Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-тарау. «Орыс тілі» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру (төмендетілген оқу



Pdf көрінісі
бет7/83
Дата28.08.2023
өлшемі2,58 Mb.
#105621
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   83
Байланысты:
№399 бұйрыққа өзгеріс

3-тарау. «Орыс тілі» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру (төмендетілген оқу 
жүктемесімен)
1-параграф. «Орыс тілі» оқу пәнінің мазмұны
11. «Орыс тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 2-сыныпта аптасына 1,5 сағат, барлығы – 54 сағат;
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы 
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 
қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді 
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу 
тізілімінде № 8170 тіркелген).
12. 2-сыныпқа арналған «Орыс тілі» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) тыңдау: мимика мен қимылдарды қолдана отырып тыңдалған сөзге жауап 
беру; қарапайым сөз тіркестеріндегі сөздердің лексикалық мағынасын түсіну; 
шағын мәтіндердің мазмұнын түсіну (жұмбақ, ертегі, өлең, әңгіме); кейіпкерлерді, 


Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
оқиғалар тізбегін анықтау; есту қабілеті арқылы сұраулы және баяндау 
сөйлемдерді ажырату; сұрақтарға жауап беру, тиісті иллюстрацияларды 
/тыңдалған мәтінге арналған сюжеттік суреттерді таңдау; дыбыс пен екпіннің 
мағына ажыратушы рөлін түсіну;
2) сөйлеу: сөйлеу үлгілері бойынша сөйлемдер құру; танысу және өзі 
туралы хабарлау үшін сөздерді қолдану; естіген сұрақтарға жауап қайтару; сурет
/берілген тақырып немесе тыңдалған мәтін бойынша 2-4 сөйлемнен тұратын 
мәлімдемелер жасау; белгілі бір тақырып бойынша диалогқа қатысу; таныс 
сөздерді қолдану негізінде заттар мен сюжеттік суреттерді сипаттау; шағын 
мәтіндерді қайталау; бағалау пікірін білдіру; қиын екпінді сөздерді дұрыс айту;
3) оқу: мәнерлеп оқу (баяндау және сұраулы сөйлемдерді интонациялау); 
мәтін мазмұны бойынша сұрақтар мен жауаптарды тұжырымдау; сөздердің 
лексикалық мағынасын түсіну (терминді қолданбай); әдеби жанрды анықтау 
(жұмбақ, ертегі, өлең, әңгіме); шағын өлеңдерді жаттау; оқылған мәтіннің 
мазмұнына өз көзқарасын білдіру;
4) хат: бас және кіші әріптер мен олардың қосылыстарын жазу; бас, кіші 
әріптердің биіктігін, ені мен көлбеуін сақтау; каллиграфиялық нормаларды сақтай 
отырып сөздер мен сөйлемдерді жазу; иллюстрация, сурет бойынша дәйекті 
сөйлемдер жазу; сөйлем соңында тыныс белгілерін қолдану;
5) ауызша және жазбаша тілде қолдануға арналған грамматикалық 
материал: жанды және жансыз зат есімдер; жекеше және көпше түрде зат 
есімдерді өзгерту; сын есімдерді зат есімдермен көпше және жекеше түрде 
үйлестіру; заттардың түсін, формасын, көлемін және материалын білдіретін сын 
есімдер; етістіктің шақтары бойынша өзгеруі (осы, келер, өткен); зат есімдер мен 
етістіктердің тіркесімі; сан есімдерді қолдану; жи-ши, ча-ша, чу-шу тіркестері; 
адамдардың аты-жөнін, әкесінің аттарын, тегін, жануарларға қойылған аттарды 
бас әріппен жазу, сөздерді көмекші сөздерден бөлек жазу, 2-4 сөзден тұратын 
қарапайым сөйлемдерді құрастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет