Қорытынды
3.Choose the correct answer
1.Have you got two eyes? 5.Have you got a head?
Yes, I have
Yes, I have
No, I haven‘t
No, I haven‘t
2.Have you got four legs? 6.Have you got ten fingers?
Yes, I have
Yes, I have
No, I haven‘t
No, I haven‘t
3.Have you got two mouths? 7.Have you got ten feet?
Yes, I have
Yes, I have
No, I haven‘t
No, I haven‘t
4.Have you got two hands? 8.Have you got ten toes?
Yes, I have
Yes, I have
No, I haven‘t
No, I haven‘t
Ҥйге тапсырма
1.Ҿз отбасыларыңыз жайлы қысқаша 10 сҿйлемнен тұратын ҽңгіме жазып
келіңіз.
2. «To have» етістігін қолданып 3 болымды, 3сұраулы сҿйлем жасаңыз.
Резюме
В этой статье рассматривается эффективность и отличие технологии уровневого
обучения иностранному языку.
Summary
467
This work considered the superiorities and differences using editing-level technologies
in teaching English.
Пайдаланылған ҽдебиеттер
1. Ҽбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технлогия // Қазақстан
мектебі. – 2001. - №2. – б.8-13.
2. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии. - М., 1995.
3. Бітібаева Қ. Қазақ ҽдебиетін оқыту ҽдістемесі. - Алматы, 1999.
4. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы. Алматы, 2002№
5. Кларин М.В. Педагогическая технология в учебном процессе. – М.:
Знание, 1989. – 80 с.
6. Коменский Я.А. Великая дидактика. Избр. Пед. соч. в 2-х томах. -
М.:Педагогика, 1982.
7. Монахов В.М. Проектирование и внедрение новых технологий обучения
// Советская педагогика. – 1990. – № 7. – С. 17-23.
8. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік коммуникация негіздері. - Алматы.: РБК, 1995.-
252 6.
ӘОЖ: 37.022
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін
қалыптастырудың педагогикалық аспектілері
Нышанбаева Ғ.С., магистрант,
Курбаналиев Б.У., п.ғ.к., доцент,
«Сырдария» университеті
Қазақстанның ҽлемдік білім беру кеңістігіне енуі білім беру жүйесін
реформалауды, яғни білім сапасын қазіргі талаптарға сай қамтамасыз ету
мақсатында жетілдіруді қажет етеді. Қазіргі таңда Қазақстан
Республикасындағы білім беру жүйесінің мақсаты жүйеленіп, дайын
күйінде берілген білім, қабілет пен дағдыларды қайталаумен шектеліп қана
қоймай, шығармашылықпен еңбектене білетін, тың жаңалықтар ашуға
қабілетті, ҿзіндік ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлғаны
қалыптастыру міндеті тұр. Сондықтан Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» Заңында (2007 ж.) білім беру жүйесінің міндеті – «жеке адамның
шығармашылық, рухани жҽне күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, ...
даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-ҿрісін байыту» ретінде
белгіленген [1]. Бұл, ҿз кезегінде, мектеп оқушыларының шығармашылық
қабілеттерін қалыптастыру мен дамытудың анағұрлым тиімді жолдары мен
ҽдістерін іздестірудің маңызды мҽселе екендігін дҽлелдейді. Осыған
байланысты бейнелеу ҿнерінің мол мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы
ҿте зор.
468
Жалпы орта білім беру жүйесіндегі бастауыш мектеп оқушысының
тұлғасы мен санасының дамуы қарқынды жүретін, ерекше құнды да
қайталанбас кезең. Сондықтан бала бойындағы қабілетті осы бастапқы
кезеңде ашу – оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мҽн беру
болып табылады. Мұны біртұтас педагогикалық процестегі оқытуды
ұйымдастыруға тұжырымдамалық жаңа тұрғыдан келу негізінде шешуге
болады.
Қазіргі таңда оқушылардың шығармашылық білімін қамтамасыз ету,
оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың жан-
жақты танымдық ҽрекетіне тҽн дағдыларды қалыптастыру міндеті
мектептерге қойылатын талаптардың бірі болып отыр. Ҽлемдік ғылымда
табиғатқа, қоғамға жҽне адам ойының дамуына ғылыми кҿзқарас бірнеше
ғылымдардың ҿзара байланысы шеңберінде білімдер жиынтығы негізінде
қалыптасады. Ал, шынайы ғылыми жүйеден туындаған білім барлық
ҿмірлік, қоғамдық құбылыстарды дұрыс танып білуге мүмкіндік беретін
ҽртүрлі пҽндердің қосындысынан құралады. Сондықтан оқу жоспарындағы
барлық пҽндер осы білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған жағдайда
ғана оқыту үдерісі тиімді деңгейге кҿтеріле алады.
Проблеманың
философиялық,
психологиялық,
педагогикалық
аспектісін анықтау арқылы жалпы оқушылардың шығармашылық қабілетін
қалыптастыру мҽселесін зерттеу қазіргі дидактиканың маңызды бағыты
болып саналады. Қазіргі таңда білім беру мекемелерінде білім, қабілет,
дағдыларды меңгертіп қана қоймай, сонымен қатар шығармашылық ойлау
қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл
оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың маңызды
мҽселе екендігін дҽлелдейді.
Арнайы
ҽдебиеттерде
«шығармашылық»
ұғымына
ҽртүрлі
анықтамалар
берілген.
Мысалы,
С.И.
Ожеговтың
сҿздігінде
«Шығармашылық - жаңа материалдық жҽне мҽдени құндылықтардың
ҿмірге келуі» деген анықтама беріледі. Ал, энциклопедиялық сҿздікте
«Шығармашылық – адамның іс-ҽрекетіндегі ҿз бетінше жұмыс жасау мен
белсенділіктің ең жоғары формасы. Бұл қандай да бір нҽрсені ҿзгерту,
жетілдіру, жаңасын ойлап табу, түпнұсқасын шығаруға деген қажеттілік»
делінген. С.Л.Рубинштейн «...шығармашылық деп нҽтижесінде жаңа
түпнұсқалық жҽне ҽлеуметтік құнды ҿнім дайындалатын іс-ҽрекет
аталады», - дейді. Б.Д. Эльконин шығармашылыққа мынадай анықтама
береді: «Шығармашылық – бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан
жасалған нҽрсе, бұрынғы нҽрселердің механикалық қайталануы емес, ол
ҿзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, ҿзін-ҿзі
куҽлендіретін, дҽлелдейтін болса, онда бұл нҽрсені туғызған
шығармашылық акт туралы сҿз қозғауға болады» [2].
Жалпы, оқушылардың «шығармашылық іс- ҽрекеті», «шығармашылық
қабілеті» ғылыми –педагогикалық, психологиялық мҽселе ретінде едҽуір
зерттелген.
Оқушылардың
бойында
«шығармашылық
іс-ҽрекет
тҽжірибесін» қалыптастыру туралы И.Я. Лернердің еңбектерінде
469
қарастырылған. Ал, В.В.Давыдовтың пікірінше: «... жеке тұлға негізінде
шығармашылық бастау жатыр, жеке тұлғаның маңызы оның
жасамапаздыққа мұқтаждығына жҽне қабілеттілігіне байланысты» [3].
В.А. Кан-Каликтің пікірінше, шығармашылық ҿзін-ҿзі дамыту үрдісі
тұлғаның барлық аймағын қамтиды жҽне интеллектуалдық, эмоциялық
қажеттіліктерді қанағаттандырады, ең бастысы, бұл – ҿзін-ҿзі дамыту
үрдісі қашан да жаңа деңгейге кҿтеріледі, яғни шығармашылық тұрғыдан
ҿзін-ҿзі тану, ҿзін-ҿзі анықтау, ҿзін-ҿзі басқару, ҿзін-ҿзі жетілідіру, ҿзін-ҿзі
жүзеге асыру жҽне т.б. барлық ҿзіндік үрдістерді жеделдетеді.
Қ. Ералин бейнелеу ҿнері шығармашылығын «графика, кескіндеме
мүсін туындыларын немесе сҽндік бұйымдарын жобалау мен жасауға
бағытталған іс-ҽрекеттер жүйесі» деп анықтаған. Ол шығармашылық
қызметтінің
негізі
бейнелеу
сауаттылығын
меңгеру
болып
табылатындығын кҿрсеткен. Шығармашылық қабілетті дамытуды
жоспарлы жүргізуге кҿңіл бҿлген.
Сонымен, ғалымдардың шығармашылыққа берген түсініктемелерін
талдау негізінде біз шығармашылықтың мҽніне мынадай анықтама
береміз: шығармашылық – бұл жеке тұлғаның қойылған міндеттерді
шешуде немесе бір нҽрсені жетілдіруде белсенділік пен дербестік таныта
отырып, ҿмірде болмаған тың жаңалықтарды туындататын мақсатты іс-
ҽрекеті.
Бастауыш мектепте оқытудың басты ерекшелігі - оқушының жеке
тұлғасын қалыптастыру, оларды қоршаған ортаның ҽсемдігін ҿнер түрлері
арқылы түсіне білуге тҽрбиелеу.
Жалпы білім беретін мектептің оқу-тҽрбие үдерісінің шығармашылық
негізде ұйымдастырылуы, оның бір арнаға тоғысуы, адамның
интеллектуалдық ҿрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар
кҿзінің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы
ғылыми кҿзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді.
Оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру, жеке пҽндер арасындағы ортақ
ұғымдарды,
заңдылықтарды
бір-бірімен
ҿзара
байланыстылықта
қарастыру, оқушылардың танымдық, ізденушілік, шығармашылық
қабілеттерін, іс-ҽрекеттерін дамыту, алған білімдерін жинақтау, тҽжірибеде
қолдана білуге үйрету жҽне т.б. мҽселелер дидактикалық тұрғыдан шешуді
қажет етеді.
Осы орайда жалпы білім мектептің жҽне бастауыш мектептің оқу-
тҽрбие үдеріс негізінде ұйымдастырылуы, оның бір арнаға тоғысуы,
адамның интеллектуалдық ҿрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық
құндылықтар кҿзінің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе
екендігі туралы ғылыми кҿзқарстың қалыптасуына мүмкіндік береді.
Оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру, жеке пҽндер арасындағы ортақ
ұғымдарды, заңдылықтарды бір-бірімен ҿзара байланыста қарастыру,
оқушылардың
танымдық,
ізденушілік,
шығармашылық
қабілетін
қалыптастыру, алған білімдерін жинақтау, тҽжірибеде қолдана білуге
үйрету мҽселелері дидактикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді.
470
Білім беру қазіргі ғылымның, мҽдениеттің, ғылыми- техникалық
прогрестің даму деңгейіне сай болуы керек. Жалпы білім мазмұны
ғылымдардың ҿзара байланысына, ҿндіріс пен қоғамдық дамудың жаңару
үдерісіне тікелей ықпал жасайды.
Халқымыздың ардақты ұлдары-ҿз елін прогресс жолымен алға қарай
бастаған Шоқан Уҽлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин сол
дҽуірде қазақ даласына мҽдениеттің, білімнің қажеттігін дҽріптеген[4].
Қазіргі кезеңдегі ҿскелең ұрпақтың білімі мен тҽрбиесі мҽселесінің
философиялық
аспектілері
Ғ.Ғ.Ақмамбетов
[5],
Ж.М.Ҽбділдин,
М.Баймаханов, психологиялық –педагогикалық тұрғыдан С. Қалиев [6],
Б.Р.Айтмамбетова , Қ.Б.Жарықбаев, Қ.Қ.Жанпейісова, Р.М.Қоянбаев,
Л.К.Керимов [7], жҽне т.б. еңбектерінде қарастырылды.
Ҽлемдік ғылымда табиғатқа, қоғамға жҽне адам ойының дамуына
ғылыми кҿзқарас бірнеше ондаған ғылымдардың ҿзара байланысы
шеңберінде білімдер жиынтығы негізінде қалыптасады, ал шынайы
ғылыми жүйеден туындаған білім барлық ҿмірлік, қоғамдық
құбылыстарды дұрыс танып білуге мүмкіндік беретін ҽртүрлі пҽндердің
қосындысынан құралады. Сондықтан оқу жоспарындағы барлық пҽндер
осы білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған жағдайда ғана оқыту
үдерісі тиімді деңгейге кҿтеріле алады.
Бастауыш мектепте оқытудың басты міндеттерінің бірі - оларды
қоршаған ортаның ҽсемдігін ҿнер түрлері арқылы түсіне білуге тҽрбиелеу.
Аталмыш бағытта бейнелеу ҿнері пҽнін басқа пҽндермен тығыз
байланыста ҿткізу үшін бастауыш сынып мұғалімінің пҽнаралық
байланысты жүзеге асыру мүмкіндігі мол.
Педагогика ғылымында қалыптасқан идеялардың даму тарихында
Батыс Еуропадағы педагогикалық идеялар мен тұжырымдардың
бастауында жеке тұлғаны қалыптастыру мҽселесі педагогика ғылымының
күрделі мҽселелеріне жатқызылады. Олар келешек ұрпаққа білім беруде
табиғат құбылыстарының ҿзара байланысы жҿніндегі кҿзқарастарын,
дүниетанымын дұрыс қалыптастыру керек екендігіне баса назар аударған.
Қазіргі таңдағы білім беру ғылымның, мҽдениеттің, ғылыми -
техникалық прогрестің даму деңгейіне сай болуы қажет. Бастауыш мектеп
оқушыларына шығармашылық білім мен тҽрбие берудің негізгі
міндеттері:
-
оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру
жұмыстарын ұйымдастыру;
- бастауыш мектеп мұғалімінің жүргізетін педагогикалық іс-ҽрекетін
ғылыми негізде ұтымды ұйымдастыру;
- бейнелеу ҿнері сабағында ортақ жетекші ұғымдар мен қағидалар,
шығармашылық ҽрекеттер, оқушыларда дұрыс, кең, ҽрі қажетті
дүниетанымдық білімдер мен кҿзқарастарды дамыту.
Осы заманғы ҽлемде ұлттық бірлік ортақ мемлекетті бірлесіп құру,
толеранттылық, азаматтық жҽне осы елдің мемлекеттік тілін міндетті түрде
білу сияқты шарттармен анықталады. Қазіргі уақытта білімді тҽжірибеде
471
пайдалана білетін, кҿпшілікпен араласа алатын, ішкі мҽдениеті, ойлау жҽне
сезіну қабілеті бар адамды дайындау керек.
Резюме
На научной основе эффективная организация педагогической деятельности
учителя при развитии познавательных взглядов,формируя творческуюактивность
учащихся на уроке изобразительного искусства в начальной школе.
Summary
Scientific basisforeffective organization jf a teacher s work in the development of the
cognitive views,forming the creative activity of students in the classroom of fine arts in
elementary school.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Ералин Қ.Е., Халмұратов Ж. Қазақстан бейнелеу ӛнерінің шеберлері. -
Алматы, 1997.
2. Кемешев Д.Ә. Бейнелеу ӛнері сабақтарында оқушыларды
шығармашылыққа баулу. -Шымкент: Нұрлы бейне, 2007 ж . – 47 б.
3. Ақшолақов Т. Кӛркем шығарманың эстетикалық табиғатын тану. -
Алматы: Мектеп, 1975.
4. Байжігітов Б.К. Ӛнер тарихы мен теориясы: Оқу құралы –Алматы:
АлМУ, 1999.
5. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының тоериялық негіздері мен тарихы:
оқу құралы. - Алматы: Рауан, 1998.
6. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері.-
А.,1991.
7. Аманжолов С.А.Бейнелеу ӛнерін бастауышта оқыту: оқулық. -
Астана,2000. -155 б.
ӘӚЖ : 37.022
«Оқу және жазу арқылы сын тҧрғысынан ойлау технологиясы»
RWCT стратегиялары
Ҿтегенова О.К., Шаманбетова Н.
«Сырдария» университеті
Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, ҽдістемелік негізін
ҿзгерту заман талабына сҽйкес туындап отырған қажеттілік. Ҿйткені,
мектептің ҽр күні кҿптеген ғылыми жаңалықтарға, терең ҽлеуметтік
ҿзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса,
қазір оқушының белсенділік кҿрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес,
оқушының іс-ҽрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес,
472
қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі
мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пҽнге деген
қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар
баршылық. Солардың бірі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы». Бұл
технология Кеңес ҿкіметі кезінде 1973жылдан, Қазақстанда 1997 жылдан
бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни,
RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады.Технологияның негізін
қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит.
«Оқу жҽне жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы» RWCT Сын
тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – ҽлемнің түпкір - түпкірінен
жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Кезінде жоба ретінде
ұсынылып, кҿпшіліктің қолдауын тапқан бұл технологияда Ж.Пиаже,
Л.С.Выготский, Эльконин-Давыдовтардың, басқа да ғалымдардың
еңбектерінің ең құнды жерлері кҿрініс тауып, идеялар тоғысып,
біріктірілген іспетті.
Сыни ойлау деген не?
Сыни ойлау- ҿзіндік ойлау. Сыни ойлау – сұрақ қоюдан жҽне
шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы ҿзі
сұрақ қойып, шешімін ҿзі айқындайды. Сыни ойлау- ҽлеуметтік ойлау,
бірлесе оқыту идеясы. Мақсаты: Барлық жастағы оқушыларға кез – келген
мазмұнға сын тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға,
саналы шешім қабылдауға сабақтарға үйрету. Бұл бағдарлама жаңа буын
оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін
кҿтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез
арада дұрыс шешім қабылдауға кҿмектесетін бірден – бір тиімді
технология. СТО технологиясын пайдаланатын ҽр ұстаз ҿз педагогикалық
қызметінде, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым – қатынасқа деген де
кҿзқарасының мүлдем ҿзгергенін байқайды.
Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы 3 кезеңнен (ERR)
тұрады:
I.Қызығушылығын ояту( «кҿпір жасау», ой қозғау) – Эвокация –
қызу оқу жұмысымен шұғылдануға қызығушылықтың оянуы. Бұл кезеңде
мұғалім бұрынғы білетін білімдерін жаңа материалмен ұштастыруға
жағдай жасайды. Сабақтың мазмұнына сай алынған стратегиялар арқылы
оқушылардың ойы шыңдалып, аршылады. Сабаққа белсенділігі, ынта –
жігері артады. Бұл кезеңде мұғалім жаңа ақпаратты таныстырады.Тақырып
бойынша жұмыс жасауға итермелейді.Таңдап алынған стратегияларға
байланысты ҿз бетімен білім алуға кҿмектеседі.
II. Мағынаны таныту ( мағынаны ажырату) - Реализация– оқып
жатқан тақырыптардың қажетін түсіну.
. Мағынаны тану кезеңі негізгі кезең сондықтан оқылып жатқан
материалдың қажеттілігін түсіндіреді.
III. Ой-толғаныс ( рефлексия, жаңа білім құрастырылады)- Рефлексия
– тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту. Бұл
бағдарламаның қорытынды үшінші кезеңінде үйренгенін саралап,
473
салмақтап ой елегінен ҿткізеді, білімді бекітеді. Оқушылар осы кезеңде ҿз
шығармашылықтарын кҿрсете алады. Ҿзіне жҽне сыныптастарына сын
кҿзбен қарайды. Ҿздерін бағалайды. Оқып, білгендерін таразылайды.
Құрылым былай болуы да мүмкін: ER ( ERR) R. Бұдан шығатын
тұжырым: сабақ кезеңі тізбектей ғана емес, айналмалы циклді құрылым.
Білім
берудің
маңызды
шарты
оқу
үрдісінде
оқушылардың
қызығушылығын арттырып, ҿздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту
болып табылады. Ендеше, дҽстүрлі сабақта оқушы мұғалімнің кҿмегімен
білім алса;
оқушы мұғалім білім
сыни тұрғыдан ойлау сабағында оқушы білімге ҿзі жетеді, мұғалім
тек бағыт беруші.
мұғалім оқушы білім
СТО мен дҽстүрлі сабақтарды салыстырсақ:
СТО сабақтарда
Дәстүрлі сабақтарда
Оқушылар
жекелей,
жұппен, топпен жұмысты жақсы
ұйымдастырады.
Оқушы бірден жұмысқа
кірісіп кетпейді.
Ҿз беттерімен жұмыс істеу
қабілеттері, белсенділіктері басым.
Белсенділік
орташа,
мұғалімнің кҿмегін керек етеді.
Шығармашылық қабілеттері
артады, топтағы ҽр оқушының
жауапкершілігі басым.
Шығармашылығы
бірқалыпты,
ынта-ықыластарын
білдіре қоймайды.
СТО - дамыту сабақтарының мақсаты біреу нақты сабаққа
байланысты. Міндеттері үш түрлі болады. Олар: мазмұнға байланысты,
СТО -ды дамытуға байланысты, топпен жұмысқа байланысты. Сабақ
құрылымы үш кезеңнен тұрғанымен, ондағы қолданылатын стратегиялар
ауыса береді. Ал, кейбір стратегиялар кезеңге нақты арналған. Сол
себептен, орынымен пайдаланған ұтымдырақ болады. Сабақ кезеңдері
байланысты қолданылатын стратегияларға тоқталып ҿтейік:
№
Cабақ
кезеңдері
Қолданылатын стратегиялар
1
Қызығушылығын
ояту
Болжау кестесі, Тірек сҿздер, Венн
диаграммасы, Т кестесі, Бір айналым күнделік,
Блум таксаномиясы, Миға шабуыл, Топтастыру
2
Мағынаны тану
кезеңі
Т кестесі, Пікір - талас, Аквариум,
İNSERT, RAFT, ДЖИК СО, Куббизм,
Геометриялық фигуралар, Бір айналым сұхбат,
Түртіп алу, Жұпта талқылау, Бағытталған оқу,
Талдау картасы, Топтастыру
3
Ой толғаныс кезеңі
Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық
сызығы, Т кестесі, Sinkuein немесе бес жолды
ҿлең, RAFT, Түйін сҿз, Семантикалық карта,
474
Концептуалды таблица, Бір айналым сұхбат,
Осындай жұмыстар арқылы ең ҽуелі оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, сҿздік қоры молаяды,
еркін сҿйлеу, ҿз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен
жұмыс істеуге, бір-біріне жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыланады. Бұл
кестедегі кҿрсеткіштер арқылы СТО технологиясының мүмкіндіктері
негізінде оқушының субъект ретінде қаншалықты ҿскенін аңғаруға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |