Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Астық қоймасына қандай талаптар қойылады ?



Pdf көрінісі
бет50/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

Астық қоймасына қандай талаптар қойылады ? 
Астық қоймасына технологиялық, құрылыстық және экономикалық талаптар 
қойылады. Әр түрлі технологиялық талаптар, астық массасының тірі ағза екеніне 
байланысты қойылады. 
Біріншіден, астық қоймасының негізгі міндеті – астық массасының саны мен сапасын 
сақтау. Бұл үшін, астық қоймасы өте мықты болуы керек, астықтың қабырға мен еденге 
әсер ететін қысымына, желдің дақылдың күшіне төзімді болуы керек. Қоймадағы астыққа, 
жер астындағы су мен жауын-шашынның суы тимеуі керек. Қойманың қабырғасы мен 
еденіне екі талап қойылады: жылуды нашар өткізу және гигроскопиялық қасиет /әр түрлі 
заттардың ауадағы су буын сіңіру қасиеті/. Егер қойманың қабырғасы жылуды нашар 
өткізсе, онда сыртқы жылы ауа райының температурасы әсер етпейді. Қабырға 
жылымайды. Егер қойманың қабырғасы осал болып, жылу өткізетін болса, қойманың ішкі 
қабырғасында тамшы сулар пайда болады. Егер қабырғасы су сіңіргіш болса, суды дән 
массасы емес, қабырға бойына сіңіреді. Қоймада зиянкестер ұялайтын, жасырынатын 
тесіктер болмауы керек. Қойманың қабырғасы газ сіңіргіш болу керек.
Астық қоймаларының астық массасаларын ұйымдасқан және тиімді түрде сақтауға
арналған орындарға жан жақты көптеген талаптар техникалық /құрылыстық, өртке қарсы 
т.б/, технологиялық, пайдалану және экономикалық қойылады. Олардың барлығы астық 
топтарының саны мен сапаларын мүмкіндігінше төмендетпей, аз материалдық шығынмен 
сақтауға бағытталған. Кез келген астық қоймасы айтарлықтай берік және төзімді болуға, 
басқаша айтқанда, астық массасының еден мен қабырға қысымына, желдің қысымы мен 
атмосфералық қолайсыз жағдайларға төтеп беруге, сонымен бірге ағын сулардың әсерінен 
сақтауға тиіс. Ол үшін қойманың төбесінен, әйнектері мен есіктерінен атмосфералық ылғал 
кірмейтіндей, ал еден мен қабырғалары ағын су баспайтындай етіліп жасалынады. Астық 
қоймаларына қойылатын аса маңызды талаптардың бірі астық массасын кеміргіштер мен 
құстардан, сонымен қатар жәндіктер мен кенелерден т.б. зиянкестерден сенімді қорғау 
болып табылады. Астық қоймасы оның сыйымдылығын, құрылымдық элементтерін және 
ішіндегі астықты заласыздандыру жұмыстарын жүргізуге қолайлы болғаны жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет