Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет48/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

2-сурет. Астық сақтауға арналған қойма типтері. А- механикаландырылмаған қойма, 
б- галереясы бар механикаландырылған қойма, в- галереясы жоқ механикаландырылған 
қойма, г- едені көлбеу қойма, 1- төменгі түсіргіш құр, 2- сақтандырғыш, 3- жоғарғы тиегіш 
құр, 4- астық.
Астықты қоймаға үйіп сақтауда үйіндінің биіктігін қабырғағағ жақын жерде 2-2,5 м, 
ортасында 4-5 м-ге дейін жеткізуге болады. 
Едені тегіс механикаландырылған қоймаларда астықтың шамамен 45-50 пайызы 
сусымалылық қасиетімен тасымалдағыш құрға берілсе, ал қалған бөлігін қолмен немесе 
жылжымалы астық тиегіштің көмегімен беруге тура келеді. Ол,өз кезегінде, жұмыс 
тиімділігін төмендетеді.
Астық қоймаларын тиімді әрі толық пайдалану үшін бірнеше партия астықты 
араларын арнайы қалқаншалармен бөліп орналастырады (3-сурет). Кей жағдайда, бір 
қойманың ішінде астық пен ұнды орталарын осылайша бөлу арқылы сақтайды. Тәжірибеде 
бұлай сақтауға рұқсат етілмейді.
Барлық қоймаларды пайдалану мақсатына байланысты тұқымдық, азық-түліктік 
және мал азықтық деп бөледі. Олар аз шығын жұмсап әрі сақталатын өнімнің өміршеңдігін 
ескере отырып, белгіленген талаптарды қамтамасыз ететін сенімді және ұзақ уақыт сақтауға 
арналған құрылыс кешендері.
 


3-Сурет. Сапасы әр түрлі астықтардың арасын ажыратып тұруға арналған ағаш 
қалқанша.
Сыйымдылығы әр түрлі типтік тұқым қоймаларының сипаттамасы 
Сыйымдылығы 1300 және 2300 тонналық тұқым қоймасы. Сыйымдылығы 2300 
және 1300 тонналық астықты улы заттармен өңдеуге арналған бөлмелері бар еденді тұқым 
қоймасы арнайы жобамен салынады. (4-сурет). Мұндай тұқым қоймасының негізгі бөлігі 
секция түріндегі бір қабатты құрылыс болып табылады. Тұқым сыйымдылығы 125 тонна 
болатын қамбаларға биіктігі 2,5 м үйіндімен орналастырылады. Төрт қамбадан тұратын 
әрбір секция 500 т тұқымға есептелген. Тұқым қоймасының басқа жағы дәріленген және 
дәріленбеген тұқымды қаппен бөлек-бөлек орнықшаға қатарлап (300 т-ға дейін) қалау үшін 
пайдаланылады.
Тұқымды қабылдау, дәрілеу бөлімі қоймаға жалғасқан екі қабатты құрылыста 
орналасқан. Тұқым қоймасының құрамына дән тазалығыш- кептіргіш құрылым мен тұқым 
өңдейтін кешен кіреді. Оның негізгі міндеттері:
• Алдын-ала тазаланған құрғақ тұқымды уақытша сақтау; 
• Белсенді желдету арқылы ылғалдылығы 22 пайызға дейінгі тұқымды сақтау; 
• Астық дақылдары дәндерін, бұршақ, жарма және майлы дақылдардың құрғақ 
әрі тазаланған тұқымын ұзақ уақыт сақтау; 
• Тұқымды дәрілеу және қаптау. 
Қойма 
кешенінде 
тұқымды 
тиеу, 
түсіружәне 
тасымалдау 
толық 
механикаландырылған. Тұқым қоймасындағы әрбір қамба аэронауа түрінде белсенді 
желдететін СВМ-5М маркалы желдеткіш жүйесімен жабдықталған. Аэронауалар, сонымен 
бірге, тұқым қоймасын өткен жылғы астықтан, қоспадан тазалайтын, оларды басқа ортаға 
тасымалдайтын құрал болып табылады. 
Астықты улы затпен өңдеуге арналған бөлімі бар сыйымдылығы 1300 және 2300 т 
болатын қоймада технологиялық жүйелердің орналасу сұлбасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет