табылады. Сонымен қатар ол жүзімде ешқандай иіс қалдырмайды., жидектер мен жүзім
шоғын жақсы жауып тұрады да, қорғаныс қызметін атқаратыны байқалады.
Кез келген сақтау тәсілінде зеңмен күресу жолын ұмытпаған жөн. Алғашында,
қоймадағы жүзім жағдайын сақтауға жайғастырғаннан кейін 7-10 күн аралығында тексеру
керек. Одан кейін температураға байланысты сирек тексеріп тұрса да болады. Температура
жоғары болған сайын, жиі қарап тұру қажет. Сөрелердегі жүзімді тексеру кезінде, оны қолға
алып, айналдыра қарау керек. Сырықтарда ілініп тұрған жүзімді сол күйі тексере берсе
болады. Жәшік немесе бөшкедегі жүзімді тексеру үшін, тексерілген жүзімді салатын тағы
бір ыдыстың болғаны дұрыс. Егер ғимаратта қолайлы жағдай болса, жүзімді кей кезде ғана
тексерсе болады.
Достарыңызбен бөлісу: