Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-тарау. «Орыс тілі» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет3/83
Дата28.08.2023
өлшемі2,58 Mb.
#105621
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
№399 бұйрыққа өзгеріс

2-тарау. «Орыс тілі» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
Параграф 1. «Орыс тілі» оқу пәнінің мазмұны
6. «Орыс тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 2-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағат;


Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
7. 2-сыныпқа арналған «Орыс тілі» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) тыңдау: ым-ишара мен қимылдарды қолдана отырып тыңдалған сөзге 
жауап беру; қарапайым сөз тіркестеріндегі сөздердің лексикалық мағынасын 
түсіну; шағын мәтіндердің мазмұнын түсіну (жұмбақ, ертегі, өлең, әңгіме); 
кейіпкерлерді, оқиғалар тізбегін анықтау; есту қабілеті арқылы сұраулы және 
баяндау сөйлемдерді ажырату; сұрақтарға жауап беру, тиісті иллюстрацияларды 
/тыңдалған мәтінге арналған сюжеттік суреттерді таңдау; дыбыс пен екпіннің 
мағына ажыратушы рөлін түсіну;
2) сөйлеу: сөйлеу үлгілері бойынша сөйлемдер құру; танысу және өзі 
туралы хабарлау үшін сөздерді қолдану; естіген сұрақтарға жауап қайтару; сурет
/берілген тақырып немесе тыңдалған мәтін бойынша 2-4 сөйлемнен тұратын 
мәлімдемелер жасау; белгілі бір тақырып бойынша диалогқа қатысу; таныс 
сөздерді қолдану негізінде заттар мен сюжеттік суреттерді сипаттау; шағын 
мәтіндерді қайталау; бағалау пікірін білдіру; қиын екпінді сөздерді дұрыс айту;
3) оқу: мәнерлеп оқу (баяндау және сұраулы сөйлемдерді интонациялау); 
мәтін мазмұны бойынша сұрақтар мен жауаптарды тұжырымдау; сөздердің 
лексикалық мағынасын түсіну (терминді қолданбай); әдеби жанрды анықтау 
(жұмбақ, ертегі, өлең, әңгіме); шағын өлеңдерді жаттау; оқылған мәтіннің 
мазмұнына өз көзқарасын білдіру;
4) хат: бас және кіші әріптер мен олардың қосылыстарын жазу; бас, кіші 
әріптердің биіктігін, ені мен көлбеуін сақтау; каллиграфиялық нормаларды сақтай 
отырып сөздер мен сөйлемдерді жазу; иллюстрация, сурет бойынша дәйекті 
сөйлемдер жазу; сөйлем соңында тыныс белгілерін қолдану;
5) ауызша және жазбаша тілде қолдануға арналған грамматикалық 
материал: жанды және жансыз зат есімдер; жекеше және көпше түрде зат 
есімдерді өзгерту; сын есімдерді зат есімдермен көпше және жекеше түрде 
үйлестіру; заттардың түсін, формасын, көлемін және материалын білдіретін сын 
есімдер; етістіктің шақтары бойынша өзгеруі (осы, келер, өткен); зат есімдер мен 
етістіктердің тіркесімі; сан есімдерді қолдану; жи-ши, ча-ша, чу-шу тіркестері; 
адамдардың аттарын, әкесінің аттарын, тегін, жануарларға қойылған аттарды бас 
әріппен жазу, сөздерді көмекші сөздерден бөлек жазу, 2-4 сөзден тұратын 
қарапайым сөйлемдерді құрастыру.


Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет