1-
қабылдау қондырғысы, 2- аспирациялық қондырғы, 3-
елек корпусы, 4- елек, 5-
резиналы шариктер, 6-елек арқылы өткізуге арналған қондырғы
Өнім елекке түскен кезде айналу қозғалысымен електің барлық бетіне жайылады.
Електің еңкіш (3-40С) орналасуы өнімнің машинаның сыртқа шығару бағытына қарай
қозғалуын тудырады. Еленетін өнімнің ірі
бөлшектері бет жағына жиналады, ал ұсақ
бөлшектер електің түбіне түсіп, ондағы саңылау арқылы сыртқа шығарылады.
Металды – магнитті қоспаны бөлуге арналған машиналар. Әрбір ұнтақтағыш
машиналар
тобының алдында, сонымен қатар дайын өнімді өндіріске жөнелту алдында
өнімді металды-магнитті қоспадан тазартатын
машиналар қойылуы тиіс. Құрама жем
өндірісінде астықты металды қоспадан тазалау үшін электрлі-магнитті сепаратор А1-ДЭС,
магнитті қалқалар МК-1400, БКМ-2-3, БКМ-3-7 қолданылады. БКМ-4-5 магнитті қалқасы
ұншықты өнімдердегі металды қоспаны, ал БКМП-ұнтақталған астық өнімдерінен металды
қоспаны бөлу үшін қолданылады.
Құрама жем өндірісіндегі қолданылып жүрген норма бойынша металды-магнитті
бөлшектің мөлшері 10-30мг/кг жіберіледі.
Магнитті қондырғыларды металл қайтадан өнімге түспейтіндей етіп орнату қажет.
Магнитті қондырғыларды дайын өнімді жөнелту алдында қойылған 4-5 бақылау магнитті
қондырғыларында тексереді. Бұндай қондырғыларды бригадир
мен кезекші лаборант
сменасына 2-3 рет тексереді. Магниттіқондырғылардың дұрыс жұмыс істеуі зауыт
шығаратын өнімнен металды-магнитті қоспаның толық бөлінуін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: