Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Жүзімнің биологиялық негізі



Pdf көрінісі
бет33/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

 
Жүзімнің биологиялық негізі 
 
Жүзім ағашы сабағының жаратылысы жылы субторпиктік аймақтарда өсуге 
қалыптасқан. Осы жағдайларға сәйкес, жүзім сабағы лиана тәрізді болып құрылған: қаулап 
өсетін бұтақты сабақтары ерекше вегативті органдарының көмегімен төңірегіндегі 
ағаштарға байланып, олардың көлеңкелі арасынан жарыққа ұмтыла өседі.
Бұл жүзім сабақтары жемісінің ұшына тоқталып жиналуы, яғни тез бойлап өсуі, 
бұтақтардың жетілуінің басым болуы, бұтақтың ұштарына жапырақтар мен жемістердің 
көп өсуі, сондай-ақ тамырының жерге терең бойлауы сияқты жүзім сабақтарының аса 
маңызды биологиялық ерекшеліктерімен байланысты болады.
Жүзім сабағының лиана тәрізді болып шырмалып өсуі, бұл өсімдікті күту ісін 
қиындатады, сондықтан жүзім сабағын жерге жантайта өсіруге тура келеді, мұндай 
жағдайда жүзім күтуге қолайлы болады және сапалы өнім береді. 
Жүзім жарық пен жылылықты сүйетін дақыл.Жүзім сабағы толық өсіп жеміс беру үшін, 
ең алдымен жылылқтың жеткілікті болуын керек етеді, бұл жүзім шаруашылығының 
ерекшелігін көрсететін негізгі фактор. Жылылқпен қатар, жүзімнің жарықпен және 
ылғалмен қамтамасыз болуы жүзімнің ойдағыдай өсуіне, оның өнімнің саны мен сапасына 
зор әсер етеді.
Жүзімнің тамыр жүйесінің топыраққа терең бойлап, жердің беткі қабатын ғана емес, 
соған қоса топырақ астында да жақсы таралады, сол себепті жүзім егуге батпақты және 
сортандардан басқа барлық жерлерді пайдалануға болады. 
Сыртқы орта факторлары: жылылық, жарық, су, минерал қоректік заттар, т.б. өсу 
дәуірінде жүзім сабағына бәрі бірдей дәрежеде әсер етпейді.
 
Жүзімді жинау, сұрыптау және сақтау 
 
Жүзім жинау барысында мынандай талаптар орындалуы тиіс: жинауды нақты 
белгіленген уақытта бастау керек, пісудің оптималды мөлшерін ескере отырып, сапасы 
жоғары, механикалық ақаулардан тыс сабақтары мен жидектерді таңдау қажет. 
Топырақпен жанасқан немее шіріген жидектен тұратын инфекциясы бар шоқ сабақтары 
сақтауға келмейді.
Сақтауға арналған жүзім шоқтарын таңдап үзеді. Жүзімге дақ түспейтіндей етіп 
жинайды. Ұзақ сақтау үшін жүзімнің бұзылмағаны таңдап алынады, бұзылғанын пышақпен 
алып тастайды.


Жүзім шоқтарын таңерең ертемен, олардың бойында түңгі суық сақталып тұрған кезде 
үзеді, егер жеміс шоғының үстінде шық түссе, ол кепкенше үзуге болмайды. Жауыннан 
кейін де сақтауға арналған жүзімді 2-3 күн бойы үзуге болмайды. Жинау қоңыр салқын ауа 
райында балауыз жұғыныныа тиіспей пышақ, қайшы көмегімен жүзеге асады 
. Зақымдалған жидектерді алып тастайды.
Жүзімді күз-қыс кезінде 0
0
С температураны ұстап тұра алатын ғимаратта сақтайды. Бұл 
мақсатта жылытылған шатырдың асты, қора, құрғақ қоңыр салқын жертөле жарайды. 0

С-
қа жақын температурада шірік аз қалыптасады, ылғалдың жоғалып кетуі, жидектің 
демалуын төмендетеді. Температураның сирек өзгеруі, жарықтың енуі жүзімнің сапасын 
төмендетеді. Ең алдымен ғимараттарды тазалап, 5 пайыздық мыс және темір купоросы 
араласқан әкпен әктеп, күкіртті газбен дәрілеу керек. Жүзімді сақтау кезінде айына бір рет 
дәрілеуді қайталап отырады. 
Жүзімнің шоқ жемісін жәшікке салып шегелеп рейканың үстіне бір қатар етіп жинайды. 
Жәшіктің бетін ашық күйінде бірінің үстіне бірін қатарлап жинауға да болады. Бұл үшін 
оның түбіне және бір қырына рейка немесе ағаштан тірек қағады.
Кейбір жүзімшілер мен әуесқой жүзім өсірушілер жүзім шоқтарын үйдің шатырында 
сақтайды. Олар жүзім салынған жәшікті сабанға немесе құрғақ жапырақпен орап тастайды. 
Жүзімді қысқы сақтау орындарына күн суыта бастасымен, қыркүйектің екінші жартысынан 
әрі қарай қоя бастайды, ал аяз жоқта одан кешірек кірісуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет