Жүзім солып қалмауы үшін сақтау камераларында ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
90-95 пайыз деңгейінде ұстап тұру қажет. Сақтау кезінде қара күйе шірігі ауруының дамуын
тежеу үшін жүзімді 7-10 күнде бір рет күкіртті
ангидридпен ыстап отыру керек, оны
камераның 1м
3
0,5-1,5г күкіртті өртеу жолымен немесе камераға 1-32м
3
сұйытылған күкіртті
газ жіберу жолымен жүзеге асырады. Алайда жүзімді кәдімгі атмосфера жағдайында 5
айдан артық сақтау оның дәмдік, тауарлық сапасы мен тағамдық
құндылығының едәуір
төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Жүзімді қолдан реттеп отыратын газды орта жағдайында сақтау сортына қарай шығынды
5,3-15,5 пайыз кемітуге жағдай жасайды,
ең бастысы, тауарлық және дәмдік сапасының
жоғары болуын қамтамасыз етеді. Жүзімнің көптеген сорттары үшін
қолдан реттеп
отыратын газды ортада ұзақ уақыт сақтауды 0-
-
1
0
С температурада құрамында 2-3 пайыз
СО
2
және 3 пайыз О
2
бар атмосферада жүзеге асыру ұсынылады.
Әр сақтау мерзімінің алдында мұздатқыш құралдар мен барлық салқындату жүйесі
эксплуатацияға дайындалады. Қажетінше қоймаға және камераларға жөндеу жүргізеді.
Камералар
жақсы желдетіледі, кептіріліп және күкіртті ангидридпен, формалинмен немесе
оксидифенолятты натриймен (препарат Ф-5) дезинфекцияланады. Күкіртті ангидридтің
мөлшері шамамен 80-100гр. 1м
3
арнайы баллоны бар камераға немесе күкірттің жану
жолымен (40-50 гр S 1м
3
) енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: