2.Құрама жем зауытындағы технологиялық үдерісті жүргізу сызбасын «Құрама жем,
ақуызды-витаминді қосымша, карбамидті концентрат өндірісіндегі технологиялық үдерісті
ұйымдастыру және жүргізу Ережесіне» сай таңдайды.
Дайындау желілері технологиялық қасиеттері ұқсас, тазалау, ұнтақтау және басқа
өңдеу түрлері біртекті болып келген шикізаттарға арнап құрастырылады.
Дәнді дақыл желісі 3-суретте берілген.
3-сурет. Дәнді дақыл желісі
1-ауалы електі сепаратор; 2-электрлі магнитті сепаратор; 3- ұнтақтағыш алдындағы
қораптар; 4- ұнтақтағыш; 5-білікті станок; 6-електі станок
Дәнді дақыл желісі-әртүрлі дәнді дақылдарды (сұлы, арпа, тары, жүгері, асбұршақ,
жасымық, сиыржоңышқа, қара бидай, бидай, қытайбұршақ), сонымен қатар дәнді бірінші
өңдеуден кейінгі алынатын дәнді өнімдерді кезекпен тазалап ұнтақтауға арналған.
Дақылды тазалау үшін әртүрлі құрылмалы сепараторлар қолданылады, бірақ міндетті
түрде ауалы електі. Үш елек қатары бар сепараторда електердің мына түрлерін орнатады:
қабылдау елегінде – домалақ саңылаулы №200 торлы төсем немесе №18 сым тор; сұрыптау
елегінде – домалақ саңылаулы №100-160 сым төсем; жинақтау елегінде –домалақ
саңылаулы №10-14 сым төсем.
Қоймадан келген шикізатты ауалы – електі сепараторда (1) органикалық және
минералды қоспадан тазалайды. Дәнді дақылдарды тазалағаннан кейін алынған қалдықтағы
жарамды дән мөлшері 2 пайыздан аспауы керек, ал алынған қалдық жемдік қалдыққа
жатпайды деп есептелініп, жойылуға жіберіледі. Ары қарай шикізат электрлі-магнитті
сепарторға (2) түсіп, онда металды магнитті қоспадан тазаланады. Жиналған металды қоспа
зертханаға жіберіліп, оны арнайы дәптерге жазады. Қоспадан тазаланған дәнді дақыл
ұнтақтағыш алдындағы қорапқа (3) түсіп, одан ұнтақтағышқа (4) немесе білікті станокқа (5)
ұнтақтауға барады.
Достарыңызбен бөлісу: