Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Қант қызылшасынан қант алу технологиясы



Pdf көрінісі
бет117/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   143
Қант қызылшасынан қант алу технологиясы 
Қызылшадан қант алу- күрделі физикалық-химиялық процесс. Алдымен тамыр 
клеткасындағы сахарозаны диффузичя көмегімен бөліп алады да, әр түрлі химиялық, жылу 
– физикалық әсермен қантты ажыратып, ақ, кристалл затқа айналдырады.
Қызылшаны қант зауыттарында өңдеуді келесі жүйеде жүргізеді: 
1. 
Қызылша автомашинадан арнайы жартылай қазылып дайындалған бункер 
ыдыстарға төгіледі. Тұрбалармен келіп тұрған судың қысым – ағынымен қызылша жуғыш 
аппаратқа жылжытылады. 
2. 
Жуу. Бұл жерде қызылша әр түрлі қоспалардан – сабақ, жапырақ, тас, құмнан 
ажыратылады, яғни, жуып тазаланады.
3. 
Қызылша автоматты таразыда тартылып, өлшенеді. 
4. 
Қызылша арнайы кескіш аппаратта ұзынша етіп майдаланып туралады. Бұл 
жерде кесілген жолақтың ірілігі қатаң бақыланады. Жолақтың ені 4-6, қалыңдығы 1,2-1,5 
мм-ден аспауы тиіс. Осы талап сақталған жағдайда, қантты бөлу қалыпты жағдайда жүреді. 
Тамыржемістің құрамында солған, жарамсыз тамырлардың мөлшері артқан сайын оларды 
талапқа сай етіп жолақтап турау мүмкін болмайды да, оның соңы диффузия процесіне әәсер 
етеді. 
5. 
Қызылша тасымалдағыш арқылы диффузия аппаратына беріледі де, қант 
ыстық судың көмегімен бөлініп алынады. Құрамындағы қантты толық ажырату үшін 
кесілген жолақтарды шамамен 60
0
С температурада қыздырады. 
6. 
Алынған шырын қант емес заттардан тазаланып қоюлатылады. Алғашқы 
өңдеуде қант емес заттардың 40 пайыздайы ажыраса, ал қалған бөлігі келесі технологиялық 
шараларда ажыратылады. Шырынды тазалау алдынала және негізгі дефекация (80-90
0
С 
температурада 8-10 мин. Шамасында), бірінші және екінші сатурация, сульфитация мен 


бақылау фильтрация секілді жұмыстардан тұрады. Фильтрдан өткен заттар екіге – 
тазаланған шырын мен қант өндірісінің қалдығына ажырайды. 
7. 
Шырындағы қанттар кристалдандырылып бөлініп алынады да, центрифугада 
өңделіп, ақ түс беріледі. 
8. 
Ылғалдылығы 0,5-0,6 пайыз, температурасы 70-75
0
С болатын қант кептіргіш 
аппаратта салқындатылып ылғалдылығы 0,1-0,2 пайызға дейін, яғни, стандартты 
ылғалдылыққа түсіріліп, арнайы елегіштен өткізіледі. 
9. 
Стандарт талабына сай болған қант алдын-ала дайындалған, арнайы қапқа 
салынады немесе ыдыссыз сақталатын қамбаға жөнелтіледі. 
Қант бірқалыпты температурада, ауаның ылғалдылығы 70 пайыз шамасында болатын 
таза, құрғақ, арнайы қоймаларда үнемі бақылау арқылы сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет