Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-тарау. «Орыс тілі» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет12/83
Дата28.08.2023
өлшемі2,58 Mb.
#105621
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   83
2-тарау. «Орыс тілі» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
1-параграф. «Орыс тілі» оқу пәнінің мазмұны
7. «Орыс тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 3-сыныпта – аптасына 2 сағат, барлығы – 72 сағатты;
2) 4-сыныпта – аптасына 2 сағат, барлығы – 72 сағатты құрайды.
8. «Орыс тілі» оқу пәнінің 3-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) тыңдалым: сөздердің лексикалық мағынасын түсіну, нақтылау 
сұрақтарын құрау, оқылған әңгімелердің мазмұнын түсіну, мәтіндегі себеп-
салдарлық байланысты анықтау;
2) айтылым: сөйлем құрау, сұрақтарға жауап беру, оқиғаларды немесе 
әңгімелерді жазу, 3-5 сөйлеммен пікір білдіру, 3-4 репликадан тұратын диалог 
құру, өмірлік жағдаяттарға байланысты шағын әңгімелер құрастыру, сюжетті 
суреттерді сипаттау;
3) оқылым: шағын мәтіндерді түсініп оқу, мәтіннің мазмұны бойынша 
сұрақтарға жауап беру, шағын өлеңдерді жаттау, мәтін түрлері, нақтылау 
сұрақтарын қою, сөздіктер мен анықтамалықтардан ақпарат іздеу;
4) жазылым: сөздерді және байланысқан сөйлемдерді жазу, постер жасау, 
сөздерді көмекші сөздерден бөлек жазу, қысқаша жазбаларды жазу, жай 
сөйлемдердің соңындағы тыныс белгілер, каллиграфиялық нормаларды сақтау;
5) ауызша және жазбаша сөйлеуде қолданылатын грамматикалық материал: 
жалқы есімдер, көмекші сөз-септік құрылымдарының мағынасы, сын есімдер, 
есімдіктер, етістік түрлері, есептік және реттік сан есімдер, үстеулердің 
салыстырмалық дәрежесі, жай және күрделі сөйлемдер.
9. «Орыс тілі» оқу пәнінің 4-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) тыңдалым: тыңдалған әңгімелерді, ертегілерді, шағын өлеңдерді түсіну, 
мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, мәтіннің негізгі ойын 
анықтау, негізгі тұстарын анықтау;
2) айтылым: иллюстрациялар бойынша дәйекті пікір айту, 4-6 репликадан 
тұратын диалог, нақтылау сұрақтарын құрау, қосымша репликамен диалогты 
өрбіту, оқылған мәтінді мазмұндау;


Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
3) оқылым: кіріспе оқу, рөлдерге бөліп оқу, мәтінге өз бетінше сұрақтар 
қою, тақырыпты, негізгі идеяны, жанрды анықтау, әңгіменің жалғасын болжау
кейіпкердің бейнесін сипаттау, өлеңді жаттау;
4) жазылым: комикстер жасау (иллюстрациялар), 4-6 сөйлеммен мәтінді 
(тікелей сөйлемей) баяндау, каллиграфиялық нормаларды сақтау;
5) ауызша және жазбаша сөйлеуде қолдануға арналған грамматикалық 
материал: зат есімдердің жіктелуі, сын есімдерді жекеше, көпше түрде өзгерту, 
есімдіктердің септік формалары, реттік сан есімдер, етістіктерді жақ пен түр 
бойынша өзгерту, болымсыз үстеулер, и, а, но көмекші сөздері бар жай және 
күрделі сөйлемдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет