыптардың  білімділік,  тҽрбиелік  мақсаттары,  кысқаша  мазмұны, 

сабақтың  түрі,  ҽдістері,  қолданылатын  кҿрнекіліктері,  оқушылардын  ҿз 

бетімен орындайтын жұмыстары,   білім жетістіктерін бақылау жҽне тексеру 

формасы, ҽр тақырыптың ҿтілетін мерзімі болып табылады. 

Музыка  пҽні  мұғалімі  сабақты  жоспарламас  бұрын,  ең  алдымен 

оқушылар белгілі бір тақырыпты зерттеу барысында, яки есте сақтау, білу 

(ережелер,  уақиғалар,  музыкалық  материалдың  мазмұны  жҽне  т.б.),  оқу 

дағдылары  (музыкалық  шығармаларды  орындау,  тыңдау,  музыка  сауаты 

жҽне  т.б.)  жҽне  алған  білімдерін  түрлі  ситуацияларда  қолдану  сияқты 

нҽтижелерге қол жеткізуі керектігін нақтылап белгілеп алғаны жҿн. 

Жеке  сабақтарды  ұйымдастыру  күнтізбелік-тақырыптық  жоспардың 

негізінде  жүзеге  асырылады.  Тақырыпқа  байланысты  сабақтың  білімділік, 

дамытушылық,  тҽрбиелік  мақсаттары  анықталады,  сабақтың  типі  жҽне 

құрылымы ойластырылады. 

Сабақ  жоспары  мұғалімінің  сабақты  ұйымдастыруына,  жүргізуіне 

кҿмектеседі.  Ҽсіресе,  қызметін  жаңа  бастаған  оқытушылар  сабақтың 

мазмұны, оқыту ҽдіс-тҽсілдері нақтылы белгіленген конспекті дайындағаны 

дұрыс.  Ал  бірінші  тҽжірибе  жннақталғаннан  кейін  сабақ  жоспарын  ҿте-

мҿте  мҽнді  қағидалар  ғана  кҿрсетілген  қысқаша  ғана  тезис  түрінде 

дайындауға  болады.  Қандай  сабақ  жоспары  болмасын,  оларда  сабақтың 

ҿтілуі мерзімі, міндеттері, қолданылытын қосымша жабдықтар кҿрсетіледі. 

Бұдан ҽрі сабақтың барысында оның кезеңдері, оқушының оқу мотивтері,  

ҽдіс-тҽсілдері,  мазмұны  мен  формалары,  туындайтын  сұрақтар  мен 

жауаптар,  тапсырмалар,  тексеру  мен  тузетулер,  үй  тапсырмаларының 

мазмұны, оған берілетін нұсқаулар қарастырылады. 

Оқытудың  нҽтижелерін  бақылау  мен  тексеру  оқыту  процесінің 

міндетті  компоненттерінің  бірінен  саналады.  Оның  мҽні  пҽн  бойынша 

оқушылардың  меңгерген  білім  деңгейлерінің  білім  стандартына  сҽйкес 

құрылған бағдарламалық талаптарға сай болуын анықтау болып табылады. 

Дидактика  саласында  оқу  жетістіктерін  бақылау,  баға  берудің  дҽстүрлі 

түрлері:  алдын  ала  бақылау;  ағымдағы  бақылау;  қорытынды  бақылау. 

Кейінгі кезде оқыту процесінде осы жүмысты тиімділікпен жүзеге асыруда 

«педагогикалық диагностика» термині жиі қолданылып жүр. 

1.  Алдын  ала  тексеріс  (бағалау):  мұғалімнің  сабақты  ҿткізуге 

дайындалған  жоспары,  материалдары  қаралады  жҽне  түсіндірудің, 

бекітудің, оқушылардың ҿздік жұмыстарының тҽсілдері, ҽдісі, формалары 

жҿнінде ҽңгімелесу жүргізіледі. 

2.  Ағымдағы  тексеріс:  сабақтардың  жүргізілу  барысы  тікелей 

бақыланады,          оқушылардың  білімі,  дағдыларының  денгейі, 


440 

 

оқушылардың 



шығармашылық 

тапсырмаларды 

орындау 

сапасы 


тексеріледі.  Бұндай  тексерудің  барысында  окушылардың  ұжымдық, 

топпен  бірге  жҽне  жеке  орындайтын  музыкалық  іс-ҽрекеттері  есепке 

алынады. 

3.  Қорытынды  тексеріс:  жарты  жылдықта  немесе  оқу  жылының 

аяғында  оқушыларға  білім  мен  тҽрбие  беру  жұмыстарының  нҽтижелері 

сарапталады.  Оларды  сабақ-концерт  түрінде  ҿткізуге  болады.  Себебі 

музыка  сабағында  музыкалық  іс-ҽрекеттер  негізінен  ұжымдық  түрде 

жүзеге  асырылағындықтан,  тексеруді  де  ұжымдық  формада  ұйымдастыру 

мүмкіндіктері бар [3, 111 - б]. 

Бұдан  басқа  тексерудің  жеке  немесе  фронтальды  сұрақ-жауап 

түріндегі  формасы  пайдаланылады.  Сонымен  қатар  музыкалық  іс-

ҽрекеттердің ҿзіне тҽн ерекшеліктеріне байланысты оқушылардың білімін 

музыкалық  шығарма  орындау  процесіне  бақылау  жүргізу  арқылы 

қорытындылауға болады. Сондай-ақ, ҿнер пҽні ретінде музыка сабағының 

ең  маңызды  қызметі  оқушылардың  белсенділігін  қолдау,  ынталандыру 

екендігін  есте  ұстаған  жҿн.  Осыған  орай  баға  беруде        кҿңіл    

қалдырарлық      тым        қатал        ескертулер      жасамай,  керісінше,  олардың 

музыка  ҿнеріне  деген  жағымды,  эмоционалдық  қарым-қатынасын 

қалыптастыруға бағыттай білу керек. 

  

Резюме 



 

      Организовать  преподавания  музыки    в  школе  является  основной  формой 

организации  учебного  процесса  музыки.  Его  цель,  обязательство,                содержания  и 

методы  помогают  определить  тип  и  структуру  урока  музыки,  формы  организовать 

преподавание музыки в школе является особая структура учебного процесса. 

 

  Summary 



 

The  organize  of  music`s  teaching  at  school  is  the  main  form  of  organize  teaching 

process  of  music.  Its  aim,  obligation,  con  tents  and  methods  help  to  define  the  types  and 

structure of music lesson. The forms of organization of music teaching at school is the special 

structure of teaching process. 

 

 



Пайдаланылған ҽдебиеттер 

 

1.

 



Ҽденбаев  С.  Ш.  Тҽрбие  теориясы  мен  ҽдістемесі.  Алматы:  Дарын,     

2000 ж. 


2.

 

Ахметова А.Қ. Мектептегі музыка сабағын оқыту принцптері. Алматы: 



―Полиграфия-сервис и К‖. 2002 ж. 

3.

 



Дүйсембінова  Р.Қ.  ―Музыкалық  білім  беру  педагогикасы‖  – 

Талдықорған: 2001 ж. 



 

ӘӚЖ: 392.6. 

 

441 

 

Бейнелеу ӛнері сабағында кӛне мҧраларды оқыту арқылы 



оқушыларға тәрбие беру 

 

Мелдеханова А.Ҿ. 

«Сырдария» университетінің оқытушысы  

 

Қазақстан  Республикасының  жалпы  бiлiм  беретiн  мектептерi 

тұжырымдамасында:  «Жалпы  бiлiм  беретiн  мектептiң  мақсаты  –  жас 

ұрпақты  ұлттық  игiлiктер  мен  адамзат мҽдени  мұрасының  сабақтастығын 

сақтай отырып, тҽрбиелеу жҽне ҽрбiр шҽкiрттi тұлға деп санау, оның жан-

жақты дамуына мүмкiншiлiк жасау» – деп кҿрсеткен [1].  

Қазіргі  кезде  Қазақстан  Республикасы  ҿсіп  келе  жатқан  жеткіншек 

ұрпақтың  мҽдени  ҿрісін  кҿтеру,  сұлулықты  қабылдау  қабілетін 

қалыптастыру  арқылы  тҿл  мҽдениеттің  белсенді  жасаушысы,  иесі, 

жалғастырушысы болуына зор мҽн берілуде. Сонымен қатар оқушылардың 

ҿз елінің, халқының, соның ішінде ҿзі мекен ететін аймақтың мҽдениетіне, 

дҽстүрлеріне  деген  сезімдік-эстетикалық  қарым-қатынасын  қалыптастыру 

– бейнелеу ҿнері, технология пҽндерінің негізгі міндеттері болып отыр [2].   

         Еліміздің  ұлан  -  ғайыр    даласы  тарихи  ескерткіштерге  тұнып  тұр. 

Егемендік  алғанға  дейін  де  барды  танытып,  барынша  аян  етуге  талай 

талпыну  болғанын  білеміз.  Еліміз  қазір  бүкіл  ҽлемге  танылды.  Егемен 

еліміздің  саяси  -  ҽлеуметтік  тҽуелсіздігін  баянды  етудің  тегеуірінді  бір 

кепілі мҽдени – рухани жаңғыру. 

Білім берудің басты стратегияларының бірі жақсы білім беру дҽстүрін 

сақтау, мектеп жҽне жоғарғы оқу орын түлектерін халықаралық дҽрежеде 

сапалы  бағалануы  үшін  ҽр  Қазақстан  Республикасының  азаматы  тарих 

тереңінде  жатқан  туған  халқымыздың  ҿткен  ҿмірін,  кешкен  ғымырының 

кемел  болмысын  айшықтай  білу  керек.  Туған  жеріміздің  тарихын, 

еліміздің маңызды тарихи –мҽдени жҽне сҽулет ескерткіштерін білуі тиіс.  

  Қазақ    даласында  тұнып  тұрған  тұмарлы  жҽдігерлен  біз  үшін  ең 

сенімді жҽне кҿзбен кҿріп, қолмен ұстауға болатын «тарих» оқулығы. Ал 

Қазақстан  Республикасының  «Мҽдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы 

сол «оқулықты» тағы бір парақтауға мүмкіндік жасады. 

Дҽстүрлі  мҽдениетті  жаңарту,  ҿз  халқының  тарихи  тҽжірибесіне 

жүгіну – бұл ҿзі тҽуелсіздігіне ие болған елдің ҿмірінен орын алатын заңды 

құбылыс.  

 

Тарихи  дамуда  кез  келген  халық  ҿзінің  мҽдениетіне  сүйенеді, 



ҿзінің кезеңдеріне сын кҿзбен қарайды, ұлттық мұраларға назар аударады. 

Арқа  ҿңірінің  ҿзіндік  белгісінің  бірі-осы  кең  далада  орналасқан  тарихи 

жҽдігерліктермен  кҿзге  түседі.  Сол  ескерткіштердің  бірі  сҽулеткерлік 

ескерткіштер [3]. 

Қазір, Қазақстанда 25 мыңға жуық тарихи ескерткіштер бар. Олардың 

бҽрі  мемлекеттің  қорғауына  алынған.  Мҽселен  Қожа  Ахмет  Иассауи 

кесенесі  2003  жылдың  5  шілдесінде  ЮНЕСКО-нің  Бүкілҽлемдік  мұра 


442 

 

тізіміне  тіркелді.  Осындай  тарихи  ескерткіштерді  бейнелеу  ҿнері 



сабағында оқыту арқылы оқушыларға ұлттық тҽрбие берудің маңызы зор. 

Бейнелеу ҿнері сабағында тарихи-мҽдени ескерткіштерге байланысты 

тапсырма  алған  оқушылар  ҿз  бетінше  ізденіс  жұмыстарын  жүргізеді. 

Мұндай істе оқушы мынадай жұмыстарды атқарады: 

1. Басылымдар мен кітаптардағы деректерді жүйелеп жинастырады. 

2. Ҿздігінен жұмыс істеу қабілеті ұшталады, сенімі күшейеді. 

3. Қызығушылығы оянады, белсенділігі артады. 

4. Жауапкершілігі күшейеді. 

Тарихи-мҽдени  ескерткіштерді  бейнелеу  ҿнері  сабағында  тиімді 

пайдаланған оқушы мынадай мҽселелерді біледі: 

1.

 

Тарихи ескерткіштердің қай кезеңге, қакндай тұлғаға арналып 



тұрғызылғанын біледі. 

2.

 



Тарихи ескерткіштің салыну ҽдісіне кҿңіл бҿледі. 

3.

 



Тарихи тұлғаның еңбегін зерделейді. 

        Осының  барлығы  оқушылардың  тарихи  танымын  қалыптастырып, 

оларға ұлттық тҽрбие беруде маңызды орын алады. 

        Мектеп  мұғалімдерінің  ең  үлкен  міндеттерінің  бірі  –  «Мҽдени  мұра» 

бағдарламасына сҽйкес таным мен рухты ұрпақтар санасына құя білу. Бұл 

жұмыс  ҽрине  жүйелі  түрде  жасалуы  тиіс.  Тарихи  кесенелер  тарихын, 

сҽулет  ҿнерінің  сырларына  жетелеу  арқылы  бала  кҿкірегін  имандылық 

нұрымен  сҽулелендіреміз.  Оқушылар  мұражайда  жҽне  тарихи  орындарда 

алған 

ҽсерлерін 



күнделіке 

түсіріп 


отырады.  Сондай-ақ 

түрлі 


басылымдардан осы ескеркіштер жайында материалдар жинайды.  

         «Мҽдени 

мұра»  бағыты  бойынша  тарихи  ескерткіштердің 

оқушыларға тҽрбие берудегі орны: 

1.

 

Ежелгі  тарихи  ескерткіштерді,  киелі  орындарды  білу  арқылы 



оқушыларда  тарихи  таным  қалыптасады.  Тарнихи  танымға  -  ҿз 

ұлтының  ҽдет-ғұрпын,  салт-дҽстүрін,  ҽн  мен  күйін,  елге  қасиетті 

тұлғаларды, дала аңыздарын білу жатады. 

2.

 



Тарихи  таным  оқушыларды  адамгершілікке,  имандылыққа, 

отансүйгіштікке тҽрбиелейді. 

3.

 

Қазақ  жеріндегі  тарихи  ескерткіштерді  білу  оның  тұрғызылуы 



себебін жҽне тұрғызған адамдарды білу оқушыларға ҿз халқымен ҿз 

Отанымен мақтануға жҽне биік рухта тҽрбиеленуге кҿмектеседі [4]. 

            

Халықтың  рухани  мҽдени  байлықтарын  қалпына  келтіре  отырып 

ұлттық  байлыққа  ұмтылдыруға  ізгілікті  еңбек  етуіміз  керек.  Тарихи 

мұраларды  түгелдеуде  мемлекет  тұтастығының  символына  айналдыру 

бүгінгі  күннің  кҿкейкесті  мҽселесі.  Жаңа  дҽуір  тынысын  сезінуде  ұлттық 

құндылықтарға ерекше мҽн беру басты мақсатымыз. Ата-бабаларымыздың 

тарихқа  қалдырған  мҽдени  мұраларының  тамырына  үңілу,  танылған 

дүниелерімізді  толықтыру,  кҿмілген  қазыналарды  ашып  алу  біздің 

міндетіміз. 

Ұлттық 


құндылықтар 

жер 


астындағы 

қазбалармен 

шектелмейді, ҿнер туындыларымен ҿрбуі тиіс. Мұра дегеніміз – тек тарихи 


443 

 

ескерткіштердің  жиынтығы  емес,  ҿміршең  ҿміріміздің  жемісі.  Рухани 



байлық жер кҿкірегінде емес, ел кҿкірегінде сақталуы тиіс. 

           

Мектеп 

бағдарламасында 



еліміздің 

тарихи 


ескерткіштеріне 

байланысты тақырыптар, сабақтар жоқ. «Ҿсетін ел тарихын таспен жазады, 

ҿшетін ел тарихын жаспен жазады» демекші, ҽр азамат ҿз жерінің тарихын, 

ескерткішін,  ҽр  тасын  жеріндегі  білуі  парыз.  Ал  осының  бҽрін  ол  мектеп 

қабырғасынан  біліп  шығуы  керек.  Бұнын  бҽрі  бүгінімізге  қажет, 

ертеңімізге  керек.  Ҿйткені  қазіргі  жастар,  мектеп  бүлдіршіндері  еліміздің 

болашағы.  Біз  ҿткенді,  барды  білмей  жарқын  болашаққа  қадам  жасай 

алмаймыз [5]. 

     

 

 



 

  Резюме 

 

           В  статье  рассматриваются  вопросы  воспитания  к  гуманности,  патріотизму 



посредством  национальных  цінностей,  а  также  затронуты  вопросы  использования 

передовой практики обучения на уроках изобразительного искусства наряду с другими 

школьными предметами.                                                  

                                                          Summary 

 

It  was  discussed  the  problems  of  bringing  up  pupils  to  humanity,  patriotism  by 



national riches  and to use the teaching of high experience in hating lessons in  the articles  at 

secondary schools. 

 

Пайдаланылған ҽдебиеттер 



 

1.

 



Қазақстан  Республикасының  2005-2010  жылғы  бiлiмдi  дамытудың 

мемлекеттiк бағдарламасы, Казахстанская правда 16 октября 2004 г. 2т. 

1б. 

2.

 



Мухажанов Б. Тарихи ескерткіштерді бейнелеу ҿнері сабағында 

оқыту арқылы жастарға тҽрбие беру. Астана, 2010.  

3.

 

Жүнісбек С. Тарихи ескерткіштердің патриоттық тҽрбие берудегі 



маңызы. Астана, 2010. 

     4.  Қожанова А. Сурет сабағында тариихи ескерткіштерді сабақтан тыс 

уақытта ұйымдастыру.//    Бейнелеу ҿнері жҽне сызу//. Алматы, 2005. 

     5.  Қ.К. Болатбаев. Мҽдени мұраның мамандық даярлаудағы маңызы. 

Астана, 2010. 

 

 ӘӚЖ 373.015.3 

 

Қаржы-экономикалық мамандарды даярлау информатика пәнін 

оқытуды дамыту 

 

Молдабекова М.Қ. 

Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында, қосымша білім беру 

ұстазы, Шымкент қ. 

                                                                  


444 

 

Экономикалық  қызметтер  –  бұл  тек  қаржы  қорлар  қозғалысы  жҽне 



ҿнімдер  ғана  емес,  бірінші  кезекте  нақты  мҽліметтер  ағымдары,  оларсыз 

қоғамдық маштабта ҿндіруды мүмкін емес. Яғни, қазіргі ҿркениет дамуда 

ақпаратты  экономикадағы  дҽстүрлі  ҿндіріс  факторлармен,  оның  ішіндегі 

еңбек, жер, капитал жҽне қолдану қабілеті - бір қатарға қойылады [1].  

Информатиканы  оқытуда  ―Экономиканы  ақпараттандыру‖  түсінігін, 

оған  былайша  анықтама  беруге  болады.  Мұндай  мҽліметтер  қорының 

дамуы  қажет  етеді.  Қоғамдық  ҿндірістің  дҽл,  парапар  деңгейін  жҽне 

мҽдениетті  адамдардың  мҽліметтер  деңгейін,  ақпараттық  қоғамды 

құрайтын мінез-құлық, қылық иесін кҿрсетеді.  

Экономиканың  ақпараттандыру  секторы  деген  жаңа  ұғым  тектен-тек 

анықталмаған, 

қоғамдағы 

ақпараттық 

процесстердің 

жиынтығын 

анықтайды.  Ғылым,  білім,  банк,  ҿнер  мемлекеттік  аппарат,  реклама,  сот 

орындары,  кейбір  ҿндірістік  саланы  жҽне  қызметтерді  ақпараттық  сектор 

қамтиды.


  

Информатика  курсы  болашақ  экономистерге  экономикалық  қордың 

бірнеше ҿзгешіліктерден тұратынын жеткізілуі тиіс.  

Бірінші  ҿзгешілігі  ресурстардың  ҿндірістік  айнымалыға  позитивтік 

ҽсері. Ақпараттық қор ҿндірістің сапасымен экономикалық ҿсуіне дҽстүрлі 

жағдай жасайды.  

Екінші  ҿзгешілігі  ақпараттандырудың  жұмыс  күшіне  жағымды  ҽсер 

етеді,  адамның  ақыл  ойына,  экономикалық,  ҽлеуметтік  жағдайын 

анықтайды.  Жеке  тұлғаның  біліммен  мҽдениет,  жеке  жҽне  ұжымның 

бастамалар ұсынысы, еңбек сапасын күшейтеді.  

Үшінші  ҿзгешілігі  ақпараттық  қордың  капитал  айнымалы  мен  қайта 

ҿндіру процесін жылдамдату [2]. 

Заманауи  бизнес  кеңістік  пен  уақыт  шеңберіне  бағынбай 

телекомерциялық тізбек формасын құрайды.  

Экономика  саласына  ақпараттық  комплекстік  қызметтің  енуі, 

экономикадағы алмасулары экономикалық бизнесте жаңа тізбек тудырды, 

бұл  жаңалық  интернет-экономика  деп  аталады.  Бұл  бизнес  бойынша 

ақпараттың  ҿңделуі  қызметтері,  автоматтандыру  процессі  арзандауы 

мүмкін. 

Ҿкінішке  орай,  алдын-ала  шығындарын  ҿндіріс  жҽне  мҽлімет  ҿңдеу 

жҽне 

шығарылған 



нҽтижелер 

қатынасын 

анықтау 

киын. 


Республикамыздың  жоғары  оқу  орындарында  студенттерді  дайындау 

ҿзгешілігі,  сол  барлық  пҽннен  оқыту  мазмұны  түрлендіріледі.  Мұндай 

түрлендіру жалпы білім беру дайындығындағы дҽстүрлі пҽндер мазмұнды 

орын алады.  

   Бұл  жағдайда  информатика  қазіргі  кезде  кез  келген  жоғарғы  оқу 

орындағы  оқытылып  жатқан  маңызды  орында.  Бір  жағынан  классикалық 

информатика  іргелі  пҽн  болып  есептеледі,  студенттердің  дүниетанымын 

қалыптастыруда, жалпы білім беру пҽндері қатарына кіреді. Бұл жағдайда 

оқытуды  түрлендіреді  негізгі  мҽліметтер  технологиялармен  барлық 

мамандықтар 

қызметіне 

қолданылуға 

болатын. 

Бір 


жағынан 

445 

 

―информатика‖  сҿзі  барлық  жоғарғы  оқу  орнында  кҿптеген  пҽндерді 



біріктіреді,  студенттер  оқитын,  арнайы  курстар  мен  мамандықтар 

дайындайтын пҽндер. 

   Пҽнді  оқыту  мазмұнында  информатикадан  барлық  ҿзгешелігін 

мҽліметтердің  есепке  алу  керек.  Оқыту  мазмұнының  элементтерінде 

мынадай  тұжырым  бар,  ақпараттар  процестері  адам  ҿмірінде  ақпараттық 

қоғам құруға себепші болады барлық елдерде [3,4]. 

   Қазіргі 

ақпараттық  қоғам  ерекшелігі  сол,  оның  ерекше 

құрылысының  қалыптасуына  ҽсер  етпей  қоймайды,  қоғам  құрылысынан 

ҿзгеше    ақпарат  ізі  де  жоқ.  Қазіргі  кезде  жаңа  термин  қабылданады 

―қоғамның ақпараттық инфраструктура‖ ғылымда бұл былай түсіндіріледі, 

ұйымдастырулық құрылыс жиынтығы, елдің ақпарат ҽлемін жҽне қызметін 

қамтамасыз етеді, сонымен қатар ақпараттық ҿзара ҽрекетті, азаматтардың 

ақпараттық  ресурстар  ұйымдарына  енуін  қамтамасыз  етеді.  Студенттер 

түсінуі  керек,  ақпараттық  инструктруктурасы  қоғамның  соңғы  уақытта 

Қазақстанда  да  қалыптасқанын  қоғамда  адамдар  жасаған  ақпараттық 

техникалық  құралдар  жиынтығы  мен  ақпараттық  технологиялар,  оларды 

пайдалануды қамтамасыз ету де студенттерге үйретілуі керек.  

   Информатиканы 

оқыту  мазмұнында  жҽне  құру  модельдер 

экономикада кіру керек негізгі қаржы ақпараттандыру, экономикаға ықпал 

етеді.  


-

 

техникалық  қаржы,  электрондық  қойылымда  мүмкіндік  беруді 



қамтамасыз ету; ақпаратты ҿңдеу жҽне сақтау;  

-

 



полиграфикалық,  кҿшірілген,  кҿпшілік  жҽне  басқа  информацияны 

құжаттандыру жҽне кҿбеюін қамтамасыз етуге арналған;  

-

 

ақпараттық  –  телекомуникациялық  жүйелер,  информацияны 



байланыс арналары арқылы қамтамасыз ету.  

-

 



сымдық  желі,  спутниктік,  жҽне  басқа  байланыс  арналар  түрлері 

арқылы ақпаратты жіберуді қамтамасыз ету;  

-

 

теледидар, радиолық, сонымен қатар телефондық, телеграфтық жҽне 



радио байланыстар; 

-

 



оптикалық  жҽне  жобаланған  кино  жҽне  фотоаппаратура,  қаржы 

кҿшірмелерге жҽне дыбыс шығаруға қажет.  

 Ақпараттық индустрия жҽне бұрынғы аталған ақпараттық рынок бір-

біріне  байланысты,  олар  қазіргі  қоғамның  қалыптасуы  мен  адамдар 

арасындағы қарым-қатынас жүйесінде маңызды орын алады.  

   Ақпараттық 

сауда  немесе  ақпараттық  жҽне  коммуникациялық 

технологиялар  саудасы  ақшалай  заттай  экономикалық  қарым-қатынас 

қызметінен  тұрады,  олар  компьютерлік  техниканы,  коммуникациялық 

құралдарды,  ақпараттық  бағдарламамен  қамтамасыз  етеді  жҽне  оларды 

сатып алушыларға ұсынады. 

   Ҽрине,  ақпараттық  сауда  сатып  алушылардың  тҿлеу  қабілеті  мен 

қажеттілігінің даму деңгейіне байланысты.  


446 

 

    Оқыту  мазмұнына,  экономикалық  факторлардан  басқа  ақпараттық 



саудаға  демографиялық  территориялық  жҽне  ҽлеуметтік  себептер  ҽсер 

етеді.  


    Ақпараттық  сауданың  ерекшелігі  –  сояын  алушыларға  ұсынылған 

ақпараттық  ҿнімнің  сипатына  байланысты  болады  жҽне  қажеттілігін 

қанағаттандыратын жағдайда ғана мүмкін болады.  

   Экономикалық  саладағы  оқитын  жоғары  оқу  орны  студенттеріне 

информатикаға  байланысты  оқылатын  пҽн  үлкен  роль  атқарады, 

ақпараттық ресурстар ақпараттық саудада зат есебінде ұсынылады. 

        Бүгінгі  күні  республикада  ақпараттық  қоғамдағы  инфраструктура 

туралы  ой  бір  жерден  шықпай  тұр,  ақпараттық  ҿнімдердің  мазмұнына 

қарай осы проблемаларды былай түсіндіруге болады.  

        Болашақ  экономистерге  информатиканы  оқыту  да,  ҽлемдегі  жҽне 

Қазақстандағы  негізгі  болашақта  дамуы  туралы  экономиканың 

мҽліметтерін оқыту керек.  

 

Резюме 


 

В этой статье рассмотрены вопросы развития содержания обучения информатике 

с  использованием  элементов  моделирования  реальных  экономических  ситуаций,  при 

подготовке  специалистов  экономического  профиля  в  Вузах.  Рассмотрены  такие  

понятия как информатизация экономики, информационный сектор экономики. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет